Шуылдақ Шадырман шығармашылығы

Лаулап жанған от едік,
Қызып тұрған шоқ едік,
Тәңірден бата алып ек
Доданы солай жарып ек

***

Біз кім едік?

Дана да дархан едік,
Талмас тарлан едік,
Шашылған ұлыстардың
Басын құрап едік

***

Біз кім едік?

Әлемге Қаһан едік
Дінсізге сайтан едік
Асқанға ойран едік
Жақсыға жайсаң едік

***

Біз кім едік?

Шығысты түріп едік,
Батысты бүріп едік,
Құдаймын дегендерді
Ініне тығып едік

***

Біз кім едік?

Тәңірмен енші таласқан 
Құдайын қарғап, қорықпастан
Әруағына сыйынып
Жер бетінде нық басқан

***

Біз кім едік?

Менменсіген құдайға
Көгіңді биле дегенбіз
Аулақ жүріп аулымнан
Жеріме тиме дегенбіз

***

Шымбайыма батқанда
Шұнақ құдай дегенбіз,
Ала танасын алланың,
Ұрламадым дегенбіз

***

Құдай деген дана ғой 
Құдай жолы сара ғой
Міндетсінсең жер, көкті
Қайта жинап ала қой