«Оңтүстіктегі хуну және Дуло» атты ғаламтор мақаласында қызғылықты мағлұматтар бар

«Меті қағанға (Мөде, Маодунь) Ашына руы да кіреді, бұлар Батыс Түрік қағанаты мен Хазар елін 300 жылдан астам уақыт бойы биледі

 

Меті қағанға (Оғыз ханға) және оның әкесі Түменге бүкіл ғұндар, түркі қағандарының түп- тамыры, яғни, генеалогиясы жетелейді

 

Еуропалық ғұндар елінің негізін қалаған Балаәмір Метінің 15- ұрпағы, 46-жылы билік құрған Шіші қағанның 5-ұрпағы болғандығы белгілі»(сілтеме)

 

Біздің көзқарасымызша, Балаәмір өзінің генеалогиялық бастауын шаньюй Мөдеден алатыны шындыққа жанасады

Мөденің ұрпағы Балаәмір ғана емес, оның інісі Шыңғысханның арғы атасы Бөржігін де болған


¥лы далада тақ мұрагерлігі үдерісі мен дәстүрі жоғары бағаланған және ұлықталған, оны ешкім де, ешқашан да бұзбаған


Жоғарыда келтірілген «Оңтүстіктегі хуннулар мен Дуло» атты мақалада былай деп расталады:

 

«Прицак бойынша билеуші ғұндар - бұлғарлар руы өздерінің шығу тегіне қарай ұлы хұндар императоры Метенің Ти- ки (Ти-Ки, Ти-То, бо-Клак, дио-кіо, Doulo секілді фонетикалық өзгерістерге үшыраған) әулетімен байланысты

 

Аттиланың кіші ұлы Ирнек, мәселен, бүлғарлар хандары арасында да, сондай-ақ венгриялық Арпад корольдері ішінде де еске алынады

Бұдан өзге, Арпадтар өздерінің тікелей этникалық қатысы бойынша куноктарға (венгрлердің қүжат көздерінде олар солайша аталған) жататын еді» (сілтеме)


Аттиланың өзінің генеалогиялық ұрпақтары айтулы ортағасырлық «Бұлғарлар хандарының атаулары» жазбаша мұра көзінде мейлінше жақсы көрініс тапқан

 

Болгарияның белгілі жазбаша ескерткіші біздің жоғарыда баян еткен тұжырымдарымыздың берік негізі болып табылады. Айтпақшы, көрнекті академик М.Н.Тихомировтың аудармасына ешкім де шүбә келтірген емес

 

Ғылыми әлемде бүл аудармаға лайықты орын беріліп, мойындалған. Атақты ғалым Н.А.Аристов өз еңбегінде «Заметки об этническом составе тюрских племен и народностей и сведения их численности» осы жазба ескерткішке сараптама жасады

 

Ол қосымша мәліметтер беріп «Именниктің» жақсы жақтарын нығайтты


Аударма мәтіні төмендегіше берілген:


Атаулар академик М.Н.Тихомировтың транскрипциясында, яғни дыбысталу түрінде:

Дулаттар жайлы бұлғар жазбасында

 

Сонымен, ортағасырлық бірегей туынды мәтіні арқылы Дуло (Дулат) руының өкілдері болып табылатын Аттиланың (Авитохоль) генеалогиялық тамыры айқын аңғарылады

 

Берілген деректер ортағасырлық бұлғар авторлары:

Микаэль Башту

Рейхан Бұлғари

Құл Ғали

Қази Бараж

Бахши Иман және басқалардың да еңбектерінде расталады

 

Ғалым С.В.Трусов былай деп жазады:

 

«Дуло руының атауы сондай-ақ бірқатар венгр, византия, араб және парсы дереккөздерінде айтылады.

Бұл руға Еуропаға 375 жылы басып кірген ғұндардың билеушісі Баламбер (Бұләмір) де жататынын еске салайын

Дуло руынан Аттила және Қара Бұлғардың, Еділ Бұлғариясы, Балқан Болгариясы және Арпат (Арбад) арқылы Венгрияның одан кейінгі билеушілері болған»

 

(С.В.Трусовтың «Дуло әулетінен тараған Рюриковичтердің шығуы туралы» мақаласы) (сілтеме)
 

Аттиланың руының белгісі

Дуло (дулат), (Атгиланың руы) руының белгісі
(сілтеме)

 

Қазіргі заманғы бірқатар тарихшылар да бұл генеалогиялық тізбекті ақиқат шындық деп есептейді

 

Ең ақырында, тағы бір бұлтартпас деректердің бірі - Аттила және оның ұрпақтарының дуло (дулат) руына жататындығы жөнінде оның рулық таңбасы дер едік

 

Мәселен, 1989 жылы Перм губерниясындағы Чердынск уезінде Керчев деревнясында адам таңқаларлық олжа табылды

 

Ол - Аттиланың екінші ұлы Диггизихтың (Теңіз хан) тостағаны еді

 

Аттиланың екінші ұлы Теңіз ханның табақшасы


Бірінші қатардың соңында өрнектеліп жазылған Диккиздің (Теңіз хан) таңбасына назар аударыңыз

 

Аттиланың екінші ұлы Теңіз ханның тостағанындағы жазбалар


Тостағанның арғы бетіндегі жазу белгілері

 

Тостағанның шеттерінде дулаттардың таңбасы айқын көрінеді

Тостағанның арғы бетінде тұран (батыс ғұндар) жазуы өрнектеліп былай деп жазылған:

 

Данышпан Диккиз корольдің соққысынан сақтан! Арғы дүниедегі Құдайдан имен!


Сонымен, сіздердің көз алдарыңызда дулаттардың екі таңбасы айқын көрінеді. Дәлелді қажет етпейтін мықты уәж осындай болса керек


Осы бір қызықгы, әрі танымы мол сипатқа ие материалды ғаламтордан «Диггиз тостағаны» атты мақаладан («Татар газеті») байқадық


Белгілі ғалым Қайрат Закирьянов өзінің «Шыңғысханның түркілік оқиғалары. Қазақтардың қасиетті аңыздары»

(Алматы. Жібек жолы, 2008, 210 б)  кітабында былай деп жазады:

 

«...Каталун жоталарындағы шайқас кезінде ғұндар мен Аэцийдің басшылығымен Еуропаның біріккен әскерлері арасында Аттилаға жақын маңдағылары: «О, толағатай!..» деп дауыстап ұрандады»

 

Біздің көзқарасымызша, бұл сөз дулат ата (толағ, дулағ, дулат) және ата - (агай, әке) деген мағынаны білдіреді


* * *
Біз үлкен куанышқа бөлендік - Аттиланың шежіресін таптық!

 

Кезінде оны атықты неміс қытайтанушы профессор Ф.Хирт жариялаған

 

Бұл шежірені ол XV ғасырдағы венгер жазушысы, Туроц қаласының тұрғыны Иоаннадан көшірген

 

Ол еңбек «Сһгопіса Нипgагогum» деп аталады

А.Н.Бернштам өзінің еңбегінде «Очерк истории гуннов» Л. ЛМУ, 1951 жазады:

 

«Ф.Хирт склонен был вести родословную Аттилы от Модэ и пытался найти имена гуннских шаньюев в венгерской хронике Иоанна из Туроца о предках венгров» 

 

Басқа ғалым К.А.Иностранцев «Хунну и Гунну» Л., 1926 атты еңбегінде былай деп жазады:

«Хирт объясняет имя основателя хуннского государства Мао-Тип (Мао-дунь) из турецкого Вакtur (Бактур, Багадур)... Отожествляя Хунну и Гуннов, он считает Хунну древнейшими Турками»

 

Мөденің ұлының есімі қытайша Лаошангиюй, ал Хирт пікірінше ол есім немесе лауазым болуы мүмкін. Иоанна шежірені гүндердің немесе мадьярлардың батырлық жырларынан алған деп осы ғалым болжайды


Ф.Хирттің мақаласы Аттиланың шежіресімен Известии императорской Академии наук. 1900. сентябрь, т.ХІI, №2 жария көрген 


 

Атилланың шежіресіАттиланың шежіресі

 

Туроц қаласының тұрғыны Иоаннаның венгр тілінде жазылған Аттила шежіресіндегі түркі есімдерді танымастан өзгертілген

 

***

Енді біз осы шежіредегі құпияларды ашуға әрекет етейік

 

Аттиланың шежіресіАттиланың шежіресі

Аттиланың шежіресі

 

 

Орыс тілінің пайдалану себебі - ол түрік, венгр, неміс тілдерінің байланыстыратын құралы деп есептейміз. Көне және орта ғасырларда славяндар, венгрлер және германдар тығыз араласып, өмір сүрген

 

Бұл жағдай олардың тілдік зандылықтарына әсер еткені бәрімізге мәлім

 

Бұл шежіренің ерекшелігі - Нұх пайғамбар мен Япас- тан басталуы. Бұл жағдай түрік шежірелеріне тән нәрсе

 

Сондай-ақ, Еуропадағы балбалтастар арасында да зерттеушілер көптеген олжаларға кенелуде

 

Мәселен, Збручтегі тас балбал 1848 жылы Украинаның батысында Збруч өзенінен табылды. Бұны көпшілігі славяндардың тәңіршілдікке табыну ескерткіштерінің біріне балады. Олардың бірде-біреуі де балбал тастардағы кеуде тұстағы таңбаға көңіл бөлмеді

 

Тастардағы өрнектердің үш деңгейі бұл да тәңіршілдіктің жоғарғы, орта және төменгі әлемі болып табылады

 

Ал славяндықтардың табынатын заттары тек қана ағаштан жасалатын-ды

 

Збруч өзеніндегі балбал тастардағы Дулаттардың таңбалары

 
Збруч өзенінен табылған балбал тастардағы кеуде тұстағы дулаттардың таңбасы. Батыс Украина. «Тарих жұмбақтары» журналы  №30, 2014

Балбал тастар 

Мұндай қашалып жасалынған балбалтастар Ресей және Қазақстанның көптеген территорияларынан табылған

 

 

Литва территориясында да ежелгі дулаттарды жаппаи жерлеудің қорымдары табылған

 

Бұндай жағдай зираттардағы жерленгендердің басына қойылған тас плиталардағы ежелгі дулаттардың күн таңбалы белгілерімен расталады

 

Литва зираттарындағы Дулаттардың таңбалары

Күн белгілері бар дулаттар мен айқыш белгілі христиандардың зираты. Литва. Шауляй қаласы маңындағы Юргайчу жотасы

«Тарих жұмбақтары» журналы №45. 2015 жыл

 

Тастағы "Гедиминнің бағанасы"

 
Тастағы «Гедиминнің бағанасы». Литва. Рамбинас жотасы. (Дулаттардың таңбасы)

 

Айтпақшы, Аттиланың ұрпақтарына қарай

- литвалықгар

- поляктар

- чехтар

- хорваттар және бірқатар Еуропа халықгарының билеушілері мен атақ-даңқы әйгілі тұлғаларының тамырлары бастау алады

Пруссияда Романовтардың патшалық әулеттерінің арғы ата-бабалары өмір сүрген


Найза ұстаған түркі жауынгерлерін ұлан деп атаған, мұндай атауға XVI ғасырдағы поляк жеңіл атты әскерлері ие болған


Түркілер сыртқы иыққа жамылагын киімді шапан деген, ал поляктар мен украиндар бұны жупан дейді


Поляк және украин сөздеріндегі кобзарь сөзі түркі сөзіндегі музыкалық аспап - қобыз деген сөздің фонетикалық өзгеріске түскен өзгеше түрде айтылуының керінісі

 

Польшада поляк тілінің кашуб диалектісінде сөйлейтін этнографиялық тобы жұмыс жасайды

Поляк тіліндегі пан сөзі түркіше паң, маңгаз, өзін жоғары ұстайтын, көңілін ешкімге бермейтін адамға қатысты мағынаны аңғартады

Поляктардың билеуші қауымы, яғни, паңдар (пандар) түркілерден болатын

Поляк королі Сегизмундтың есімі түркіше сегіз мұң деген мән мен мағынаға ие екендігі көрер көзге ашық әрі айқын екендігіне ешкім дауласа алмайды

 



Аттила ерекше ықпалы бар абыздарға - аббаттарға иек артты. Дулаттар мен үйсіндердің бөлігі болған олар күндердің (ғүндардың) діни қызметкерлерінің өкілдері еді

 

Әрі айрықша, әрі өте терең де ауқымды білімге ие тұғын. Абыздар тәңіршілдіктің негіздеріне және көшпелі елдің пәлсапасын өздерінің көзқарасы мен дүниетанымына, тыныс-тіршілігіне тірек етті

 

Олар жазба дәстүрді жетік білді. Рим папасы және оның төңірегіндегілер олардың интеллектуальдық қызметтерін оңтайлы пайдалануға мәжбүр болды

 

Мәселен, Римдегі Ватикан кітапханасында сақталынған Таураттың ежелгі мәтіндерінің бірі - Псалтырь түркі тілінде жазылған, оны V-VІ ғасырларда Римге Доннан, Тан (Таң) қаласынан әкелген» (Мұрат Аджи. Азиялық Еуропа)

 

Мұрат Аджидің (Әжінің) кітабында католик шіркеуінің көптеген діни қызметшілері мен реформаторлары ғұндардың абыздары қатарынан шыққандығы жайлы айтылады

 

Құдайға құлшылық жасау, діни киім-кешектер мен шіркеуге тиесілі құрал- жабдықтарды католикгер тәңірге табынушылардан алған


Түркілер тарихын зерттеу ісіне аса мол еңбек еткен және бір белгілі ғалым далалықгар мен Батыс Еуропа тілдерінен тікелей әрі тығыз, өзара байланысты тауып отыр

 

Ол былай деп жазады:

«Вильгельм Томсен сепкен дәндер өсіп шықты, олар құнарлы топыраққа түсті. Мәселен, онша насихаттап айтпаса да, герман және түркі тіл білімінің бірлігін дәлелдеген, олар шын мәнінде классикалық үлгі болып саналатындығын растаған академик М.Жирмунскийдің (1891-1971) жұмысы жарық көрді

 

Бұл бағытта әкелі-балалы Кызласовтар да құнды материалдарымен көшпілікке танымал, әйтсе де, оларға түркіліктер бүгінгі күнге дейін тиесілі түрде назар аудармай келеді (Азиялық Еуропа)


Сонымен бірге күндер (ғұндар) өздерінің жазу-сызуына ие болатын

 

Зерттеуші Сергей Парамонов (Лесной) өзінің «Сен қайдансың, Русь?» кітабында былай деп жазады:

 

«Прискінің мәліметінше, біз Аттиланың қандайда бір жазуларының болғандығын білеміз; мәселен, Аттила іздестіріп жүрген қашқындардың тізімдері бар еді және олардың Рим мен Византиядан қайтарылуын талап еткен-ді. Бұл жазбалардың қашқындың тізімі үшін әдейі жасалмағандығы еш шүбәсіз дейміз. Бірер жылдар емес, ұзақ уақыттар бойында Еуропаның тағдырына ықпал жасаған ұлы тұлғаға жазу-сызу уақыт талабынан туындаған-ды


Ақыр аяғында, «Ғұндардың тарихында» өте ұзаққа созылған құлдырау кезеңі жайлы айтпай, үндемей кетуге болмайтындығын ескерген жөн. 791 жылғы оқиғалардың бірінде Энс өзенінің баварлықтар мен ғұндар арасындағы шекара шегі сипатын атқаратындығы айтылған. Демек, ғұндардың ықпалы VIII ғасырдың соңында да анық байқалған»

 


Сонымен жоғарыда келтірілген деректер күндердің (ғұндардың) ешқайда кетпегендігін, олардың көзден мүлдем таса болмағандығын, керісінше, бұрынғысынша Батыс Еуропаның қақ ортасында әлі де ұзақ ғасырлар бойы ғұмыр кешіп, іс-әрекет жасағандығын тағы бір мәрте айғақтайды

 

Олардың тілі герман тілінің табиғатына берік әрі нық түрде енді және өзге де еуропа халықтарының тілдеріне ерекше ықпалын тигізді

 



Ғұндардың кең тынысты іс-қимылдары өте ауқымды болды, олар жер шарының түкпір-түкпіріне қадам басты. Сіңді. Бейімделді. Мол әсер етті. Олардың іздерін географиялық картадан айқын аңғара аламыз

 

Мәселен:


Сібір бағыты
Тянгун қаласы (Алтай өлкесі)
Янгуновский қаласы (Кемерово облысы)
Аргунь өзені (Амур өзенінің саласы)
Амгунь өзені (Амур өзенінің саласы)

 

Аргунь жотасы
Нарасунь қаласы (Чита облысы)
Приаргуньск қаласы (Чита облысы)
Кайдусун өзені, Идигарка саласы
Ортьягунь өзені, Тур өзенінің саласы
Сунтар өзені, Колыма өзенінің саласы
ОртаАзия багыты
Сейхун өзені (Сырдария)
Жейхун өзені (Амудария)
Баласағұн қаласы
Рогун қаласы (Тәжікстан) 
Гунт қаласы (Тәжікстан) Шаргунь қаласы (Өзбекстан) Кавказ багыты Хунакертөзені Аргуньөзені
Аргунь қаласы (Шешенстан) Гуниб қаласы (Дағыстан) Сунжаөзені


Еуропа бағыты
Карсунь қаласы (Мордовия)
Шахунья қаласы (Новгород облысы) Суна қаласы (Киров облысы)
Гундуровка қаласы (Донецкінің бұрынғы атауы) Хунгария (Венгрия)
Хунедоаре (Румыния) Бургундия (Франция) Хунар өзені (Испания) Ла-Лагуна қаласы (Испания) . ~ Сагунто қаласы (Испания) Бренейсун қаласы (Норвегия) Кристиансунн қаласы (Норвегия) Фарсуни қаласы (Норвегия) Трусунген (Норвегия) Хуннаван қаласы (Швеция) Сундеваль қаласы (Швеция) Гунбьери таулары (Гренландия)

Қытай бағыты
Сунгари өзені, Амур өзенінің саласы Гун-Нарийн қаласы (Монғолия) Гунгашань таулары (Қытай) Дунфанхун қаласы (Қытай) 
Хунань шеткері аймағы (Қытай)
Хуньчун қаласы (Қытай)
Цианхун қаласы (Қытай)
Цзыгун қаласы (Қытай)
Циньхун қаласы (Қытай)
Аргун-Юци қаласы (Қытай)

***
Корей багыты
Чхунму қаласы (Оңтүстік Корея)
Сунчхой қаласы (Оңтүстік Корея)

 

Жапон бағыты
Ягуни аралы
Ионачуни аралы


Бирма бағыты
Рангун қаласы (Бирма) I
Лампохун қаласы (Тайланд)

***
Үнді бағыты

Ярхун өзені (Пәкстан)
Гуна қаласы (Үндістан)
Гунтур қаласы (Үндістан) Я Я
Гунтакал қаласы (Үндістан)

 


Егерде ойша толғансақ, ой-пікірлерімізді бір арнаға тоғытсақ, барлық ежелгі күндерді (ғүндарды) Орталық Азияға бастарын қоссақ, онда олардың үрпақтары қазіргі заманғы Қытай және Үнді елдерінің жалпы түрғындары санынан анағұрлым көп болары хақ

 

Күндердің (ғұндардың) тарихы халықтардың, адамзат баласының тағдыры өзіндік сипаттар мен болжамға бағынбайтын арнамен ағатындығын, өз заңы бар екендігін саналы жанға ғажап халде үғындырады-ау дерсіз

 

Дулат руынан шыққан ¥лы Бұлғарияның билеушілері


620 жылы дулаттардың атағы жер-жаһанға жайылған ханы, Албөрі мен Ақжанның үлкен үлы Кубрат (Құбырат, Құрбат, Қоңырат, Құрт, Хор) таққа отырды

 

Ол өзінің атақты бабасы Аттиланың қызметі мен іс-әрекеттерін, ізін одан әрі жалғастырды. Оны батыл түрде қызметі, билігі, еңбегі сәтті әрі табысты билеушілер қатарына қосуға әбден болады


Кубрат балалық жылдарын Константинопольдегі император сарайында өткізді. Ол император Ираклийден патриций ақсүйек дәрежесін алды

 

Бүның бәрі оның қамқорлық танытушы биліктің ыңғайына қарай жығылуды міндеттеді. Сол себепті де, византиялық императорлық сарайдың Кубратты бүлғарларды аварлардан бөлшектеп алуға итермелеген сияқты

 

Өйткені аварлар Византияның императорларын ете қатты алаңцатуда еді


¥лы Кубрат хан мемлекеттің тізгінін өз қолында мықтап ұстап тұрды. Ол тақ үстінде мызғымастан қырық жыл (620-660 жылдар) бойы отырды

 

Осы мерзім ішінде ол Дунайдан Енисейге дейін үлан-ғайыр территорияны алып жатқан ¥лы Бұлғар хандығын құрды. Ол бастапқыда батыстағы шекарасын мықтап шегеледі, соңынан шығыстағы шептерін нығайтты

 

Оңтүстіктегі Кавказ маңы тұрғындары мен солтүстіктегі угрлар оның темірдей тәртіпке бағынған алақанының уысынан еш уақытта сусып шыққан емес

 

Оған Византия империясы салық төледі. Сый-сияпат үлестірді. Ендігіде хан өз мемлекетін Идель деп емес, ¥лы Бұлғария деп атауды лайық санады. Астанасы Приазовьеде (Азов маңында) орналасқан Фанагория болды

 


Қуатты мемлекеттің мерейі тасыған Кубрат ханның өлімінен кейін тақ үсті тағы да шайқала бастады. Тізгін тимеген асау да тәкаппар ұлдары билеушінің соңында қалған мемлекетті, ел-жүртты жан-жаққа сүйреуге кірісті

 

Әрбірі өз үлесін алуға, өз мүддесін қорғауға жан таласа іс-әрекет жасады. Мемлекеттің шаңырағы ортаға түсуі осы орайда еш шүбәсіз еді

 

¥лы ханның мүрагерлерінің саны нақты емес. Кей мәліметтерде үшеу, кейбірінде төртеу, әлдебір деректерде төртеу немесе бесеу делінеді

 

Олардың ішінде қызметтері сәтті әрі жемісті, белгілі әрі танымал болғандары — екеуі:

 

Ботбай (Бат-Баян) және Аспарух


Әке тағына сабырлы және ержүрек Ботбай (Бат-Баян) көтерілді. Ол сол кезде тағдырында шешуші рөл ойнаған Кубраттың кіші інісі Шамбаттың қолдап-қуаттауына ие болмады


Кубраттың екінші үлы Катраг (Атряч-Катраг) Поволжье түрғындарын билеуге аттанды


¥лы ханның үшінші ұлы Аспарух Днепр маңында Бұлғар хандығын құрды


Кейбір деректерде, атап айтқанда, Феофан Уағыздаушы Кубер мен Альцекті Кубраттың ұлдары қатарына қосады

 

Кубер өз халқымен бірге Паннонияны бағындыра алмады. Сөйтіп, Македонияға кетуге мәжбүр болды. Альцек өз тайпаларымен бірге Италияға қоныстанды


Бахши Иман өзінің «Жағраф тарихы» кітабында (3- том. Орынбор. 1997 жыл) басқаша ақпар береді

 

Ол Альцекті Кубраттың мүрагері санамайды. Тарихшы оны бірде Албуридің ұлына, бірде оның ағасының ұлына апарып телиді

 

«Бұлғарлар билігінің басына тіл алғыш Ялчекті (Альцекті) қою аварлардың қолынан келмеді. Ялчектің ұлы Кабар 630 жылы Авар елінде азамат соғысы басталғанда, бұлғарлардың бір бөлігін Алтынбашқа (Италия) өзінің соңынан ертті. Сөйтіп, бұлғарлар тағы да венгрлердің, македондықтардың және итальяндықтардың этногенездеріне қатысты»

 


Бұлғар тілінде қара сөзі ұлы деген мағынаға ие. Шыны керек, Кубрат ханнан кейін Бұлғарияның ұлылығы мен атақ-даңқы лезде бәсеңси бастады

 

Бірте-бірте оның территориясы тарылды, жерлерінің бір бөлігі хазарларға көшті, ал басқасын Кубраттың ұлдары өзара бөлісті. Елеулі территориялық көлемін жоғалтқанымен, империяның негізгі бөлігі сақталынып қалды

 

Ендігіде Ботбай (Бат-Баян) хан оны нығайтып, көздің қарашығындай сақтауға кірісті. Оның иелігіндегі жер Прибалтикадан Енисейге шейін ұласты

 

Поволжьенің оңтүстігі мен Кавказ маңы хазарлардың қолдарына көшкен-ді. Жаңа мемлекеттік құрылымды сенімді түрде империя деп айтуға болатын-ды. Оның құрамына бұлғарлардан басқа

- славян

- түркі

- угро-фин тайпалары

- біршама балтық жағалауы елдері мен

- скандинавтық тұрғындар кірді.

***

Осынау сан түрлі ру мен тайпалардан құралған қауым белгілі бір уақытқа дейін бір шаңырақтың астында сыйысып тұруға мәжбүр болды

 

Ботбай (Бат-Баян, Халиб Илятбир, Бат-Умар, Камыр- Батыр) (617-643 жылдар) іскер, ұғынықты әрі дипломатиялық шеберлікті жақсы меңгерген билеуші болды

 

Ол сабырлы халде бұрынғы мемлекеттік шаруашылықты жөнге келтірді, тайпаларды тыныштандырды, мемлекеттік қызметті реттестірді, әлеуеті мол хазарлардың дұшпандық пиғылдарын сабасына түсірді

 

Оның қолбасшылық қарым-қабілеті арабтардың Бұлғарияға 654 жылы басып кірген кезінде айқын көрініс тапты. Ол араб қолбасшысы Әбдірахманның Саркел қаласы маңында әскерлерін талқандап, Халыб (Жеңуші) деген атқа ие болды

***


Ботбай үш рет өз дінін алмастырды

Бастапқыда тәңіршілдікті үстанды

содан соң мүсылмандықты қабылдады. Ол, тіпті, Меккеге кажылыққа барып, халиф Омармен кездеседі

Сол уақыттан кейін, оны Бат-Умар деп атай бастайды


Арабтар Бұлғарияға басып кіргеннен соң, хан исламнан бас тартып, христиандықты қабылдады, соның нәтижесінде оны Киев-Печерск лаврасында (үлкен монастырда) жерлеуге себеп болады

***


Ботбай орыс және украин халықтары арасында зор құрметке ие. Ол қос халықтың батырлық дастандары мен аңыз, әңгімелеріне Илья Муромец және Будимир секілді алып батыр болып енді

 

Ботбайдың және оның әкесі Кубраттың дәуірінде шығыс славяндар: орыстар, украиндар және белорустардың арғы ата-бабалары Қара Бұлғария кұрамына кірді. Олардың билеушілері ежелгі Идельдің патшалары болды. Соңыра дулаттардың хандары, соның ішінде Балаәмір мен Аттила да бар еді. Ежелгі Русьтегі Киев мемлекетінің анасы - Қара (¥лы) Бұлғария, ал әжесі - Идель десек, дұрысы сол.

***


Ботбайдан кейін Қара Бұлғарияның хандары болып, сол әулеттен тараған дулат ұрпақтары ел биледі


Олардың есімдерін аталық:
Жураш Бат-Умар, Бат-Баянның ұлы
Сулаби, Жураштың ұлы
Айяр (Авар), Сулабидің ұлы
Тат-Үгек, Айярдың ұлы
Тат-Үтек, Айярдың ұлы
Кан-Каражар, Тат-Үтектіңұлы
Орыс (¥рыс) Ұғыр Айдар, Кан (Хан) - Қаражардың ұлы
Билеушілердің тізімі Бахши Иманның 1997 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Жағраф тарихы» 3- томынан алынды

 

Дулаттардың петроглифтегі таңбасы
 
Петроглиф. Дулат- бұлғарлардың таңбасы. Балқан

Дулоба (Дулеба) - дулаттардың мемлекеті


Тарих беттерінде айтулы табыстарымен және жарқын бейнесімен із қалдырған тұлғалардың бірі - Кубрат ханның кіші інісі Шамбат. 620 жылы осынау аса ықпалды патша, қарым-қабілеті ерекше саясаткер және талантты қолбасшы өз әскерлерімен Батысқа қарай жауынгерлік жорыққа аттанды

 

Оның әскерлері

- Аварияны (Паннонияны)

- Чехияны

- Словакияны

- Полышаны

- Прибалтиканы

-Австрияны

- Югославияны бірінен соң бірін жаулап алды

***

Соның нәтижесінде осынау кең- байтақ территория Шамбаттың иелігіне өтті. Мұнда, Еуропа орталығында, ол өзінің мемлекетін құрды. Шамбат мемлекет атауына өз руы Дуло атауын берді

 

Бұл мемлекет - Дуло руының аймағы және Дулоба билігі атауларын иемденді. Шамбат өз мемлекетінде бірін-бірі бөліп-жармай, алаламай, тұтас күйде билік жасады

 

Дуло мемлекетінің картасы 

Дулоба (Дулеба). ¥лы Бұлғария

 

Ол өзінің саяси қадамы сипатында Византия империя қүрылғандығын жариялап, өзі даңқты Аттиланың лайықты ұрпағы екендігін мәлімдеді


Осы өлкелерде ғұмыр кешкен славяндықтар Шамбатқа шынайы қалыпта разы болды

 

Олар оны аварлардың қатал да қатыгез құлдығынан азат етіп, бостандық әперуші сипатында құрмет тұтты

 

Дулоба (Дулеба) мемлекеті 35 жыл (623-658 жылдар аралығы) өмір сүрді. Осы жылдар ішінде мемлекет Еуропа құрылығының саяси әлемінде берік орнықты және өзінің мерейлі мәртебесі мен биік беделін баршаға мойындатты

 

Онымен төрт құбыласы тең алпауыт елдердің барлығы дерлік санасуға мәжбүр болды


Шамбат өзінің есімін тарихта мәңгіге қалдырды. Өйткені, ол 620 жылы Аскал елді мекенінің орнына Ұлы Бұлғарияның астанасы, Ежелгі Киев Русьінің астанасы, бүгінгі Украина мемлекетінің астанасы атақты Киев қаласын салды

 

Бұлғарлар оны Башту (Кубрат ханның екінші аты) деп атағанды жөн санады


Журналист Николай Котомкин былай деп жазады:

 

«XIX ғасырда археолог Николай Браденбург Киевтің айналасынан бірқатар қорғандарды қазды. Бұл жерлерде славян әскерлері емес, көшпелілер жерленген болып шықты («Тарих жұмбақтары» №4 2016 ж.)

 


Шамбаттың сондай-ақ «Қый» деген лақап аты бар- тұғын. Оны Кубрат хан дербестікке ұмтылуға бір табан жақын қасиеті бар болғаны үшін, яғни дербес Дулоба (Дулат) мемлекетін құрғандығына байланысты атаған- ды. Бұлғар тілінде қый сөзі бөліну, бөл деген мағынаны білдіреді

 

Осынау бұйрық райлы қый(қи) сөзі Шамбаттың лақап аты ретінде Киев қаласының атауына енді

 

Айтпақшы, қи сөзі төл тілімізде де бар. Бұл сөз бұлғарлардікіндей мән мен мағынаға ие

 

Қазақтарда Шымбай есімі жиі кездеседі. Бұл ежелгі және қазіргі дулаттар арасындағы дәстүрлі әрі сабақтас жалғастықты аңғартады


658 жылы Шамбаттың әскерлері франк-аварлардың бірлескен армиясынан жеңіліс тапты

 

Ол кешірім сұрап, өзінің ағасы Кубрат ханға қайта оралды. Ағасы Шамбат Қыйды кешіріп, Киев ұлысының ұлыс бегі атағын берді

 

Ол қайтадан атқа қонды... Өзгеше болуы мүмкін емес-ті. Шамбат саяси әлемде алып әрі алпауыт тұлға болатын

*****


Шамбаттың генеалогиялың тамыры


- Аттила
- Бел-Кермек (Ернак)
- Жураш-Масғұт
- Тагра
- Белі-Шелбір
- Түбіжақ
- Албөрі
- Шамбат
Шамбаттың генеалогиялық тамыры Бахши Иманның 1997 жылы Орынбор қаласында шыққан «Жағраф тарихы» кітабының 3-томынан алынды


***
Дулаттар дулеба, дулоба хақындағы көптеген құнды мәліметтерді араб жылнамашылары - саяхатшылары қалдырған

 

Олар дулебтер қазіргі

- Волын

- Чехия

- Орта Дунай территорияларында

- Балатон көлі мен Мурса өзені аралығында

- Буг және Днестр өзендері бойында

- Польшада

- Белоруссияда

- Батыс Украинада тыныс-тіршілік еткен деп есептейді

 

Олардың жоғарыда аталған территорияда өмір сүргендігі Шығыс Еуропаның, Чехия мен Польшаның көп бөлігінде дулеб және дудлеб 
сөздерінің топонимдік мәні мен мағынасы бар атаулардың қолданылуында дер едік

 

Мұндай атаулар Батыс Украинада, Белоруссияда да кездеседі

 

Мәселен, Дулибы, Дулебы, Дулеба өзені. «Тарих жұмбақтары» журналы, №102015ж


Сонымен, Шамбат құрған мемлекет тарихи материалдармен ғана емес, сондай-ақ географиялық топонимдермен де расталады. Сол мемлекеттің аты - Дулебия Рось деп те аталатын

 

Бұл ұлы мемлекетке гректер ¥лы Скиф деп те ат қойып, айдар таққан-ды. Осыдан-ақ, дулебтер славяндар болмағандығына, скифтер, яғни дулаттар екендігіне көз жеткізесіз


Дулебтердің бір бөлігі кейінірек өздерін волындықтар деп атады. Мінеки, араб саяхатшысы Максуди былай деп жазады:

 

«Олар пұтқа табынушылар және заңдар туралы ештеңе де білмейді. Осы тайпалардың біреуі бұрындары ежелде билікке ие болды, оның патшасын Маджак деп атады, ал тайпаның аты Валинана еді. Бұл тайпаға ежелгі дәуірде өзге де славяндық тайпалардың барлығы бағынды, өйткені онда жоғары билік бар-ды және басқа патшалар оған мойынсұнды...
...Валинананың патшасы Маджак славяндықтардың байырғы тайпалары өкілі, бұл тайпа өзге тайпалар арасында құрметке ие және басым тұрады»

(А.Пересветтің «Орыстар славян емес пе?» кітабының 23-тарауынан. Дулебтер)


Валинана дегеніміз — Волынь, ал патша Маджак - бұл Шамбат патша

 

Сонау Балаәмір мен Аттиланың заманынан бері дулаттар славяндық тайпаларға билік жүргізді, олардың өмір сүру үдерістері мен қызметтерін ұйымдастырды. «Велес кітабында» дулеб тайпасы славяндық тайпалар арасындағы ең бастысы деп тектен текке айтылмаған


Араб тарихшысы Гардизи дулебтердің жауынгер халық болғандығын, славяндардан алым-салық славяндықтар болмағандығы. Олар орыс халқының негізгі өзегі және этноқұрылым тобын құрған соң, беріректе ғана славяндану үдерісін бастан кешті

 

Дулаттардың (дулебтердің) тарих көшіндегі жетекшілік рөліне еш шүбә келтіруге болмайды

 

Дулебтер

Дулебтер. Қайта жасалынған. Күн белгісі бар белгілер киімдерде және керамикалық тайпалар мен халықтардың, соның ішінде, дулебтердің де шайқасқаны жөнінде жазғаны ерекше құнды куәлікке ие. «Тарих жұмбақтары» журналы, №10 2015 ж

 

Бұл деректің өзі дулебтердің жеке этнос болып табылатындығы, яғни дулаттардың (дуло) бір бөлігі екендігі туралы айтылған дуалы сөз дейміз
 

 

Құпия жазуы бар дулебтердің (дулаттардың) жүзігі

Құпия жазуы бар дулебтердің (дулаттардың) жүзігі

Көне жазуы бар кітаптың үзіндісі

Құпия жазуы бар «Велес кітабының» бір үзігі

Жалғасы бар...

 

Әбдіқадыр Дәуітбеков