Jeep Scrambler 392 концепті

Құрметті Достар, біз бүгін техника жаңалықтарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгінгі қонағымыз: Jeep Scrambler 392 концепті

 

Бастапқыда 1981 жылы ұсынылған Jeep Scrambler (CJ-8) Jeep брендінің бірінші ашылмалы (convertible) шағын пикабы болды. Өте қабілетті және әмбебап, бұл бірегей шағын пикап CJ-7-ге ұқсас, алайда ұзынырақ 103 дюймдік доңғалақ базасы және жүк көлемін ұлғайту үшін ұзын артқы шанағы болды.

***

Jeep Scrambler 392 концепті. Жанынан көрінісі

Алдыңғы доңғалақтардың ілгері орналасуы, тауға өрмелеуге бағытталғандығын көрсетуде. Клиренс те арықты аттап өтуге жететіндей

***

Қырық жылдық тәжірибе, CJ-8-дің  Jeep Scrambler 392 концепцті ретінде қайта оралуына себеп болды. CJ-8-де V-8 қозғалтқышы ешқашан ұсынылмағанымен, 392 Scrambler концепті 6,4 литрлік HEMI® V-8 қозғалтқышымен (470 ат күші және 639 Нм айналдыру моменті) әсерлі қуат пен керемет айналдыру моментін ұсынады.

***

Jeep Scrambler 392 концепті. Жасыл түсі

Орындық әдейі қарапайым матамен көмкеріліп отыр, шаң мен лайды тазарту оңай болуы үшін. Мұндай машиналардың салондарын әдетте шлангпен жуады...

***

Төрт есікті Jeep Wrangler Rubicon ретінде басталған Jeep Scrambler 392 концепциясы, арнайы көміртекті талшықты шанақпен жабдықталған, жолсызбен жүйткуге баса назар аударады. 

Jeep Scrambler 392 концепті. Жүйткіп барады

Бұл машинаға отырар кезде белдік тақпасаңыз, құлап қалуыңыз ғажап емес

 

Jeep Scrambler 392 дегеніміз - екі есікті джип эстетикасы, ашық аспандағы еркіндіктің бейнесін. Алдыңғы әйнек 12 градусқа қаттырақ иіле келіп, ашылмалы шатырға барып тіреледі. Қуатты сұлбаны арт жақтағы екі штанга жалғастырып, шабандоз бейнесін сомдағандай...

***

Jeep Scrambler 392 концепциясының ең қызықты ерекшеліктерінің бірі - Jeep Wrangler және Jeep Gladiator үшін әзірленген жаңадан шығарылған AccuAir пневматикалық аспасы. Пневматикалық аспа клиренсті 1,5 дюймнен 5,5 дюйм аралығында өзгерте алады және салоннан немесе сырттағы құрылғы арқылы (Bluetooth байланысы) басқарылады.  

***

Jeep Scrambler 392 концепті Таудағы көрінісі

20 дюймдік дискіге орнатылған шинаның сыртқы диаметрі 40 дюйм

 

Jeep Scrambler 392 концепті Артқы көрінісі

Шанақтың артқы жағына квадроцикл, велосипед немесе гидроцикл сыйып кетеді

 

Jeep Scrambler 392 концепті

Карбоннан жасалған алдыңғы капоттың мөлдір қақпағы, оның астындағы сұлулыққа көз тоймай сүйсінуге мүмкіндік береді. Концепттің тұла бойы заманауи серпін мен эстетика және қуатты көрсетіп тұрғандай.

Доңғалақтарының арнайы жолсыздыққа даярланғаны, автоның өзі де тауға өрмелеу мен құмды қыраттарды бір деммен артта қалдыруға арналғанын көрсетіп тұрғандай.

***

Концепт шанағы мен шанақты жауып тұратын панельдерде көміртекті талшық (карбон) көптеп қолданылуы, концепттің салмағын жеңілдетуге әрі жанармай шығынын азайтуға себін тигізетіні анық.

20 дюймдік доңғалақтарға 40 дюймдік шина кигізілген. Шанақтың жиектері мен ілмектері, осы күнгі  Jeep Wrangler Rubicon -да қолданылып келген, Brass Monkey бояуымен көмкерілген. Ал жасыл түсі Sublime деген атауға ие.

 

Жалпы Бетпақты, Сарыарқа мен Көкшені, Алатау баурайларын, Алтай маңын, Каспи жағалауын аралауға таптырмас көлік екені көрініп тұр. Тек жаздыгүні...

Jeep Scrambler 392 концепті. Орындық, салоны

Мынадай мата орындықтарға тор қаптай салып, шаңмен басып жүре бересіз...

 

Jeep Scrambler 392 концепті. Орындық, салоны

Салон мейлінше қатал, қарапайым, шыдамды

 

Атақты Jeep сериясы, тарих сабақтастығы. Атадан балаға қалып келе жатқан Jeep -тер!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?