Дүниені қараңғылық басып жатты.

Барлық химиялық элементтер қарылып (қарыма - карма), араласып жатты.

 

Әруақтың тартқан жебесімен, дауыл тұрды, бойынан дым мен бу бүріккен. Астаң-кестең, бір қарағанда бей-берекет қозғалыстар болып жатты.

 

Алайда сырт көзге қарағандағы сол бей-берекеттіктің ішінде тәртіп, хаостың ішінде алгоритм, ерсілі-қарсылы реакциялардың арасында қалыптасу ("жаратылыс") жүріп жатты.

***

Алай-дүлей желдің әсерінен, өзара жақын, табын заттар - элементтер (бір табынға жататын жылқылар іспеттес...) бір-біріне тартыла бастады.

 

Әлемдегі түрлі қазба байлықтардың өзара жақын орналасуының сыры осында. Шексіз дүниеде араласып, қотарылып, қарылып жатқан табиғи заттар (химиялық элементтер) атомдық массасы өзара жақын ағайындарымен (жерасты рудалары) бір ортаға жиыла бастады

***

Адамның да өз қандасын жақын тартуы - табиғи құбылыс
 

Солайша темір, көмір, мұнай, мыс... тағы да басқа кен орындары қалыптаса бастады. Электромагниттік толқын, ауа толқынымен араласып, құйын тұрып, әлемнің негізі жасалды

 

Осы жерде айта кететін жәйт:

Дүние дегеніміз - элементтердің бейберекет жатқан (қарыма) түрі.

Әлем дегеніміз - олардың реттелген түрі.

 

***

О дүние деп айтамыз, бұл әлем дейміз.

Біздің өмірімізде біз белгілі бір Жүйенің жұмысына куәміз, сондықтан дүниенің Әлем (реттелген) болып тұруы біз үшін ыңғайлы.

 

***

Ал о дүниеде, энергетикалық-ақпараттық орта. Әр фотонда, біздің галактика секілді бір әлем орналасады.

Олардың тәртібі мен түзілу сырлары бізге тылсым болғандықтан, ол жақты "Дүние" деп атап кеткен аталарымыз

 

***

Дүние деген сөздің өзін - "ТҮН + ИЕ" деп түсіндіре аламын.

Түн (қараңғылық) басып тұрған кездегі әлемнің күйі.  

 


"...Дүниені басып жатқан

Қара балшықтай қою,

Күйедей қап-қара,

Түнек серпілді..." дегендегідей.


***

 

Қазақы дүниетанымда, еркектік бастама, Тәңір, әйелдік бастама - Ұмай.

 

***

 

Аспан энергиясы Тәңірлік энергия, теңгерушілік күш. 

Жер энергиясы - өсіп-өну күші.

***

Екеуін қатар ұстана білген бабаларымыз, мыңдаған жылдық рухани мұра қалдырған.

 

Ол мұра кітапханада емес, ол мұра серверлерде емес, ол мұра бізді "тура жолға" салам дегендердің тілінде емес.

 

Ғаламдық өмірлік жүйе сыры - адамның қанында жатыр.

 

***

Қандағы ақпаратты сілкіндіріп, бетін басқан шаңын қағып салатын әрекет - Әруаққа сыйыну деп аталады.

 

***

 

Табиғаттың бойында ағып жүрген ата-бабамыздан қалған Ақпараттық Із, біздің айналамызда Эфир ретінде үнемі жүреді.

Біз әруағымызға сыйынғанда, эфирдегі ақпараттық энергия біздің бойымыздағы тылсым қуаттарды оятады.

 

Біздің ойлау қабылетіміз, жылдамдығымыз, қайратымыз, рухымыз артады

Ол жағдайды қазақта арқаланып кету деп атайды.

***

Осы кіріспенің барлығы, намазды оқу жөніндегі ақпаратты қабылдау үшін қажет болды.

***

Намысты қайрау, намыстану, намысын жану - намаз оқудың көрінісі

 

Адамның көңіл таразысы өз ішінде, адамның не істеп, не қойғанына ешқандай құдай баға бермейді.

Адамның іс-әрекетіне адамның көңіл таразысы баға береді.

***

 

Ал тылсымнан келетін ақпарат - болашақ көрінісі, адамның пейіліне қарай қалыптасады

Яғни, адамның болашағын құдай анықтамайды, пейілі анықтайды.

 

Қазақ оны, пейілінен тапты, пейіліне берді, 

Пейілі тар, пейілі жаман немесе кеңпейіл деп жатады

 

***

Адамның болашақ өмірі, пейіліне байланысты. Пейіл адам өмірінің болашағын анықтайды. 

***

Пейілдің өзі қалай қалыптасады?

***

Адам надандыққа ұрынса, пейілі бұзылады

 

Надандық дегеніміз не?

Өмір талабына сай ақпараттан құр қалып қою.

***

Заманауи ақпараттан құр қалып қою, адамның ойлау динамикасын тежейді.

Ойлау динамикасы төмендеген адам, надандыққа ұрынады.

***

 

Ойлау динамикасы пейілдің құрылымына тікелей әсер етеді.

Қанайналым динамикасы ағзаның жұмыс істеуіне қалай әсер ететін болса, ойлау динамикасы пейілдің қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Ойлау динамикасының белсенділігі өз алдына, оның қай бағытта өрбуі де өте маңызды...

***

 

Жастың тілеуін береді деген қазақпыз. Тілеу деген жалбарыну, сұрау, өтіну деген сөз емес. 

Тілеу, адамның санасында қалыптасып, өзінің қалаған нәрсесінің визуализациясы.

***

 

Тілек дегенімізді, ерікті визуализация дегеннен гөрі, адам санасындағы, пейілдің ықпалымен, түпсанадан келетін бейнелер жиынтығы есебінде қарастырған дұрысырақ секілді.

 

*** 

Жеке тұлға мен тылсымның арасындағы байланыс кезінде, сөздің құдыреті жүрмейді, тек пейіл, ниет, ұшқын.

Пейіл мен ұмтылыс Ұшқын тудырады. Ұшқын әрекетке жетелейді.

***


Ойлау динамикасын арттыру жолдарын іздестірсек.

Ойлау динамикасына жылдамдық берудің негізгі жолы, осы уақытқа дейінгі қордаланған ақпарат ағымына жалғану.

***

 

Осы уақытқа дейінгі шешімі табылып қойылған нәрселерді ақпараттар базасынан (түпсанадан) алып, оны өзіміздің өмірімізге проекция жасап барып, кеңістіктен қуат аламыз.

***

 

Ол үшін алдымен әруаққа сыйлым (сәлем айту, келіннің әруаққа сәлем салуы) айтамыз, құлдық ұрамыз.

 

Әруақтан

- оймыздың ұшқыр болуын

- ағайынның бір болуын

- андамыздың көп болуын тілейміз.

 

Тәңірден тілеу мен әруақтан сұрау, екі түрлі дүние. Тәңірден тілек жалпы мағынада айтылса, әруақтан нақты қажеттілік, нақты нәрсе сұралады.

***

Осы жерде айта кететін жәйт, келін боп түсіп, әулеттің құрамына енген келінді ата-бабамыздың әруағы желеп-жебейді.

Егер оны жіберетін болсақ, әруақ ренжиді, әулеттің берекесі қашады

 

Жетімі мен жесірін қаңғытпаған қазақ әруақтардың ризашылығымен жүрген. Сол үшін де өсіп-өну жолында жетімін мен жесірін сыртқа жібермеген

***

 

Намысты қайрау (намаз оқу)   

 

Нәмімізды оқу, нәмімізды дәріптеу, нәмімізды айту, нәмімізды асқақтату.

Нәм - деген қазақта, аты, есімі, атауы, атағы деген мағына береді 

(Ағылшынның name  сөзі қазақтан шыққан)
 
***

Намысты қайрау, ата-бабасының нәмін айтып, оларға сыйыну, олардан медет тілеу, бабадан қалған аманатқа адал болуын өз-өзінің есіне салу.

***

Осы жерде намыс сөзінің мағынасына келетін болсақ - нәм+іс = намыс. Намысын нәм+ізі = намаз арқылы түгендейді. 

Әулеттің жақсы атауын шығару, ата-баба әруағының нәміне сызат түсірмеу. Жақсы жолды жалғастыру үшін қажетті рәсіміміз - намазымыз.

 

Намыс дегеніміз - әруақ алдындағы аманатты адал алып бару ісі деп аталады.

***

Осы жерде, ерді намыс өлтіреді деген сөздің мағынасы толықтай ашылды деп санаймын.

***

Нәм ізі (ісі), бабадан қалған аманат ісі


Нәм + ізі = нәміз => Намаз болып отыр. Бабаның адал жолында жүру үшін, ер жігіт намысқа тырысады. Сол үшін де жанын беруге даяр болады.

Еркектің ерекшелігі де, көзсіз намысшылдығында...


***
 


Намысын қайрап, тістеніп, намыстанып... Нәм+ізін = намазын оқып, намысын жаниды, көзі шырадай жанады...

 

Қазақтың намаз оқу дегені, ежелгі Шумерлерде  (Шумер де түркінің бір баласы) болған. 

Оны таяу шығыс және басқа елдер... алып, "салят" оқимыз деп түрлендіріп  отыр.

 

***

Намасте - үнді, непал тілдерінде сәлемдесуді білдіреді. Басында, әруақтарға сәлем беру ретінде басталған.

Қазақта ол беташар кезіндегі келіннің әруақтарға сәлем салуы болып сақталған.

***

Ал ежелгі Шумер - Аккад өркениетінде, нәм+ізі бойынша жүру, намаз оқу, нәм+іс асқақтату, намысты қайрау, рәсім ретінде жасалған. 

***

 

Ол, ата-баба әруағының алдында адалдығын келтіру, ата-баба әруағының алдында кешірім сұрау.

Ата-баба әруағына қауышу үшін дайындық жасау рәсімі болған.

 

Намазды (нәм + ізі) оқудың басты шарты - әруағына сыйыну, ата-бабасының жолын жаңғыртам, бабаларыма жаман ат келтірмеспін деп серт беріп, сол сертін күніне бірнеше мәрте өзіне-өзі қайталап, санасында жаңартып отыру

***

 

Намысын жаныған адамға, намазын оқыған адамға жаманшылық, қара басу, ауру-сырқау, сәтсіздік жоламайды.

Ата-бабасының әруағын еске алып, оларға сыйынады. Ұрыс, тартыс, бәсекеде ғана емес, жайшылықта да әруақтан медет тілейді. 

Өзін-өзі қайрайды. Ата-бабасының әруағымен сақталып қалған ақпаратты жаңартып отырады.

***

 

Адамның тұла бойы үлкен USB флешка секілді құрылғы. Адамның әрбір қан түйіршігінде мыңдаған гигабайт ақпарат жатыр.

Ол жерде өсіп-өну, үйлесім, ғылым-білім, мінез, түпсанамен байланыс жолдары... барлығы да жатыр

 


Адам өзінің түпсанасына сүңгіп, қанында ағып жүрген ақпаратты ашатын болса, әлемнің заңдылықтарын меңгереді. Ғаламдық үйлесімнің сырына қанығады.

 

Құдайлық (құт + ұдайылық) сипат алады. Яғни ұдайы құт жеткізіп отыру қабылетіне ие болады. Ұдайы құт Тәңірлік Энергия - Қуаттың арқасында жүзеге асады.  Құт + Ұдайылыққа Тәңір Жарылқағандар жетеді. Оның басында Әруақ тұрады. 

Сондықтан да қазақылықта әруақ-құдай деп, әруақты бірінші айтып отырады.

***

 

Тіршіліктегі темірқазығынан ауытқымас үшін, нәм + ісін (ізін) = намазын оқып отыратын болған. Сол арқылы намысын сақтаған

***

Қазақы дүниетаным бойынша намаз оқу дегеніміз, ата-баба әруағының алдында адалдығына куәлік ету, тіршілігін табысты ету үшін қуат жинау рәсімі.

 

Сонымен қатар, ата-баба әруағының алдында кешірім сұрау, өз бойындағы көңіл таразысына бар әрекетін салып, өзін-өзі емтиханнан өткізу, ата-баба әруағына қауышу үшін дайындық жасау рәсімі.  

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?