Жаратылыстың Алгоритмдік теориясы

Санасын жаңаша трансформация жасаймын деген әрбір азамат, Жаратылыстың ерекшелігі жайлы белгілі бір тұжырымдамаға келуі керек.

Істің басы осыдан басталуы керек.

Егер, біз Жаратылыс жайлы бір тұщымды тұжырымға келсек, онда қалған мәселелер бойынша

түсіністік табу әлдеқайда оңай болады.

Жаратылыс жөніндегі алауыздық, адамдар арасында от салады, соңында бей-берекет қозғалысқа айналады.

Оған мысал табу үшін ұзаққа барудың қажеті жоқ...

*******************************

Жаратылыстың пайда болуы, оның барысы жайлы талас-тартыс көп

Дегенмен бұл таластың екі теорияның айналасында өрбитінін білеміз

*******************************

Біріншісі: Жаратылыс Құдай тарапынан іске асырылғанына сенетіндер, оның ішінде дінге сенетіндер

немесе дінсіз-ақ бір Жаратушының барына сенетіндер

Жалпы айтқанда Құдайға сенетіндер десек болады

*******************************

Екіншісі: Жаратылыс эволюция тарапынан орын алған, қазіргі тіршілік бірте-бірте қалыптасып,
осы күйге келген дегенге сенетіндер

Құдай болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін деген агностиктер бар

------------------------

Дегенмен, саналы адам бізді қоршаған табиғаттың, қандай жолмен жаратылғанына қарамастан, табиғат

пен қоғамдағы үдерістердің белгілі бір:

- заңдылыққа бағынатындығын

- заңдылықты сақтауға қатысты ережелерден тұратынын және

- қайталанатын циклдардан тұратынын жоққа шығара алмайды.

Яғни:

1. Заңдылық

2. Ереже

3. Цикл

********************************

Құдай бар болсын, жоқ болсын, эволюция бар болсын, жоқ болсын, бірақ табиғи процестердің жаратылыс негізінде белгілі бір

Алгоритмнің барлығын ешкім жоққа шығара алмайды

Ал ол Алгоритм қандай жолмен жасалды, оны кім жасады? деген сұраққа жауапты әркім өзі пайымдай жатар.

Ол жерде әмбебап жауап болмайды

Әркімнің өз қалауы.

Дегенмен, кез-келген дүниетанымның өкілі Алгоритмдік Жаратылыс теориясын жоққа шығара алмайды

*******************************

1. Заңдылық

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясы үш заңдылықтан тұрады:

1.1. Тепе-теңдік заңдылығы. Бүкіл Жаратылыс тепе-теңдікте. Адамның жай-күйі де физикалық және рухани тепе-теңдікте болуы шарт.

Кейінгі екі заңдылық, осы заңдылықтан келіп шығады. Осы негізгі заңдылықтың жұмыс істеуіне қызмет атқарады.

Оның бірі адамға қатысты, екіншісі табиғатқа қатысты

1.2. "Жақсылық істесең де, жамандық істесең де, алдыңнан шығады"

1.3. "Адамның басты ұстазы - табиғат"

------------------------------------------------------------------------------

1.1. Дүниедегі барлық процестер алып тепе-теңдіктің заңдылығының аясында жүзеге асады.

Алгоритмнің басты ерекшелігі, дүниедегі тепе-теңдікті сақтау, сол арқылы тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету.

Тепе-теңдікті (баланс) табиғи және қоғамдық деп шартты түрде бөлуге болады.

Екеуі де бір-бірімен тығыз байланысты


*************************************


1.2. "Жақсылық істесең де, жамандық істесең де, алдыңнан шығады" заңдылығының

Қазақы дүниетанымдағы дәлелі:

"Күлме досқа, келер басқа"

"Біреуге ор қазба, өзің түсесің"

"Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің"...

Осы секілді халқымызда қалыптасқан нақыл сөздер, ұғымдар, мына өмірдегі Қарым (Карма, Қайтарым) - Бумеранг заңын растайды.

Яғни, жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да, өзіңе жасайсың

"Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді" дейді

Соған сәйкес, жақсылықты көп жасап, өмірден өтіп кетсең, артыңда өлмейтін жақсы атың қалады, ал жамандықты көп жасап өмірден өтсең,

атыңа айтылған қарғыс ұрпағыңа сор болып жабысады

Есі дұрыс адам ұрпағына ондай "мұра" қалдырғысы келмейді

Сол үшін жаман атты болудан сақтанып жүреді

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясының адам баласына бағытталған екінші заңдылығы мынадай:

"Жақсылық істесең де, жамандық істесең де, алдыңнан осы өмірде шығады"

Шықпай қалды дегенде артыңнан жақсы атың қалады, ал жамандығың көп болса, ұрпағыңа сор болып жабысады

*******************************************************

Осы жерде, семиттік идеологиядағы, о дүниеге барғанда есеп-қисап жасасамыз деген гипотезаның кемшілігі айқын көрініп тұр.

- Қазақы дүниетанымда "кассадан ұзақтамай" есеп-қисап жасалып, жабылып кететін болса

- семиттік идеологияда есеп-қисап ана дүниеге қалып қояды...

*******************************************************

1.3. "Адамның басты ұстазы - табиғат" заңдылығы

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясына сәйкес, жаратылыс белгілі бір бағдарлама - Алгоритмге негізделіп орын алады.

Ал айнала қоршаған табиғатпен үндесе отырып, оның кішкентай да болсын құбылыстарына назар салу арқылы, біз Алгоритмнің ерекшеліктеріне

қанық бола түсеміз

Осы арқылы адамзат баласының тіршілікке бейімделуі, үйлесімділігі арта түседі

--------------------------

Жанды-жансыз Табиғаттағы бізге арналған өнеге алатын шексіз ақпарат бар. Ол ақпараттарды алып, өз пайдамызға дұрыс жолмен

іске асыра бастағанда,  адамзат қауымдастығы үйлесімді даму жолына түседі

Адамзат қауымдастығы дегеніміз, тек қазақ қоғамына ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге қолданамды

**************

Қазақ қоғамы Әлемдік Ренессанстың жаңа кезеңін ұсынатын болады

Сырт қарағанда бұл жалаң ұран секілді көрінуі мүмкін

Бірақ, қазақ қоғамында рулық құрылымға негізделген Дала Демократиясының жоғарғы үлгісі орнағанын,

онда жетім-жесір, қылмыс мәселелерінің орын алмағанын ескерсек

Біздің жеткен жетістікке әлем жете алмай отырғаны белгілі болады

**********************************

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясына сәйкес, адамның құдайды мойындау-мойындамауы мүлде маңызды емес

Құдай бар болған жағдайда да, оның адам секілді өзін мойындату сезіміне ие деп, оны адамның дәрежесіне

қарай төмендетуге тырысу, адами ойлаудың, адами сезімге берілудің кемшіліктері деп қабылдаған дұрыс

**********************************

Адамның ішкі нанымы, ол өзінің жеке шаруасы, қандай сенімде болмасын, жоғарыдағы 3 заңдылықты ескеруі шарт.

Егер оның наным-сенімі жоғарыда айтылған заңдылықтарға қайшы келсе, табиғи жолмен үйлесім орнату мүмкіндігі жойылады.

Ол дегеніңіз мынаған алып соғады:

- қан төгіс (бізден басқасы кәпір, адасқандар...)

- тирандық (бізден емес мемлекеттерді күшпен жаулап аламыз (Кутайба ибн Муслимнің Түргеш Қағанатына шабуылы))
 
- диктат (адамға не жақсы, не жаман екендігін дінбасы шешеді, оның сөзі заң (қыз баласының балиғат жасы шектелмеген дегендей...))

- құлдырау (жаңалық ашатын, өнертапқыш, дивергентті ойлайтын адамдардың көзін жою(Ұлықбек, Ибн Сина, Әл Фарабиді заманының дінбасылары кәпірге шығарған))

- тепе-теңдіктің (қоғамдық және табиғи) бұзылуы (кедейлердің кедейлену себебі, құдайдың тағдырынан, оларға садақа беріп алдаусырату дегендей...)

- осы нәрселердің салдары, жаңа тіршілік иелерін орнату үшін Алгоритмнің қайта іске қосылуына әкеліп соғады.

Ондай қайта іске қосылу (restart) жер тарихында бірнеше мәрте орын алған

Яғни, жер бетіндегі тіршілік түгелімен жойылып, біздің орнымызды келесі түрлі жаратылыс басады

***********************************

Ескерту: Үйлесімді даму жолы дегеніміз не?

Ол, адам баласының мүддесі мен табиғат тазалығын ұштастыру арқылы, тұрақты дамушы қоғам жолына түсу

-----------------------------------  

2. Ереже:

Тепе-теңдік заңын орнату үшін, ендігі кезекте белгілі ережелер сақталуы керек

Ол ережелерді негізгі екі топқа бөліп көрсетем

Біріншісі: қоғамдағы, адам мен адам арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ережелер жинағы

Екіншісі: адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді етуге бағытталған ережелер

Қазақтың салт-дәстүрін өмір тепе-теңдігіне бағытталған ережелер деуге келеді

Көпшілікке белгілі үш ереже:

- Ұят болады
- Обал болады
- Жаман болады

----------------------------------

3. Цикл:

Жер бетіндегі құбылыстар мен үдерістердің қайталанып отыратындығы белгілі жәйт

Қарапайым жыл мезгілінің ауысуынан бастап, 12 жылда қайырылатын жыл санау жүйеміз көз алдымыздағы қарапайым циклдер.

Онан бөлек "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан" деген 50 және 100 жылдық циклдер көрсетілген

Цикл дегенде тілге оралатын, Ер Түріктің (қазақтың) ұлдарының 800 жылда дүр сілкініп, әлемді теңгеріп отыратынын айта кету керек.

Біз білетін тарихтағы:

- 5 ғасырдағы Атилланың дүниені билеуі

- 13 ғасырда Шыңғыстың әлемге Қаған болуы

келесі циклде 21 ғасырда Қазақ баласы дүниеге өз Қағанатын орнататын кезеңі келді

*************************************************************

Бауырлар естеріңде болсын, технология дамыту, өндірісті жолға қою секілді мәселелер ең қиыны емес

Ең қиыны, ұлттық құндылығымызға шабуыл жасайтындарды жіті назарда ұстап, олардың алдын алып отыру.

Тарихқа көз жүгіртсек...

Сен барыңды салып, жаңа мемлекет құрасың, әлемді аузыңа қаратасың. Ал жаттың идеологиясына мойынсұнғандар, дайын

мемлекетті басқалардың қолына бере салады.

*****************************************************

Түптеп келгенде, ол да қиын іс емес.

Бар қиындық сенің ойлау динамикаңның төмендігінде.

Жаңа ақпарат негізінде, жаңаша шешім шығарып, заман ағымына жылдам бейімделіп, әрекет жасаудан тайсақтайсың

Енді қорқатын дәнеңе жоқ. Сен жалғыз емессің

Өлімнен ұят күшті деген атамыз. Келер ұрпақ алдында ұятты болу, әруақ алдындағы міндетімізді орындай алмай қалу, бізге

қят болады

Есіңде болсын, өлім жоқ. Өлім дегеніңнің өзі де өмірдің жалғасы

Әлем тағына қайта отыратын күнің жақында келеді

Әруақ!!!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?