АрқамандықЕрқайысТоқшылық
  • BYD Han EV
  • Lixiang L9
  • YangWang U8
Рух жайлы ақпарат

Маралдың үлкен мықтысы ұрғашыға иелік етті. Қалған еркек маралдар бата алмады

Қошқардың мықтысы, қасқырдың мықтысы, айғырдың мықтысы ұрғашының жақсысын таңдап иелік етеді

Бойында қуаты мықтының ұрығы мықты, ұрығы мықтының ырқы мықты, ырқы мықтының рухы мықты

Кездейсоқтық па?

Жоқ

***

Ұрығы мықты адамның адуыны да мықты, рухы да мықты

***

Тәңірлік танымның табиғатқа негізделетіні белгілі

Табиғатпен үйлесе отырып, өз өміріміздің мән-мағынасын түсінеміз

Табиғаттың мақсаты - өмірді жалғастыру, ұрпақ қалдыру, өсу-өну көбею

***

Қойды жеген қасқыр зұлым ба?

Зебраны жеген арыстан зұлым ба?

Киікті жеген қолтырауын зұлым ба?

Балықты жеген акула зұлым ба?

Қазды жеген сұңқар зұлым ба?

***

Бел қуаты әлсіреген еркектің әйелінің басқаға қылмыңдауы сатқындық па?

Қуатынан айрылған айғырдың үйірін басқа айғыр тартып алуы табиғи ма?

Өз айғыры қашып кеткен соң, жаңа айғырға күйлеген байтал сатқын ба?

Болмаса, қашқан айғырдың артынан қашып кетуі керек пе еді?

***

Арыстандардың үйірін ұстаған, қартая бастаған арыстанды жас арыстан үйірінен қуып тастауы қылмыс па?

Оларда үлкенге құрмет жоқ па?

Қартайған арыстанға адал боламыз деп, асылып өліп қалмаған ұрғашы арыстандар сатқын ба?

***

 

Ауызбірлігінен айрылып, азып-тозған ұлтты басқа ұлттардың қудалауы зұлымдық па?

 

***

Азып-тозып, ауызбірлігінен айрылған ұлт жер бетінде өмір сүруге лайық па?

***

Өзін-өзі қанап, күндеп, түтіп отырған ұлттың кімге, не пайдасы бар?

***

Елдің бұзылуы неден басталады?

Бай-кедей боп бөлінуден

Байды бай ететін жалшылары, сол жалшыны тұқыртып ұстаған байда адамгершілік бола ма?

Ақсақалды тұқырту

Адамгершілігі жоқ байдың үйінен ас ішу, оның тартқан басын жеу, ақсақал қария үшін қылмыс

Байдың бай болып, кедейдің осалданып, қоғамның тапқа -бөлінуіне жол бергеннен артық қылмыс жоқ

Ел бай-кедей боп бөлінгеннен бастап, ағайыннан бірлік кетеді

Бірлік кеткен жерден елдік кетеді, оның артынан жер кетеді

Соның барлығы, санағанынан өмірді сүргені көп, тоқығанынан өмірде жасағаны көп, ас ішіп аяқ босатқанына мәз болған шал-шауқанның кесірі 

***

Сол ақсақалдар елді тәрбиелеп, бай мен кедейді теңестіріп отырса, елдің еңсесі түспес еді

***

Өйткені, байды бай ететін ағайыны. Соның малын бағады, сауады, төлдетеді, шөбін орады, жинайды... Соның барлығын істеп жүріп жалшы халінде қала береді

Байдың кигізген шапанына мәз болған ақсақалды тыр жалаңаштап қуып шықса обал емес

Өзінің жасы, құрметін пайдаланып, ағайынды бір адамның астына жығып беру үшін жұмыс істегені үшін

***

Өзін қанап, айлығына тиын беріп отырған байдың қолтығына су бүріккен ақсақалдың қылығын көрген жалшы жастар қапаланады

Ақсақалдың бишаралығынан жерінеді. Жастардың, әділдікке деген сенімі қалмайды

Қарап отырсаң жайлау да, мал да байдыкі болып шыға келеді. Содан жастар елге сыймай, өз елінен әділдік таппай қарақшы атанады...

***

Неге?

Өйткені өзі көбейткен малының ұшпағы мен пұшпағын ғана көріп отыр... Адал жалақы бермейді, акция тағы бермейді, сонан соң, берсе қолынан, бермесе жолынан деп тартады...

Әділсіздік диірмені айнала береді

***

Жастарды қарақшылыққа ақсақалдар бастаған жағымпаздар итермелейді

***

Ақсақалға айтарым мынау:

Бай жалшысына ақысын жақсылап беріп, бизнесінің акциясынан бөліп бермей, ешқандай ақсақал оның үйінен ас-ауқат жемеуі керек

Жеген ақсақал сатқынға саналады

Ондай ақсақалды ақсақал емес, жағымпаз деу керек

Барлық ұлттың түбіне жағымпаздар жетеді

***

Тіршілікті жалғастыру - өмірдің мақсаты

Өмірдің мақсаты жету емес, жүру

Адамның мақсаты бір жермен, бір жетістікпен шектеледі

Тәңірдің мақсаты ешқашан, ештеңемен шектелмейді

***

Сондықтан, өмірдің мақсаты, өмір сүру

Мақсаттың өзі иесін ұйқысыз, күйгелек, ашушаң, уайымшыл етеді 

Тәңірге мақсат беру, оған адам секілді сезім, кемшілік... таңу

Тәңірді мақсаттан тыс деу дұрыс 

***

Өмірден орнын таппаған адам орын тапқысы келеді, сол үшін мақсат қояды

Мақсатқа жету үшін ізденеді, тоқиды, еңбектенеді, шыдайды, күтеді...

Тәңірлік танымда құдайға мақсат беру, оның өмірден орнын таба алмаған пақыр деп көрсеткенмен тең

***

Өзі мақсатына жете алмаған пақыр, басқаны қалай жарылқамақ?

***

Сол үшін, тәңірлік танымда тек өмір бар, процесс бар. Соны жалғастырушы жаратылыс бар

***

Өмір өткінші, алайда жалған емес

Арыстанша ақырсаң да, қойға ұқсап маңырасаң да өлшенген өмір бітеді

Ақыры бітеді екен, маңырап өткенше,  ақырып өткен жақсы емес пе?

Тұқырған өмірден, арындаған өмір артық емес пе?

Ер бір өлгенде, ез күнде өлмей ме?

***

Прайдты ұстаған арыстан қартайғанда қаңғырып өледі

Прайдты ұстаса да, ұстамаса да еркек арыстанның ақыры қаңғып өлу

Өмір заңы солай

Олай болса, прайдты ұстап өлген жақсы ма, өмір бойы жалғыз қаңғып өлген жақсы ма?

Әркімнің өз таңдауы...

***

Қазақы дүниетаным өте қарапайым, сөйте тұра қол жетпес Ұлы

Қазақы дүниетаным атқаруға өте оңай, сөйте жер мен көктей теңдессіз жеміс береді

***

Басқа идеология дүниені билеу үшін жоспар құрып, әрекет жасайды

Қазақы таным жоспардан жоғары тұрады

***

Қанымызда ағып жүрген ақпарат - түпсананы тыңдай білсек,  өзі жетелеп керек жеріне алып барады

***

Қыдыр ата жолдасың болсын дегеніңіз - түпсанамен байланысың үзілмесін дегені

Тамыры терең ақпаратты таиғаттан тікелей алып, қажетіңе жарата беретін ілімді - Қазақы Ілім дейді

Ілім жиналып ғылымға жетелейді. Ілгенің, білгенің, ғылымың жиналып Танымды береді...

Тек, Бауырларымызды тыңдауды ұмытып кетпейік...

***

Жыртқыш жемтікті жетіскеннен жей ме?

Жыртқышқа жемтікті жегізген табиғат (Құдай, Тәңір) зұлым ба?

Бір адамды өлтірген адам зұлым дейсің

Мың адамды өлтірсе тиран...

Адамзаттың бәрін өлтіретінді Құдай дейсің

Өлтіру құдайдың ісі болса, құдай маньяктардың атасы ма?

***

Құдайды мазалама, әруағыңды тап, шаруаңды жаса

Табиғатқа қара, тәлім ал

Рухың мықты болсын десең, ұрығың мықты болсын

Гормондар тоқтамасын

Рухың мықты болсын десең, ұрығың мықты болсын

Рухың мықты болсын десең, ұрығың мықты болсын

Рухың мықты болсын десең, ұрығың мықты болсын

 Рухың мықты болсын десең, ұрығың мықты болсын