Менің жеті атам жайлы қысқаша мәліметтер:
1.    Жалғасов Қанат Аралбайұлы (1976-біздің кез) 43 жас


2.    Аралбай (1949-біздің кез) 70 жас
Киров, Түлкібас, Мақтарал, Илич, Созақ секілді аудандарда қызмет етіп, Шолаққорған аудан орталығының бас инженері болған. Сонымен қатар Шымкент транс агенттігінің қызметкері болған

 

3.    Жалғас (1900-1972) 72 жас
Өтелбектің кіші інісі. Киров ауданы «Победа» совхозының бөлімше басшысы қызметін атқарған. Мешіт молдасының қол астында білім алып, арабша төте жазуды білген

 

4.    Мырзабек (1857-1904) 47 жас
Даланың адамы болған деп осы кісі жайлы айтуға болады. Сал-серілік қасиеті арқылы танымал болып, домбырасын жан серігі ретінде қасынан тастамаған. Қазақ байларының арасында Қожа Ахмет Йассауи мешітін қайта жөндеуге қаржылай көмек көрсетуге белсене қатысқан

 

Бізге белгілі 2 әжемізді әйелдікке алған. 
1.    Бәйбішесі Айша, Қыпшақ руының байы Жүсіп байдың қызы, қалың мал ретінде 50 түйе берілген
2.    «Ақын келін», суырып-салма шешендік қасиетіне байланысты Ақын келін атанған, алайда шын атын ешкім білмейді. Ысты руының қызы болған және артынан 12 атан қалың мал берілген. Тұрмысқа шыққан кезде атамызға шамамен 40 жас ал әжемізге 16 жас болған.
5.    Қарабай (1829-1888) 59 жас


Төребайдың кіші інісі, Шыңғыс ханның тұқымынан таралған, шешесі Төренің қызы болған. 59 жыл жасаған. Қара халық пен кейбір куәгерлер Қарабайдың шіріген бай болғанын айтады

 

Алайда бұл байлық қазіргі ұрпағына жетпей тарқап кеткен. Оған қарамастан қазіргі күнге дейін жеткен әңгімеге байланысты Қарабай Шыршыққа қарай малын жайлауға айдаған кезінде өзбектер (сарттар) бұны көріп қызық қылып, «Ит-қияң, құс-қияң сонша мал бітеді екен-ау» деп таңданады екен

 

Кейбір жолаушылардың бұл кімнің малы деген сұрақтарына қой жайып жүрген шопандар Қарабайдың малы деген жауап қайырып, малдың арасында жүрген жай малшыдан еш айырмашылығы жоқ адамды көрсетеді. Сипаттамаға сүйенсек Қарабайдың бойы кіші келген, үсті-басы шаң кісі болған

 

Өгем шатқалында, қазіргі Сайрам-Өгем ұлттық саябағы, Қарабай төбе атты төбе біздің атамыздың жайлауының аты ретінде қалған. Қарабайдың 3 әйелі болған.
1.    Бәйбішесінен Жүсіпбек және Мелдебек деген ұлдары болған.
2.    Шын аты Жұпар болғанымен, руына байланысты Қапал шеше атанған. 4 ұл тараған: Мырзабек, Тәжібай, Жұман, Төлтай.
3.    Үшінші әйелінен тек Айнабек атты үй кенжесі болған.
6.    Белте


Байсақалдың үлкен ағасы. Байдың баласы болғанымен, сал-сері болып, ойнақ салып жүргендіктен әкесінен қалған малдың саны күрт төмендеп кеткен. Қиын кезеңдерде әкесінің айтқан «Жалшыға неге қарамайсың? Жұт болса не қыласың?» деген сөзін есіне түсіріп, өкінеді екен. Қарабай мен Төребайдың аулада құмалақ ойнағанын көріп, құдайдан  балдарына малдың көп бітуін тілейді екен

 


7.    Дөң
Шөң және Ботабай атты інілері болған. Малы мен дүниесі тасыған кісі болған. Сол заманмен салыстырғанда күші мен мал саны Қожа мен Төре ақсүйектеріне тең болған. Баласына Төренің қызын әйелдікке алып беруінің өзі осыны дәлелдейді


8.    Байқара
Дәли, Шеру, Тастан, Байбала секілді ағайындары болған


9.    Сары
Көріпкелдік қасиеті болған кісі


10.    Қарақұс

11.    Қозышақ


12.    Жиенес


13.    Марас


14.    Ырсымбет


15.    Елімбет (Қарақойлы)


16.    Алғи

Comments powered by CComment

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?