Жылқы тұқымына келетін болсақ, етті тұқым жабы қалған.
Бүкіл қазақ жылқысының генофондын ресейге бір миллиондай алып кетті дегені шындыққа келеді.
Соңғы рет қазақ жылқысының генофондын құртқан Буденный дейді.
Мініске жақсы, салтатты тұқымды Буденный түгін қалдырмай әкеткен. Қазіргі қалған етті жабы тұқымы, адай, найман тұқымы деп бөлінеді.
Бірақ бәрі қазақы жабы тұқым. Адай тұқымында ахалтекенің қаны бар.
***
Кіші жүз түркмендермен көп араласты, соғысты, қыз алысты.
Сондықтан адай тұқымыды жылқыда аралас қан бар.
Найман тұқымы үшке бөлінеді:
- алтай
- шығыс қазақстан
- орталық қазақстан.
Бұл үшеуі де жабы тұқым, бір линияға кіреді
Қимақ қағанаты 9-10 ғасыр. Ат әбзелдері
Қазіргінің әйелдерінен артық жасанған аттар
Негізі салтатты бәйгеге қосылатын жылқыны мініп жүреді.
***
Қысқа шақырымда жылқының мықтысы ағылшын жылқысы.
Ағылшындар бастапкы тұқымды венгр-ғұндар европаға барғанда алған
Ол тарихта солай жазылып тұр. Ағылшындарда жеңіл қазақы жылқы болмаған. Сосын қызығушылық танытып, ағылшындар жинай бастайды.
Бізге келген саудагерлер жылқыларды 17-18 ғасырларда әкете бастаған. Араб жылқылары әдемі көрінеді, сондықтан қымбат сатылған.
Қазақ жылқысын араб деп сата берген
***
Қостанай облысының қазақы жылқысы
Ағылшын жылқысының үш аталығы бар. Соның екеуі Қазақстан территориясынан кеткен жылқы дейді. Біреулер арабтың жылқысы дейді.
Өйткені ағылшын жеріне жеткенше, бір саудагерден екінші саудагерге өтіп, аты өзгеріп отырған. Аттарды одан әрі дамытып отырған. 1823 жылы ағылшын тұқымын жасап
шығарған.
Содан бері келе жатыр. Қазір ағылшын тұқымы бәйгеге өтімді, қазақтар тұрқына қарап сынайды ғой, ағылшындық жылқының тұрқы әдемі.
***
Олардың бір минусы ғалымдар "инбридинг" дейді. Шеше жағынан әке жағынан үш атадан қосыла береді.
Қазақша айтқанда тексізденіп кеткен.
Ағылшын зауытынан шыкқан жылқылар табиғи инстинкттен айрылып қалған, әлсіз болады.
Қазақы жылқыда табиғи инстинкт мыкты болады, айғыр ауыстырмайды.
Қазақы жылқы бір жылдан соң үйірден өз тайын шығарып тастайды.
Ал ұрғашылар екіге толғанда қашырғанға дайын бола бастайды
Оралдық қазақы жылқысы
***
Сол кезде өз байталдарын үйірден шығарып тастайды.
Қашыру сөзінің аудармасы- "спаривание".
Бір үйір жиырма бес, отыз бес жылқыдан артык алмайды.
Айғыр қалыптасып алады. Жас кезінде 20-25 бие, сүйек жарып бес, алтыға келгенде тағы он бие алады.
Кейбір қазақы айғырлар үйірде 180 биеден ұстайды.
Бөтен үйірден қосып алады.Қазақы жылқылар да табиғи инстинкт мықты болған соң, бір жасына жетпей қосылған бөтен бие болса да, табиғи инстинкт арқылы өз баласы депсойлап үйірден шығарып тастайды.
***
Ал зауыт жылқыларында, ағылшын, араб, Орловский жылқыларында ондай инстинкт жоқ
Және табиғи түрде ұрықтана алмайды, өйткені күш жоқ. Оларды жасанды ұрыктандырады. Ал айғыр ауыстыратын үйірлерде әргі жағында бөтен қан бар, сондықтан табиғи инстикттен айрылған.
Қазір де ағылшын, араб, тяжеловоздар келіп жатыр.
Тяжеловоз етті, тұқым беруі қиындау ұрығы әлсіз болады. Қазақта аттың жеті түрі болған, қалған тұқым жабы ат. Бұхар жырау жырлап: "Жалқұйрығы қаба-деп, жабыдан айғыр салмаңыз" деп өсиеттеп кетсе де басқа тұқым қалмады.
Қазақтың жеті ата тектілігіне ұқсап жылқымыз да текті еді, совет империясы қазағымды да, жылқымды да құртып, рухымыздан айырмақ болды.
Орысқұлдықтан құтылып, енді еңсемізді тіктеп келе жатқанда арабқұлдык сыналап еніп жатыр.
Жылқы малы өз туысына шаппаса, қазақка қарындасқа көз салуды тексіздер уағыздап жатыр.
Ойлағанда жүрегің тілім-тілім болады
АРЛЫ БОЛАЙЫҚ! ТЕКТІ ҚАЗАҚ!
***
Жылқы тұқымға келсек, тұлпар бар.
Қазір жан-жақтан жылқы келіп, қазақы жылқыға көңіл бөлінбейді.
Ағылшын араб, дайын аттарын алып келеді.
Солардың стандарттымен бәйге өткізеді. Қазақы бәйге бағзы заманда айналып шаппайтын, тігінен кететін бір ауылдан екінші ауылға.
Не болмаса үлкен 50 шақырымдық айналым, екі айналатын.
Ағылшын, араб аттары өте нәзік болады, сондыктан 3-5 шақырымдық айналым жасайды.
Аттардың аяғы кетпесін деп, айналымды тегістеп жыртып тастайды.
Олардың жылдамдығы өте үлкен, қазақтар ондай атты ұшқыр дейді.
Таза европа стандартымен өткізсе, қазақы ат денесі қызып бірінші айналымда басып озады.
Бәйге заңымен атты айналымнан шығарып тастайды. Сондықтан қазақы аттар дамымай жатыр. Аламан бәйге 20-30 шақырым,
топ бәйге ұшқыр аттарға 10-15 шақырым.
Топ бәйгеде жасқа қарамайды.
***
Құнан бәйге, тай бәйгесі бар
Көктемгі бәйгеде ара-қашыктық аз болады.
Өйткені қыстан әлсіреп шығады. Ал күзге дейін, қашықтық ұзара түседі.
Спортсмендер сияқты, адамның сарайы ашылады. Қыстай ақырындап желіске түсіріп, дайындап шығады
Бұл айтып жатқаным зауыттык, ағылшын араб аттары. Сөйтіп қазақ жылқыларын сұраныстан ығыстырып жатыр. Ресейде жылқы зауыттары бізден көп, кавказда ондаған жылқы зауыттары бар.
Біздің қалталы адамдар ресейден, шамасы барлар европа, америка, арабқа шығып кетеді.
Оларға әртүрлі заманауи дәріні тықпалап, дайындап шығарады. Ресейде бұл бизнеске айналған. Аттары тек жылыжайға үйренген. Қазақстанда бір шетелдік тұқым орын алды десе, ресей бизнесмендері қаптайды.
Олардың пәленбай атасына дейін шежіре құжаты бар.
***
Сол паспортына қарап ресейліктер іздеп кетеді. Олар бәйгені қарап отырады.
Сосын сол аттың үрім бұтағын іздеп, сатуға дайын отырады. Бизнес жасайтындар атты сатуға тырысады, ал алушы дақпыртына қызығады.
Қазір қазақы аттар үшін "Алтын тұлпар" бәйгесі өтеді.
Бәйгені Ат Спорты Федерациясы, Нұр-отан, Самұрық қазына өткізеді.
Бірақ атты қосу үшін, кіру қағазы жүз мың теңге. Бұл бәйге қазақ жылқысын көтеру үшін, жасалған шаруа.
Бұл жерде де таза қазақы аттар шаппайды.
***
Бірақ, аздапартықшылығы да бар. Бір айналым бес шақырым, жерді жыртып тегістемейді. Қазақы жылқы стандартымен айналымды тексызып қояды,сыртқа шығып кетпеуі үшін.
Басында 40, қазір 52 шақырым. Бұл бәйгеде де будандар орын алып жатыр.
Бұл да қазақы жылқынын дамуына бір адым жасау. Араб, ағылшын, ұзақ шакырымға шыдамайды.
Аяқтары қызып кетеді. Қазақ аттарының аяғы мықты болады.
2019 жылы оскеменде откен 130 шақырымдық аламан бәйгеде, жергілікті "тарпан" аты топ жарды. 6 сағат 40 минутта өтті.
Зайсанда өткен бәйгеге ағылшын, арабтар қатысты. Бірақ олар шыдамады, аяқ сынды, кұлады, шығып қалды. Алғашқы бес орынды қазақы жабы тұқым алды.
Негізі "алтын тұлпар" сондай қашықтықта болуы керек. Аламан бәйгеге ресей, ағылшын, араб тұқымдары қатысты. Бәрі шығып қалды.
Таза қазақы бәйгеде 30-40 кг. салмақтан шабандоздар, ер-тоқымсыз шабуы керек.
***
Торғай облысының қазақ жылқысы
Көктемде жылбысқы ауа-райында, сокталдай жигиттер ер токымсыз шабуы фурор. Шетелдік болса, ертегі айтып тұр дейді.
Жыртылмаған жерге, қазақстан климатына шетелдік атты 130 км, шабуын елестетіп көріңіз.
Сол жылы Өскеменде, Көкпектіде, "Тұғыры биік Тарбағатай" деген аламан бәйге өтті.
Жаңбыр жауып тұрды. 140 шақырымдық бәйгеде көкпектілік Руслан Шаярагазин алды.
Бұл аламан бәйгелер қазақтың соңғы 100-110 жылдық тарихында алғаш рет болып тұр.
Негізі қазақта аттың жеті тұқымы болған деп айтылады.
Бұл алда зерттейтін тақырыптың бірі.
Менің түсінігім бойынша, қазанат - батырлар мінетін ат. Батырларға ақсаусақ араб пен ағылшын аттары шыдамайды.
Бір Қабанбайдың өзі сауыт-сайманымен 160-170 кг. болған шығар...
***
Ондай салмақты қазанат қана көтереді. Жабылар сұрыптала келе, тұлпар, қазанаттар шыға бастайды.
Батырлар кейде тәулігіне 400 шақырымға дейін жол жүретін кездері болған...
Мен ара-ара жылқы жайлы мақала салып тұрам. Оқыған, тоқыған атбегілерде уақыт бола бермейді.
Ал жылқыны жақсы көретін қазақ баласына ақпарат беретін кітаптар жоқтың қасы... Өзімнің оқыған, түйгенімді жазып отырмын. Постыммен бөліскендерге алғыс білдірем.
***
Қазақы ат Ресейде, Алтай аймағында найман тұқымы құртылып жатыр.
Оны да етті орыс "тяжеловоздарымен" будандастырып, "новый алтайский" жасап шығарды. Донская породаны қарасаңыз, әкесі ағылшын, шешесі "кипчакский абориген лошадь" деп тұрады.
Бұл да қазақы жылқы. Көп жылқының түбін қарасаң, қазақы жылқы екені шығып тұрады.
Америкада "марафон" деген бар
Бір жерде баяу жүреді, бір жерде тоқтайды. Жем-шөп жеп отыру үшін тоқтап отырады.
Қазақы жылқылар болса 100 шақырымға шабады. Аламан онда бәйге мүлде өтпейді
Семей облысының қазақ жылқысы
***
"Алтын тұлпар" европа стандарты. Сол себепті будандар көбейіп келеді. Қостанайда "Қазақ тұлпары" деген зауыт бар.
Бұл зауыттан шығып жатқан жылқыларда қазақ қаны аз.
Басқа жабыға қарағанда ірі келеді. Ауыруға, суыққа, ыстыққа, климаттың қатаң мінезіне төзімді келеді.
Атқора керек емес. Далада жүріп семіреді, көбейеді.
Негізі қазақы бәйге 100 км әрі қарай басталады. Ағылшын мен араб тұқымы 25 шақырымнан тоқтай берсін.
Тай бәйге жеке өтсе, жарыс жүйесі реттеліп, халық ресей мен европа деп шапқыламас еді.
Әркім өз жарысына қатыса алады. Қазақы шыдамдылық бәйгесін жолға қойсақ, әлемді аузымызға қаратар едік.
Қазақ жылқысындай әлемде жылқы жоқ
Адай қазақ жылқысы
Жабы тұқымы
Қазақ жылқысы