Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

***

Рухына аяз батқан
Әруағына лай жаққан,
Азғанды көрдім

***

Атасының әруағының орнына
Жаттың атасына сыйынғанды көрдім...

***

Әруақ құдай жақтырмады
Өз атын ұмыттырғанды

***

Қырына алады,
Орнына қояды

***

Қас Саққа сатқындық еткенді
Тегін ұмтып, жетімін тентіреткенді,

Жылы мекенінен қуады
***

Шаңырағын шайқалтады
Атынан түсіріп,
Қара жаяу қалдырып
Шаң қаптырады

***

Әруақ құдай қуат берді
Ажалдың дәмін сездірді
-
Жар төсегі мен ажалдың құшағы
Ер жігіт үшін бір...

***

Намымды шығарайын деп,
Атамның ізін ақтайын деп

Нам+ізіммен намаз оқыдым,
Намысымды жаныдым, әруағыма сыйындым

***

Қара түнек басқанда
Дауылды айдаған әруақ,
Төңкерілген қазандай
Аспанды тіреген әруақ.

***

Көк күмбезінің
Омырауына күн мен айды
Ілген әруақ,
Құт+Ұдайы заңымен
Бізге ізді берген Әруақ

***

Мамықтай төселген жерге
Адамды шығарған әруақ,

От иесі, су иесі, жер иесінің
Кілтін ұстатқан әруақ,

Аманатпен алған бабам

Аты оның Қас Сақ!


****

Жығылғанда демеген әруақ
Мүдіргенде сүйреген әруақ
Қаныңды тулатып
Өз ізімен жетелер әруақ

***

Әруағыңа сыйынсаң
Байыз табасың
Әруағыңнан тілесең,
Әулиеге түнесең,
Тілегеніңді аласың

***

Көк Тәңірдің жебесі - Әруақ
Ұмай енемнің еңсесі - Әруақ
-
Молаға қолыңды шошайтпа
Оған қарап дәрет сындырма
Әруақ ренжіп қалар

****

Әруақ ұрған оңалмас оны да ойла
Әруақсыз бір ісің алға баспас

***

Әруағыма сыйынып келдім
Ғасырлар қойнауына ендім
Қуат алдым, жер анадан
Айбат алдым Күн атадан

***

Желеп-жебеп жер Иесі
Су Иесі медет болғай!

Жердің жүзін билеген бабамдай
Кұш-қайратым толысып толғай

****

Уа Дүние, мен келдім!
Атамның алтын тағына мінгелі келдім

Әділдікті шырмаған шынжырды
Үзгелі келдім

***

Қас Сақтың бір баласы Дулыдан келдім
Жауы ішінде адасар Нулыдан келдім

 

Бабасына қорған үйген Үйсіннен келдім
Алтыннан киім киіп, еркін жүрсіннен келдім

 

Түркешке негіз болған Сиқымнан едім
Сүлік қаған бабамның әруағына сыйына келдім

 

Ғайып Ерен қырық Шілтенді ала келдім
Қыдыр атамды қасымнан тастамай келдім

 

Күндіз түні әруағын шақырған...

Қас Сақтың Шуылдағы едім

***

Аспанға қара
Қанатты киемді көресің
Көкке қара Иемді көресің
Атын атап әруағын шақыр!

****

От иесі, жер иесі, су иесі

Қасиетті Көк Тәңірім!

Құдыретіңе сыйынып келдім

- Абынып келдім

- табынып келдім

- сағынып келдім

Ұмай анама


****

Уа әлем, мен келдім!!!

Сен мені сағына күткенсің
Қара түнекті серпілтер


Найман мен Алшыннан


Керей мен Қоңыраттан, Қаңлыдан


Үйсін мен Ойсыннан


Арғын мен Уақтан...

Бір Қас Сақ шығар деп...


Шыңғыстай жарқыл шашар деп

 

Қан мен жасқа малынған,
Әлемді алмас қылышымен жуар деп...


Сен күткенсің...

Мен келдім!


Уа Дүние, мен келдім!

Алтын тағымды аңсап келдім
Бабамнан қалған аманатты орнына қоям деп

 

Таққа отырмақ болғандарды
Біртіндеп сүмірейтіп қоям деп

*******

Өлім мен өмір, мен үшін күн менен түн
Бірі ауысса, екіншісі келеді
Баяғыдай көрініп
Аманатың жетеді

***
Шуылдақ Шадырман. 24 сәуір 2023 ж

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері