Бөрлі байрақты көтеруге даярлық

(8-14 жастағы бөрілі байрақты көтеретіндерге арналады)

Жас жеткін, сен қазақ атын аспанға шығаратын, әлемге жол көрсететін азамат боласың.

Әлемнің жарық жолға түсіуне үлкен үлес қосқан сенің атаң еді. Енді сол аталардың даңқты жолын жалғастыратын Сен боласың!



Сен дүниеге келгенде дүниені дүр сілкіндіріп, даңқты ата-бабаңның жолын жалғастыруға келгенсің.

Бөрілі байрақты қолынан түсіріп алған ұрпақтың кезінде, біз әлсіз болдық, елдігіміз бен жерімізді әрең-әрең ұстап қалдық.

Қазір болса ұлттық рухты жоғалту алдында тұрмыз.

Өзінің кім екенін, бойында қандай қан ағып жүргенін білмей жүрген қазақ аз емес...

***

Қазақтың баласы, тұр, оян, ышқын, мойныңа салынған ноқта, қамытты, аяғыңа салынған тұсауды күдірлете үз.

Миыңа салынған құрттарды алып таста.

Жаратылысың бойынша сен, Құдай емессің, бірақ құдайдан былай емессің.

Сен, өмірдегі барлық мақсатқа жетесің, өзің жете алмаған жеріңе, замандасыңмен бірлесіп жетесің.

***

Саған берілген мүмкіндіктердің ішіндегі ең мықтысы, сенің ақыл-санаң.

Ақыл санаңның жұмысы өмір жасың мен физикалық факторлармен шектелген. Алайда қолда бар мүмкіндігіңді пайдалану арқылы сен, әлемді бағындыра аласың.

Ол қалай дейсің бе?

Ол үшін білім, ғылым, техниканы терең меңгересің, заманның ең озат инженері мен ғалымы боласың.

Әрқашан турасын айтасың.
 
Жағымпаздық, жалқаулық, кертартпалық деген сенің бойыңнан аулақ болады.

Сол арқылы сен өзіңді жетілдіресің, сонан соң айналаң сенің қасиеттеріңе бойсұнатын болады.

***

Жас жеткін, саған берілген орасан мүмкіндіктер сені адамзат тарихына үлкен өзгерістер жасау үшін берілді.

Еліңнің, жеріңнің, атаң мен бабаңның жақсы атын шығару үшін.

Сен оны орнымен пайдаланасың. Замандастарыңмен бірігесің, сонан соң Қазақ елін әлемдегі үздік елге айналдырасың.

Ол сенің қолыңда!

***

Сен - қазақтың бүкіл рухын бойыңа жиған дара тұлғасың. Сен секілді азамат жер бетіне 1000 жылда бір келеді.

Сен таңдаулысың. Қазақ елінің атын әлемге таныту нақ сенің қолыңда.

Сен ешкімге де, ешнәрсеге де мұқтаж емессің, сен өз-өзіңді тануға ғана мұқтажсың.

Өзіңді тану арқылы, Саған берілген орасан зор мүмкіндіктерді ашасың.

***

Сен Құдай емессің, дегенмен құдайдан былай емессің.

Саған берілген мүмкіндік, барлық нәрсенің сенің қолыңда екендін айқындап тұр.

Сенің ақ дегенің алғыс, қара дегенің қарғыс.

Саған Тәңір қандай міндет жүктеді?

Сенің міндетің, ата-бабаңнан келе жатқан рухани мұраны сақтап, оны заман талабына сай жаңарту, оны әлемге таныту.

***

Жетім мен жесірі, түрмесі мен қарттар үйі болмаған жалғыз мемлекетті сенің атаң құрды.

Сенің атаң, дүние жүзіне керемет жаңалықтар сыйлап, әлемді жарық еткендердің қатарында.

Қазақы бала - сен таңдаулы, асыл текті, қазақ елінің атын аспанға шығаратын азаматсың.

Барлығы сенің қолыңда.

***

Құдайдан кешірім сұарама, тек арыңды таразыла. Сол кезде еңсең биік боласың.

Ешкімге құл болма, намысыңды таптатпа, санаңды өшірме. Сол кезде жолың ашық болады.

Заман ағысының алдына түсіп кетпесең, көш соңында қалып қоясың.

Көш соңында қалу деген, шарасыздық, бейшара халге түсу деген сөз.

Саналы қазақ баласы оған жол бермейді.

***

Заманауи технология, ғылым, мәдениет пен өнерде сен алдыңғы қатарда болуға міндеттісің.

Кішкене болсын босаңсуға қақың жоқ.

Жоғары жақтан саған "Адамзатты жаңа деңгейге көтеру" деген міндеттеме келді.
 
Сен адамзатты қараңғыдан жарыққа алып шығатын азаматсың.

Қазақтың баласы, мен саған сенем.

Саған ата-анаң, ағайын-туғаның, бүкіл қазақ сенеді.

Ата-бабаңның даңқын аспандат.

Атадан сендей асыл туғанын ұрпақтарың ғасырлар бойы айтып жүретін болсын.

Әруақ!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?