Мен қазақпын, арамдықтан азатпын
Мен қазақпын, асыл текті, озатпын,
Мен қазақпын, ар намысын сатпаған
Мен қазақпын, ешкімге құл болмаған!
Дүниені, дүбірлетіп қаптадым
Билік етіп, Қап тауынан аттадым,
Жер жүзіне Қаған болып дүркіреп
Мұхиттарды мұхиттарға жалғадым!
Көтергенім бөрілі байрақ басыма
Ашулансам, кім келеді қасыма?
Сілкін дүние, бөріемгендер оянды!
Тазартады аққан қан мен жасынан.
Ғұннан қалған ғұрпым бар, Сақтан салтым
Шежіремді еске алып мақтанамын,
Маған жетер өре жоқ жер бетінде
Жер бетіне жайылған Құт боламын!
Ықылымнан шартарапқа болдым қаған
Қия басқан елдерді жөнге салған,
Әу бастан, Тәңірі енші бөлгеніңде
Көкті өзіңе қалдырдың, жерді маған!
Әруақ!!!
Бөрілі байрақты көтеретін "Бөріемгендер" ұйымы
Comments powered by CComment