Күлтегін жырына сәйкес, дүниенің қалыптасу кезеңдері

Күркіреп, күркілдеп

От шашып жатқан;

Алып денесінен

Қып-қызыл болып

Өрт қашып жатқан

Тау менен тастар пайда болды

***

Жел алып келген

Дым менен будан

Бұрқырап тасып жатқан

Сулар пайда болды.

Найқалған нулар пайда болды

***


Әлем жаратылысын қазақ жақсы білген, қазақылық идеологиясы әлемнің жаратылысының қай кезеңде қалай болғанын, оның егжей-тегжейін айтып бере алатын қарым-қабылеті болған.

***

Қазақ деген ұлт емес, қазақ деген ұлттардың біріккен одағы

 

Қазақтың құрамындағы әрбір үлкен ру-тайпа, кезінде мемлекет құрған, өз алдына мемлекет құрған, дүниені дүбірлеткен Ұлттар болған.

***

Ойсыннан бастап

Үйсіннен қостап

Қоңырат

Арғын

Керей

Найман

Алшын

Уақ

Қыпшақ (аталмағандардан кешірім сұраймын) ...

***

бәрі де үлкен ұлттар, үлкен мемлекеттер болған.

Олардың рухани платформасына - Қазақылық деп аталған.

Күлтегін жырына сәйкес, дүниенің қалыптасу кезеңдері

***

- Коммунизм

- ислам

- фашизм

- иудаизм

- христиандық... деген секілді, Қазақылық та ұлттардың басын біріктіретін идеология болған, заман ақырға дейін солай болып қала береді.

***

Дүние тұрғанша тұр деген қазақтың жақсы тілегі бар.

***

Аспанды тіреп тұрған магниттік өріс, аспанды құлатпай ұстап тұра берсін, әруақ-құдай тіреген аспанын түсірмесін, біз де ұрпағымызбен мың жасай берейік.

***

Ал енді жырдың өз басына келсек:
 
Күркіреп, күркілдеп

От шашып жатқан;

Алып денесінен

Қып-қызыл болып

Өрт қашып жатқан

Тау менен тастар пайда болды

 

Күлтегін жырына сәйкес, дүниенің қалыптасу кезеңдері

***

Тау мен тастың алдымен пайда болғанына меңзеп отырғандай.

 

Топырақ қабаты жаратылмас бұрын, алдымен "күркіреп-күркілдеп..." тұла бойынан от қашып, лавалар атқылап жатқан таулардың пайда болуына меңзейді. 

***

Жалпы алғанда, топырақ қабатын сылып тастар болсақ, жердің жүзінің қатқан магма екенін көре аламыз.

Магмалық түзіліс жанартаулық атқылаулардан қалыптасып, жер бетінде алдымен таулардың түзілгенін көрсетіп отыр.

Күлтегін заманындағы бабаларымыз оны тамаша біліп отыр.

***

Күлтегін жырына сәйкес, дүниенің қалыптасу кезеңдері


Қазақы интуиция әлемнің жаратылысын алақандағыдай көре алатын болған. Сол үшін де өзінің салт-дәстүрлерін қалыптастыру барысында тек тура бағытты ұстанып, өсіп-өну, үйлесім жолын таба білген.

 


Әлемді билейтін қазақылық, әлемге үйлесім мен бейбітшілік пен тыныштық алып келетін де Қазақылық!

 

Әлемді үш бөліктен тұрады деп есептегенін ескерсек, жерасты әлемі, магмалық қатты қабат (немесе оның тағы төмені) - төменгі жиілік әлемі.

***

Ортаңғы қабат - біздің өмір сүріп отырған әлеміміз.

***

Үстіңгі қабат, рухтар әлемі.

***

Бойынан от қашып жатқан, лавалар атқылап жатқан төменгі әлем, тығыздық әлемі болып отыр. Немесе, оны төменгі және ортаңғы әлемнің арасындағы бөгет деп қабылдауға болады.

***

Күркіреп, күркілдеп

От шашып жатқан - деген жолдардағы от шашып деген сөздерге келер болсақ, лаваның атқылап жатқанын көреміз. Лава атқылап, тау мен тас түзіледі.

Артын ала бере, мына жолдар кезігеді: 

"Алып денесінен
Қып-қызыл болып
Өрт қашып жатқан"

 

От шашып жатқан мен өрт қашып жатқанның айырмасы неде?

 

Өрт қашу дегені, газдардың жоғарғы қысыммен лаваның арасынан бусанып, босанып шығулары суреттеледі.

Газ, лаваның астында мыңдаған градус ыстық пен қысымда жатады дағы, жоғарыдағы қысым азайғанда немесе лаваның қоюлығы төмендеп, температура әсерінен сұйық бола бастағанда, атылып шығады.

***

Сол құбылысты Күлтегін жырында "от қашып жатқан" деп суреттейді.

Шынында солай. Осы жерде ескере кетерлік бір жәйт, үңгірлердің пайда болуы.

Үңгірлер дегеніміз, лаваның құрамынан атылып шыққан газдың жолы болып отыр.

***

Егер газ тереңнен жол тартып келген болса, үңгір терең болмақ. Үңгірдің өзі уақыт өте келе, тау жынысының қозғалысымен бекітіліп немесе арғы жағы ашылып қалып жатады.

 

***

"Тау менен тастар пайда болды" 

Осы өлең жолына қарағанда, тау менен тасты тәңір жаратты деп айтылмайды, олардың пайда болғаны айтылады.

Жаратылыс дегеніміз - тіршіліктің қалыптасу КЕЗЕҢДЕРІ, үдерісі. Оны біреулер Эволюция деп атайды. Атай берсін.

Найқалған нулардың пайда болуы. Күлтегін жырындағы

Адам санасы не нәрсе болсын, оның жасаушысын іздеп әлек боп жатады. Әлемді де Жаратылыс деп айтқысы келеді. Өйткені, өзінің санасына қабылдауға оңай болуы үшін.

*** 

"Жел алып келген

Дым менен будан

Бұрқырап тасып жатқан

Сулар пайда болды.

Найқалған нулар пайда болды..."

Тіршіліктің (Жаратылыс) басталуының алдындағы желдің тұруы, элементтердің қалыптасуының басы екенін айтқан болатынмын. Ендігі жерде, сол жел, дым мен буды алып келіп, температуралық өзгерістердің арқасында, бу суға айналып, жер бетіндегі су айналым циклы қалыптаса бастады. 

***

Бұл жердегі назар аударарлық нәрсе, сулардың Бұрқырап тасуы... Бұрқырап тасу үшін, ол жердің астынан қысыммен шығып жатуы керек...

Әлемдегі сулардың пайда болуы

 

Су жасау үшін бу ғана жеткілікті негізі, алайда дым неге қатынасып жүр мұнда?

 

Меніңше, миллиардтаған жылдар бұрынғы сулар, химиялық белсенді, құрамында қышқыл, сілтілік ерітінділер мол болған. Сол арқылы химиялық белсенді "сулар" тау-тастың арасынан сызат тауып, бұлақтар, гейзерлер, өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер пайда болған...

***

Миллиондаған жылдар бойы "сүзгіден" өткен су, тазарып, адам мен жан-жануарлар ішуге жарамды кондицияға жеткен...

***

"Найқалған нулар пайда болды"

Алып өсімдіктер, ағаштар, джунглилер, олардың арасындағы жәндік, тіршілік пайда болды. Бұл жерде де құдай жаратты, тәңір жаратты деген сөздер қолданылмайды.

Олардың "пайда болуы" туралы айтылады.

Пайда болған нулардың "найқалғандығы" айтылады. Яғни, олардың өлшемдерінің алып болғандығы айтылып отыр.

Өздеріңіз археология (тарих) мен биология пәнінен білетіндеріңіздей, найқалған нулардан соң, әлемге динозаврлар келе бастады...

***

Миллиардтаған жылдар бойындағы өтіп жатқан процестерді Күлтегін жырының авторы қалай біліп, дәл суреттеп отыр?

 

Өйткені, әруақ - құдайы көкейіне салып отыр!

***

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?