АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Мен, сабырсыз Қазақты іздеймін!!!  Көшырақ Тоғатай

Ел шетіне қаскүнем жау тисе,
Егеулі найза алып,сауыт кисе,
Аруақтап,атойлап аттанатын,
Асау тұлпардай тулайтын,
Жауды көріне тығатын,

Жанын көзіне көрсететін,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Тіл тазалығын сақтайтын,
Бөгде тілге,өз тілін сатпайтын,
Екі жүзді сұмырайларды даттайтын,
Ар-ождан сотына салып соттайтын,
Кірмелерге дес бермей сөйлейтін,
Ар-намысын кірлетпейтін,
Мен, сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Қасиетті жерді саудалап пұлдайтын,
Тал егіп,көгертеміз деп алдайтын,
Қазақты ит мақұлық санайтын,
Өтірік сөйлеп,мәймөңкелеп арбайтын,
Сатқын билікке қасқайып тұрып қарсы келетін,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Жерді саудаға салған патша оңбайды,
Өлгеннен кейін артынан жақсы сөз қалмайды.
Халыққа обал болады деп ойламайды,
Саналы түрде құл қылып қорлайды,
Қит етсе,үйреншікті ертегісін бастайды,
Әділетсіз патшаға,әділетсіздігін көрсететін,
Мұңлы Қазақтың зарын жеткізетін,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Патша алланың жердегі көлеңкесі дегендер,
Арсыз молда-имамның езбесін жегендер,
Сабыр,шүкір деп,бес.рет тоңқайған,
Сатқын,надан билікті қызғыштай жақтаған,
Сандырақ,,кітапты"өз ыңғайына қаратып алған,
Дін,,ғұламаларына"мін тағатын,
Қазақтың мұңын мінбеге шығып айтатын,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Ел тағдыры,жер тағдыры саудаға түскенде,
Талай құнарлы жер,үнсіз сатылып кеткенде,
Жер асты қазба байлық тоналып біткенде,
Қырма мұрт,шолақ балақ келгенде,,
Өскелең ұрпақтың санасын улап жатқанда,
Қысық көз шүршіт шегірткедей қаптағанда,
Қазақтың мақсат-мұратын көздейтін,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

***

Сабырлы Қазақтың мұндай күні құрысын,
Тулы елің,нулы жерің құрдымға кетсе,құрыйсың,
Машалла деп,сабыр деп,бұл не тұрысың,
Алла өзі қорғайды деп,бұл не жатысың,
Сабыр түбі,сары алтын заманы кетті,
Елден,жерден айырылсаң,күнің бітті,
Сор саңдай,мемлекетсіз кезбе боласың,
Тұрағы жоқ,құрағы жоқ,далада қаласың,
Ел мен жер,тіл мен рух тізбегін үзбейтін,
Мен,сабырсыз ҚАЗАҚТЫ іздеймін!!!

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты