Әлкей Марғұлан атамыз бірде студенттерді археологиялық қазбаларға алып бара жатыпты.
Алматының көшесінде күтіп тұрған студенттерді жүк машинасының бортына отырғызып жатып, шетінен ел сұрасыпты...
Кезек М. деген ағамызға келгенде, мен "руға жатпайм, мен қазақпын" деп салыпты... Әлкей атамыз түнеріп, үнсіз қалыпты...
Біраз үнсіздіктен соң, М.-ға қарап "Ее, жетім екенсің ғой" деген екен
***
Руды лақтырып тастап, таза азаматтық қоғам орнатам немесе соны насихаттаймын дегендерге мархамат. Қарсылығым жоқ.
Алайда, мен білетін қазақ болса, руын тастап кете қояды дегенге сену қиындау...
Еуропа мен жебірейдің ақсүйектері руларын түгендеп әлек, біздегі белсенділер рудан безіп әлек... :)))
***
Қазақ өз руының әруағын тіктеу арқылы ғана көтеріледі. Қазақтың әруағы тіктелуі үшін, алдымен ата әруағы, әулет әруағы, ру әруағы тіктелуі қажет.
Қазақтың қазіргі рулары, өз алдына мемлекет құрған, жекелеген ұлттар мен ұлыстар болған. Оларды Қазақылық атты идеология біріктіріп, бір тудың астына жиған.