Ұлы көшпенділер мемлекетін құрған - Қазақ

Жігіттер, не ғой былай...

Осы ұлт үшін күресем деген ура патриоттықты қоя тұрып, отбасым, әулетім, жамағайыным үшін еңбек етем дегеннен бастасақ қалай болады?

 

Сосын, отан отбасыдан басталады деп, отбасын қалпына келтірсек қалай болады?

 

Ажырасқан әйелімен кеткен ұл мен қыздың жай-күйіне қараспайтындар, байдан шығып баласына ер тәрбиесі жетіспей жүргендер

 

***

Жесір қалған жеңгесіне әмеңгерлік қылмағандар, ажырасқан інісінің келінде кеткен ұл-қыздың жайын сұрамайтындар, Ұлт үшін күресіп жүргендеріне жол болсын

 

Жеті атасын білмейтін, өзінің руластарын түгендемейтін, жеті атадан қосылатын ағайынды түгендеп, жеті атасының әруағын тіктемейтіндер...

Қалайша ұлт жанашыры бола қалды?

 

***

Ұлт үшін деп өзеуремей, алдымен отанды отбасынан бастайық.

Онан артылып әулетті, жеті атадан қосылатын ағайынды, руласты түгендейік


Осы тізбекті түгендеген кезде ғана ұлт үшін сөз айтуға болады

 

Қазақтың ағайынын түгендеу жұмыстары жасалсын

***

 

Қазақтың басы бірікпейді, біздің қазақ бәлен, түген деп ауыз көпіртуге ұста-ақ

 

***

 

Өзінің қандас туысына жаны ашымаған адам, бүкіл ұлтты біріктіріп не істемек?

 

***

 

Ұлт дегеніміз не, Ұлттардың басын қосқан идеология дегеніміз не?

Қазақ деген ұлт емес, Қазақ деген әлемдік Идеология. Әлемді Сақтайтын, үйлесімді дамытатын.

***

Қазақылықты дамытам деген адам, ағайынымен арасын түзесін, ағайынына жанашыр болсын.

Жетімі мен жесірін түгендесін

 

Жеті атадан қосылатын жамағайынды түгендеп, жеті атасының әруағын тіктесін