Қазақы Рух оянсын, дүние дүбірлесін!

Әрбір 800 жылда Қас Сақ ұрпағы дүниені дүбірлетіп тұрады.

4-5 ғасырда Ғұндар (Күн елі)

12-13 ғасырда Шыңғыс хан 

Ал 21 ғасырда дүниені дүбірлететін Ер Түріктің өр ұлы - Қазақ

Иә, ол Сенсің


***

Көтер басыңды, тұр орныңнан, тікте еңсеңді. Тәңірінің қамшысы деген атқа лайық, дүниені дүбірлеткен ата-бабаңды есіңе ал.

Төрт құбыланы тең еткен, Тәңірінің саған берген ұлылығын есіңе ал.

***

Ешкімге намысын бермеген, Тәңіріден бата алған, ата-бабаңның дүниеге Қаһан болғанын есіңе ал.

Тәңірі сыйлап, ата-бабаңның әлемге Шырақ-Сана болғанын есіңе ал

***

Бір шымшым ар үшін, жылт сәуле намыс үшін, малы түгіл жанын да қиып жіберген ата-бабаңды есіңе ал

Бауырының бары үшін, басы бүтін, денінің сауы үшін, елімде молшылық болсын деп, қалың қазақтан құт қашпасын, жұт жайламасын деп, отар-отар қойы мен табын-табын жылқысын елі үшін сарп еткен жомарт бабаңды есіңе ал.

Ғұрпы Ғұннан, Салты Сақтан қалыптасқан, шежіресі ықылымнан келе жатқан, қолына таяғын алып қой баққалы, қамшысын алып ат мінгелі, қан тазалығын сақтауды білген, жеті ата заңын есептеп тапқан, кемеңгер бабаңды есіңе ал.

Ешкімге тізе бүкпеген, Тәңіріне тік тұрып сөйлеген, қаулап келген дұшпаны басын шапқалы жатса да, миығынан күлген ата-бабаңды есіңе ал

Тәңірі алғыстан биік деп, Жаратқанға алғыс айтпаған, шымбайыма батты екен деп, жолын кескенге қарғыс айтпаған.

Тәңіріні мадақтауға сөз жетпес деп, мадақ айтпаған, жаудың саны көп деп, Бөрілі байрақ көтергенде, жорықтан қайтпаған

Кешірімді Тәңіріден емес, адам мен арынан сұраған, елінің ала жібін аттамаған, елінің нанын жемей, қамын жеген ата-бабаңды есіңе ал

Тәңірінің теңгеру құдыретін сезген, таңертең істегеніңнің өтемі кешке келетінін білген, "Күлме досқа, келер басқа" деп, осы өмірде істегеніңнің ақысы, осы дүниеде берілетінін білген, дана ата-бабаңды есіңе ал.

Атаңның құтын молайтқан, жолында құрбан болып, ел қорғаған, жауға қарай жебесі ысқырған, қылышы жарқылдаған, жау қолына түсерде, жауына жемтік болмас үшін, өз қанжарымен өз кеңірдегін орған, өжет апаларыңды есіңе ал

***

Ағайынның амандығы үшін, жайылым мен шабындық үшін, сыңғырлаған бұлақ пен жағасындағы құрақ үшін, асқар тау

мен шалқар көл үшін, ну тоғай мен жасыл бел үшін, күндіз-түні тыным көрмеген, аттан түспеген, әруаққа сыйынып жаудың бетін қайтарған, қазақтың сахарасын атының терімен, ел амандығы үшін қазақтың қара жерін, өзінің қызыл қанымен суарған қазақтың қара баласын ұмытуға қақың жоқ!

Ел іргесі сөгілмесін деп, жетім жылап, жесір боздап жүрмесін деп, ата-бабаң даналықты игерді, оны ұмытуға қақың жоқ.

Алтай мен Атырау арасын еркін жайласын деп, онан арғы елдерден таңдап, бек сайласын деп, ырыққа көнбегенді қамшымен айдасын деп ата-бабаң мұра қалдырды, оны ұмытуға қақың жоқ.


***

Жылқы мінез қазақтар, алға!
Тәңірі ғалам берді, сұрау алмады. Бабаңнан мұра қалды, сұрауы болады.

Тәңірі әлемді жасап бастап берді, дегенмен алғыс керек қылмады - ұлылығынан, әруақ қоштап берді, желеп-жебеп келді қуат алып

Тәңірінің ұшқынынан.

Тәңірі дүниені теңгеріп берді, әруақ сын-сағатта желеп-жебеп келді.

Тәңірі сансыз ғалам жаратты, алғысты керек қылмады. Әруақ сара, ар жолын таңдап берді, ұстануды керек қылды.

Тәңірі ақ пен қараны жаратты, қалағаныңды таңда деді. Әруақ ақ жолын таңдады, содан ешқашан тайма деді.

***

Тәңірі заң берді, аттасаң шалт басасың.

Тәңірі ар берді, аттасаң омақасасың

***

Арды қорғасын деп намыс берді, қорғамасаң қор боласың.

***

Ар мен намысты теңгеріп тұратын, ождан берді. Ожданмен ар-намысты теңгеру қолдан келді.

Ожданның үстінен қарайтын сана берді, санамен іс қылғандар, елден оза берді...

***

Тәңірі заң берді, аттасаң шалт басасың

Тәңірі ар берді, аттасаң омақасасың...

***

Жанартаудай атқылаңдар Қазақтар!

Қаһан атына сай бол
Арыңды сатпа, әруақ аттама,
Тәңірі заңдарын таптама,
Олай болмаса...
Тәңірінің жебесі жүрегіңді табар,
Әруақтың қылышы басыңды шабар
Елің қор, жерің сор болар.

***

Ел үшін туып, ел үшін өлер ер бар ма?
Рухымызды асқақтататын жаһанға,
Қас Сақтың әруағы жар болып
Қазақ атын айшықпен жазар аспанға!

***

Қазақы Рухя оянсын!

Ардақты ағайын, қазақтың бөрілі байрағын көтеріп, ғылым мен техниканы меңгеріп, өнер мен мәдениет, әлеумет пен әлеуеттен әлемнің алдына шығып, өнеге көрсететін кез келді.

Жеті атасын білген жетелі елдің, жеті атаны білмейтін елдерден артық екенін дәлелдейтін заман туды

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?