Еліміз аш отырғанда
Тоқ болғаныма арланам
Елім киімге жарымағанда
Киім кигеніме арланам
***
Елім жалқау, надан десең сол елді
Ақылды, еңбекқорлыққа тартпағаныма арланам
***
Арланам, қоқыс шашылған көшеде жүруге
Ескі машинаның будақтаған түтінін көруге
Ескірген, сиқы қашқан үйлердің ішінде
Баламды тәрбиелеп өсіруге
Арланам
***
Арланам, өтірік ақпар бергенге
Орташа жалақы 500 доллар дегенге
Қарауылдар 50 мың-ақ алып жүр
Ұят тірлік, намысы бар кеудеге
***
Арланам, өзің құдай боп тұрып
Шөлдің пұтына табынғанға,
Құмдағы құдайға тоңқайып
Семиттің атасына жалбарғанға...
***
Арланам, батыр, дана бабаң тұрып
Араптың атасын мақтағанға,
Дүниені билеген Қаған бабаң
Өзінің аталарын даттаған ба?..
***
Тоңқайған бишара қазаққа ұқсап
Семиттің аталарын жақтаған ба?
***
Арланам, намыстанам майдалыққа
Бұл өмір тиын табар пайдалық па?
Өз жағдайың жақсы боп бауырларың
Сорлы болса сыясың қай қалыпқа?
***
Арланам, өз тілімді білмегенге
Қазақ сүтін еміп ап, жиренгенге
Сүмірейіп қам күйттеп жүре берме...
Бас кессе де, тіл кеспек жоқ екен де
***
Жол салады қирайды
Үй салады құлайды,
Елдің нанын жегендер
Танымай жүр құдайды
***
Қазақ жалқау демеңдер
Қазақ надан демеңдер,
Әлемді аман сақтаған...
Қазақ Дана Кемеңгер
***
Табиғат деген Қазақ қой
Қазақ деген Табиғат...
Дана қазақ сөз алса
Боқ сасиды шариғат
***
Аспаннан құдай табам деп
Бастан кетсін ондай ой
Әр қазақтың ішінде
Бір-бір құдай отыр ғой...
***
Сүйенерім Табиғат
Әруаққа сыйынам,
Іс еңсерер кезімде
Бауырыммен бас қосам
***
Қазақ бола тұра
Елімді көркейтпеуге арланам,
Қазақ бола тұра
Алты құрлыққа үкім айтпауға арланам
***
Көп арландырмаңдар, долданам...
Ол кезде Атилла, Мөде, Естемістей
Жер жүзін сел-тасқын боп бір-ақ шаям,
Тіршілікті қайта жаратам...