Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

Алдымен

Тұла бойынан

Бу менен дым бүріккен

Алай-дүлей жел тұрды.

Дүниені басып жатқан

Қара балшықтай қою,

Күйедей қап-қара,

Түнек серпілді.

*****************

Алдында мына жерде, бас жағына талдау жасаған болатынбыз. Ендігі кезекте келесі жыр жолдары:

 

Жоғарыда

Ішіне жұлдыздар жапсырған,

Алып қазандай төңкерілген,

Төсіне Ай ілген, Омырауына Күн таққан

Аспан пайда болды;

 


Мына шумаққа қарап отырып, не күлеріңді не жыларыңды білмейсің...

Біздің осы уақытқа дейінгі оқып келген география мен астрономия секілді пәндеріміз күлге аунап қалды.

 

Кімге сенеміз???

Күлтегін жыры жәй ғана лиро-эпостық жыр дей саламыз ба?

Ақындық шабытпен сермеп кеп жіберген шығар дей саламыз ба?

Аспан жайлы не дейді?

 

Оның формасының "алып қазан" секілді екенін айтып отыр.

 

Яғни, біздің күнде түнгі аспанда көріп жүрген жұлдыздарымыз шетсіз-шексіз ғарышта емес, алып қазандай төңкерілген... алып мониторға жапсырылып тұр деуге болатын болып тұр ғой...

 

Яғни, аспан деген сөздің өзі көне түркі тілінде, асылған пан деп отыр ғой.

Латын тілі көне түркі тілінің туындысы екенін біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз.

 

Алайда қазіргі ағылшын тілінде "pan" - сөзі таба, тостаған, қазан, кастрюль мағынасында әлі күнге дейін қолданылады.

 

Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

 

Аспан дегеніміз төңкерілген таба, формасы "алып қазандай" екен дағы, оның омырауында күн, төсінде ай тағылып тұр екен.

Мхм... Әлігі Галилео Галилей мен Николай Коперниктер табытында аунап түскен болар мына сөздерден...

Алып табаның омырауына тағылып тұрған күн мен ай, молекуланы құрайтын атомдардай айналып, жердің бетіне жарығын түсіріп жүреді екен дағы...

 

Ал шетсіз-шексіз космос дегеніміз, ПРОЕКЦИЯ!

Өмір дегеніміз Матрицаның ішінде өтіп жатыр. Реализм - шынайылық дегеніміз, біздің миымыздың ішінде болып жатқан құбылыстар.

Ақ деген түстің ақ екендігін анықтау процесі көз арқылы мидың көру бөлігінде жүзеге асады. 

 

Ыстық пен суықтың сезілуі де терідегі рецепторлар арқылы мидың ішінде анықталады.

Қатты мен жұмсақ, ащы мен тәтті, жақсы мен жаман... барлығы да адам миының ішінде анықталып, бағаланады.


Біздің көріп жүрген әлемнің өзінің біздің миымыздың ішінде екенін бір адам сезіне білсе, екінші бірі сезіне алмайды...

Тіпті сезінуге де қорқады. Сана шектеуінен шыға алмайды...

Үйреншікті, қалыптасқан жолмен жүруді қалайды...

***

Айдың төске тағылуында керемет сыр жатыр. Оны болашақта ашылатынына көзім жетеді. Айдың айналу радиусы орталық тұста болуы тиіс. Төс дегеніміз екі омырауды жалғастырып тұрған жер ғой...

***

Ал күннің омырауға тағылуында үлкен гәп бар. Өйткені омырау, төске қарағанда кеңдеу алапты алып жатады. Ортасы төс болғанда, оның айналасы омырау болады.

***

Күннің жер бетін айналу диаметрі, айға қарағанда кеңдеу болатынына меңзеп тұрғандай.

 

Осы жерде тағы бір жәйт, Күлтегін жырын оқығаннан соң, менің Жердің тегіс екендігіне сенімім онан сайын арта түсті

 

Жердің тегістігі жайлы ойым бекерден-бекер шыққан жоқ. Қарапайым мектеп геометриясын оқыған адам-ақ, жердің доңғалақтығына күмән тудыратын дәйек тауып алары сөзсіз...

 

Қызық десеңіздер, келесі бір жолы әңгімеге арқау ете жатармын

 

Аспан пайда болды, алып қазандай төңкерілген дейді...

 

Әлемдегі алғаш рет Жаратушы туралы түсінікті біздің бабаларымыз жасаған. Дін атаулы бастауын Түркілерден алған. Мұсаны үйреткен түркілер.

 

Аспан дегеніміз, жер бетін жауып тұрған таба, Қазан формасындағы монитордан проекцияны көріп жатырмыз. Күн мен Ай оның астында жүзіп жүр...

 

Табаның астындағы әлем, террариум... Фантастикалық кино боп кетті ғой.

 

***

Діндердің барлығы да, жерді тегіс деп келді. Тек Галилео Галилей, Джордано Бруно, Коперник секілді ойшылардың бастамасымен, жердің шар тәрізді доңғалақ екеніне жұрт сенді

 

Қазіргі ғалымдардың 99% жердің шартәріздес екендігіне сендіреді. Ал өздері сене ме, сенбей ме, өздері біле жатар...

***

Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

Алайда, гравитацияның толқынды табиғатын ескерсек, кварктар арқылы, аспан мен жердің арасында жерге басу толқыны болады дағы. Аспанға көтерілген сайын, гравитация (кварктар) азайып, салмақсыздық көбейеді.

***

Өйткені ол жердегі кварктар өте сирек... Алайда атомдық байланысты ұстап тұратын 
материяның молекулаларының арасындағы байланысты үзіп жіберерліктей емес...

***

Алып таба - асылған pan (аспан) мен жердің арасында аттас зарядтардың тебілетін қасиеті бойынша, екі жүйе бірін-бірі жақындатпай, белгілі бір қашықтықта ұстап отыр (қалықтап тұр).  

***

Қазақтың аспан айналып жерге түскендей ыстық... деген сөзіне зер салсақ... Аспан айналу арқылы магниттік жастығынан тайып кетсе, күн мен ай жерге соғылысатын болып тұр... Қатты ыстық болады.

Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

***


Қазақтың сөзіне назар салсақ, аспан айналып жерге түскен ыстық дегеніміз, бір кездері болған, қазақтың санасында ол оқиға туралы ақпарат қалып қойған (!)

***

Сонда қазағымыз, ақырзаманның талайын бастан өткерген боп отыр ма? Ол жайлы ақпараттың барлығы әр қазақтың генінде сақтаулы тұр. Бәсе, неге бізден бәрі қорқады десем?..

***

Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

Аспан пайда болды деген жолдарға келер болсақ.

Аспанды

- түзелді

- жасалды

- жаратылды

- құрастырылды деген сөз емес, пайда болды деген сөздер қолданылады...

***

Екі магнитті бір-біріне қалықтатып қойғың келсе, бір магниттің үстіне екіншісін тұтастай әкеліп қоюың керек. Егер оны бөлшектеп әкелем десең, шетінен құрастырам десең, магниттік өрістің әсерінен бастапқы магниттер өрісінен тайып, құлап кетуі мүмкін.

Сондықтан да аспанды "пайда болды" деген сөзбен суреттеп отыр.

Күлтегін жырындағы Аспанның пайда болуы

***

Жалпы осы өлең жолдары менің өмірімде өшпестей із қалдырып, әлемнің құрылысы мен ғалам жайлы тың ойларға жетеледі

Бізбен бірге болыңыздар :)

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?