Бабаларға қауышу немесе ата аманаты

Осы бір бала арап деген елден барып, білім алам деп кетіпті...

 

Сонан не керек, араптан оқып келіп, ауыл-аймақпен арапша қосып сөйлеуді әдет қылыпты...

 

Қит етсе, болатын-болмайтын жерге арапшасын тықпалап, мақтана беріпті оны ауыл-ел жақтырмапты

 

Немересінің қылығын байқаған атасы да, оған сөгіс беріп, ендігі жерде тек таза Қазақтың тілінде сөйлеуін бұйырып тұрып былай депті:

 

- Атаңның қанымен енген

- анаңның сүтімен енген

- Жер - Ананың қасиетімен енген

- Су - Ананың киесімен енген қазақтың тіліне қиянат жасаушы болма

 

Бейітте жатқан ата-бабаңның сай-сүйегін сырқыратпа" - деп өсет етіпті

***

 

Сөйтсе әлігі жарымес: "құдай арапша сөйлейді, құдайдың тілі арап тілі..." деп салыпты

 

Атасы қабағын шытып: "құмырсқаның тілін түсінген құдай, қазақтың тілін түсінбей қалыпты ма?" - деп теріс айналыпты

 

***

Балбал тас, ата-баба әруағы

 

Арада көп ұзамай, атасы дүние салыпты

 

***

Әлігі есерсоқ еліріп, жиналған жұртқа атасына батасын арапша оқимын деп желігіпті

 

Көпшілік айтыпты: "Тірісінде сөйлеуге жараған қазақша, өлген соң жарамай қалды ма?" - деп

 

Ағайын разы болмапты

 

***

Мынаны көріп-біліп тұрған ата-баба әруағы өзінің зәузатының мына қылығын құп көрмепті

 

Атасының аузымен айтылған ата-баба әруағының аманатына немқұрайды қарағаны үшін теріс батасын беріпті...

 

***

 

Әруақ атқан оңалмас, құдай атқан оңалар...

 

Ұзынқұлақтан естігенім, әлігі жігіт қатынға жарымапты, балалы-шағалы болмапты, өсіп-өнбей қалыпты

 

***

Кең дүниеге сыятын жер таппай, қорасына кіріп, асылып өліпті

 

Қасынан бір жапырақ қағаз табылыпты. Соңғы аманаты екен, былай деп кетіпті:

 

 "Менің денемді шығарғанда, тек қазақша бата оқып, шығарып салыңдаршы, бір ауыз арапша қоспастан...

 

Ата-бабамның алдына разылықпен барайын, олардың ашуына тимейін, олардың разылығын еш болмаса рухтар әлемінде алайын

Әттең, 
атамның қанының аманатын
ақ сүт берген анамның аманатын 
арапшаға сатылам деп ақтай алмай кетіп барам

 

Арманда кеттім. Ендігі жерде, жалғыз тілегім, ата-бабамның алдына жүзім жарқын боп барайын...

Мені арапша қоспай шығарып салыңдаршы

Тек, Қазақтың тілінде"

Тасқа қашалып салынған белгілер мен таңбалар

Comments powered by CComment

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?