Қазақылық дегеніміз - әлемдік деңгейдегі Идеология
Ұлттар мен ұлттарды, ұлыстар мен ұлыстарды бейбіт, тату-тәтті өмір сүргізуге мүмкіндік беретін,
тіршілік өмір мен рухани өмірдің қыр-сырын меңгерген, адам баласының үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін үлкен
- Көзқарас
- Ұстаным
- Дүниетаным
- Идеология біле білгенге.
***
Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыратыны секілді, тарих та қайталанып отырады.
Адамның пейіліне қарай жолы ашылады.
Қазақ өркениеті әлемді билегенін заманауи ғылым ашып отыр
Қазақ өркенитенінің іздері Азияда толығымен бар, Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Африкада, Еуропада сайрап жатыр.
***
Континенттерді билеген, континенттерді үйлесімде ұстаған Идеологияның негізінде не жатты деуіңіз мүмкін.
Жауап берейін
***
Қазақ қоғамының тұрақтылығының, үйлесімді өсіп-өнуінің негізі - Отбасы толықтығы
Қазақта қатын жіберу, ажырасу деген секілді оғаш дүниелер мүлдем болмаған
Өзінің күйеуі мүлдем болмаған жағдайдың өзінде, "Ерден кетсе де елден кетпейді" деп әулет, ағайын, руымен байланысын үзбеген.
***
Исламдағы талақ деген ұғым, яғни қатынды босатып жіберу деген нәрсе, Қазақ қоғамында мүлдем болмаған.
Еркектің 2-6 қатыны бар дегенді естігенбіз. Алайда келіншегін босатып жіберіпті деген болмаған
***
Жарын қорғап өліп кеткен еркектің орнын, қайнысы басып отырған. "Аға өлсе жеңге мұра" деген қазақпыз.
***
Отбасы толық болуының арқасында ерлі-зайыптылардың психологиялық жай-күйі, балалардың психикасы, психологиясы... барлығы өз орнында болған.
Отбасылық дамуға қарсы әрекет орын алған жағдайда, әулет болып, түзетіп отыратын болған.
Тентекті тезге салуды бүкіл ағайын өзінің міндеті деп білген
Соның арқасында қоғам тұрақты болған. Адамдардың арасында мейірім-шапағат мол болған.
***
Әйел заты күйеуінің көзіне шөп салды дегеннің өзінде, ол жәйтті кемеңгерлікпен дұрыс арнаға бұра білген
Жеңгісінің бір саны байыныкі, бір саны қайныныкі деген елміз
***
Ағасы ұзақ жорыққа кетсе, жеңгесі қайнысынан бала туып, әулетті өсіріп-өндіріп отырған
***
Ол үшін әйел затын ұрып-соғу, тасборан ету секілді анайы нәрселер жасалмаған
***
Соның арқасында
- бала бақытты
- әйел бақытты
- отағасы бақытты.
***
Қазіргі біздің қоғамның бірыңғай бола алмауына, бірауыздылықтың жоғалуына себеп болған басты фактор - ажырасу мәселесі
Батыс елдерінде ажырасу қалыпты жағдай дейді кейбір зиялы қауым өкілдері.
***
Дұрыс, қысқа мерзімге ол оң әсерін береді.
Әйел қысымнан құтылады
- тиран әке
- тиран күйеу
- жарытпайтын бай секілді адамнан құтылып, өз алдына бақытты өмір сүрдік деп санайды.
***
Алайда, әке тәрбиесін көрмей өскен балада, өз ағайын туысынан ажыраған ұл мен қызда түрлі психологиялық қиындықтар, уақыт өте келе орын алады.
***
Ол психологиялық жетіспеушілік, яғни әке тәрбиесінің, ұялас бауырлармен қарым-қатынастың жетімсіздігі - бала отбасын құрған кезде ғана білінеді.
Толық емес отбасында тәрбиеленген баланың отбасы да толық еместікке бейім тұрады
Ал қыз жағында да отбасы ажырасқан болса, екі ажырасқанның балалары, отбасылық өмірде кездесетін қиындықтардың шешу жолы, ажырасу деп санау ықтималдығы еселеп артады.
***
Ажырасқан отбасында өскен балалар
- солқылдақ
- босбелбеу
- депрессияға бейім келетіні көпшілік көріп жүрген жәйт.
***
Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне соңғы кезде солқылдақтық танытып, біріміз батыстық үлгіге еліктесек, екінші біріміз араптық үлгіні ұстануды жөн санап жүрміз.
Алайда Қазақы Отбасы жүйесі деген керемет модель бар. Ол бойынша ажырасу деген мүлдем болмайды.
Тұрақтылық пен Үйлесім болады.
***
Еркін өмір сүрсін, тәртіп не керек дей алмайтын шығарсыз?
Әскерден тәртіп кетсе, елді қалай қорғайды?
Ұл мен қыздан тәртіп кетсе, ертең қайтіп отбасын құрайды.
Отбасының ыстығы мен суығына шыдау үшін төзім, қайрат, ақыл, парасат керек
Өзі ажырасқан отбасынан шыққан адамда, ажырасуға бейімділік болады
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген қазақпыз. Ол да өмірден алынған сөз.
***
Орыстың идеологиясымен бірге, бізге ажырасу деген нәрсе келді. 1980 жылдарға дейін ажырасу деген мүлдем сирек құбылыс болатын. Онан бергі жылдары жиілей бастады.
Ислам діні келіп ажырасудан құтыламыз ба деп едік, сөйтсек, талақ айтуды олар бастаған екен, ажырасудың көкесі исламда жатыр екен...
***
Адамнан мейір қалай кетеді?
Айналасынан мейірімсіздік көрген адамнан мейір қаша бастайды.
Келінін жесір етіп, немересін жетім етіп қаңғыртып жіберген ата-енеге келіннің жүрегі қалай жылысын?
Айдың күні аманында келіні мен ұлының ажырасуына жол беріп, ойланбай той-тойлап жүрген әулетке ұят келеді
***
"Олақтан салақ жаман" деген қазақпыз. Алайда, сол салақ қатынның өзін адам қылып, амалдап отырып, әулетімізді өсіріп өндірдік.
***
Біздің қоғамның басты дерті - ажырасу
Байқап отырғанымыздай, толыққанды отбасы дегеніміз, иммунитеті мықты отбасы.
Ажырасты дегенше, иммунитет бұзылды дей беріңіз.
"Сол үшін де қазақ, атың жаман болса сатып құтыласың, қатының жаман болса қайтып құтыласың?" деген.
***
Қоғам болып ажырасудың алдын алатын іс-шараларға белсене қатынаспай, жетіміміз бен жесірімізді әулеттің ішіне енгізбей, толыққанды Қазақ боламыз деп айта алмаспыз
***
Тәңірші қазақ,
Мұсылман қазақ,
Кришна қазақ... дегенді тоқтатайық.
Тіркемесіз Қазақ боп қалайық!