Өлім - ақиқат пен жалғанды ажырататын жалғыз құрал
***
Өлімнен қорықпаған, өзін табады
Өлімнен қорыққан, шер жұтады
***
Өлімнен қашу, бабаңның қасына барудан қашу
Арың таза болмаса, қашқаның қашқан
***
Ақиқат сенде
Ақиқатты орнататын, жасайтын, ұстанатын өзің
Әділет те тек өз бойыңда
Әділет орнату да өз қолыңда
***
Жан сарайы мен жан дүниесіның кеңдігі
Рухтың тынысын кеңейтеді
***
Құтың ұдайы болса, құдайың мықты болады
Құтың қашқаны, құдайыңның тастап кеткені
***
Ғаламды теңдік ұстап тұр
Теңгерімдегі жүйенің аты Тәңір дағы
***
Әруақ домбыраның ішегіндей керілген сара жолың
Ішек үзілсе, демің де бітеді
Ішек босаса, сең соғады
***
Әруақтың көзі соқыр, соқыр көзімен жүріп, иісіңмен барады
Әрі аяғы ақсақ, ақсақ аяғымен асықпай жетіп алады.
Теңгерімді орнату жолында, түбінде бәрібір табады
***
Арқа жетелейді, ишара жасайды, ымдайды
Ымды ұқсаң бақыт табасың
***
Бабаңның жолы Арқа жолы
Әркімді Арқа жетелейді,
Жол сілтейді
***
Жер бетінің тарихы, қан атты жад құрылғысында жазулы
Қаның тартқан жаққа бара бересің
***
Арқаман дүниені тастап кеткелі, дүние қантөгіс пен жылаудан көз ашқан емес
***
Өзгенің қанын төгуге шақыру, өз қаныңды төгіп болғаннан соң жүзеге асады
***
Құдай сенсің, құдай сенде, сен бар жерде құдай бар
Сен жоқ болсаң, сенің құдайың қоса кетеді
***
Халық құдай, патша құл
Халық не қаласа, патша соны жасайды
***
Халықты патшаға Көк Тәңірінің өзі берген
Патша халыққа қарсы сөз айта алмайды
***
Халық қаласа, патша жалғыз түйесін сояды
***
Кісінің құдайы өз бойында
Патшаның құдайы халықта
Патша халқын тыңдаса, құдайын тыңдағаны
Патша халқын менсінбесе, мойны үзілуге келгені
***
Семірген елдерді тобасына түсіру, Арқаманға міндет
Тобасыз адам, семірген мал, иесіне шабады
***
Сен бар болсаң, құдай бар, сен жоқ болсаң құдай да жоқ
***
Құдайды сөйлету, ашуландыру мен қуантуды ойлап, талай өмір зая кетті
***
Шекара сызып, арғы жақта қалып қойған бауырыңнан бөлектенуге тырысу, ар алдындағы сатқындық
***
Әлемнің құдайы өзің, өз өміріңнің кілті де өзің
Не тапсаң, пейіліңнен табасың
Тірлікті бірлікпен атқарасың
***
Мына тіршілікте аяқталмаған шаруаңды, қайта айналып келіп тындырып кетуіңе кім кедергі?
***
Өмірге келу бір рет пе, көп рет пе? Кім көріп келіпті?
***
Арқаланып, әруақтанып әлемді дүркіретіп,
Мойны жуанның мойнын идіргенбіз, тізесі бардың тізесін бүктіргенбіз...
***
Апиын шеккен адам, айтқаныңды істеп жүрсе, апиын шегуіне тыйым салма...
***
Нашақор адам өмірін алданышпен өткізгісі келсе, тыйым салма, тек сенің айтқаныңды жасап жүрсе болғаны...
***
Жан уақытша, рух мәңгі
***
Адамдардың 2 пайызы ойланады, 3 пайызы ойланып жүрмін деп санайды, қалған 95 пайызы өліп кетсе де ойланбайды
(бір жерден алғам)
***
Арқамандық жас пен нәсіл, ұлт таңдамайды
Бабасының жолын сыйлаған адам үшін парыз болады
***
Арқамандық басқара білу, басқара отырып бағына білу өнері
***
Арқамандық шыншыл болу, шыншыл бола тұра алдай білу, алдай тұра ақ пен қараны ажырату өнері
***
Арқамандық - құйын. Жолын тапсаң өрлейсің, шалыс бассаң омақаса құлайсың
***
Арқаман адам бір жұтым ауадан ләззәт алады
***
Арқамандықта сенікі - менікі деген мал-мүлік бөлісу жоқ, бәрі Елдікі
***
Ел үшін Арқаман болады, әруақтанса Арқа қонады
***
Ұрпақсыз өтсең де, Арқасыз өтпе
***
Арқа болмаса, рух жоқ, тек тән қалауы қалады
***
Бір түйір сәуле, бойына ғаламды сыйдырған
***
Көмусіз қалсаң да қорқақ болма
Арқаманның қорыққаны, Арқасыз қалғаны
***
Адуынның барлығы Арқа емес...
***
Сөзде, әуенде, шеберде, семсерлесу мен ой толғауда Арқа бар
Соңғысы ең мықтысы...
***
Атеизм - құдай жоқ
Деизм -құдай бар
Агностицизм - құдайдың бар жоғын айта алмайм
Политеизм - көп құдай бар
Монотеизм - бір ғана құдай бар
Пантеизм - айнала ортаңның бәрінде құдай бар
Арқаман - құдай өзің
***
Сен бар болсаң құдай бар,
Сен жоқ болсаң құдай да жоқ
***
Тәңір - ғаламдық Заңдылық
Желге қарсы зәр сындырсаң, өзіңе шашырайд
Бұл да заңдылық...
***
Әлемде түрлі қару бар
Адамнан асқан қару жоқ
***
Адам құдайдың рухынан жаралса,
Құдайдың рухы - құдайдың бір бөлігі.
Яғни, адам да құдайдың бір бөлігі
Құдай адамның ішінде дегенің осы
***
Атом бомбасы бар жеңбейд
Арқасы басым жеңед
***
Ел ағашы, өмірдің қайнар көзі
Рух, сол ағаштың бүрінен ұшып шыққан құстар...
***
Қуат - құдайдың қайнар көзі
Тәңір - қуаттың ағу Заңдылығы
Қуаты мықты дегенін жасатады
(Мықтының дүмі диірмен тартад)
***