Вьетнам деген елді менсінбей жүрген жайымыз бар
Халқы өсіп-өнген, 99 млн тұрғыны бар мемлекет
Вьетнам десе соғыс пен қирау елестейтін елде әлемдік алпауыт корпорациялар зауыттарын соғып, жаңа өндіріс орындары бойы түзеп келеді
Қытайдың экономикалық даму жолын, ендігі жерде Вьетнам қайталайын деп отыр
Соның бір жарқын мысалы, VinFast компаниясының электромобильдері
VinFast зауытының жылдық қуаты, 250 000 -ға дейін электромобильдер шығара алады
2022 жылы компанияның АҚШ нарығындағы сатылымы 7000 данадан асып түсті
Оған қоса Калифорния штаты, VinFast модельдеріне штаттың электромобильдерге деген 7500 долларлық экологиялық жеңілдігін беруді мақұлдады
Осы орайда, Вьетнамдық компания АҚШ нарығына құны 25 000 доллардан аспайтын, VF 5 Plus моделін ұсынып отыр
***
Американдық нарыққа енген жас компанияның сатылымдарын аталмыш модель анағұрлым жоғарылатады деп күтілуде
Өйткені, электромобильдер нарығында, 25 000 доллардан кемге кроссовер таба алмайсыз
Біз елей бермейтін, Вьетнам елінде осындай жаңалықтар бар екен

Тәй-тәй басқан жас компания үшін, VinFast модельдері керемет дизайнға ие

Mercedes-Benz EQS -тің өзі алдыңғы жүксалғыш жасай алмай жатқанда, Вьетнамдықтарды технология шыңында деп айтуға болады

Tesla Model 3 -тен бірде кем емес дер едім. Ал проекциялық құрылғы техникалық жарақтану деңгейін көрсетіп тұр

VinFast VF 7 моделі қай қырынан аллсаңыз да, тамаш кроссовер


Салоны мақтауға тұрарлық дизайнда жасалған. Құрметтеуге лайықты еңбек

8 -ші модель де ерекше дизайнға ие

Салоны бай жарақтанғандығын көрсетіп тұрғандай

593 км. қашықтықты бір толтырғанда басып өтетін VF 9 моделінің аккумулятор сыйымдылығы 123 кВт/сағ

VF 9 салонының алдыңғы жағы тым керемет дей аламыз. Кәріс пен қытайлықтарға енді вьетнамдықтар қосылды
Comments powered by CComment