Әруақты сыйлаймын... деушілерге

Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас...

Әруақты сыйлаймыз дейсің бе?

 

Уағызға тойған сөзіңді айтушы болма

Әруақ қырына алады, беліңді үздіреді

 

Әруақ деген өлген адамның жаны деген қылмысың үшін, күліңді көкке ұшырады

***

Әруақ - әлемдік жаратылыс ұшқынын жағушы күш

 

Әрі-беріден кейін бәріміз сол әруақтан күш аламыз, қуаттанамыз.

Ғаламдағы ағып жүрген шексіз қуаттың ішіндегі, өз ата-бабамыздың әруағы ғана бізге қуат беретін күш болады.


Өз бабаңның әруағын ұмытып, оған сыйынбай, онан медет тілемей, әруақ айтып арқаланбай көсегем көгереді деп ойлама.

Қатының жауыңның астында қалады, қызыңды өңгеріп әкетеді. 

Ұлыңды кісендеп әкетеді.

Әруақ сенің "Әруақты сыйлаймын" деген шикі, жылымыққ сөзіңді көтермейді.

 

***

Өзге адамның ата-бабасының әруағын сыйлайсың. Ол рас сөз

 

Алайда өз ата-бабаңның әруағына сыйынбасаң, одан медет тілемесең. 

Жөн-жоба сілтеуін тілемесең, ата-бабаңның атын айтып әруақ шақырмасаң?..

 

Онда неменеге өмірге келдің?

Өліп-ақ қалсаң етті.

 

Ата-бабасының әруағына сыйынбаған адам, қағынан жеріген құлан

***

Көк Тәңірі көкті билегенде, жер дүниенің жаратылыс ұшқынын жаққан әруақ болатын. Әруақтың сені салған өсіп-өну жолын - Құдайлық жол деп атайтын.

***

Құдайлық жолда жаза бассаң, айналып жолыңды табасың.

 

Әруақтың жолына көлденең тұрсаң, денең бассыз қалады

***

Арапша сөйлейтін құдайлар, ағылшынша сөйлейтін, шүршітше шүлдірлейтін құдайлар... бірі де жәрдем бере алмайды.

***

Көлгірсіме, жылымықтанба. Өткір айт, тіліп айт. 

 

Ұстаған жеріңнен сын. Бір сөзбен өл

 

Алайда, ата-бабамның әруағын сыйлаймын деп мәймөңкіленбе. 

 

Сен, ата-бабаңның әруағына сыйынасың, одан медет тілейсің. Оған жалбарасың.

Аяғың таятын жерде, бекітеді. Таймай өтесің.

Жібің үзілетін жерде жалғайды, аман қаласың.

Басыңа бұлт үйрілгенде - бұлтты сейілтеді. 

Қорқаудың ортасында қалғанда, арқаландырып, аман алып шығады.

Жетпегеніңді жеткізеді, жіңішкеңді жуандатады. 

Үзілгенді жалғайды. Сүрінгенді демейді

Жылағанды жұбатады

 

Осының барлығы әруақ-құдайдың қолында

 

Әруақтың құдыретін басқаға телісең, әруақ ренжиді

 

Сүйгеніңді көмдіреді.

 

Әруаққа шек келтірсең, сүріндіреді, бетіңмен жер сүздіреді

Әруақты ойламасаң, ол сені ойламайды

 

Әруақты ұмытсаң, ол да сені ұмытады.

Әруақты дәрменсіз десең, өзіңді дәрменсіз етеді

Әруақты әлсіз десең, өзіңді әлсіз етеді

Қатыныңа шаба алмай, дұшпаныңа күлкі етеді

 

***

 

Әруақты сыйлаймын деп мыжыма.

Әруаққа сыйынады

Әруақтан медет тілейді. 

Қиын шаруаға тап болғанда, ата-бабасының әруағына сыйынып, еңсеріп өтеді

 

***

Қазақтың баласы, әруақты өлді деме, ол тірі, сен оны қайдан білесің?

Аспаннан жаңбыр жаудырған, жерден көк шығарған, 

Көк Тәңірінен бата алған 

Әруақ емей кім?

 

***

Ананың жатырына ұрық салдырған, қаныңды билеген, гормондарыңды ойнатқан...

Әруақ емей кім? 

 

Төрт көзіңді түгел еткен, ұлыңды ержеткізіп, қызыңды бойжеткізген, әруақ емегенде кім?

Ендеше, әруағыңа сыйын. Медет тіле.

 

Тіліңнен шатастырмасын деп, аяғың жаза баспасын деп. 

Атың сүрінбесін деп. Ұлың ойлы, қызың бойлы болсын деп, әруақтан тіле

***

Ағайынның ауызы бір болсын деп, еліміз көгерсін, жеріміз  гүлденсін деп әруақтан тіле!

Әруақ-Құдай разы болсын 

Comments powered by CComment

Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Honqqi E202 Шанхай 2023 автокөрмесінде көрсетілді

Honqqi E202 моделі Шанхай 2023 автокөрмесінде ұсынылды

Қытайлық көлік өнеркәсібі біржолата электромобильдерге ауыса бастады деп айтуға болатын да шығар

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

VinFast электромобильдері АҚШ нарығына 25000 доллардан арзан кроссовер ұсынбақ

VinFast электромобильдері АҚШ нарығына 25000 доллардан арзан кроссовер ұсынбақ

Вьетнам деген елді менсінбей жүрген жайымыз бар

Халқы өсіп-өнген, 99 млн тұрғыны бар мемлекет

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Xiaomi 13 Ultra сатылымы күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықты

Xiaomi 13 Ultra сатылымы күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шықты

Xiaomi және Redmi брендетрінің президенті Лу Вейбинг Xiaomi 13 Ultra флагмандық құрылғысының сатылымы күткендегіден анағұрлым жоғары болғандығын мәлімдеді

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?