Әруақты мадақтап бәйіт оқыдым
Тәңірі мақтау сұрамас, әруақ дәметер...

***

Бабамнан қалған тас діңгек, 
Өмір-тарих жазылған,
Өсиет-мұра қалдырған,
Тас діңім менің діңгегім
Рухани байлық тірегім.
Мызғымас тірек қалдырған,
Әруағынан тіледім.

***

О тәңірім жарылқа,
Қолым көкке созғанда,
Әруағына бабамның
Арнайыншы бір бата.

***

Қиыннан құрап жол тапқан,
Ел қорғайтын қол тапқан.
Жекпе-жектен тайсалмай,
Бұққандарды қор тапқан.

***

Қисық істі көргенде
Бұралқысын сезгенде
Үлкен-кіші деместен
Тезге салған бір демде

***

Әруағыңнан айналдым
Әруағыңсыз қиналдым
Әруағыңа сыйынып
Атыңды атап күш алдым

***

Бойыма тасқын қан берген
Ыстық алау жан берген
Рухыма дем берген
Бабалардан айналдым
Арттағы ұрпақ білсін деп 
Атыңды тасқа қашадым

***

Тоғыз ай құрсақ көтерген
Толғатып тұрып келтірген
Өне бойын идіріп
Ақ сүтінен емізген
Тілеулес болған әжемнің 
Әруағынан айналдым

***

Қолға қалам алғанда
Әруағыңа сыйындым
Топ алдына шығарда
Әруағыңа сыйындым

***

Жақын-шалғай сапарда
Әруағыңа сыйындым
Жапанда жалғыз қалғанда
Әруағыңа сыйындым

***

Түнде ұйқыға жатарда
Әруағыңа сыйындым
Таңсәріде оянып
Әруағыңа сыйындым

***

Қиын қыстау заманда
Тіршілік қинап жатқанда
Ұнжырғам түсіп қайтқанда
Әруағыңа сыйындым

***

Күреске түскен шақтарда
Тайғақ тары басқанда
Жау жамбасқа алғанда
Әруағыңа сыйындым

***

Әруағыңа сыйындым
Шаңырағым шайқалмасын деп
Ошағым опырылмасын деп
Сәбиім жыламасын деп

***

Уа Ұлы Бабам, әруағыңа сыйындым
Жалғасқан Қаһандардан
Жұлдыздан түскен сәуледе, әруақтың назары бар 
Біздерге қарап тұрған 

*** 

Уа Тәңірім, Бұдынның бұлқынын бер
Қағанның қатаңын бер
Шадтың мейірімін бер
Ақынның жанын бер
Батырдың тәнін бер
Бақсының демін бер
Ұстаның қолын бер
Аттың қазанатын бер
Болаттың алмасын бер
Ұлдың отын бер
Қыздың шоғын бер
Азаматтың тілеуін бер
Елдің бірлігін бер

***

Әруақ-құдай жар болсын
Дәметкен әруақтарға тие берсін!