Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Өлеңмен жазылған өсиет

Кенеттен тылсымға кетсем артымнан сөкпеңдер,
Жарық дүниедегі жинаған абыройымды төкпеңдер.
Қыйдым айтып, шежіремді тарқатыңдар,
Оңыммен солымды таразыға салып, саралаңдар

***

Жерлеу рәсімім, исламша емес,
Қазақша атқарыңдар
Жаназамды, көкейден қазақша сөйлеп шығарыңдар.
Жарық дүниеге бір Қазақ болып келдім,
Тылсым дүниеге нар Қазақ болып жөнелдім

***

Тылсымның жұмбақ сырын мен білмеймін,
Жамбасым қара жерге тисе де сезбеймін.
Қиялдан туған тозақ, жұмақты көрмеймін,
Ата-мекен топырағынан туып өлмеймін

***

Тірімде, жұдырықтай жүрегім Алашым деп соғады
Тылсым ғұмырда аруағым, Қазағымды қорғайды.
Жарық дүниеде салт-дәстүрге адал болайық
Қазақы наным мен сенімді қатар сақтайық

***

Тылсымда сұрақ жауап сотына бармаймын
Ибраһымның міллетіненмін деп те, тіл қатпаймын.
Көз жұмсамда, екі жүзді сұмырай мұсылман болмаймын,
Тозақ керегесіне керіп қойса да, айтқанымнан қайтпаймын

***

Ой салдым, Қазағым, ой елегінен сүзіп өткізерсің,
Әр сөзіме зер салып,өсіп келер ұрпаққа жеткізерсің.
Сөзімді ұқпасаң, Тәңірлік рәсімін ұстанбай көмерсің
Арабтың дәстүрін пір тұтып, бас шұлғып көнерсің

***

Ей Қазағым!!!
Еріккеннен жазбадым шумақты бұл өлеңді,
Зарығып айттым қомақты ой зар сөзімді
Қашанғы жүресің құжыраның тар кепесімен,
Төл төріңе орал, орныңды алып зор төбесінен

***

Шымкент  13.12.2021 ж.
Сағат 18:27
Туындыгер:  Көзшырақ ТОҒАТАЙ

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты