Мұхтар Мағауиннің Аласапыран романынан үзінді

Мұхтар Мағауин

Аласапыран романы, 4 -ші бет

 

"... Қала ішінде ханға сенімді, қиындық күндері қасында болған, бұқаралық Баба-Сұлтанның басын кескен, басқа талай сұлтанды тітіреткен, ақыры Тәуекелді осы дәрежеге жеткізген атақты әскерден мың қаралы ғана аламан бар.


Қос өрім тұлымды керей мен найман, үш өрім шашты алшын мен қыпшақ, айдарлы жалайыр, дулат пен тақырбас қаңлы, қоңырат - әдет-ғұрыптарында ұсақ-түйек өзгешеліктер ұшырасқанымен,
-  түрі
-  тілі
-  тегі бірнеше рудан тұратын қазақ қауымының талай тентегі өзін қақпанға түскен қасқырдай сезінді..."  

 

Осы жердегі екі мәселеге назар аударсақ

 

Ұлы Дала көшпенділері

 

Біріншісі, Тәуекел ханның (1562 - 1598 ж.ж.), мұсылман ханы, бұқар хандығының  мемлекетінің билеушісі Баба-Сұлтанның (Шайбани әулетінен) басын шабуы

Егер екі мұсылман мемлекетінің арасында үнемі бейбітшілік болады деп ойласаңыздар, қателестіңіз

Тәуекел хан. Қазақ елін біріктіруші

Қарапайым Ирак пен Иран секілді, бұқар мен қазақ арасындағы шайқастан-ақ көре аламаыз

Сирия мен Түркия, Иемен мен Саудия секілді мұсылман арасындағы соғыстар жетіп артылады...

****

Екінші мәселе, қазақтардың шаш қою үлігісіне қатысты. 

 

16 ғасырдағы қазақ руларының шаш үлгісіне тоқталсақ:

- Керей мен Найман рулары - қос өрім тұлым (!) қойған

- Алшын мен Қыпшақ - үш өрім шаш (!) қойған 

- Жалайыр мен Дулаттар - айдар (!) қойған

- Қаңлы мен Қоңырат - тақырбас (!) болған. Шашын тақырлап алатын болған.

****

Біздің жастарымызға 1000 жылдан бері исламның сүнниттік бағытында боламыз деген уағызшылардың құлағына алтын сырға.

 

Қай мұсылман, шашын екіден, үштен өріп, айдар мен тұлым қояды?

********


Қазақты ислам діні жарылқайтын болса, көрші мұсылман Бұқар хандығы бізге неге шабуыл жасай береді?

Өйткені дін де бір идеология. Оған ергендер елтіп, өз елі мен жерін сатып жібереді.

Бұқар ханының сарайы


Алайда оны сатты демейді. Есесіне 

- "Сауап істедің"

- "Қасиетті соғысқа шықтың"

- "Кәпірлерді жойып, құдайдың рақымына бөлендің" - деп айтады

 

Уланған сана, соның барлығын дұрыс деп қабылдайды

Ұзаққа бармай-ақ Сирияға жиһадқа кеткен бауырларымыздың өмірі соған дәлел


****

Аласапыран романында, ол жайында мынадай цитата келтіре аламыз:

"... Қасым хан заманынан бері, Бұқармен қидаласып келеміз..."

Қасым хан билігі 1511 - 1521 жылдар аралығында ескерсек, ал Тәуекел ханның билігі 1582 - 1598 жылдар аралығында болғанын ескерсек, сол кездің өзінде 70 жылға тақау, Бұқармен соғыс болып отырған...

****

Мұсылмандықты ұстау, елдің бейбіт дамуына жағдай жасайтын фактор емес...

***

Ежелгі қазақтар мұсылман болып, аузынан алласы түспеген бе?

Аласапыран романындағы 10 беттен үзінді:

 

- Бәрекелді! - деді Тәуекел қабағын көтере, жадырай күліп.

- Жомарт тәңірім жарылқаған ғой біздің әулетті...

***

Осы үзіндіде тәңірім Жомарт деп отырған Тәуекел хан неге, аллам жомарт демеген?

****

Көшпенді ассасиндер


Сөз орайы келгенде қалмақпен екі арадағы қарым-қатынас жайлы айта кетейін:

Аласапыран романының 14 бетінен үзінді. Тәуекел ханның сөзінен келтіріледі:


- Мұсылман болған Абдолладан не көрдің? 

Діні бөлек қалмақтың қанша қызы - ғазиз анамыз. Жақындық - жан жарастығында, көңіл бірлігінде...


***

Енді осы романның 16 бетінен, боз биені қалай құрбан шалғанын байқайық.

Құрбан сөзі ешқандай араптың "жақындық" сөзі емес, қазақтың құрбан шалу сөзі.

 

Әлқисса романға оралайық:

- Иә, тәңірім! - деді Ел-Тұтар оқыс қатайып. Саусақтарын тарбитып жая, екі қолын бірдей көкке созды

- Бозқасқаның қаны - азаматтың ары, бозқасқаның еті - ақсақалдың неті.
Бозқақаның сүті, ел-жұртымның құты. Ием өзің, кием - Жер-Ана, Су-Ана. Ақ адалға қуат бер. Арам мен бұзыққа тұзақ сал! Пәтуа, бірлікке келген қарындас қауым өзіңнің жолыңа айтқан қасиетті құрбандықты қабыл ал!

 

Ал құрметті ағайын, осы жерде алладан тілеуді кім көрді?

Оның үстіне, Ием Тәңірім өзің, кием - Жер-Ана, Су-Ана деп тұр

 

Иесі бөлек, киесі бөлек о не деген ақидалы мұсылман?

Мынау бата, шариғат заңы бойынша "ширк" саналады

***


Осы жерде Ораз-Мұхамедтің бейнесі жайлы былай делінеді:

- Жығылған биенің жер соғып жатқан басын ұстауға, жаңа ғана аты аталған Ораз-Мұхамед сұлтан шақырылды. Бұл, екі иығына салбырай түскен қос өрім қара тұлымы бар, үлкен қоңыр көзді, қыр мұрынды... бозбала жігіт еді...

 

Назар аударарлық нәрсе, Ораз-Мұхамед сұлтанның иығына салбырай түскен қос бұрымында болатын

Қай мұсылман баласы, қос өрім қара тұлым қоятын еді?

****

 

Аласапыран романының 26 бетіндегі Ай-Шешек пен Ораз-Мұхамедтің арасындағы әңгімені келтірсек:

...- Неге жерідің? Көшім-хан Сібір жұртын қайта алды. Отыратын едің, бұлғын мен сусар, тиін мен қара түлкіге малынып, мамық ортасында.

- Отырмайтын едім, -деді Ай-Шешек өкпелеп
- Неге?
- Олар әйелін, оңаша бөлмеге қамап қояды дейді. Көк-күйме, киіз үй дегенді білмейді. Отырғаның там үйге тығылып. 

 

Атқа мініп жүріп-тұрмақ түгілі, ешбір-еш адаммен сөйлеспейсің. 

Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе пәренже деген бүркеніш жауып аласың да, қаралы адамдай түнересің де отырасың...

- Шамасы дұрыс, - деді Ораз-Мұхамед. 
- Біз де Асыл-ханым әпкемді солай қарай ұзатқанбыз. Көшімнің туған інісі Ахмет-Керейге. Баяғы алыс-беріс кезінде. Көндіге алмады. Жылап, неше мәрте хабар айтыпты

Қазақтың құпия жауынгерлері

Араға жүрген жаушылардың сөзіне құлақ асудың орнына жездеміз:

- Мәжуси қазақ! Мұсылманның заңын білмейсіңдер -деп тілдесе керек

 

Содан көп ұзамай, Сібір жұртын шапқан кезімізде хан атам өзімізді басынғаныңды кешсем де, қызымның  көз жасын кешпеймін деп, қолға түскен Ахмет-Керейді өлтіреді. Асыл әпкемді үйге қайтарады...

*****

Бұқар молдасы болсын, Қоқан мен Қиуа молдасы болсын, олар үшін Қазақ деген Мәжуси деп саналған

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?

Нағыз ислам, Ием Алла, кием Мұхамед пайғамбар деп айтады, керек болса...

***
 

Негізі шын мәнінде, мұсылман хандары, молдалары қазақтарды - мәжуси, бұтқа табынушы санаған

Осы романның келесі жолынан мына қызықты оқи аламыз:

27 бетте, Аласапыран романы

 

- Ол мұңғылдар болар, - деді күлкісін баса алмаған күйі шаруасына кіріскен Ай-Шешек. 

- Пұтқа табынады, киімі үстінен шіріп түскенше жүре береді дейді ғой. Біз - мұсылманбыз. 

- Біз қазақпыз! - деді Ораз-Мұхамед. Көшімнің ұлына барғанда көрер едім қандай мұсылман болғаныңды...


****


Осы жерде Ораз-Мұхамедтің қазақылықты мұсылмандықтан үстін санағанын көріп отырмыз

Нағыз қазақ солай болуы керек!