Өлеңмен жазылған өсиет. Көзшырақ Тоғатай

Кенеттен тылсымға кетсем артымнан сөкпеңдер,
Жарық дүниедегі жинаған абыройымды төкпеңдер.
Қыйдым айтып, шежіремді тарқатыңдар,
Оңыммен солымды таразыға салып, саралаңдар

***

Жерлеу рәсімім, исламша емес,
Қазақша атқарыңдар
Жаназамды, көкейден қазақша сөйлеп шығарыңдар.
Жарық дүниеге бір Қазақ болып келдім,
Тылсым дүниеге нар Қазақ болып жөнелдім

***

Тылсымның жұмбақ сырын мен білмеймін,
Жамбасым қара жерге тисе де сезбеймін.
Қиялдан туған тозақ, жұмақты көрмеймін,
Ата-мекен топырағынан туып өлмеймін

***

Тірімде, жұдырықтай жүрегім Алашым деп соғады
Тылсым ғұмырда аруағым, Қазағымды қорғайды.
Жарық дүниеде салт-дәстүрге адал болайық
Қазақы наным мен сенімді қатар сақтайық

***

Тылсымда сұрақ жауап сотына бармаймын
Ибраһымның міллетіненмін деп те, тіл қатпаймын.
Көз жұмсамда, екі жүзді сұмырай мұсылман болмаймын,
Тозақ керегесіне керіп қойса да, айтқанымнан қайтпаймын

***

Ой салдым, Қазағым, ой елегінен сүзіп өткізерсің,
Әр сөзіме зер салып,өсіп келер ұрпаққа жеткізерсің.
Сөзімді ұқпасаң, Тәңірлік рәсімін ұстанбай көмерсің
Арабтың дәстүрін пір тұтып, бас шұлғып көнерсің

***

Ей Қазағым!!!
Еріккеннен жазбадым шумақты бұл өлеңді,
Зарығып айттым қомақты ой зар сөзімді
Қашанғы жүресің құжыраның тар кепесімен,
Төл төріңе орал, орныңды алып зор төбесінен

***

Шымкент  13.12.2021 ж.
Сағат 18:27
Туындыгер:  Көзшырақ ТОҒАТАЙ

Бөлісе отырыңыз

Қазақтың заманы келді

Қазақтың заманы келді

Әрбір 800 жылда Ер Түріктің ұрпағы дүниені дүбірлетіп тұрады.

4-5 ғасырда Ғұндар

12-13 ғасырда Шыңғыс хан

Ал 21 ғасырда дүниені дүбірлететін Ер Түріктің өр ұлы - Қазақ

Иә, ол Сенсің

Read more …

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясы

Жаратылыстың Алгоритмдік теориясы

Санасын жаңаша трансформация жасаймын деген әрбір азамат, Жаратылыстың ерекшелігі жайлы белгілі бір тұжырымдамаға келуі керек.

Істің басы осыдан басталуы керек.

Егер, біз Жаратылыс жайлы бір тұщымды тұжырымға келсек, онда қалған мәселелер бойынша

түсіністік табу әлдеқайда оңай болады.

Read more …

Ұрқ пен Рұқ (Рух)

Ұрқ пен Рұқ (Рух)

Маралдың үлкен мықтысы ұрғашыға иелік етті. Қалған еркек маралдар бата алмады

Қошқардың мықтысы, қасқырдың мықтысы, айғырдың мықтысы ұрғашының жақсысын таңдап иелік етеді

Бойында қуаты мықтының ұрығы мықты, ұрығы мықтының ырқы мықты, ырқы мықтының рухы мықты

Read more …

Желтоқсан жарасы

Көзшырақ Тоғатай. Желтоқсан жарасы өлеңі

Желтоқсан жарасы жүрегімді сыздатады,
Кеудемдегі ыза кегімді оятып маздатады.
Қыршын кеткен талай боздақ кінәсіз,
Айтыңдаршы!!!
Сонда кім кінәлі? қырғынға,
Қолы қанға малынған,жендет
құзғынға

***

Read more …