Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер

 

Жеті атасын білмеген - жетесіз

Байланыс ақпараттары

8 778 090 54 22 (whatsapp)

Қазағымның әулеті әуелесін

Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшысына айтқан сөзі:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз,
ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәмі, тұзын ақтай білген елміз,
асқақтаған хан болса,
хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қамақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз,
сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз,
қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз;
танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,
танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз;
сен Қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз;
жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз;
тұтқыр сары желіммен, жабысқалы келгенбіз;
берсең жөндеп бітіміңді айт,
бермесең дірілдемей жөніңді айт,
не тұрысатын жеріңді айт!»

Ел шежіресін түгендейтін ақылдастар кеңесі

Info No matching items were found.

Бөлісе отырыңыз