Хакасияда Шемі елді мекені және Шемі өзені бар, бұлар фонетикалық дыбыстану және өзгеруі тұрғысында шымыр атауына бара-бар
Ғалымдар алдында әлі де көптеген қытай терминдерінің құпия сырларын шешу міндеттері тұр
Және де «Оңтүстік хуннулар және Дулолар» мақаласына жүгінелік:
Шаньюй сөзі Сүйлянти (Люанти, Луанти, Люанди) деген адам тегінен туындаған, ал басқа да атақты тектер арасынан Хуань, Хейбу, Цюолинь және Лан секілді атаулар болған
Осынау мақалада сондай-ақ, шаньюй ендігіде Түге (туг, туге, ту - жалау сөзі), (мүмкін Түркеш) сөзінен туындайтыны айтылады
Туге сөзінің этнониміне байланысты басқа да ой-пікірлер бар. Мәселен, түге этнонимі бұлғарлар княздігінің арғы ата-бабалары дуоло есімімен бірдей, деп есептейді ғалым О.Прицак (Бұлғар княздігі діндары және бұлғарлардың ата-тегінің тілі. Висбаден. 1955 ж.)
Ежелгі қытайлар дулу (дулат) руы туралы білген, осы рудан ұлы жаулап алушы Аттила мен Түркі қағанатының қағандары Бумын, Истеми және басқалардың шыққанын жадтарында тұтқан, олар ғұндар билеушілерінің ұрпақгары болғандығын жақсы ұғынған
Сондықтан да дулу (дулат) руы қытайлардың көз алдында елеулі әрі ықпалды болғандығы байқалған
«Оңтүстік хуннулар және Дулолар» мақаласынан сонымен бірге «төрт мүйізді» және «алты мүйізді» деген атауға ие болған агақты билеушілері жөнінде оқып білеміз
Осы рулардың таңбалары төмендегіше белгіленеді:
Белгі - қалақшалар таңбалары (Кызласов, Грязнов, Вадецкая боЙЫНШа). Э.Б.Вадецкая. Древние идолы Енисея. Наука, Л. 1967. Википедия. Окуневская культура
Шаньюй Мөденің даңқты істерін оның ұлы ұрпақтары:
- Балаәмір
- Бөржігін
- Аттила
- Кубратхан
- Ботбай
- Аспарух
- Бумын
- Естемі
- Шыңғысхан
Темір және көптеген елдердің билеушілері одан әрі жалғастырды
***
Дулат руынан және оның абыздар кастасынан шыккан ак күндердің (ғұндардың)
- Кушан
- Бактрия
- Парфия
- және эфталиттер мемлекетінің билеушілері Кушан, Бактрия және Парфия сиякты аса қуатты мемлекеттердің негізін солтүстік-шығыстан келген көшпелі тайпалардың қалағаны тарихи ғылым саласына мәлім
Белгілі кеңес ғалымы А.Н.Бернштам өзінің «Ғұндар тарихының очеркі» атты кітабында бұл тайпалар ғұндар болған деп айтады. Ол Орта Азияға ғұндардың бастапқы келу мерзімі б.ғ.д. I ғасыр деп есептейді
Археология, нумизматика, сфрагистика материалдарына қарағанда, олардың қоныс аударуы бұдан да ертерек б.ғ.д. III ғасырда басталғанына куәландырады
Хорезм, Маргияна, Соғда, Ферғана, Ташкент маңайы, Үстірт, Арал маңы, Кушан, Бактрия және Парфияның әртүрлі тарихи материалдарын зерттей отырып, біз әлгі күнге дейін белгісіз көшпелілердің құпия кілтінің сырын ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік
Жұмбақ сыры олардың таңбасында жатқан-ды
Беймәлім көшпелілер тарихшылар ат қойып, айдар таққан ғұндар дегеніміз дулаттар болып шықты
Бұл жұмбақтың құпиясын ашуға
«КСРО археологиясы Кавказ және Орта Азияның ежелгі мемлекеттері» кітабы (жалпы редакциясын басқарған академик Б.А.Рыбаков. Ғылым. Мәскеу. 1985 ж.) ерекше рөл атқарды
Онда жоғарыда аталған өңірлердегі археология жетістіктері бойынша бай материал жинақталған
***
Бізді дулаттардың таңбалары бедерленген керамика мен кірпіштер назарымызды өзіне аударды. Дулаттардың
таңбаларын, сондай-ақ қыш мүсіндерден де таптық
Қыш мүсіндерде ғана емес, сонымен бірге Үстірт ауданындағы табылған тас мүсіндерде (балбал тастар) дулаттардың таңбалары көзге менмұндалай көрінді
Нумизматика мен сфрагистика материалдары дулаттардың Орта Азиядағы ежелгі мемлекеттерді билеушілердің құрамына кіргендігін айқын танытты
Дулаттардың таңбалары өте жоғары құрметтелді. Қадірленді. Мәселен, таққа көтерілген билеушіге қасиетті алтын шеңбер жүзік тапсырылатын. Бүндай дәстүр хақында біз бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз
Дулаттардың таңбасын біз қабырғаларға ойып жазылған ежелгі Парфияның картиналарынан да аңғардық
Ежелгі Хорезмдегі монеталар
(Б.И.Ваинберг бойынша). Құрастырған А.Б.Никитин (Дулаттардың таңбалары).
Қалған суреттер КСРО археологиясы. Кавказ және Орта Азияның көне мемлекеттері. М., 1985. 339, 386,406,454 беттер
Ежелгі Маргиананың мүсіндері. Құрастырғандар: Г.А.Кошеленко, З.И.Усманова, М.И.Филанович (Дулаттардың таңбалары).
Орта Амудария мүсіндері (Құрастырған В.Н Пилипко) Дулаттардың таңбалары
Согдадан табылған мүсіндер (В.Мешкерис бойынша). Қүрастырған Г.А.Кошеленко (Дулаттардың таңбалары)
Таста ойылған Дулаттардың таңбасы. Үстірт III Байте. Қазақстан тарихы І том. Алматы 2010 234 бет
Жоғарыдағы суреттер КСРО археологиясы. Кавказ және
Орта Азияның көне мемлекеттері. М., 1985. 339, 386,
406,454 беттер.
Кушан, Бактрия, Парфия билеушілерінің есімдерінде түркілік тамыр сақтаулы әрі менмұндалайды
Мәселен, Кушан елінің белгілі билеушісі Қанышке (салыстырыңыз: Қаныш Сәтпаев) болған
Кушан империясының негізін қалаған тұлғаның аты-жөні Құлжа Кадфиз (Құтжол Қатпыз - түркіше) еді
Ал Парфия мемлекетін Арсақ (бұл да түркі есімі) басқарды
Атақты Красты жеңген парфияндық қолбасшы Сүреннің есімі түркі халықтарында жиі айтылады
Енді мемлекеттердің атауларына назар аударалық:
Кушан - күшті ел деген мағынаны
ал Бактрия - ер есімі Бақтиярмен үндес әрі мәндес екендігіне еш күмән жоқ
¥лы жүз қазақтарының аңыздарының бірінде дулаттардың ата-бабаларының бірі даңқты батыр Бақтиярдың оңтүстік тараптағы көптеген жерлерді өз қарамағына қаратқаны, оны билегені айтылады
Мүмкін осынау өңірлер сол себепті Бактрия деп аталуы да
Сонымен бірге атақты ер Бақтиярдың есімі дулаттар мен үлы жүз қазақтарының жауынгерлік ұранына айтылғаны тарихтан мәлім. Ал Ауғанстанда бақтияр елі бар
Кушан, Бактрия, Парфия мемлекеттеріне тек дулаттар ғана емес, сондай-ақ үйсіндердің ұрпақтары:
үйежі
тоқар
хионит
үйсіндердің абыздар қауымы және
дулаттардың ақ күндері (хүндар) қоныс аударған
Ал Орта Сырдарияға үйсіндердің батыстағы саласы:
- асилер
- ятилер
- арсилер көш бетін бүрған. Соңғы үш рулар жөнінде белгілі ғалым А.Н.Бернштам мәлімдеп, баяндаған
Аталмыш ғалым былай деп жазады:
Ғүндардың жаппай Орта Азияға келуі қарсаңында Жетісу және Орталық Тянь-Шан сақ, үйсін тайпаларымен қоныстанған-ды, олардың бір бөлігі Ферғанаға, Орта Сырдарияға еніп кеткен-ді
Басқа бір түста біз үйсіндердің Ферғанаға бас сұққанын айтуға әрекет жасағанымызда, олардың Ферғанада үйсіндер-кушандар әулетінің қүрылуына жағдай туғанын еске салғанымыз жөн және тохар тілінің дыбыстық нормасына сәйкес үйсін сөзінің усунь түрінде айтылуына куә боламыз
Ферғананың шығыс бөлігі Хюсюн деп аталуын осы орайда кездейсоқ дей алмаймыз: мұнда кусан (кушан) сөзінің фонетикалық байланыстары айқын байқалады» (А.Н.Бернштам. Ғұндардың тарихи очеркі)
Ак күндерді (ғұндарды) өзге халықтар сондай-ақ эфталиттер деп атаған
Және бір болжамдарда олардың билеушісінің есімі Эфталан (мүмкін Ептіалан) болған
Ақ күндер (эфталиттер) және дулатгар б.э. 484 жылы иран шахы Перозды жеңіп, қуатты мемлекет қүрды. Осынау елдің билеушілері ақ күндер (ғүндар) және дулаттар болғандығына сол уақыттардағы монеталар куә (Википедия. Эфталиты)
Үддияндағы Лахан патшаның Эфталит елінің монетасы
Ақ күндердің (эфталиттердің таңбасы)
Дулаттардың таңбасы
Ақ күндер (ғүндар) Үнді елінде де өз мемлекетін құрды
Олардың билеушілерін Ториман және Михырақұл (түркіше Мықырақұл) деп атады
Википедияда «Эфталиттер» жайлы былайша атап өтіледі:
Паркер айтқан көзқарасқа сай, эфталиттер — бұлар үйебандар, олар оның ой-пікірінше түркі халықтарының арғы ата-бабалары болған
Дәл осындай көзқарасты зерттеуші С.П.Толстов ұстанады, ол ежелгі эфталиттердің бастапқы тараған аумағы Сырдария өзенінің жағалаулары деп есептеді...
Давид Кристиан да эфталиттерді түркі халықтарының арғы ата-бабалары деп санайды
Игорь Коломийцев былай деп жазады:
...эфталиттер бір уақыттарда Аттила мемлекетінің құрамына енген, яғни, этникалық ғұндармен бірге сол қуатты елдің ұйытқысы болған
(И.Коломийцев. «¥лы Скифияның құпиялары. Тарихи із кесушінің жазбалары»)
Ал, мінеки, журналист Евгений Яровой былай деп хабарлайды:
«Батыстың тарихшылары эфталиттер хақында өте құнды мәліметтер қалдырды
Мәселен, Феофан Византийский эфталиттер өздерінің патшасы Эфталанның құрметіне орай солай аталды, ал Прокопий Кесарийский бұларға жоғары баға беріп, оларды ақ ғұндар деп атаған
Мінеки, ол былай деп хабарлайды:
«Эфталиттер хон тайпасы болып табылады және хондар деп аталады (ғұндар - автор)» «Тарих жұмбақтары» журналы. №49.2014жыл
Жетісу мен Шығыс Түркістандағы дулаттар мемлекеті
Үйсін мемлекетінде тұрғындардың ірі ауқымды және ықпалды бөлігі дулаттар болды, сол себепті де олар дербес өмір сүріп, тыныс-тіршілік жасауға мүмкіндік туды. Олармен барша тайпалар есептесті
Дулаттардың ержүректігі мен саны жағынан өте көп болуы түптің түбінде олардың үйсіндер ортасынан түбегейлі бөлініп шығуына әкеліп соқты. Б.э.д. II ғасырда олар Дулат (Дуло, Дулу) мемлекетін құрды
Осы тарихи оқиға жайлы белгілі шығыстанушы-ғалымдар Н.Я.Бичурин (Иакинф) және Г.Е.Грумм-Гржимайло арнайы жазып қалдырған «Алаш айнасы» интернет-газеті:
Дулаттардың көшін күнби бастап, оған басшылық жасаған
Мемлекеттің құрамында албандар, суандар және басқа да оған туыстас тайпалар болған
Дулат (Дуло, дулу) мемлекеті үйсін елінен солтүстік-шығыс тұста орналастыСөйтіп, олар белгілі бір дәрежеде үйсіндер үшін шығыстан өре түрегеліп шабуыл жасайтын көшпенділер ортасында қалқан рөлін атқарды
Шығыстан ағылған көшпенділердің шетсіз де шексіз ағыны мемлекет түрғындарының қатарын еселеп көбейте берді
ДУЛО (Дулат) мемлекеті
Ресей ғалымы В.С.Трусовтың картасы
Солтүстіктегі күндердің (ғұндардың) тас-талқаны шыққан қүрамын толықтыра түсті
Қоныс аударушылардың барлығы да жергілікті түрғындардың алаңдаушылығын күшейтіп, мал жайылымдарын күн өткен сайын тарылтты. Дулаттардың бір бөлігі Еділ-Орал өңіріне қоныс аударуға мәжбүр болды. Оларды Ағаржа (150-189 жылдар) басқарды
Ол Еділдің, бұрынғы бұлғарлар мемлекетінің билеушісі бола білді
IV ғасырдың бірінші жартысының соңында Жетісуға Балаәмірдің (Бұлимар, Баламбер) басшылығымен дулаттар жайғасты
Олар арғындардың тегеурінді шабуылдары салдарынан қоныс аударды. Бұл жөнінде Қази Бараж, мінеки, былай дейді:
Хин патшасының үндеуін есітіп, қытайлар түнде Хин-Батырдың ордасына шабуыл жасайды, сөйтіп, сол маңдағы барлық хондарды қырып салады
Хин-Батырдың әйелі өзінің ұлын үлкен ыдысқа салып, Дуло өзеніне лақгырып жібереді де, өзі сол сәтте-ақ жаулардың қоршауында қалады. Әйелдің қолы мен аяқтарын дұшпандары кесіп тастайды, ол азапты жағдайда қайтыс болады
Микаэл Башту өзінің «Шаң қызы» дастанында бұғының су ішуге келген кезінде өзінің мүйізімен үлкен ыдысты іліп алып, баланы Жетісуға жеткізгені жайлы айтады
Сонда оны масғұттардың патшасы Мар өз қамқорына алып, өсіреді, жетілдіреді
Ол Қазан атты есімді иеленеді де, ер жеткенде Мар патшаның қызына үйленеді, ал өз руын енді Мардуан Дуло деп атайды. Сол арада өзге лагерьде тыныс-тіршілік етіп жүрген хондар жаңа патшаны - Хазарды сайлап үлгереді
Бұл жайлы есітіп білген Қазан масғұттармен бірге (өздерін бажанақтар деп есептейтін) Хазар патшалығына басып кіреді. Хондар сол арада-ақ Қазанның жағына шығып кетеді, ал Хазар қытай түріктеріне қарай қаша жөнеледі, сөйтіп, олардың көсеміне айналады
Қазан хиндерді Құбан судың (Хуанхэ) арғы бетіне тысқыра қуып тастайды да, сол тұста өзінің туы — найзаға бекітілген түрлі-түсті ленталы қызыл реңді жүн шары бар жалауын орнатады
Бұл аждаһа Ельбеген - хондар табынатын қанатты жыланның масғұттар қиялындағы бейнесі-тұғын
Масғұттар Елбегенді Баражд деп атайтын. Бұл хондарға ұнамайтын, олардың Елбеген туралы өзіндік бейнесі бар еді
Және де олар масғұттардың туын Ежіктің байрағына ауыстыруды талап етті. Патша бұнымен келіспей, бұл жайлы әңгіме қозғауға мүлдем тыйым салды
Хондар 400 жыл бойы мұндай қорлық пен зомбылыққа көнуге тура келді және өздерін қоршаған Дуло руының масғұттарына жеккөрушілік пен кекке тола сезімдерін күшейте берді
Ақырында, Қазан Жілкі ұрпақтары тұсында хондардың шыдамының шегі күрт үзіліп, олардың басым бөлігі қытайлар мен түркімендерге иек артқан Хазар Дугар ұрпақтарына қосылды
Дугар сонымен бірге масғұттар мен үрмілердің араласы болған және үрмі тілінде сөйлейтін башқұрттардың қолдауына қол жеткізді
Олардың қонысы бажанақтардан солтүстікке және Хон тауынан батысқа түгелдей жайылды. Хон тауы мен Кушан шөл даласы аралығында, Хиннан солтүстікке қарай қырғыздар көшіп-қоныстанды
Дугар Жілкінің иелігіне басып кіргенде және оны тас-талқан еткенде, кейбір масғұттар қырғыздарға, қаңлыларға барып пана тапты
Дугар осынау қырғыздарды тізе бүктірген соң, олардың бір бөлігі Сабанның басшылығымен бажанақтарға бет бұрып, сабандар мен бажанақтарға кірігіп кетеді
Сабандар мейлінше көркем әуенмен қырғыз тілінде сөйлей бастады, өйткені оларға масғұттардың сөйлеу ерекшелігі елеулі түрде әсер еткен-ді
Құмандардың, оймектердің және басқа да Дугарға тәуелді болған қырғыздардың көсемі Сабанның ағасы Қыпшақтың есімімен аталған қыпшақтардың ұрпақтары сөйлеген қырғыз тілі қытай түркілерінің тілі әсерінен өрескелдеу әрі тұрпайылау естілетін
Бірнеше түркімен руларының сабандардың құрамына енуі нәтижесінде кірме тілдер жағдайы қандай болды...
Тас-талқаны шыққан Жілкі Дугарға бағынуына тура келді
Араға көп уақыт салмай, қорлық пен зомбылыққа шыдамай, Жілкі қарсы көтерілді, бірақ тағы да жеңіліске ұшырап, өлтірілді
Оның ұлы Бұлемар өзіне адал хондармен және масғұттармен батысқа қарай қашып, бас сауғалауға мәжбүр болды...
... Жетісудан өтерде масғұттардың басым бөлігі хондардан арақашықтықты ұзартты. Артта қалды...
Бұлемар да Жетісуда қалуға қатты әрекет етті, бірақ түркімен тайпалары қарсы шықты...» (Бақшы Иман. Жаграф тарихы. І-том, Орынбор. 1993 ж.)
Жоғарыда келтірілген көлемі ұзақ үзіндіге кейбір түсініктеме берелік
Масғұттар дегеніміз - бұл массагеттер деп тарихта белгілі болған халық
Сабандар мен бажанақтар бұлғар халқының құрамына енген
Хазарлар іргелі тайпаға айналып, кейін өз мемлекетін тіктеген
Мәтіннен байқағанымыздай, қыпшақтар мен қырғыздар - бұл бір халық
Қыпшақтар мен қырғыздар кейінірек Еділ Бұлғариясының оңтүстігіне қоныс аударып, тарихи үдерістерге елеулі түрде ықпал жасайды
Қазақтар бастапқыда қырғыз халқы немесе қырғыз-қайсақ атауына ие болады. Ал Қазан, Хин-Батыр және Хазар шамамен алғанда б.э.д. III ғасырда өмір сүрген
Балаәмір не себепті Жетісуға қарай қашып бас сауғалады және неге сол жерде қалғысы келді?
Өйткені, мүнда руластары - дулаттар өмір сүрді. Балаәмірдің басшылығымен дулаттардың әлеуетті әрі күшті бөлігі Еділ өзені маңына бет түзеді
Олармен бірге көш керуеніне қосылып, солтүстік ғүндардың, сабандардың, бажанақтардың, массагеттердің және басқа да тайпалардың қалған ұрпақтары жолға шықты
Әлсіз рулар мен тайпаларды бойларына жұтқан олар бірте-бірте айбарлы да қуатты күшке айналды. Мүндай құбылыс әлі күнге шейін әлемдік стратегияда кең қолданылады
Көштен қалып, олардың соңынан ілеспеген әлсіз дулаттар ендігіде Үйебан деп аталатын жаңа мемлекетті басқаруға кірісті
Оның құрамында албандар, суандар, шымырлар және басқалар болды
Бүл мемлекет 160 жылдан 490 жылға дейін өмір сүрді. Аталмыш ел-жүрт Қара Ертісте Гаогүй мемлекетін қүрған теле тайпасының қатты шабуылына шыдамай, жермен-жексен болып жеңіледі
Дулат руының Идель (Жеті ел) және күндердің (ғүндардың) еуропалық империясынан шыққан билеушілері
Б.э. II ғасырында көптеген халықтар әлем халықтарының ұлы көші секілді құбылысқа қатты толқулы еді
Көшпелілердің, яғни, көшіп-қонған адамдардың орасан зор ауқымы бірін-бірі қуалай озып, Азияның ең түкпірінен Еуропаға жақсы ғұмыр кешу үшін, мол табысқа кенелу мақсатында, шөбі шүйгін, суы тұщы мал жайылымдарын иелену үмітімен азабы мол, жолы ауыр сапарға аттанды
Оларды ешкім де құшақтарын ашып, алдарынан күтіп түрған жоқ-ты. Сол керуен көші үдерісінде олар талай мәрте жол-жөнекей соғысуға немесе келісімге келуге, әйтпесе, жергілікті түрғындарға соқтықпай жанамалап, жасырынып өтулеріне мәжбүр болды
Әр алуан шайқастар, тайталастар мен текетірестер және тәнге жабысқан кеселдер көшпелілерге ауыр зардабын тигізді. Тіпті, тұтас рулар мен тайпалар жойылып кетті, тек күштілері мен қайсар мінезді халықтар ғана тағдыр тайталасынан аман қалды
Жоқшылыққа ұшырап, талан-таражға, соққыға түскен ауыр жол көшпелі халықты шынықтырды, үміт отының сөнбеуіне әсері тиді, оларды мейлінше тәжірибелі әрі шыдамды, парасатты және пайымды етті
Олар жаңадан қоныстанған мекендерге өздерінің тәртіптері мен салт-дәстүрлерін, көзқарастары мен дүниетанымын алып келді. Өз кезегінде далалықтар өздері жеңіп алған халықтардан көп нәрселерді үйренді
Бойларына дарытты. Бұрынғы ұстындар күйреп, олардың үйінділері орнына жаңа әлем, бірақ өзгеше тұжырымдарға негізделген үдерістер құрыла бастады
Қази-Бараж бен Бахшы Иманның жазғандарына сай Еуропаның табалдырығына - Орал және Еділ өзендерінің жағалауларына алғашқылар қатарында дулат тайпасының күшті және бел қайысқан қалың бөлігі жақындады
Мұнда бұлғарлар мен угро-фин тайпалары тыныс-тіршілік жасаған ежелгі Идель мемлекетін бөлшектеу үдерісі жүзеге асты. Шақырылмаған қонақтар күшті, ержүрек және қайтпас, қайсар болатын. Олар өздерін сыйлатып қана қоймай, қорқыныш пен үрей туғызатын
Идельдіктердің үлкендері мәселені ақыл-оймен, парасатпен шешті. Ежелгі дәстүр бойынша идельдіктердің билеушісі Таш-Баш пен дулаттардың (дуло) билеушісі Агаржидің жекпе-жекке шығуы ұсынылды
Айтпақшы, жергілікгі тұрғындар өздерінің билеушісін жақсы көрмейтін, оның сараң және қаталдығын жек көретін. Ұзақты аңғармайтын Таш-Баш сауда-саттық саласына едәуір зардабын тигізді
Ол Кашанмен (Хорезм, Согдиана, Бактрия, Ұйғыр елі, Қорасан) сауда жүргізуге тыйым салды және саудагерлерге қысым жасады
Терең ойламайтын билеушінің жекпе-жек кезінде қайтыс болуы еділдіктердің күпті көңілін сейілтер еді. Олар ешбір қантөгіс, дау-дамайсыз өз мәселелерін шешіп, айбарлы да қайсар көшпенділермен арадағы жағдайды оңтайландыруға мүмкіндік жасалатынын білді
Идельдіктер мен дулаттардың ой-арманы мен үміті орындалды. Жекпе-жекте Агаржа жеңіске жетті. Тайталастың оң шешілуіне Таш-Баштың қарындасы Бояр-Қыздың күш-жігері де ерекше әсерін тигізді
Ол ағасы Таш-Баштың орнына жекпе-жекке өзге бір күшті жауынгер шығып, Агаржаның жеңісімен аяқталған соң, қоянжүрек ағасын шайқасуға мәжбүрлейді
***
Бояр-Қыздың іс-әрекеті тектен-текке кетпейді
Агаржа оған үйленді, сөйтіп, Идель мемлекетінде дулаттардың I патшалық әулетіндегі бірінші патшасы атанады
Таш-Баштың ұлы Шад-Банатқа қатысты мәселе де бейбіт жолмен шешіледі. Ол адамдарының бір бөлігімен Кавказға жетеді
Осы орайда ежелгі де көне замандарда адамдар күрделі де толғақты мәселелерді ойдағыдай шеше алғандығына қайран қаласыз
Сонымен, Агаржа бұған дейін идельдіктер арасында жалдамалы сабан-тархан (тәжірибесіз әскерлер, еріктілер және жалдамалылардың басшысы) лауазымына ие болса, енді патша тағына жайғасты
Кей-кейде оның есімі Ага-Ружа-жылтырақ шашты деген атпен кездеседі. Ол 150 жылдан 189 жылдар аралығында ел биледі
Дулаттар мен ежелгі бұлғарлардың (идельдіктердің) одағы сәтті болды. Идель мемлекеті одан да мықты болып, нығайды. Бұл орайда Агаржа мен оның ақылды әйелі Бояр-қыздың еңбегі елеулі
Агаржадан кейін таққа елеусіз патшалар:
Тоқшы- Барыс (189-210 жылдар)
Агаржа мен Бояр-Қыздың ұлы, одан кейін Барақ (210-235), Барыстың ұлы отырды
Идельдің атақ-даңқының еселей артуына Барыстың басқа ұлы Барынжар (235-271 жылдар) сүбелі үлес қосты
Ол аса куатты Римге қарсы шықты. Идельдіктер өздеріне қызмет жасап жүрген котрагтармен бірге күш қосып, 251 жылы римдік әскерлерді жеңіліске ұшыратты да, олардың көшбасшысы - императордың көзін жойды
Олар бұнымен тоқтаған жоқ, бұлардың Қара теңіздегі иеліктерін ұрлап, тонады, Дарвазанды басып алды. Римдікгер Еділге алым-салық төлеуден бас тартқандықтан, олар мұндай қатал іс-әрекеттерге қадам басты
Идельдіктердің келесі патшаларының өмір, қызметі жайлы деректер тарих беттерінде көрініс таппаған
Бірен-сарандары жайлы кішігірім деректер бар. Олар:
Барышжардың ұлы Кермес (III ғасырдың аяғы)
Кермес- тің ұлы Кешет-Бараж (ІІІ-ІҮ ғ.ғ.)
Кешет-Бараждың ұлы Алтыш (IV ғасырдың басы)
Соңғысы өте нашар патша болды. Ол елдің бөлшектенуіне қарсы тұра алмады. Алтыштың кезінде Еділ патшалығы алты бөлікке ыдырап бөлінді
Одан кейін оның ұлы Тағаның (IV ғасырдың екінші ширегі), содан кейін Алтыштың басқа ұлы Кама-Батыр Мажар (IV ғасырдың ортасы) патшалық құрып, билік жасады
Осынау билеушінің ұлы Еділдің батыс бөлігіне басшылық етті. Кама-Батыр мүлдем сенімсіз халде елге билік жүргізді
Патшалық үкіметтің тұрақсыздығы қолдап-қуаттауды талап етті. Мұндай жағдай туды да, бірақ бұл міндетті өзге тұлғалар жүзеге асырды
Ол - өзге дулаттардың өкілі Балаәмір (Бұлимар, Баламбер) есімімен тікелей баиланысты
Сонымен, дулат тайпасы (дулу, дуло) Идель мемлекетінің топырағына қадам басты
Мұнда оларды Идельдің билеушісі Кама-Батыр Мажар шын жүректен қарсы алды
Оған өзінің арғы жақтан қойылған туыстарының көмегі аса қажет болатын. Ол өзінің қызы Тұран бикені өзінің жаңа әскер бастығы, дулаттардың болашақ көшбасшысы Балаәмірге (Бұлимар, Баламбер) тұрмысқа берді
Тұран бике аты аңызға айналған ханшайым-патша Тұрандоттың бейнесіне айналды
Бұлимар қазіргі таңда Украинаның батысында өмір сүретін орыстардың аңызына Будимир есімімен мәңгіліккке енгені мәлім
Қажырлы әскери басшы әскери құрамада шешуші түрде реформаларды жүргізіп, жан-жаққа ыдырай бастаған тайпаларды біріктіруге күш салды
Кама-батырдың ұлдары бүкіл халыққа билік жасауға қабілеттері кемшін еді. Тайпалардың үлкендері жаңа патша тағына патша етіп Балаәмірді (Булимар, Баламбер, Бұлимар-Шәке, Будимир, Башимир, Баламер) жариялады
Ол 363-378 жылдар аралығында ел басқарды. Ол дулаттардың екінші патшалық әулетінің негізін қалаушы болды. Жаңа билеуші Идельдің барша тайпаларын біріктіре алды, мемлекеттің негізін нығайтты, аландарды бағындырып, Қара теңіз маңындағы византиялық шаһарларды жаулап алуға даяр тұрды
Ұлысты (бұлғарлар өз мемлекетін осылайша атайды) нығайту үдерісі елде жаппай белең алған қуаңшылықпен жабырқата түсті. Малдардың азып, арып-ашып, өлім-жітімі көбейді
Мұндай жағдайда Балаәмір Еділ астанасын Поволжьеден Қара-Сакланға (Украина) көшірді. Билеушінің ордасы Қан-Балында (қазіргі Киев) орнықты
Балаәмір 378 жылы қайтыс болды. Ол биік жотаға жерленді. Киевтіктер оның жерленген жерін Шәке (Шек, Шековица - орысша) деп атап кетті
Дулаттардың ұлы билеушісі Балаәмірдің ұрпақтары Еуропадағы көптеген билеуші әулеттердің негізін қалады. Оларды балаәміридтер ұрпақтары деп атауға болады
Атап айтқанда, дәл солар Еуропаның ұлан-байтақ территорияларына билік жүргізді
Идельдің келесі билеушісі Алып би немесе Алып Абай
Арбат (378-402 жылдар), яғни, Балаәмір мен Тұран бикенің үлкен ұлы болды
Ол елді 24 жыл бойы басқарды. Ол дулаттар мен бүлғарлардың аса қуатты қарсыластары, нақтылап айтқанда, византиялық император Валенттің әскерлерін тас-талқан етуге қабілетті екендігін және бір рет дәлелдеді
Мінеки, осылайша бұлғарлар әскерлері дулаттардың билеушілері басшылығымен атақты римдік-византиялық легиондарды жеңе білуге үйретті
Алып би Дунай мен Днепр арасындағы үлан-байтақ жерлерді әскери аттардың жайылуы үшін бөлінген өз иелігіндегі меншік деп жариялады
Алып биден кейің таққа оның үлкен ұлы Қаратүн (Қаратән, Қаратон) (402-414 жылдар) көтерілді. Үлкен күш-қайратқа ие жаңа билеуші палуандар белдесетін Крещатикге (Крешатаке, Күресшатық) қазіргі Киевтің басты алаңында палуан ретінде даңқы шықты
¥лы тархан (орыс тархан), яғни мемлекет басшысы Мыңсақ (Муенчак Айбат, Мунджук, Мынзык, Монзук, Бунчук, Моншақ) болды. Ол Алып бидің інісі еді
Мыңсақ Аттиланың әкесі ретінде тарихтан мәлім. Мыңсақ Киев тауында атасы Балаәмірдің жанына жерленген
Азиядан Еділдің ұлан-байтақ территориясына ғұндар деп аталатын көшпенділердің жаңа толқыны басып кірді
Дулаттың билеушілері оларды өздерінің қанатының астына алды. Ағылып келе жатқан көшпенділер мемлекет халқының санын арттырып, әскер қатарын нығайтуға елеулі ықпал жасады
Бірте-бірте идельдіктер Рим, Византия, франк-герман және славян тайпалары үшін айбарлы да қаһарлы күшке айналды. Олармен әлеуеті мығым мемлекеттер санаса бастады
Идель мемлекеті Рапильдің (Ругиль, Орыс-Ружа Бургас) (414-434 жылдар) уақытында одан әрі нығайды
Бұл да Алып бидің ұлы болатын. Рапиль хан (Равиль) өз жеңістерімен Византияны да, Рим империясын да іргесін шайқалтып, қабырғаларын қақыратты
434 жылы таққа Мыңсақтың ұлдары, ағалы-інілі Бегім (Бледа) және Аттила (Еділ) отырды. Көптеген византиялық және римдік авторлар Бегім ханға (Бледа, Булут) (434-435 жылдар) қызметі мен мінез-құлқына теріс баға береді
Дулаттардың аса ұлы билеушісі, Мыңсақтың екінші ұлы - Аттила (Туки, Аттиле, Айбат, Тукал, Тохал, Атила, Этцель, Ат, Аудан Дуло, Еділ, Әділ, Мышдаулы, Ескендір)
Ол 434-453 жылдар аралығында мемлекет басқарды. Аттила құрамында әртүрлі 45 тайпаның өкілдері бар 500 мың әскерімен бүкіл Еуропаны дерлік басып алды
Оның Дулат - Күн (Ғұн) империясы Сена мен Рейн өзендерінен бастау алып, Енисейге дейінгі территорияға жалғасты. Аттила Еуропаның көптеген қалаларының күлін көкке ұшырды
Оған Рим мен Византия алым-салық төледі. Аттиланы сол уақыттардағы адамдар Құдайдың Бәлесі деп атады. Оның Батысқа бет алған тегеурінді шайқастарының қарымы қатты болғаны соншама, ол көптеген халықтарды, олардың тілі мен мәдениетін араластырып, сапырып жіберді
Далалықтардың билеуші ордасы өзге ортаға баса-көктей кіріп, бірте-бірте еуропалық халықтар қатарына кіріге бастады. Аттиланың өз астанасын Хон-Балын ауылынан (кейінірек Киев) Венгрияға, содан соң Германияға көшіруі бостан-босқа емес
Аттиланың шайқастары мен жеңістері хақында көптеген кітаптар жазылды. Біз осы орайда көпшілікке онша мәлім емес деректерге назар аударалық
Мәселен, Рейхан Бұлғари, XII ғасырдағы бұлғар ақыны Аттиланың (Туки) Жылқы жылы дүниеге келгенін жазады (Бахши Иман. Жаграф тарихы. 3-том. Орынбор. 1997 жыл)
Ол Аттиланың анасы қырғыз тайпасынан екендігін, ал оның қарындасының есімі Харька болғандығын (Харьков қаласының атауы осыдан шығатындығына дау жоқ) мәлімдейді
Аттиланың өлімі өте жұмбақ. Авторлардың көпшілігі оның Ильдико есімді қалыңдығының қолынан үйлену тойы күні қайтыс болғандығына сенімді әрі осы деректі көбінесе алға тартады
Және басқа да болжамдар жеткілікті. Мәселен, IX ғасырдағы бұлғар шайыры Микаэль Башту өзінің «Шан қызы дастаны» жырында Аттила Киев тауына көтерілген кезде өз ажалымен өмірден өтті дейді
Өмірден озған соң оның денесі салынған табытты жақын-жуықтары алтын шынжырлармен ағашқа іліп қояды, соңыра оны Днепр өзенінің түбіне жерлейді.
Рейхан Бұлғари өзінің «Қыпшақ даласының гүлдері» жырында Аттиланы жылқы жылында улы жылан шағып, соның салдарынан ажал құшты деп жазады
Бақилық болған жанның денесін табытқа салып, ағашқа іліп қойды дейді ақын. Қатты жел тұрып, табыт жерге құлайды. Содан соң Аттиланы Днепр өзенінің түбіне жерлейді
¥лы адамдардың мүрделерін өз ұрпақтары, жақын-жуықтары, замандастары өзгелерден тыңғылықты әрі тиянақты түрде көзден таса ұстап, жасырғанын айтқан жөн. Кейінірек ұры-қарылар қайтыс болғандардың табыттарын ашып, бүлдірмеуін калаған олар
Ал өлген жаннын денесін ағашка Іліп кою - бұл ежелгі салт- дәстүр. Ол кейбір қазақтарда XIX ғасырға дейін сакталды
Әдетте мұндай үрдістер кыстың мезгілінде жасалатын. Сол уакыттарда, сол сәттерде жердін тоңы қатып, топыракты казу әрекеттері киын болғандыктан, бүндай жоралғылардын болуы заңды әрі табиғи дер едік
Аттиланың көп есімдері болды. Әрбір халык оның есімін өзінше атады. Германдыктар оған Этцель есімін тақты. Еуропалыктар Аттила деді
Қазақтар Еділ деп біледі. Бұлғарлар - Атиль деп атайды. Микаэль Башту оны бірнеше есіммен белгілейді
Атап айтқанда, Аудан Дуло, Ат, Атиль деп, ал Рейхон Бұлғари оны Тука деп атауды колайлы санаған
Кейбір зерттеушілер Аттиланын есімін Итиль (Еділ, Волга) өзенінін атауымен байланыстырады
Қази Бараж бен Бахши Иман онын есімін Идель (Еділ) мемлекетінін дыбыстық өзгеруінен пайда болған Атиль есімі деп санайды
Кейбір адамдар онын есімі атлы, атли, яғни, аты белгілі, атакты деген мағынаны білдіреді деуге бейім
Сондай-ак, біркатар зерттеушілер Аттила сезінің түп-төркіні аттылы дегенді немесе ата, аталы деген сезді аңғартады деп түсіндіреді
Бір ғана мәселе осы орайда анык, бұл - тарихи белгілі бір уакытта өмір сүріп, өз заманына айрықша әсер еткен ұлы тұлға есімі, ұлы дулат баласы казіргі таңда да адамзаттың акыл-есі мен санасын сәулелендіріп, ойына қозғау салуда
Аттила хақында көптеген ғылыми және көркем кітаптар, мақалалар жазылған, ал композитор Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Кинорежиссерлер де шетте қалған жоқ
Оның есімімен Еуропа елдерінде көптеген көшелер аталған. Аттила есімін көптеген түркілер иемденген. Онын бейнесін ескі монеталар мен суретшілердің белгілі картиналарынан табуға болады
Аттила көптеген халыктардын ұлтгык батыры болып табылады. Ол - әлемдік ауқымдағы тарихи ұлы тұлғалардын бірегейі
Күндер (ғұндар), дулаттар, бұлғалар Аттила дәуірінде мейлінше окыған, тоқыған, көзі ашык, көкірегі ояу халыктар болатын
Ғұндардын сәулет кұрылыстары болатын. Аттиланын медальдары мен монеталары, оның казынасы табылды. Онын кезінде жазба өнері өмір сүрді, өзі іздеу салған кашкындардын тізімдері сақталынды
(Википедия. Аттила)
Бұл фактілердің бәрі де күндер (ғұндар), дулаттар мен бұлгарлардың дамуы айтарлықтай жоғары денгейде болғандығына дәлел болады
Аттила өзінен кейін әртүрлі және сан келбетті тұрғындары бар ұлан-байтақ империяны қалдырды. Осынау қолдан жасалган мемлекеттік құрылымның өзегінде аса күрделі, әрі қарама-қарсы күштерге тола қуатты иірімдер мен қыртыстар көзге көрінбеген, құпия түрде жасырынып жатты
Ал мемлекетті біріктірер күштер бар-жоғы мысқалдай ғана еді. Елден тыскары және ел ішінде Аттила империясының ыдырауына кызығушылык таныткан күштер өте күшті, әрі мығым да болатын
Мемлекеттің шайқалмас шаңырағы мен ауыр жүгін оның деңгейіндегі билеушілер ғана ұстап калатындығы айдан анық-ты. Аттила мұрагерлері арасында мұндай тұлғалар жоқ болатын
Соның нәтижесінде, империяның қабырғалары біртіндеп сетіней бастады
Бірақ ұлы жаулаушының мұрасы тарих шежіресінде ізім-қайым жоғалып, көзден таса болмады, керісінше, империя бірнеше әрі тұрақты түрде өз бетінше дамуға қабілеті зор мемлекеттерге бөлінді, сөйтіп, олар жаңа заманға, оның төріне жаңа есімдермен шықты
Және де Аттиланың көпсанды ұрпақтары оның даңқты істерін одан әрі жалғастырды
«Бұлғар хандарының атаулары» кітабы, Микаэл Башту, Қази-Бараж, Бахши Иман еңбектері дулаттардың билеуші әулеттерінің түбегейлі жеңіліс таппағандығын, белгілі бір қиындықтар мен күрделі мәселелердің туындағанын мойындайды
Бұндай жағдай Аттила мұрагерлерінің арасында пайда болған қарама-қарсылықтар мен ашық және іштей текетірестерге байланысты орын алды, сондай-ақ үлкендердің билікті Одоакрге беруді қалаған ниеттеріне орай күн тәртібіне көтерілді
Одоакр - Едіге бидің баласы, Аттиланың кеңесшісі тұғын. Олар мейлінше қабілеті қарымды Одоакрдің тарихтың және тағдырдың өзіне және иығына артқан ауыр жүгін көтере алатындығына нық сенді
Мұндай ұсынысқа бірнеше ықпалды мемлекеттер үдере көтеріліп, қарсы шықты. Соның ішінде Аттиланың ұлдары - Иллак, Теңіз, Кермек (Ернақ), мүмкін Ерназар мен Ұзынтұра да аталған тұлғаны қош көрмеді
Сол кезде табиғи қабілет-қарымы күшті Одоакр өзіне сенімді адамдармен бірге герман тайпаларының басын біріктіріп, Ежелгі Римдегі императорлық билікті түбегейлі және біржолата күйретіп жіберді
Германдықтар арасында сикамбр тайпасы кездеседі, олар бір кездері дулат тайпасының ұрпақтары болуы да ықтимал
***
Иллак, Теңіз және Кермек өз адамдарын германдықтар ортасынан шығарып, Дунай мен Приднепровьеге қарай көш бетін түзеді
Осы кезенде Аттила империясы бірнеше бөліктерге:
Қара Бершіт (Дунай-Украина территориясы)
Ақ Бершіт немесе Ішкі Еділ (Еділ-Орал территориясы және Ескель (Ескі ел, Ескі жұрт) (Батыс Сібір) болып бөлшектенді
Ал Предкавказье (Кавказ маңы) бірде алғашқыларына, бірде екіншісіне ауысып отырды
Бірге- бірте аварлар мен хазарлар өз мүдделеріне сай оңашалануды көксей бастады
***
Аттиладан кейін таққа дулат руынан мына билеушілер жайғасты:
- Иллак (Ирник) Абы-Дуло (Абдулла) Бүйірлі (түркіше - ел лағы) (453-454 жылдар)
- Аттиланың үлкен үлы Теңіз (Таныш) Хурса (454-469 жылдар)
- Аттиланың ортаншы ұлы Кермек, Кернек немесе Бел-Кермек, Ирник, Хернак (Ернак)
- Ирна (463-489 жылдар) Аттиланың кіші ұлы
- Шалак (Чаллы би немесе Байгы, Хин, Ибер-Сәбер, Африсиаб, Аудан (463-532 жылдар)
- Иллактыңұлы Ружа-Жұраш Масғұрт (489-505 жылдар)
- Кермектің ұлы Баңжа-Татра Банат немесе Мундо (505-520 жылдар)
- Ружа-Жұраштың ұлы Бөлек-Бұлғар Жылқы немесе Болох (520-522 жылдар)
- Банжа-Татраның үлкен ұлы Күштан немесе Бирман, (Елбір (Алвар)
- Үгез, Үгер, Гостін, Гөрді (527-528 жылдар)
- Ружа-Жұраштың ұлы Мөгер немесе Мүгел, Маугеріс (528 жылы)
- Ружа- Жұраштың ұлы Боярқыз (520-535 жылдар)
- Бөлек-Бұлғардың әйелі Саба-Жүрген немесе Су-Бүрген, Заберган, Катраг (531 -563 жылдар)
- Күштан-Бирманның ұлы Боян-Шелбір немесе Сандуғаш, Шан Талғау, Синдилх, Утрек (535-590 жылдар)
- Бажа-Татраның ұлы Асқал Келбір (Алуар немесе Түбжан) (563-593 жылдар, Боян-Шелбірдіңұлы
- Албөрі (Асқар Асқал (593-603 жылдар), Асқар Келбірдің үлкен ұлы
Билеушілердің тізімі Бахши Иманның кітабынан («Жаграф тарихы». 3-том. Орынбор. 1977 ж.) алынды
***
Аталған хандардың әрбірі мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне өз үлестерін қосты, бірақ олардың іс- әрекеттері мен қабілет-қарымдарының мәні мен маңызы өздеріне тиесілі иеліктердің шегінен ары қарай аспады
"Дулаттар" атты кітабынан үзінді