Екі жөйт бірін-бірі өлтірсе, оған қазақтың қандай қатысы бар?

Жебірей халық ертегісіне бірауық көз жүгіртсек.

Естіген құлақта жазық жоқ...

Әлқисса, Қабыл мен Абыл бірін-бірі өлтіргенде алла қарғаны жіберу арқылы, өлікті көмуді үйретіпті... ыммен

 

Әлқисса уақыт өте келе, адамдар ымды түсінбейтін мақау бола бастапты...

 

Алла олай ымдапты, бұлай ымдапты, болмаған соң Мұсекең деген бір жөйтті Синай тауының басына оңаша кездесуге шақырыпты... Оның алдында ғана сол Мұсекең Дешті Қыпшақ даласына барып, біраз өнер үйреніп қайтқан екен...

 

***

Сосын таудың басында алла мен Мұсекең сыр шертісіпті дейді.

Ымды түсінбеген дымды түсінбейді деп, қазақ айтқандай... Мұсекеңнің тауға барып Тәңірімен сөйлесті дегеніне қазақтар күле қарапты...

Топасқа айт-айтпа, парқы жоқ деп...

 

Айнала табиғаттың ымын түсінбеген адамды, тауға шығарып оқытқанмен не пайда?

 

Естімеген елде көп деп қазақтар жағасын ұстасыпты...

***

Алла адамдарға сөз айтқан сайын

- оны бұрмалаушылар

- тәржімә жасаушы тәпсіршілер

- пәтуа шығарушылар

- мәзхаб ашушылар

- ақиданы бұрмалап айтуышлар көбейіп, елдің миын ашытып жіберіпті.

***

"Аллекең айтты" дегенді алаяқтар

- мал жеу үшін

- қатын сындыру үшін

- билікке келу үшін... тіпті әжетханаға кіріп-шығу үшін де қолдана беріпті...

***

Аллекеңді мазақ еткендей, қатынымен жақындасатын кезде де "аллекеңнің айтқаны" деп пергілейтін болыпты...

 

***

Аллекең былайша айтқанда шокта қалыпты...

Алла да аң-таң ел де аң таң.

Аллекең басында елдерді біріктірем деп ойлаған ғой, сөйтсе мына сөз деген бәле жерде жатпайды ғой...

 

Адамдар бірінен-біріне өсек тасып, "аллекең айтты", "құдекең бүй деді", "құдекең сүй деді" деушілер көбейе беріпті.

***

Бір күні, бір алаяқ, бір жөйттің атасына, аллекең сенен құрбандық сұрап жатыр. Бір ұлын құрбан етсе, орнына 10 ұл берем деп жатыр деп, азғырып қоймапты.

 

Себебі баласы бұзықтау екен, алаяқтың баласын ұра береді екен...

 

Әлігі жөйт баласын бауыздайм деп пышақ ала жүгіріп, ел боп, жұрт боп әлігі есалаңды зорға тоқтатыпты.

 

Онда да тоқтамайды дейді өзеуреп, аллекең үшін тұрам, баламды құрбан етем деп... Іс насырға шабарын білген соң, әлігі азғырушы "құдай көк қошқар шалсын" деп жатыр деп, әлігі жөйтті зорға тоқтатыпты.

 

Тоқтатар ма еді, тоқтатпас па еді, егер жөйтте баланы құрбанға шалу үрдіс боп кетерін сезбегенде. Қит етсе бала шалып, қатындары байсыз қалып кететін болған соң, қой шала сал деген ғой...

 

Мына мақаулықтан аллекең екі есе шок болып, бір ай реанимацияға жатып шыққан дейді, 220 қан қысыммен

 

Енді адамдарды алдайтын аферистер, аллекеңнің атынан сөйлеп, елден салық жинауға кірісіпті. Мынаны көрген аллекең тағы да шокта болыпты.

***

Дем салғаннан бала көтеріп қалу

Шокта болғаны несі, отқа түсіпті. Жолдас балаларын шақырып, шұғыл кеңес шақырыпты. Жоха (Жебрейіл) деген жолдас баласы айтыпты:

 

- "Адамдарға барып, ненің не екенін жөндеп түсіндіріп, бізден бір қателік кеткенін айтайын" - деп жерге түсіпті

***

Сөйтсе бір бойдақ қыз жігітімен оңаша отыр екен, Жоханы көріп ол да шокта болып, жігітіне деген махаббаты табан астында қозыпты...

***

Беташар болмай жатып, бала туудан ұялып, әлігі жерде "Мені аллекең өзі елшісін жіберіп, жүкті етіп жіберді..." деп соғып салыпты.

Әулетінің абыройын ойлап отырған ағайын-тумасы оның сөзін іліп әкете жөнеліпті. Біздің қыз ешкіммен ойнаған жоқ, оны аллекең жеті қабат аспаннан нетіп, былай... үрлеп көтертті депті

***

Бұрын аллекең адамдармен сөйлесіп абыройдан бір айрылған болса, енді адамдар аллекеңнен бала көтердік деп соғатын болыпты

 

Аллекеңнің адамдардан тіпті көңілі қалыпты

 

Ойнастан көтерген қатынның бәрі де "аллекең дем салды" деп құтылатын болыпты

Шоктың көкесі сонда болыпты...

***

Насуханың оқиғасы

Содан не керек, Насуха деген "сериялық маньяк" болыпты. 99 адамның қанын жүктеп, не істерін білмей, бір қалта алтынын арқалап жүріпті. Сөйтсе, алдынан бір "құдайдың сөзін" жеткізуші алаяқ кездесіп, оның толықтай кешірілетінін айтыпты.

 

Насуха қуанып кетіпті, "ойбай дабай-дабай", не істеу керек деп. Сөйтсе әлігі алаяқ, өзінің "құдай сөзін" жеткізіп жүрген конкурентін өлтіріп, "кешірім үшін бір қалта алтыныңды маған берсең" бәрі жақсы болады депті.

 

Маньяк қарап тұрсын ба, "99 өлтірдім, біреуі ештеңе етпес, аллекең өзі кешіреді" деп екінші бір алаяқты жайратып салыпты.

 

Енді киллерге тапсырыс берген адам Насуханың көзін жоюды ойлап, әлігі бір қалта алтыннан екі-үш түйірін басқа бір жұмыссыз бомжға беріп, Насуханың көзін жойыпты

 

Насуханың тапа-тал түсте өліп жатқанын көрген адамдарға әлігі "құдай сөзін жеткізуші" алаяқ:

- "Насуханы аллекең кешірді, мінеки, жәннат періштелері оны алып кетіп барады" - депті. Сериялық маньяктың райға ұшып кеткеніне айналасындағылары тағы шокта болыпты.

***

Оған қарсы шығуға ешкімнің батылы бара қоймапты, өйткені әлігі алаяқ әкіммен жақсы тұратын еді...

***

Өзінің адамдармен сөйлесу әрекетінің осыншама насырға шабатынын ойламаған аллекең шок үстіне шок алыпты. Адамдардан көңілі қалыпты.

***

Ертегіге сенушілер психологиялық реабилитациядан өтуде...

Ұзынқұлақтан естігенім бойынша, құлағым жазықты неғылса, "осы күні аллекең психологиялық реабилитация курсынан өтіп жатыр екен..."

***

Сөйтсек, ол бастамасы екен ғой. Кейінгі болатын оқиғаларды естігенде, аллекең адам баласымен сөйлескеніне өмір бойы өкініп өтетін екен...

***

Әлқисса, уақыт өте беріпті, адамдар "аллекеңнің сөзі" деп қойып өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп ұра беретін болыпты. Ол аздай адамдардың арасында мейірім азайып, жетім-жесір көбейіпті. Бай-кедей боп бөлініп, бірін-бірі қанай бастапты.

 

Табиғат анаға зәбір көрсетіп, өздерін-өздері құртып, қарындастарына үйленіп, тұқымы құри бастапты...

***

Мұның бәрі семиттік халықтарға тиесілі дүние, ал дүниені дүркіретіп билеп тұрған Қазақылықты ұстанған елдер гүлдене беріпті

 

***

Содан не керек, соңғы рет мына ғаріп (ғарап - арап) елін өсін-өнетін жолға салайын, қарындасын қатын қылу деген пәлені қойсын деп ойланыпты.

***

Сосын байқаса, бір ғараптың баласы 40 күн үңгірге кіріп жатып алыпты... Сосын, әлігі Жоха деген жолдас баласын тағы жіберіпті. Өзі сөйлесе бәлеге қалатынын біледі, Жоха да бірдеңені бүлдіріп қоюы мүмкін...

***

Сол үшін Жоханың қолына бір жапырақ қағаз беріп жіберіпті. Қағазға былай деп жазыпты:

- "Дүниені билейтін Қазақылықты ұстанатын елдерден, оқып-біліп, үйреніңдер!"

***

Жоха үңгірге жетіп барады, салып ұрып. Барса әлігі араптың баласы жатыр дейді. Барып кеңірдегінен қысып тұрып

- "Дүниені билейтін Қазақылықты ұстанатын елдерден, оқып-біліп, үйреніңдер!"

демек болып жазбаны көрсетсе, әлігі араптың баласы сауаты жоқ екен.

***

Сауатсыз араптың кеңірдегін қыса-қыса ол байғұс өліп қалатын болыпты.

Сауатсызға тек "Оқы, оқы.." деп айғайлап, зорға түсіндіргендей болыпты...

***

Ол сөздің не екенін білмей дал болған араптарға, баяғы Мұсекеңмен сөйлесетін жөйттің балалары көмектесіп, әйтеуір адасқан араптарды адам қатарына қосыпты дейді...

***

Өзінің жөйт-семит елінің осыншама сауатсыздығына қапа болған аллекең, чатты тастап шығып кетіпті дейді...

***

Көк Тәңірінен оған хабар келіпті, "еліңе үйретем деп шаршағанша, өзің сол Қазақтардан үйрен" деп

 

***

Ендігі жерде аллекең, "Жеті атасын білмеген - жетесіз" деген Қазақылық мәтелін алып, соның тереңдігіне шок болып, тағы чаттан шығып кетіпті...

 

***

"Бір емшек ембеген қызды қатындыққа ала бер... дегенді қайдан ғана айтып едім", - деп аллекең инфаркт болып жатыр дейді ұзынқұлақ

***

Естіген құлақта жазық жоқ

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?