АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🛎 Келес Арасан шипажайына пікірлер

 

Келес Арасан шипажайына пікірлер

АА: Санаторий жақсы, персонал ұқыпты, бірақ массажист ұнамады. Қыздарға кірмеген дұрыс. 

ал санаторийға әйелдерге арналған бөлек массажист болса, онан да жақсы болар еді


 

Келес Арасан шипажайына пікірлер

Ербол Қолғанатов: Өте жақсы, барлығы жаңа, кейбіреулері әлі қосылмай жатыр


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікірлер

Ирзабек Товасаров: Салыстырмалы түрде жаңа шипажай. Номерлері жақсы, таза да ұқыпты. Емшаралары да жақсы. Қызметкерлері жақсы, елгезек. Демалыстардан бильярд, теннис, сауна, бассейні де жақсы...


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікірлер

Татьяна Колокольцева: Кім жақсы пікір қалдырады? соған таңым бар. 

Сұмдық! Антисанитария, бір реттік алмастырғыштар қолданбайды, қарапайым бір реттік жаймалар да жоқ...

Бассейн тастай суық, шомылу мүмкін емес. Емшараларға кезек ұзақ болады, кезек келем дегенше жұмыс күні де таусылады. Ішетін минералды судың температурасы 24, 36, 42 деп жазған. Алайда үшеуінен де бір температурадағы су ағады. Бұл шүмектерден су алу үшін, үнемі өз стақаныңды алып келу керек, өйткені қасында үнемі кір стақандар тұрады...

Асханадағы тамаққа үштік баға берем. Ыдыс-аяқтың ластығынан жүрегің айниды... Бөлмелерде еденнің ыстықтығы соншама, аяқ-киімсіз жүру мүмкін емес...

Персонал үйретілмеген, қажетті ыждаһаттылық жетіспейді. Тұмсығыңның алдынан есікті тарс еткізіп жаба салу мүмкін...

Көрсетіліп жатқан қызметтер туралы айтарға сөзім жоқ. Қызметкерлер жекелеген қызметтердің пайдасын түсіндіріп айтып бере алмайды.

Әкімшілік шағымдарға ешқандай кері әсер бермейді, қолдарын сермеп қоя салады. Біртүрлі сезімде болдым. Емделіп емес, невралгиямды ушықтырып алдым...


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікірлер

Тұрар Алмуратов: Шипажай жалпы алғанда жаман емес, алайда істейтін жұмыстар баршылық. 

1) тағамдану барысында жеміс-жидек жағы аздау, күніне бір рет қана береді, балғын жемістен жасалған салаттарының порциясы аздау...

2) номерді тазалаудың чек-тізімдері жоқ. Соған қарғанда жинау тізімі сақталмайды.

3) сауна аптасына бір рет қана жұмыс жасайды. Негізінде кем дегенде екі рет жұмыс істеуі керек.

4) автотұрақ кішкентай, үлгерген үлгеріп қалды...

5) карталық төлемдерді терминалдан қабылдамайды, нақты ақша мен каспи аударым ғана қабылдайды

6) емшара бөлмелерінде дезинфекция мен кварцтаудың қалай болатыны белгісіз, емшара бөлмелерінде тазарту чек-тізімдері жоқ. Мысалы, бір жастықта бір күнде ондаған адам жатып кетуі мүмкін

Осы ұсыныстарға назар аударуды шипажай қожайындарынан сұранам


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікір қалдырғандар

Мишаинфо Ури: Тамаша санаторий, номерлері таза, бөлек душ бөлмелері. Тәжірибелі терапевт емшаралар тағайындады. Емшара жүргізетін қыздар өте кішіпейіл. Беретін тамағы жақсы, бірақ кішкене диеталық болса деп едім, диабетім бар еді. Кішкене салмақ қосып алдым. Ресепшендегі баланы айтқым келіп отыр, жақсы елгезек, барлық сұрауларыңды ескереді.


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікір қалдырғандар

Аслан Данияр: Заманауи, ақшаңқан шипажай. Аумағында жүру өте әсерлі. Бүгін осы жерден демалыстан келдік. Қызметкерлері кішіпейіл әрі көмекқор. Номерлері таза әрі жайлы. Менің тері дерматитім бар еді, қазір асқынғаны басылып, беті бері қарап қалды. Тері мәселелері бар кісілерді осында келуге шақырамын


 

Келес Арасан Сарыағаш шипажайына пікір қалдырғандар

Самат Нысанбаев: Жақсы күтіп алды, тамағы мен емшаралары көңіл толарлықтай. Аяққа арналған массажер істемейді, қалғаны қалыпты. Қызметкерлер жақсы қарым-қатынас жасайды. Номерлері таза, ауласы әдемі, ағаштары мен гүлдері де әдемі


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

Бақытғали Ибраимов: Санаторий маған өте ұнады. Дәрігерлер мен қызметкерлері өте кішіпейіл. Емшараларды әр демалушыға арнап, жекелеп жасап береді. Бөлмелері таза әрі жайлы, күніге тазартып ұстайды. Тамағы да өте дәмді және асты әрлеп береді. Медициналық қызметкерлерге ерекше алғыс айтам. Барлығыңызға осы шипажайға баруға кеңес беремін. Сау болыңыздар! :)


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

Владимир З.: Өте әдемі. Персоналы супер. Жалғыз кемшілігі - жасыл желек аздау. Өйткені жаңа шипажай


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

Алия Жәнібекова: Біз отбасымызбен Келес Арасанда 22 тамызда демалып қайттық. Бізге өте ұнады. Емшаралары мен тамағы жақсы. Қызметкерлердің демалушыларға деген көзқарастары өте жақсы. Администратор балалар мен медбикелер, тазалық қызметкерлері керемет. Барлығына алғыс!


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

Болат А.: Барлығы ұнады. Егер жеміс-жидектер мен көкөністерді көбейтітен болса, онан да жақсы болады!


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

Ислам Сейтенов: бірінші рет шипажайға баруға шешім қабылдап, осы шипажайды таңдадым. Қателеспеппін. Керек нәрсенің барлығы аумақтың ішінде. Емшаралар жасалатын корпус, жататын корпустың қасында орналасқан. Келер күнге деген тағамдарды алдын-ала таңдай аласыз. Асханасы тіптен керемет. Минералды суды да ресепшеннің қасындағы шүмектен ала-аласыз.


 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

 

Келес Арасан шипажайы туралы пікірлер

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты