Құдайды аспаннан іздесең,
Күн мен айды, жұлдызды көресің
Оны кім жаратқан деп өз-өзіңнен сұрасаң,
Жауабын таппайсың?
Не жаратқан деген сұрақ қойсаң
Сұрақ онан сайын көбейеді
Теориялар жасалады, ой-болжамы шығады
***
Бітпейтін пікірталас басталып,
Әркім өзінікін дұрыс деп санайды
***
Өзіңді жаратқанға неге құдай дейсің?
Өйткені ол Құт-Ұдайы
***
Құт дегеніміз - өмір жалғасы. Өмір жалғасып отырады. Бар тіршілік өзінің тіршілігін жалғастыруға ұмтылады
Құтты болсын деген қазақылықтың керемет сөзі бар. Жалғасты болсын, үзілмесін, тоқтамасын дегені.
***
Құттың атрибуты - Ұдайылық - Үздіксіздік.
Заман ақыр боп, ай мен күн сөніп қалса да, Ұдайылық - Процесс жалғаса береді
Өмір жоқ деген жердің өзінде - Процесс жүре береді.
Өлім дегеннің өзі, процестің көрінісі. Бір өмір аяқталып, ол екінші формаға ауысады.
***
Ауысқанның арғы жағында не бар екеніне біздің миымыз жетпейді.
Біздің санамыз Өмірлік процестерді көзге көрінбейтін Тылсым әлемімен жалғастыруға қауқарсыз
Тылсым әлемімен тек қана Әруақ жалғастыра алады.
***
Әруақ дегеніміз - тұлым іспеттес, мойын омыртқа арқылы аспандағы Тылсым әлеміне жалғасып тұрған энергетикалық
арқан іспеттес (коммуникация каналы).
***
Әруақ жібі арқылы Көк Тәңіріден ақпарат алады, Жер ана - Ұмай анадан қуат алады.
Ақпарат (шабыт, бағыт) пен қуат қосылып, адам арқаланады.
***
Ол арқан арқылы келген Тылсымдық энергия, адамды қорғап-қолдайтын Энергетикалық қабатты құрайды.
Энергетикалық қабатты - батырдың әруағы, бақсының Жыны деп білген.
Бір батырдың қорғаушысы үлек, екінішісінікі Бөрі, бірінікі Аждаһа...
Энергетикалық қабаты мықты батырдың мысы басым болады.
***
Батырдың мысы басқан кезде, екінші батырдың әл-дәрмені бітіп, жеңіліп қалады...
***
Сонымен құдай дегеніміз қандай ұғым?
Бізге ұдайылық берген ұғым!
Тізбекті реакцияны бастауға қажетті нейтрондық әсер - құдайлық әсер. Яғни, ұдайылық үдерісін бастауға қажетті бастапқы нейтрондық әсер деуге келеді.
Ал оны кім жүргізді, қалай жүргізді, қандай формада, қандай уақыт аралығында орын алды?
Бұл сұрақтарға біз жауап таба алмаймыз.
Ол жауап Тылсымда жатыр. Тылсымның алгоритмдерін меңгеруге адам миының шамасы жетпейді.
***
Сонымен құдайдан алыстамайық
Құдай = Құт + Ұдайы
Үзілмеген өмір тізбегі.
Біздің өмір тізбегіміздің үзіліп қалмауына сеп болатын адамдар бар. Оларды
Құт - Ұда = Құда дейміз.
Қазақ осы құдай бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Құдай дегеніміз ата-анамыз. Біздің бойымыздағы ұдайылық үдерісін жүргізген, тізбекті реакцияның басталуына себеп болған (фактор) адамдар.
Құдай дегеніміз - әке-шешеміз.
Ата-анасын, жеті атасын түгендеген адам - құдайын түгендеген адам. Әке-шешеден безген, ағайыннан безген - құдайдан безген саналады
/*Егер құдайы надан болса, оған әруақтанып туралықты жеткізетін жағдай да болады.
Сол үшін де қазақ әруақ-құдай деген сөз тізбегін қолданады
(Надан деген сөздің түбірі: әулетті құрдымға жіберетін бағытқа түскен адам)*/
Әруақ - Құдайдың алдында жүреді.
Өйткені өмір тізбегінің ұшқынын жағатын құт+ұдайылық үдерсінің ғаламдық Энергия - Көк Тәңірімен байланыстырып тұрған ақпараттық шинасы (сымы, арқаны) - әруақ деп аталатын еді.
Әруақ дегеніміз ұдайылыққа бастау беретін әр+уақ (кез-келген уақыт) ғаламдық теңдік жүйесімен байланыстырып тұрған коммуникативті канал.
"Әруақ ұрған оңалмас, құдай ұрған оңалар" деген қазақ
***
Біздің құдайымыз, біздің әке-шешеміздің іс-әрекетін санасы (мыйы) басқарды деп санай қоялық. Олай болса, олардың санасын гормондар әлемі тікелей басқарады.
Ал гормоналды фон, әруақтық энергиялық қабатпен тікелей байланысты.
Адамның мінез-құлқы, үйреншікті әдеті, талғамы, қалауы... барлығы да гормондарға байланысты.
Ал гормондардың орны - қан.
Қазақ сол үшін:
Қаны бұзық, қанына тартқан деген секілді суреттеулер қолданған.
***
Ұдайылық процесінде, барлық нәрсе біріне-бірі тығыз байланысты, тәуелді. Қан бауырсыз жұмыс жасай алмайды, ал сүйек кемігінсіз жаңармайды. Қан болмаса бүкіл ағза жұмыс жасамайды.
***
Ата-ана болмаса, бала болмайды, бала болмаса, өмірің жалғаспайды.
Өмірдің бар кілті - Жалғасуда.
***
Сондықтан да, Құдай деген ұғым - Ұдайылықтағы Құт. Құт+Ұдай. Объект емес, Процесс - Үдеріс
Парсының сөзі емес. Төл қазақтың сөздері.
***
Құдай дегенде, аспан мен жердегі процестердің тізбекті реакциясына ұшқын берген, ядролық реактордағы тізбекті процестің басталуына ұшқын болған объектіні емес, процестің өзін айтамыз.
***
Ал, сол процестердің белгілі бір жүйеге сай екенін, немесе оның белгілі бір жүйеге тәуелді екенін байқаймыз.
Ол процестердің бірнеше қыры, көрінісін айтуға болады... Соның негізгісі - теңгерушілік. Барлық үдеріс - теңгерілген. Ол жайлы кейінірек айта жатармыз...
***
Барлық процестің бастамасы болған ұшқынның белгілі бір жүйеге бағынуын - Тәңір дейміз.
Тәңір дегеніміз - Жүйе. Ақпаратты - энергетикалық жүйе деуге болатын да шығар... кейінірек тоқталам
Ал құт + ұдайылық ұшқынын = Құдай деп атаймыз.
***
Осы жерде мынадай бір сұрақ туындайды.
Бастапқы ұдайылыққа себеп болған ұшқын, қайда кетті? Ол басында бір жарқ етіп, жоқ болды ма? Әлде басында жарқ етіп, қазір сырттан бақылап тұр ма?
***
Жауап:
- бастапқы ұшқын - құт+ұдайылық сол үдерістердің ішінде ағып жүр. "Ағып жүр" деген сөз ол құбылысты толықтай суреттей алмас.
Процестің ішіне қатынасып жүр, үдерістің ішінде еріп жүр деген секілді қосымша суреттеу енгізуге болады.
***
Құт + ұдайылық жайлы былай деп айтуға болады.
Құт дегеніміз - біздің өмір сүріп, өсіп-өнуімізге қажетті шарттар. Құтты болсын деп айтамыз. Өзімізге тиімді болсын дегенді меңзейміз.
Яғни, біз үшін құтты нәрсе, басқалар үшін құтты бола бермейді.
Мысалы, қойдың етін жеп, біз құтта боламыз, ал қой өмірін береді...
***
Біздің құт деген ұғымымыз өзіміз үшін тиімді жағы екен. Алайда, табиғат тепе-теңдігін жақсы білген қазақ, малды шалғанда, онан кешірім сұрап,
"Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ" дейтін болған.
***
Ал енді ұдайлыққа келсек. Құт біткенмен, ұдайылық бітпек емес. Бізге тиімді құт бітіп қалуы мүмкін, алайда табиғаттағы ұдайылық үдерісі бітпек емес.
Оған ең қарапайым дәлел, энергияның сақталу заңы. Энергия дегеніміз жоқтан пайда болмайды, бардан жоқ болмайды.
Тек бір күйден екінші күйге ауысып отырады.
Ауысу барысында түрлі табиғи құбылыстар, апаттар орын алуы мүмкін.
Энергияның трансформациясының барысында, оның адам баласын жойып жібермей, оған жанашырлық танытуы, құттың ұдайлық үдерісінің көрінісі. Құдайдың көрінісі
***
Біздің өміріміз толықтай Құт + Ұдайылық = құдайлық үдерістің қамтуында.
Ал ол үдеріс өз тәртіп-жүйесін Ғаламдық Ақпараттық Мұхиттан - Тәңірден алып отыр. Ал екеуін байланыстырып тұрған коммуникация каналын - әруақ деп атаймыз.
***
Сонымен, құдай дегеніміз - объект емес. Ол процесс. Қазақша айтсақ, Құдай деп қазақтар процесс барысын айтқан.
Процесс (үдеріс) болғанда да, оның ішіндегі, адам баласының өмір сүруі мен өсіп-өнуіне ықпал ететін Құтты Үдеріс.
***
Мына мақала ұзап барады.
Қарапайым формулаға алып келсек:
Құдай деген кім?
- Өмір процесі
Сенің құдайың кім?
- Ата-анаң
Сен құдай боласың ба?
- Иә
Қалайша?
- Құдаларымның барлығының арқасында, келін түсіріп, күйеу келтіру арқылы, мен құдайлық (құтты ұдайы етушілік) жолды жалғастырушы болам.
Яғни, Құт+Ұдайылық = Өмір процесінің жалғаушысы болам.
Жалғаушысы болу үшін не керек?
- Табиғатпен, айнала қоғаммен үйлесімді өмір сүру керек
Үйлесімның тағы бір атауы - Қазақылық!
***
Жалғасы бар...