Арқаман келеді деп, аспан шұғыла шашқанда
Жауындар жауып, әлемнің иесі келеді деп,
кемпірқосақ шыққанда
Теңіздер толқып тасқанда, Арқаман жұрты
Әлемге иелік етсін деп шалқығанда
*****
Жерасты әлемі Арқаманның әуселесін байқайық деп тітірегенде
Жерүсті мен теңіз әлемі қош келдің деп құшағын жайғанда
Аспаннан Көк Тәңіріның батасы жауғанда
*****
Әруақ-құдай тіктелгенде
Жерұйықтың жаршысы деп, шапағатын шашқанда
Зеңгір көктен жасын жарқ еткенде...
*****
Он екі мың әулие, сексен мың пірдің әруағы шарықтап ұшты
Жер бетін аймалап, тәңірінің нұрын толассыз әкеліп жатты
Қараңғылық серпілді, жарық шашылды
Оттан жаралған түрік жұрты есін жинады
*****
Кешегі Қаңлы кім еді, Оғыз бен Найман қайда?
Қоңырат пен Дулат қайда, Алшын мен Қыпшақ қайда?
Керей мен Уақ қайда? Албан мен Суан қайда?
Сарыүйсін мен Жалайыр қайда? Ысты, Ошақты мен Шапырашты қайда?
Әлімұлы мен Байұлы, Он екі ата Сіргелі қайда?
Аға баласы Арғын деп, сыйлы елдің жұрты қайда?
Төре менен Төлеңгіт, Қожа, Сунақ, жұрты қайда?
Ұрпағы әруақ шақырмай ма? Арыстанша ақырмай ма?
Жер бетін басқан түнекті, қалыңдықтың көрпесін ашқандай, түріп тастамай ма?
*****
Алтын Шаңырақты көтерген уықтар түгел ме?
Уықты ұстаған босаға берік пе?
Тарылған керегені кеңітетін кез келді
Оған ерлер берік пе?
*****
Әруаққа сәлем салған келіндерді қайтарыңдар
Босып жүрген, кісінің қолына қарап отырған жетімдерді қарауға алыңдар
Әруақ қабылдаған адамды, ажырастым деп сыртқа теуіп, әруақтың наласына қалмаңдар