Ақмырза әулеті - Құлшығаш. Қоңырат шежіресінде

Қоңырат тайпасы алғашқы кезде Алтай тауының етегінде өмір сүрген

Одан соң Қазақстанның орталығына қоныс аударған

 

Кейіннен Отырар қаласынан бастап, оңтүстік шығысы - Шымкент пен Ташкент, Бүхара, Үргеніш, солтүстігі Нүкіс қаласының айналасы, Арыс өзені мен Сырдария, Әмудария орталығын жайлаған

 

Таңбасы - «П» босаға. Ұраны «Алатау». Оның да өзіндік себебі бар

 

Шыңғысханның Қоңыратқа жиен, әрі күйеу екенін, бәйбішесі Бөрте ханым - Жошы, Шағатай, Өгедей, Төле деген төрт үлдың анасы - Қоңырат қызы екенін барлық шежірелерде айтып та, жазып та жүр

 

Ел арасындағы қариялардың айтары да осы. Хорезм мемлекетін XVI ғасырдың басынан бастап Жошыдан тараған әулет биледі

 

Сондықтан болса керек, Қоңырат тайпасының Алпамыс, Қүлтай, Төлебай атты үлдары өзбек жерінде теңдесі жоқ батырлық көрсеткен.

Өзбекстандағы көшпелі өзбек деп жүргеніміз де сол көшпелі қазақтың өзі...

***

 

Қазақ

- Ақарыс

- Бекарыс

- Жанарыс болып үш жүзге бөлінеді

 

Ақарыстан - Ұлы жүз

Бекарыстан - Орта жүз

Жанарыстан - Кіші жүз тарайды.

***

Енді біреулер Бекарыс пен Жанарыстың орнын ауыстырып айтады

Бекарыстан Мейрам сопы туған

 

Мейрам сопыдан

- арғын

- қыпшақ

- найман

- қоңырат

- керей

- уақ тарайды

***

Қоңыраттан:

- Байбөрі

- Құлтай

- Шыныбай

- Байсары

- Дарақожа

***

Дарақожадан Ұзын сопы, Ұзын сопыдан Қожамқұл, одан Рахымберді, Рахымбердіден Ағанай, Нағанай туады

***

Ағанайдан ұл бала болмаған

***

Нағанайдың отыз ұлы болған. Осы ұлдарды бірде жеті әйелден десе, енді бірде кейбір шежірешілер үш әйелден, оның ішінде бәйбішесі Жұпар ана деп көрсетеді

***

Қайсысы дүрыс екенін тарихшылар айта жатар. Нағанайдан отыз ұл болғаны анық. Енді, осынау Ұлы атаның ұрпақтарын түгендеп, таратып көрелік

 

Нағанайдың бәйбішесі Жұпар анадан үлкені Жығалы, одан кейін Сырғалы, Мелдеби, Орынби атты балалары және бәйбішеден тағы да алты баласы болады. Небәрі он болған екен дейді

***

 

Қалған әйелдерінен жиырма бала туған, сонымен бәрі отыз ұл

 

Емен, Семен деген екі құлды азат етіп, өзіне өкіл бала еткенін есепке алсақ, Нағанайдан отыз екі ұл тарапты.

 

***

Қазақ халқы қыз тәрбиесіне өте терең мән берген. Әрбір ұзатылған қыз өзі өскен ортаның

- тілін

- дәстүрін

- әдет-ғұрпын

- аңыз-әңгімесін

- қолөнерін

- тағам дайындау ерекшелігін

- әрбір жанұя мүшелерінің өзіндік орны бар екенін, т.б., моральдық нормаларын келін болып түскен ортасына дарытып отырған

***

Қыздың келін болып отырған алтын босағасының келешегі, жас келін болып, жақсы-жаман атануына шыққан ортасының қатысы барын біліп, ата-анасына жаманат келтірмеуге тырысқан

 

Бұл жөнінде қазақ халқы өзінің ынтымағы, бірлігі үшін ең алдымен, қыздарына қарыздар

 

Қазақ жігіттері елінің амандығын, бірлігін сақтауды, жанұясының келешек бақыты үшін ата-анасының, елінің алдында адал еңбек етуге міндетті екенін біле отырып, мыңдаған шақырымдық байтақ даланың тұтастығын сақтаған

***

Көшпелі қазақтың бірі Нағанай батыр өз ауылын жазғы жайлауда көк майса жерге, көлге жақын қондырып, өзі ауыл жақсыларымен ел аралап кетеді

 

Көп ұзамай ауылына бір-екі салт атты келіп, бұл жер Бұхар ханының аңға шығып, серуен құратын жері екенін Нағанайдың бәйбішесі Жұпар анаға айтады

***

Сөйтіп өздері қайтадан аттанып кетеді. Олар ханға көрген-білгенін, ауылдың маңында отыз шақты жігіттердің әскери жаттығумен шұғылданып жатқанын да айтады

***

Бұны есіткен хан бас уәзіріне күні ертең елу шақты жасауылдарымен сол жерге баруға әмір етеді. Ертеңіне хан кешегі жерге келеді

 

Бұны көрген Нағанайдың бәйбішесі хан мен бас уәзірді өз отауына, қалғандарын басқа үйлерге түсіріп, мал сойып, ханға лайық құрмет көрсетеді

***

 

Бәйбішенің сый-сыяпатына ырза болған хан Жұпар ананың екі жағында отырған жігіттерді көрсетіп, мына отырған жігіттер өз балаларыңыз ба? - деп сұрайды

 

Сонда Жұпар ана «қазақта «Ерін қызғанған әйелден без, жерін қызғанған ханнан без» деген, үстіме екі әйел алдырдым, міне, сол себепті Нағанай батырдың балалары әуелі құдайдікі, сонан кейін менің балаларым» деген екен

***

Бұны естіген хан, "сен еріңді қызғанбасаң, мен жерімді қызғанбадым" деп, бас уәзіріне айтып жаздырып, мөр басып, жерін беріп кеткен екен

***

 

Жиделі Байсындағы сол жер «Жұпар сазы» деп аталып кетіпті. Кейін Нағанайдың бәйбішесінен туған ұлы Жығалы мырза Бұхар хандығының салық жинаушысы болып қызмет атқарады

 

Екінші ұлы Сырғалы жас кезінде шешек ауруынан шетінейді, үшінші ұлы Мелде Түркістанда би болады, төртінші ұлы - Орынби. Қалғандарының аты-жөнін әзірше білмейміз

 

Бірақ басқа ұлдарының ұрпақтары Өзбекстанда, Жиделі Байсында, Қарақалпақ пен Тәжікстан жерінде деген сөз бар.

Нағанайдың үлкен ұлы Жығалы хан сарайындағы он екі уәзірдің арасындағы білімді, сыйлы адам болған

 

Осындай қасиетінің арқасында, Өзбек ханды таққа отырғызуда кереметтей күш-жігер жұмсап, атсалысқан. Хан сарайында өзіндіқ орны бар, ханға сыйлы мемлекеттік қайраткер атанған

 

Бабамыз ұлы жүздің белгілі, дәулетті, құрметті кісісінің қызы Жезбике анамызға үйленеді. Анамыз өте көрікті, іскер, ақылды келін болған

 

Ата-енесінің, елінің көңілінен шыққан, ерінің адал жары еді. Көп ұзамай бала көтеріп, ұл туады. Ол ұлының атын Ақмырза деп қояды. Күндердің күнінде Жығалы мырза хан сарайындағы болып жатқан алауыздықтан, сатқындықтан сескеніп, әйелі Жезбикеге

- «жаман айтпай, жақсы жоқ, мен егер олай-былай болып кетсем, әмеңгерің Мелдеби, ол қазір Түркістанның биі» - дейді.

Жығалы Құданың құдіретімен бір күні қайтыс болады. Ақмырза сол кезде 5-6 жасар бала екен. Жығалының жылын бергеннен кейін,

Нағанайдың қалған балалары әмеңгерлікке таласады

***

Оны естіген Нағанайдың бәйбішесі Жұпар ана келіні Жезбикенің қайнысы Мелдебиге тигенін дұрыс көреді

 

Сонымен, бір күні ауылына келген керуенбасына жағдайды түсіндіріп, жол қаражатын беріп, жылына бір рет болатын мәжіліске Түркістанның биі Ташкентке келетінін айтып, басқа жұртқа білдірмей, келіні Жезбикені өзіне тиісті жол-жоралғысын беріп, шығарып салады

 

Керуенбасы келісім бойынша Ташкентке жиналыс болатын жерге жақын маңдағы бір шайханаға түсіріп кетеді

 

Сол шайханада Жезбике, баласы Ақмырзамен Мелдебидің келуін күтіп жата береді. Күн сайын жиналыс болатын жерге барып, Мелдебидің келуін күтіп жүреді. Бірақ Мелдеби кешігеді

Ақмырзаның Мелдебиді керуен сарайда күтуі. Құлшығаш тарихы

Содан бір- екі ай өткеннен кейін, Ақмырза жиналыс болатын жерде босаға таңбалы аттың байлаулы тұрғанын көріп, қасына келіп отырады. Шамасы біраз уақыт өтсе керек, бір кісі келіп, Ақмырзаға «балам, сен кімді күтіп отырсың?» дейді

 

« - Мен мына аттың иесін күтіп отырмын»

 

Жаңағы адам біраз уақыттан соң қасына бір кісіні ертіп келеді. Ол баламен жөн сұрасады

 

Ақмырза:

- «маған мына аттың иесі керек» дейді

- «Онда бұл аттың иесі Мелдеби деген мен боламын»

***

Бала Жығалы мырзаның баласы Ақмырза екенін айтады. Сонда Мелдеби баланы құшақтап, «бауырым, сен қайдан жүрсің» деп, одан жеңгесінің шайханада отырғанын біліп, жолығып, ауылдың, ата-анасының жағдайын естіп қуанса, ағасы Жығалының қайтыс болғанын біліп қамығады.

 

Мелдеби оларды Түркістанға алып келеді. Біраз уақыт өткен соң жеңгесі Жезбикені әмеңгерлік жолмен алатынын айтады

***

Сөйтіп, некесін қиып, үйленеді. Бұл кезде Мелдебидің Құндызай атты әйелі болатын. Бірақ ол әлі бала көтермеген еді

 

Жезбике қайнысы Мелдебиге қосылған соң біраз уақыттан кейін бала көтеріп, айы-күні жетіп отырған кезінде, «кейін келіп әкетерміз» деп сылтауратып бәйбіше жұртқа тастап кетеді

 

Құданың құдіретімен Жезбике көштен бұрын ауыл қонатын жерге келіп, босанып, баласын көк шөпке орап отырған үстіне Мелдеби қасындағы серіктерімен келіп қалады

 

Жезбикені көргенде Мелдеби үстіндегі ақ көйлегін шешіп береді. Нәрестенің атын Тәңірберді қояды.

 

Халық Тәңірбердіні көктің ұлы деп атап кетеді. Себебі, оны көк шөпке орап алғандықтан болса керек. Жезбике Анамыз Тәңірбердіні құндақтап, өзіне-өзі келіп, ал Мелдеби баланы көріп қуанышы қойнына сыймай отырған шақта көштің де қарасы көрінеді

 

Әні-міне дегенше, көш те келіп жетеді. Көш басында Мелдебидің бәйбішесі Құндызай. Оны көрген Мелдеби ашуланып, бәйбішесінің сыбағасын беріп те үлгереді

 

Не болғанын түсінбей қалған бәйбішесі мән-жайды кейін ауыл адамдарынан есітеді. Әйелдер Жезбике тегін адам емес, әруақты жан екен деп, Құндызайға түсіндіріп, «сен одан кешірім сұра, разалығын ал. Ол қайынағаң Жығалы мырзаның әйелі екенін ұмытпа, би алса әмеңгері болған соң алып отыр»- деп түсіндіреді

 

Бұдан былайғы жерде екеуі татуласып, ынтымақты өмір сүреді

Бір күндері Құндызай да бала көтеріп, айы-күні толғанда бір ұл туады. Оның атын Құдайберді қояды. Құдайбердінің лақап аты Көтенші

 

Сол Көтеншінің

- Мақы

- Сүпі деген екі ұлы болады

***

Мақының:

- Сүйінбай

- Сүттібай

- Аманбай

- Жауылбай

- Аққошқар

- Байқошқар деген балаларынан:

Сүйінбайдан

- Қараша

- Жәни

- Қаракөрік

***

Сүттібайдан:

- Алғи

- Қырғызәлі

***

Аманбайдан:

- Құйысқансыз

Жауылбайдан:

- Жаманбай

- Қоңырсопы

- Аққошқардан

- Ақболат

- Қайрық

***

Байқошқардан

- Борай

- Жиенбет

***

Сүпіден:

- Мүлкіаман

***

Мүлкіаманнан:

- Сарығұл

- Байымбет

***

Сарығұлдан:

- Саңғыл

***

Байымбеттен:

- Маңғытай атты рулар тарайды.

***

Бір күні Ақмырзаның інілері

- Қаракөсені

- Тәңірбердіні

- Құдайбердіні ойнатып жүргенін көрген Мелдеби ырза болып, жанындағыларға:

«Әне, қараңдаршы, Ақмырзаның інілерін қалай ойнатып жүргенін. Аман болса, олар сенің құлың»,- деп еркелетіп сөйлеген екен

Ақмырза әулеті Құлшығаш тарихы

Мелдеби кей кездерде Ақмырзаны «бауырым менің», «құлым, құлшығашым менің» деп еркелетеді екен. Қариялардың айтуына қарағанда, Мелдеби ақылды, мейірімді, киелі, аузы дуалы кісіболған

 

Ақмырза ер жетіп Қалампырға үйленеді. Қалампыр анамыздан үш ұлы болған.

- үлкені Өтеулі

- ортаншысы Жиенбек-Алтын

- кішісі Жортпас

***

Осы үш ата Құлшығаштың өсіп, өнген жан екенін келтірілген кестеден көрулеріңізге болады.

Бектас Бейісбеков