Үйсіндер мен ғұндар, дулаттар тарихынан бір үзік сыр

Үйсіндердің бір бөлігінің ғұндардың құрамына кіруі немесе керісінше құрамынан шығуы жиі кездескен

 

Олардың өзара жан-жақты қарым-қатынас жасауына және өзара түсіністік орнатуына ешнәрсе кедергі келтірмеген. Үйсін билеушілерінің және атақтыларының әйелдері ғұндардың қыздары болған

 

Өз кезегінде үйсіннің қыздары ғұндарға күйеуге тұрмысқа шыққан. Мұндай құбылыс қалыпты және табиғи жәйттердің бірі саналған, яғни, қос халықтың арасында қолдау тапқан

 

Осындай қарым-қатынастар да қытай жазбаларында бейнеленген.
Айтпақшы, ғұндар сыртқы келбетімен үйсіндерге ұқсас келген:

 

«Антропология және этнологияны зерттеушілердің көпшілігі (солардың арасында белгілі орыс географы және этнографы Г.Е.Грумм-Гржимайло да бар) ғұндарды ақ жүзді, жасыл көзді және сары шашты Еуразия ұлдарына теліген... Бас қаңқасы бойынша қалпына келтірілген кейбір ғұндардың бет-бейнесі мұндай көзқараспен келісуге мүмкіндік береді

 

Ғұндардың мәдениеті скифтердің мәдениетіне өте ұқсас: дәл сондай «аңдар стилі», дәл сондай жер астында ойылып жасалған жайларға орналастырып қорғандарда жерлеу үдерістері» (Википедия. Ғұндар)

 


Үйсіндер - бұл дулаттардың ең ежелгі ата-бабалары. Олардың ортасында бұлар әу бастан өсіп-өніп, одан әрі өрістерін кеңейткен. Мұнда дулаттардың ежелгі іздерін табуға мүмкіндік бар. Бұл тезис - тарихи аксиома, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін шындық

 


Дулаттардың түптамыр ата-бабасы мен оның көпсанды және ықпалы аса зор үрпақтары хақында

 

Дулат қашан және қай жерде дүниеге келген?

Бұл жайында біз ұлы бұлғарлар: Микаэль Башту мен Қази Бараждан мардымсыз ақпараттар ғана аламыз

 
Олар дуло (Дулат) Дула (қазірде Тола) өзенінің жағасында туған деп болжайды

 

«Тола, Монғолиядағы өзен, Орхон өзенінің оң саласы Ұзындығы 704 шақырым, өзен аумағы 53,2 мың шаршы шақырым. Өз бастауын Хэнтэй таулы өлкесінен алады. Өзен кең алқапқа таралып, көптеген салаларға бөлініп ағады

 


Өзен атауына Дулат есімі негіз болған. Ата-аналары және жақын-туыстары баланы еркелетіп Дула, Дуло, Дулу, Тола, Тулу, Далу деп атап, шақыратын болған да шығар...

 

 Дулат өзінің балалық шағын үйсіндердің бір бөлігі Оңтүстік Сібірден Монғолияға қоныс аударған уақытта өткізді деуге болады

 

Ол күнбидің отбасында ғұмыр кешті, үйсін-хон ордасында өткізді

 

Мұнда үйсіндерден өзге де қырғыздар, ғұндар, сақтар, манжүрлер және басқа да тайпалар тыныс-тіршілік жасады


Осынау әр текті орта Дулаттың көзқарасы мен мінезіне өзінің әсері мен таңбасын салуы табиғи әрі заңды құбылыс

 

Қазақ аңыздарына сәйкес, ол күшті, ержүрек және ақылды болып өседі. Өзінің ерекше қасиеттері мен айналасы мойындаған іс-әрекеттері арқасында ол күнби (билеуші) болды
 
 
Қазақ аңыздарының сыр шертуінше, ол ер- жұртты ерен ақылмен, ұстамды парасатпен басқарған. Оның кезінде халық бай-қуатты әрі игілік пен төрт кұбылысы тең деңгейге қол жеткізген


Ол жаулардың әр кездегі шабуылдарына ойдағыдай тойтарыс беріп, өз тайпасының тәуелсіздігін нағыз ерлерше қорғаған

 

Сондай-ақ, Дулаттың көптеген ұрпақтары өсіп-жетілген, олар жаңа рулар мен тайпалардың дүниеге келуіне ұйытқы болған. Ізін жалғастырған кейінгі ұрпақтары әлемнің төрт бұрышына тараған


Сонымен, Дулаттың генеалогиялық тарау бұтақтары төмендегідей аңғарылады


Таурат жэне Қази-Бараждың жазуы бойынша:


Нұх (Ной)
Япас (Иафет)
Имен
Тормен (Түрік)
Хон
Қазыбек бек Тауасарулы жэне Жаңсыбай Әмірсейітулының жазуы бойынша:
Қадыр. Қалша
Алаш
Жаңыл
Казак (Қазақ)
Арыс
Ақ (Ақарыс)
Кейкі би
Төбе би
Бақтияр
Қотан
Үйсін
Бай
Шора
Алым
Есен 
Асау

Жүз

Ал

Иба

Райым

Бармақ

Өн

Тағар

Озбай

Оқбай

Егін

Азбек

Ешеке

Нандыби

Елжауби

Нулы

Абыл

Қайыр

Бақ

Пан

Пар

Ман

Майқы би

Бақтияр

Үйсіл

Сақал

Айдарлы

Қараша би

Бәйдібек

Жарықшақ

Дулат 

 

******


Дулаттың бес ұлы болған

Арысланның ұрпағы Қарахан мемлекетін билеген

Сиқым, Жаныс, Шымыр, Ботбай есімді ұлдары өсе келе айбарлы да айбатты ағалы-інілі жаужүрек ерлер атанған


Дулаттың ұрпақтары үйсіндермен бірге Монғолиядан қоныс аударып, Нянь-Шаньға көш түзеген. Содан соң көш тізбегі Жетісуға қарай жол тартқан

 

Мұнда үйсіндер, содан соң дулаттар өз мемлекеттерін құрды


Біздің заманымызға дейінгі II ғасырда дулаттардың бір бөлігі қытайлықтардың тегеурінді шабуылдарынан кейін Монғолиядан ата-бабаларының отаны - Оңтүстік Сібірге қоныс аударды

*****

Мұнда, әртүрлі қауымдар арасындағы шайқастар мен алауыздық салдарынан дулаттардан оның бір бұтағы - хазарлар бөлініп шығады

Соңынан дулаттар арғындардың қысымына шыдамай, Жетісуға бет бұрды, одан соң Еділ территориясына қоныстанды
 

Олардың бұл іс-әрекетіне Балаәмір (Бұламір, Баламбер) басшылық жасады. Балаәмірдің інісі Бөржігін (Шыңғысханның ата-бабасы) және дулаттардың кішігірім тобы арғындардың билігін қабылдады
 
 
* * *
Белгілі қазақ ғалымы Мекемтас Мырзахметов Есік қорғанындағы Алтын адамның «күміс алқабы» мәтінін түркістандық ғалым Орынбай Бекжанов жаңадан оқып шыққандығы жөнінде қызықты мағлұматтарды хабарлады. Онда былайша жазылған делінеді: 


«Шапырашты, Сіргелі, Ошақты Бәйдібекке сәлем беруге келеді» («Аңыз адам» журналы №3 (135), ақпан 2016 жыл) Қазақстан ғылымының ғұламасы осы мәтін негізінде Дулаттың атасы Бәйдібек б.э.д. V-ІV ғасырларда өмір сүргендігі жөнінде қорытынды жасайды

 

Тарихи мағлұматтарды дәл осылайша тұжырымдау шын мәнінде біздің ізденістерімізге жақын. Біздің көзқарасымызша, алғашқы ата-бабамыз Дулат бірнеше ғасырлар бұрын ғұмыр кешкен


Ғалым Б.Алтаев осы жағдай туралы былай деп жазады:

 

«Ал Байди (тайпа - Ә.Д.) ¥лы жүз қазақтары тайпаларының жинақтауыш атауы Бәйдібек. Осы орайда Л.Гумилев жазған мына бір пікір көңілге қонымды: 

«к степной группе ди относится: теле, усуни и загадочные бай-ди»

 

Осы тексте айтылып отырған «усундар» қазіргі үйсіндер, ал «бай-ди» қазақ шежіресіндегі Бәйдібек

 

Қиыршығыс тайпаларының этногенезін зерттеген ғалым Г.М. Васильевич: 

«Этноним бай впервые упоминается китайскими источниками в 694-250 г. до н.э., как названия одной группы динлинов - Байди»

(Б.Алтаев. Үйсін-сиқымның шығу тегі. Шымкент, 2011,6.13-14)

* * *


Археология мәліметтері бойынша Алтай, Оңтүстік Сібір, Монғолия, Солтүстік және Орталық Қытай тарихының материалдарын зерттеп, біз барлық деректерде дерлік үйсіндер мен дулаттардың таңбалары басымдық мәнге ие екендігін анықтадық


Ғұндардың таңбалары қайда болуы мүмкін деген сауалдар да көкейден кетпеді. Бірақ оларды біз, өкінішке орай, таба алмадық. Мұндай таңқаларлық жағдай бізді қатты елеңдетті


Біз ізденістерімізді одан әрі жалғастырып, тыңғылықты түрде барша деректерге талдау жүргіздік. Соның нәтижесінде біз күтпеген жаңалықтарға тап болдық. 


Бұдан алдыңғы тарауда біз гуньмо сөзінің қытай тілінде үйсіндер билеушісінің лауазымын білдіретінің жазған едік; ол Күннің әміршісі немесе Күн қүдайының елшісі деғен мағынаны айқындайтын


Түркі тілдері нүсқаларында гунь (күн) сөзі кун, хун, гун, сон, сюн, қон, қояш» түрінде айтыла береді. Нәтижесінде ғұндар, хундар, сүннулер сөздерінің этноним еместігіне, олардың күнге табынушылардың, тәңіршілердің діни біркелкілігі екендігіне көз жетеді. Күнге табынушылар өздерін күндер (хундар, ғұндар, сүйіндер) деп атады

***

К.А.Иностранцев «Хунну и Гунны» Л.1926 еңбегінде жазады: 

 

«Наконец существенно мнение Ширатори (жапон ғалымы - Ә.Д.) о правильном произношении имени Хунну, как Кунну, т.е. Кун»


Бертін келе әртүрлі өкілдері болса да, өздерін дәл солайша христиандар, крест алып жүрушілер, мұсылмандар деп
атай бастады


Күн (хун, ғұн, сүйін) сөзі ежелгі діни негізге сүйенсе де, әлдебір қуатты біріктіруші күшке ие болды. Ол адамдардың тайпаларға, халықтарға, әскери одақтар мен мемлекет болып бірігуінде ерекше мәнге ие еді
 

Ортаазиялық ғұнн. М.М. Герасимовтың жаңартпасы

 


Мұндай діни қауымдастыққа қандай тайпалар мен рулар кіреді?

 

Әрине, бұлар үйсіндер мен олардың көптеген ұрпақтары дейміз. Күн қоғамдастығының ұйытқы болған күші қуатты әрі ықпалы мол дулаттар (дулу, дуло) еді

 


Зерттеуші М.К.Искакова 2012 жылы Алматы каласында жарық көрген «Қазақтардың таңбасы» атты өзінің кітабындағы 75-бетте былай деп жазады:

 

«Дулу және нушеби ғұндар болып табылады»

 

Ғұндар қоғамында дулаттар сан жағынан басымдыққа ие болып қана қоймай, сонымен бірге оның билеуші табы (билеушілер, атақтылар, әскерді басқарушылар, аристократтар және әміршілер) бола білді


Дулаттар (дулу) өздерінің өте көп болуы, аса зор қуаты және күші арқасында өздерінің арғы ата-бабалары үйсіндердің белгілері мен таңбаларының заңды мұрагерлері болды

 

Ендігіде олардың таңбалары Алтайдың, Оңтүстік Сібірдің, Монғолияның, Солтүстік және Орталық Қытайдың, Қиыр Шығыстың ұлан-байтақ территориясында орны үстем болды

 

Бұл жайында археологиялық мәліметтер, петроглифтер, таста қашалған бедерлер т.б. растайды. 

 

Бағытаң тауындағы петроглифтер


Бағатаң тауындағы петроглифтер. Википедия. Бага-Заря. Монғолиядағы Бұғытастарда дулаттардың таңбалары

 

Принцесса Укоктың қолындағы дулаттардың таңбасы. Мумия және жаңартпа мүсіні

 

Дулаттардың белгісі тәріздес принцесса Укоктың моласы 

Дулаттардың таңбасы тәрізді прицесса Укоктың моласы

 

 

Сулектегі петроглифтер. Дулаттардың таңбалары


Петроглифтер. Сулектергі жазулар. (Дулаттар таңбалары).
Хакасия

 

 

Петроглифтер, Копендегі жазулар. Дулаттардың таңбалары

 

Петроглифтер. Копендегі жазулар. (И.Т.Савенковтың көшірмесі.)
(Дулаттардың таңбалары) Хакасия

 

Моңғолиядағы Бұғатастағы Дулаттардың белгілері

 
Монғолиядағы Бұғатастағы белгілер

 

***


Өткен тарих мәңгілікке жойылып кетпек емес, оның белгілері өмір сүруді жалғастыруда

 

Дулат тайпасының рулары қандай таңбаларға ие еді?
Және де олардың мәні мен мағынасы нені аңғартатын?

 


Дулат тайпасы руларының басты-басты таңбаларына талдау жасалық

 

Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр руларының таңбаларының белгілері


 

Дулат тайпасы руларының таңбаларын талдау барысында олардың өте ежелгі екендігін аңғаруға болады және бүл белгілер Күн құдайына табынуды меңзейді

 

Олар ислам дінінің Орталық Азияға енуі кезінде пайда болуы мүмкін емес

Қазақтар арасында:

«Күн таңбалы дулат»

 

деген айшықты сөздің айтылуы бекерден бекер емес

 

Жоғарыда көрсетілген кесте арқылы Дулы тайпасы руларының басқа да көптеген таңбалары бар екендігі байқалады. Олардың көпшілігі кейініректе толықтырылған өзгертулердің салдарынан туындаған дейміз

 

Дулаттардың таңбалары Монғолияда және Алтайда кең көрініс тапқан

 

Алтай таңбаларының Орталық Азиядағы нұсқаларымен салыстырмалы кестесі

 

Алтайдағы тастағы таңбалар мен олардың орталық Азиядағы түрлерімен салыстыру кестесі

 



Алтай таңбаларының түрлері    Олардың нұсқалары мен ұқсас түрлері

Алтай таңбаларының ішіндегі Дулаттардың таңбалары

 

 

Алтай түркілерінің тастағы таңбалары - петроглифтер ішіндегі Дулаттардың таңбалары

Е.Е.Ямаеваның «Алтай түркілерінің рулық таңбалары (ХІХ-ХХ
ғасырлар) Таулы Алтай. 2004 ж. 38-446

 

Моңғолия мен Қара Теңіздің солтүстігіндегі Дулаттардың таңбалары


Таңбалар. Құрастырғандар: Б.И.Вайнберг, Э.А.Новгородова


Қазіргі таңдағы Монғолия территориясын ежелгі дәуірлерде әр алуан түркі тайпалары мекен еткенін ерекше атап өткіміз келеді

 

Қазіргі монғолдар бұл жерде соңынан, орта ғасырларда пайда болған. Бұл жайында Қайрат Закирьянов өзінің

 

«Шыңғысханның түркілік киссасы» (қазақтардың асыл сөзі) кітабында сенімді түрде әңгімелеген


Дулаттардың көптеген қуатты әрі күшті мемлекеттерді құрғандығы мәлім. Олар өздерінің билігін Азия мен Еуропаның түкпір-түкпірлерінде өте көп орнатты. Бұл жөнінде жазбаша дереккөздерде ғана емес, сонымен бірге сол аймақтардағы дулаттар таңбаларының орасан зор сандық көрсеткіштерімен де белгілі

 

Дулаттардың таңбаларының Еуропа мен Азияның түкпірлерінен табылуы

Таңбалар. Құрастырғандар: Б.И.Вайнберг, Э.А.Новгородова, (Дулаттардың таңбалары)

 

Ежелгі үйсіндердің де, дулаттардың да тарихында және олардың өмірінде күші мен ықпалы зор және көпсанды абыздар кастасы елеулі орын алды


Олар діни салт-дәстүрлер мен дінді уағыздаушылар болып қана емес, халықтық жол-жоралғыларды жүзеге асырды, өз уақытының интеллектуалды бөлігі және жауынгерлік- әскери қабілетке ие тұлғалары еді
 

Киімдерінің өздеріне тән ақ болуына байланысты оларды ақ күндер (хұндар, ғұндар, сүнндер) деп атады. Әрбір руда өз абыздары - рухани дем берушілері болды

 

Олардың көптеген көмекшілері мен шәкірттері бар еді. Абыз сөзі - дана, таза, әділ деген мағынаны білдіреді

 

Бұл дене, рух және ой тазалығын толықтай қамтуымен ерекшеленген. Абыз сөзі ертеректе аббат деген діни уағыз айтушылармен де қосақабат айтылған. Ал абат сөзі қазақ халқында да кездеседі
 

Мәселен, абаттандыру, абат деген сөздер тиісінше көріктендіру, көріктенген деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің мағынасын Мұрат Аджи нақтырақ аша түсті


Ол былай деп жазады:

 

«Аббат сөзі Аттила дәуірінен бастап, шіркеудің сөздік айналымына түскен. Ежелгі түркі тілінде абат сөзі әке жанында деген мағынаны білдіреді»

 

(М.Аджи. Азиялық Еуропа)

 

Айтпақшы, Аттила уақтысында олар әлі де өз территорияларының билігі басында тұрды

Христиандық католикалық шіркеу жаулап алушы күндерден (ғұндардан) аббат сөзін және олардын көптеген діни рәсімдерін қабылдады
 
 *****
 
Үйсіндер мен дулаттардың аббаттары, яғни, діни рәсімдерді жүзеге асырушылары қоғамның рухани өмірінің мазмұны мен түрін байытты

 

Олар дәстүрлер мен салт-жоралғыларды сақтап, дәріптеді, заң шығарушылар болды, белгілер, атақ, шен мен лауазым түрлерін жасаушылар еді, жаман көздер мен сөздерден қорғайтын тұмарлар мен қасиеті мол заттарды құрастырушыларға айналды

 

Қазақтың көптеген әдеттері мен дәстүрлері, ырымдары сол уақыттардан өз бастауларын алады

 

Киев Русі митрополиті Филипптің кеуде тұсындағы Дулаттардың таңбасы

Киев Русінің митрополиті Филипптің кеуде тұсындағы дулаттардын таңбасы

Үйсіндер мен Дулаттардың абыздарының петроглифтегі белгілері

Петроглиф. Үйсіндер мен дулаттардың абыздарының тұпғалары. Алтай

 

Христиандардың дінді уағыздаушылары күн таңбалы белгіні абыз-дулаттардан алған

Христиандардың дінді уағыздаушылары күн таңбалы белгіні абыз-дулаттардан алған. Асатаяқтың басы
«Тарих жұмбақтары» журналы. №16. 2015 ж

 


Абыздар үйсіндер мен дулаттардың арасынан шыққандарына қарамастан, өздерін дәрежелері артық қауым сипатында дербес, ерекше өмір сүрді. Олар өздерінің жеке таңбаларына ие болды. Ол томендегіше көріністе бейнеленетін.

 

Үйсіндердің абыздарының таңбалары

 

Үйсіндердің абыздарының таңбалары -    Үйсіндердіңтаңбасы
-    Билік белгісі
-    Қолдап-қуаттауға ие, орнықтылық және ықпал жасау белгісі

***

 

Дулаттар да өз абыздарына ие болды. Олардың таңбасы төмендегіше көрініске ие еді

 

Дулаттардың абыздарының таңбалары

-    Күн белгісі
-    Қолдап-қуаттау, орнықтылық және ықпал жасау белгісі
-    Рулық бөлініс белгісі 

****


Күндерде (хұндарда, ғұндарда) Аждаһаның да белгісі болған, бұл белгіні кейініректе Ашина руы мен қытай билеушілері пайдаланды

Ғұндардағы аждаһа таңбасы

Күн белгісі тек қана табыну белгісі емес, сонымен бірге құдай берген билікті де меңзеді

 


Солтүстік Парфия. Серах оазисі. Жиһаздың жаңартпасы. КСРО археологиясы. Кавказ және Орта Азия мемлекеттері. М. 1985, 389 б

 

Таққа отырған билеушілерге алтын шеңбер ұсынылды

***


Көсемнің лауазымына сәйкес және қолбасшының атағына орай оған алтын немесе күміс шеңбер тапсырылды


Мұндай белгілерді кейінірек орыс князьдары да өз бойларына дарытты, ал патшалық биліктің арғы ата-тегі дулаттардың шеңбері болатын

 

Мөде қаған

Мөде

 

Атилла бейнесі. Венгрия мұражайында

Венгрия мұражайындағы Аттила бейнесі


Сірә, дулаттардың патшалық билігінің белгісіне Мемлекеттік Эрмитажда, I Петрдің сібірлік коллекциясында сақталған мына бір асыл затты қосуға болатын шығар

 

Дулаттардың билік белгісі. V-IV ғғ. біздің заманымызға дейінгі

Дулаттардың билік белгісі. Біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырлар

 


Үйсіндер мен дулаттардың рухани және материалдық байлықтарының бәрі дерлік мәңгілікке өшіп, жойылып кеткен жоқ

 

Оларды белгілі бір дәрежеде сібірлік шамандар сақтап қалды. Өкінішке орай, қазірде олар үйсіндер мен дулаттардың бүрынғы күш-қуаты мен әлеуетінің болар-болмас ұшпағындай көрініске ие

 

Түркілер діни наным-сенімдерді, рухты жоғары көтеретіндерді абыздар деп атайды. Хакасияда осынау термин Абаза түрінде қала атауында сақталған, ал орыстар Абаза, Абазов дейтін аты-жөні бар


Шаман сөзі екі құрамды сөз. Шам - жарық беретін, жарық беруші, ал ан - ел, маңай деген мағынаны білдіреді

 

Маңайға, төңірекке, елге жарық беруші, жарық дарытушы деген мағынада

 

Шумерлердің құдайы Шамаш - Күн құдайы және шаман сөздерінің түбірі бір, туыстас сөздер


Дулаттардың рухани-материалдық әлемі терең және ауқымды. Олар құнды дүниені өз ата-бабаларының отаны - Мыңүйсінде де қалдырды.

 

Т Жеребина. Сібір шаманизмі


 Т.Жеребина. Сібір шаманизмі. Шаман аспабы. Шамандық белгілер сипаттары (М.Н.Хангалов және А.П.Окладников бойынша)

 

 

 

Ғалым А.Н.Бернштам өзінің «Ғұндар тарихының очерктері» атты кітабында былай деп жазады:

 

«Алғаш рет өздерінің әлеміне әсерін тигізген Оңтүстік Сібір мәдениетіне ғұндардың әсері жоғарыда келтірілген материалдармен бітпейді. С.Киселев ғұндар әсерінің дәстүрін таштық типіндегі мәдениеттен ғана аңғармайды, сонымен бірге Мыңүйсін өлкесінің тым ертедегі мұраларынан да байқайды


М.Грязнов Алтайдағы шібін кезеңіндегі көшпенділер мәдениетінің қалыптасуында ғұндардың рөлін бірнеше рет атап өткен-ді

Алайда осынау еңбекте бұл құбылыстардың барлығын да жан-жақты мазмұндау мүмкін емес. Тек қана б.ғ.д. II ғ. мен б.ғ. ІІ-ІІІ ғасырлардағы Оңтүстік Сібір мәдениеті ғұндардың үлкен рөлін айқындайды


Соның арқасында ғұндар Оңтүстік Сібір мен Қытай тайпалары арасына байланыстырушы түйін болғандығын көрсетеді

 

Әрине, бұл Оңтүстік Сібір тайпаларының әскери-саяси даму ісінде ғұндардың атқарған аса зор тарихи рөлі екендігіне дау жоқ

Мұндай рөлді олар біраз уақыт өте келе, Орта Азия тайпаларына қатысты жүзеге асырады...»


Дулаттар күндер (хұндар) I империяның басында


Б.э.д. III ғасыр дулаттар үшін үлкен және шешуші мәнге ие. 

Ақырында олар үйсіндердің қамқор қанатының астынан өз бетінше дербес шығып, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, жеке күн көретін тайпа ретінде қалыптаса бастады

 

Дулаттар түпкілікті түрде көшпелі өмір салтына көшіп, олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығымен тікелей шұғылдануды қолға алды. Экономиканың осынау түрі оларға байлық пен табыс әкелді, сонымен бірге тұрғындар санының көбеюіне және олардың әскери, жауынгерлік қарым-қатынасының, қабілетінің күрт күшеюіне жол ашты

 

Қолайлы оң өзгерістер дулаттардың өздеріне деген сенімдерін нығайтты және Байкал мен Ордос аралығындағы аймақта үстемдік жасауына әсерін тигізді


Сонау ұзақ уақыттар бедерінде күн астынан өз орнын өзге тайпалар, соның ішінде бұрынғысынша ортақ үйсін атауына біріккен туыстас, түп тамыры бір тайпалар да іздеуден еш танған емес

Олар дулаттардан батыс тұста өмір сүрді

 

Туыстас тайпалар бірлестіктері жақсы көршілік қарым-қатынастарын сақтады
 
 ***


Дулаттарға анағұрлым күшті тайпалармен іс жүргізу, тиесілі шаруаларды жүзеге асыру мәселелері күрделірек болды. Олардың арасында жауынгерлік қасиеті ерекше дунху (Қ.Салғариннің пікірінше татарлар) тайпасы дұшпандық ниетімен және әскери қабілеті жоғарылығымен айшықталды


Сол уақыттарда дулаттарды шаньюй Томан (Тумын, Тұман) соңынан ертті

 

Дулаттардың Забайкальеден Ордосқа қоныстануына ол көп тер төкті. Дулаттар бастапқыда өз билеушісін ойсеңгір (сөзбе-сөз жоғары деген мағынаны білдіреді) деп атады


Ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының пайцзуда тапқан патша лауазымының өте ежелгі атауы

 

Осынау атақ, мәртебені иеленуші адам заңғар көкте орналасқан әлдебір жоғары тылсымға теңестірілді. Қытайлықтар ойсеңгірді шаньюй десе, қазақтар тәңірдің құты деді


Томан айбарлы да азулы көршілерімен ауыр шайқастар жүргізді, бірде жеңді, бірде жеңілді. Аумалы-төкпелі соғыс нәтижелерін бастан кешірді


Билік басына Томанның ұлы, шаньюй Мөде келген соң таразы басы дулаттарға қарай ауды

 

Ол дунхуларды ойсырата жеңді, содан соң оған үйежилер, гангундар (қырғыздар), үйсіндер, қаңлылар және басқа да тайпалар бағынды

 

Б.ғ.д. 203-202 жылдары шаньюй Мөде Саян, Алтай, Жоғары Енисейде ғұмыр кешкен тайпаларды жеңіп, ұлан-ғайыр жерді алып жатқан алып мемлекетті құрды

Азияда сол уақыттарда дулаттардың империясына тең келерлік империя болған жоқ

Жеңістер оңайлықпен келмейді. Мөде тек қана аса көрнекті билеуші болған жоқ, ол сондаи-ақ тамаша реформатор, билік иесі болды

 


Ол әскери салаға баса назар аударды. Оның әскери жауынгерлерді 10-ға, 100-ге, 1000-ға, 10000-ға бөлген құрылымдары мейлінше табысқа қол жеткізді. Бұл бөлімдерге қатаң тәртіп ендірілді


Оларды бұзған жауынгерлер өлім жазасына кесілді, дейді кейбір зерттеушілер


Мөде мемлекеттік құрылымды жаңаша құрды, қатаң да қатал заңдар қабылдады, тың әрі соны салт-дәстүрлерді, белгілерді ендірді.
Дулаттардың жаңа билеушісі өзін аса ұлы саясаткер және көреген басшы сипатында көрсете білді


Ала-құла болған және бірімен-бірі жауласқан түркі тайпалары мен руларының басын біріктіруге қол жеткізді, баршасын біртұтас діни сенім-тәңіршілдік туы астына жинады

 

Олар барлық тайпалардың билеуші өкілдерін күн деп атады, яғни күнге табынушылықты ұлықтады. Тайпалық және рулық атаулар екінші кезекке шегерілді. Мұндай шешім барлығы үшін оңтайлы болды

 

Соңырақ осынау адамдарды біріктірудің саяси ұстанымын Аттила мен Шыңғысхан өз билігі үдерісінде тиімді пайдаланды


Шаньюй (күн патша) Мөденің қайсы рудан шыққандығын айқындау өте маңызды

 

Бұл құпия қытай терминдерінде жасырылған

 

Ғаламтордағы «Оңтүстіктегі хуннулар мен Дулолар» мақаласынан біз мына бір жәйттерге қанығамыз:

 

«Хуннулардың ұлы империясының негізін қалаушы Мете (Мөде, Маодун) хойен руынан шыққан. Біздің көзқарасымызша, түркіше бұл сөз қой елі деген мағынаны аңғартады

 


Қойды ардақтау үйсіндер мен дулаттар және сондай-ақ басқа да түркі тайпалары мен рулары арасында жоғары құрметке 
ие болған

 

Оңтүстік Сібірде дулаттар мен үйсіндерге қасиетті саналып, тастарға қашалып бедерленген ою-өрнектер мен суреттер көп-ақ.
Красноярск өлкесінде қой сөзімен байланысты көптеген географиялық атаулар бар


Мәселен, Қой өзені, Төменгі Қой, Кіші Қой, Үлкен Қой және Жоғары Қой елді мекендері

 


Ежелгі түркілерде өсімдіктер және жануарлар әлеміндегі ортақ жебеушілері болған. Қой - молшылықтың, арыстан - биліктің белгісін аңғартқан. Халықтың санасында қой арыстаннан жоғары тұрған

 

Дулаттардың таңбалары салынған қой мүсіндері. Мыңүйсін шұңқыры
Дулаттардың таңбалары салынған қойдың таста қашалған
бейнелері. Мыңүйсін шұңқыры. Э.Б.Вадецкая. Древние идолы Енисея. Наука,
Л. 1967. Википедия. Окуневская культура

 

Дулаттар арасында қой руына қатысты сиқымдар екі тайпаға: қарақойлы және аққойлы болып екіге бөлінеді

 

Жоғарыда келтірілген «Оңтүстік хуннулар мен Дулолар»  мақаласынан біз сонымен бірге географиялық термин - Сихэ (қытайша) округі, ал қазақша Сыйқым атауын кезіктіреміз Краснояр өлкесінде Сисым өзені, Сыкчам тауы орналасқан

 

Бәлкім, Қой елі қүрамына сол уақыттарда

жаныстар

шымырлар

ботбайлар енген болуы мүмкін, яғни Батыс Түркі қағанатының, кейініректе бес дулу тайпасын құраған рулар осылар еді

 

***

Белгілі болғандай, дулудың бес тайпасының құрамына:

І. Түркеш

2. Қойлау (сиқымдар)

З. Шамойын (шымыр)

4. Ысты 

5. Жаныс кірген

 

Әбдіқадыр Дәуітбековтың

"Дулаттар" кітабынан үзінді