Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық

Қазақты,біріктіретін не болмақ,
Қазаққа болып жүрмесін бұл да салмақ.
Тығырықтан шығар жол бар ма?
Біріктіретін идея бола ма?

***


Сұрақ көп,жауап жоқ.
Армысың оқырман!!!


Facebook желісін бағамдап қарасаң...

- бытыраңқы ой

- салқам-салқам сөз... осыдан-ақ Қазақтың ой-өрісінің, қарапайым жазу сауаттылығын, ұлттық сананың төмендігін, діни бірыңғайлығының жоқтығы, ұлттық патриотизмнің таяздығы бетке таңба басқандай ұрып тұр.

***
Әр тақырыпқа пікір жазсаң, "ат төбеліндей Қазақты бөлме" деп, сиырдың жапасындай бетіңе былш еткізеді.

***
Сонымен ойланып қаласың, осы Қазақ, ұлт ретінде әлі толық қанды қалыптаспаған деген ойдан аулақ болайын десең, әлеуметтік желіні тыңдап оқып көресің де, көңілің су сепкендей басылады, жаның шырқырап қысылады...

***


Әй Қазақ!!!
Асан-қайғының зарын айта бермей,бірігудің жырын айт.


Менде, Қазақты біріктірудің  факторларын жазайын:

Бірінші-ЖЕР


Жан қымбат па?
Жер қымбат па?


Әрине жер қымбат, жерің жоқ болса, сенде бір сығансың, ұшарыңды жел біледі, қонарыңды сай біледі, не сөзің өтпейді, не өзің өтпейсің.

***
Ұлан -байтақ жерге ие болып қалу, жердің әр-бір пұшпағын, көздің жанарындай сақтау , ата-баба әруағының , жалпы Қазақтың алдындағы парызы.

***

Жерсіз, қаңбақсың, еш жерге тұрақтамайтын бейбақсың.

***

Сондықтан, ата-баба өсиет еткен жерді сақтау, керек болса, жанды да қиюға дайын болу керекпіз

*****


Екінші-ТІЛ


Әр ұлттың тілі өз елінде, өз жерінде, өз мемлекетінде өркендеп өсіп, өз үстемдігін орнатуы керек.

Тілі жоқ ұлттың,өзі жоқ  Р.Гамзатов айтқандай "Менің тілім ертең өлетін болса,мен бүгін өлуге дайынмын" - деген қағиданы әр Қазақтың санасына шегедей қағып шегелеу керек

*****


Үшінші-ТАРИХ


Өткенін білмеген, болашағын болжай алмайды. Бұл қағиданы да санамызға құйып, жадымыздан шығармауымыз керек.
Патшалық Ресей, кеңестер одағы төл тарихымызды саналы түрде бұрмалады, жадымызға құлдық, тәуелділік психологияны сіңдірді.

***
Тарихшы-ғалымдардың алдындағы ең басты міндет; төл тарихымызды, қайтарып, қайтадан жазып, тарихи жадымызды жаңғырту керекпіз.

Тарих жаңғырса,сана жаңғырады


Төртінші-САЛТ-ДӘСТҮР

Тегін білмеген тексіз,салт-дәстүрін білмеген негізсіз.

Қазақтың ұлт болып ұйысуы,осы салт-дәстүрді,санаға сіңдіру.Салт-дәстүр негізінде, Жапон, Кәріс, әлемдік  өркениет кеңістігіне салиқалы ұлт ретінде енді.

***

Біздің жапон, кәрістерден қай жеріміз кем?


Осы күнге дейін Қазақты,қазақ етіп сақтап келген осы салт-дәстүр, ендеше салт-дәстүрді әрі қарай дамыту керек


Бесінші- НАНЫМ-СЕНІМ


Ата-заң бойынша, әр адамға наным-сенімге еркіндік берілген

***
Алайда, біз Қазақ елінде жасағандықтан, Қазақи наным-сенімге де еркіндік берілуі керек.

***

Біздің елдегі наным-сенім, бұл - Тәңіршілдік


Әлемде наным-сенімге негізделген үш ілім бар.


Олар:

- индуизм

- иудаизм

- Тәңіризм (Тәңір ілімі)

Тәңір ілімінің, өркендеп жайылынуына мүмкіндігі мол. 

Оған, Қазақ еліндегі мемлекеттік атрибуттар да толық сәйкес келеді.


Алтыншы-төл түркі АЛФАВИТІ

Өткен бір постымда бұл мәселені жазып көтергенмін.

Қайталамайын, бірақ бұл фактор тек Қазақты емес, бүкіл түркі әлемін біріктіреді

***
- жапон

- кәріс

- қытай

- араб

- армян

- грузин ұлттары өздерінің төл алфавитімен, латын алфавитін ысырмай, өркениетке алшаң басып енген, сүбелі үлестерін қосып жатыр.

***

Алфавитіміз Қазақ елінде, латын алфавитімен қоса дамыса өркениет көшіне ілесіп, өз үлесін қосады деген сенім мол.

Ешқандай кертартпалықты көріп тұрған жоқпын

***
Міне осы алты фактор Қазақтың басын біріктіруде зор рөл ойнайды.

Оқырман, кешірім сұраймын, бұл постты тезис етіп жазғаныма, ұзақ жазсаң, оқырман шаршайды.

***
Ширатып жазып,алты факторға қан жүгіртіп, Қазақтың бойына дарыту, келесі пост еншісіне қалдырайын


Көзі қарақты ойы салиқалы оқырман,сіздер қалай ойлайсыздар?

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты