Сиқым атауы шығу тегінің тамыры көне ғасырлар қойнауында жатыр. Ол кейбір ежелгі халықтардың арасында кеңінен таралған. Мысалы, финикиліктерде — Сихей, филистимляндарда —- Сихем деген есім болған
Көне Израиль мемлекетінің астанасы Сихем қаласы болған. Ал қазіргі Индияда Сикким штаты бар
Бұл фактілер нені білдіреді?
Біздіңше, мүның астарында ежелгі түркілердің басқа халықтармен терең байланысы жатыр
Сиқым баба есімінің шығу тарихы туралы төмендегідей жорамал бар:
Жарықшақ Бәйдібекұлы немересіне үңіле қарап, тамсана айтқан екен:
— Әй, бүл немеремнің бет-әлпеті, сиқы маған ұқсайды екен ғой! Ондай болса нәрестенің аты Сиқым болсын!
Сиқым Дулатұлы қай кезде өмір сүрді?
Өкінішке қарай, бүл сұраққа жауаптарда қайшылықтар бар
Кейбір тарихшылар мен шежіре зерттеушілері
- Сиқымның XIII - XIV ғасырларда
- екінші бірі - X ғасырда, енді бірі - VII ғасырда өмір сүргенін айтады
Бұл көзқарастар көне Қытай деректерін зерттей келе XX ғасырдың соңы мен XXI гасырдың басында жоққа шығарыла бастады
Сиқым, жаныс, шымыр, ботбайлардың, яғни дулат тайпасы өкілдерінің Түркі және Түркеш қағанатын қүруда маңызды орын алғаны мәлім болды
Бұл жөнінде әйгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов былай дейді:
«Тарихта (Түркеш — автор) қағандығының VII — VIII ғасырда өмір сүргенін білсек те тегін білмейтін едік. Қытай тілін білетін ғалым Әлімғазы дейтін жігіт түркештер туралы диссертация қорғады
Ол Қытайдың көне жазба деректерін аударыстырып, түркештердің дулат екенін дәлелдеді
751 жылы Талас маңында арабтар мен қытайлар соғысқан жоқ па? Екі жақ та бірін-бірі ала алмай теңесіп тұрғанда, түркештер арабтар жағына шығып, қытайларды ойсырата жеңді. Содан кейін қытайлар бізге XVIII - XIX ғасырлаға дейін беттей алмады.
Бауыржан Момышұлы айтушы еді: «Мен Дулатқа он сегізінші ұрпақпын. Мұны саралап есептеп көрсем, он үшінші ғасырдан аспайды. Бұл қалай шолтиып қалған шежіре деп ойландым. Осы жерде бір үлкен үзіліс бар...»
Әлімғазы сол тарихи үзіліетің сырын Қытай деректерінен тапты. Сол деректе Дулаттан тараған Шымыр мен Жаныстың жайлаған жерін, әр отбасында 5-7 жаннан барын, бір Шымыр руының өзі арабтарга 20 мың атты әскермен көмек бергені жазылған
Біз Шымыр бабамыздың Тәшкеннің маңына жерленгенін білеміз. Сол бабамыздың тарихын шежіреде Ақсақ Темірден бері қарай таратып келдік. Сөйтсек, шежіреде үлкен кемістік бар екен. Оның тамыры арыда, түркештерде жатқанын Қытайдың көне жазбаларынан енді біліп отырмыз»
(«Түркістан» газеті | 1 сәуір 2004 жыл)
Сиқымдар ежелден екі үлкен тармаққа - Аққойлы және Қарақойлы болып бөлінетін. Қытай көне жазбаларында сиқымдар «қойлау» атауымен көрсетіледі
Бұл термин қытайлықтардың Аққойлы мен Қарақойлы атауын дұрыс жазбауынан пайда болған. Көне Қытай кітаптарында бес дулат былай аталады:
- түркеш
- қойлау
- чимойын (шымыр)
- ысты
- жаныс
(Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы», Алматы. 1994 ж. 121 бет)
Нығмет Мыңжан былай деп жазады:
«Қойлау тайпасы қазіргі Барлық тауы мен Ябно көлі атырабын мекен еткен. Олар Ябно аймағына бағынған»
(Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». Алматы, 1994 ж. 121 бет)
Ежелгі қытай деректерінде сиқымдар «шиху» деп аталуы ықтимал.
Ботбайлар туралы да деректер бар. Олар да Қытай шежірешілерінің назарына ілігіпті
«Дулаттың ботбай тайпасы 648 жылдар шамасында шимойын (шымыр), ысты тайпаларымен бірге Таң патшалығына бағынған»
(Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». Алматы, 1994 ж. 122 бет)
Деректер ысты тайпасы бес дулат қүрамында болғанын айқындайды
«Қойлаулар», яғни сиқымдар, олармен тығыз байланыста болған. Сиқымдардың бір таңбасы ыстылардың таңбасына үқсас болған. Қазіргі уақытта қарақойлы мен аққойлы ыстылардың да құрамында бар
Олар
әжі
рүстем
наурызбай
қораз рулары. Бұл руларды кейбір шежірешілер сиқымдарға жатқызады
Құпия терең тарих қойнауында жатыр
Түрлі шежіреде келтірілген деректер сәтті дамыған бір отбасы үрпақтарының 4-6 ғасырдан кейін ірі тайпаға айналатынын көрсетеді
Олай болса, Сиқымның арғы атасы I мыңжылдықтың басында өмір сүруі мүмкін
Барлық тарихи деректерді зерттей келе, біз, Дулаттың үлкен ұлы:
Сиқым II ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрді деген қорытындыға І келдік. VII-VIII гасырларда сиқымдар ірі тайпа болған болса, онда, қисынға сәйкес, олар қазір 10-15 миллион адам болар еді
Сонда Сиқым бабаның көптеген ұрпағы қайда кеткен?
Адамзат баласының қуатты қайнар бүлағы көптеген көшіп-қонулардың, соғыстар мен күйзелістердің нәтижесінде біршама сарқылды
«Дулулардың (дулаттардың) бір бөлігі хун (хунну) тайпалар одағының 434— 453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (Еділдің) басқаруымен Азияны басып өтіп, Европаның біраз жерін алуға қатысты. Атты әскерінің негізгі күші дулулар (дулаттар) мен қыпшақтар болды»
(Қойшығара Салғарин. «Қазақтың қилы тарихы». Алматы, 1992, I 215 бет)
Қытай жылнамаларында Атилла (Еділ) Дулу (Дулат) әулетінен I шыққан деп айтылады
(Тұрсын Жұртбаев, «Дулыға». II том, 97-98 беттер)
Башқұрт халқының құрамында да сиқымдар бар. Олар қарақойлы, аққойлы тайпалары деп аталады
Қытайдың V—VIII ғасырлардағы жазба деректерінде дулат деген ат - дулу түрінде жазылған
(Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». Алматы. 1994 ж. 120 бет және С. Аманжолов «Қазақ тілінің тарихы мен І диалектология мәселелері» Алматы, 1960)
«Енді өткен-кеткенге құлақ салсақ, Түрік-манғүл ескі замандарда атақты дәурен сүріп, айтқандай-ақ, болған екен. Баяғыдан Қытай, маңғүл түріктерді қаратып, кейін Европаны астаң-кестең қылатын Унну (һунны) Түрктен шыққан. Болғарды Дунайға бастап барған хандары Дулаттан шыққан
(«Сана» газеті N1 қаңтар 1923 ж. және «Ана тілі» газеті, 18 наурыз 1999 ж)
Сиқымдардың бір бөлігі Кіші Азияға көшті. Қарақойлы және аққойлы тайпалары Селжүк және Осман империяларын құруда елеулі роль атқарды
Ұран (Майқы) Тұранбайұлы, Сиқым баба ұрпақтарының бірі, Шыңғыс ханның бас уәзірі болған. Әлемді түршіктірушінің әскери жорықтарына сиқымдар қатысқан деп жорамалдауға болады
XIV ғасырда сиқымдардың бір бөлігі Түркмен жеріне көшеді. Көшпелілердің бір бөлігі осы өлкелерді мекендеді. Қазір түркмен халқының қүрамында қарақойлы және аққойлы тайпалары бар
XIV — XV ғғ. сиқымдар Иран және Әзірбайжан жерінде Қарақойлы кейіннен Аққойлы мемлекетін қүрды. Қарақойлының орталығы — Тебриз қаласы, ал әмірі — Жаһанша болды. Бүл мәліметтер танымал тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың «Ұлы апаттар» кітабында (Алматы. 1992 ж. 58-59 беттер) және «Бабырнама» (Алматы. 44 бет) кітабында келтіріледі.
«Жалпы Шыңғысханның жорығында да, оның кейінгі әулетінің жорығында да әскердің басым көпшілігі — түркі халқы. Ал «Бабырнамада» монғол туралы сөз де болмайды
Өйткені Моғолстанның елінен қосылып жатқан лек-лек жасақтар Шағатай нәсілінен емес, Жетісу мен Қашқардың, Түркістанның байырғы тайпаларынан тарағандар еді
Олардың «Бабырнамадағы» есімдеріне назар аударып көріңіздер:
Молда Мұхаммед Түркістани
Мұхаммед Хайдар Дулати
Әбді әл-Қадүс Дулати
Сұлтан Ахмет Дулати
Әбді-әл-Уахатта моғол
Әли Сейіт Сихыма моғол
Сұлтан Ахмет Моғол
Әбу Жүсіп
Әмин Мүхаммед Тархан
Мұхаммед Сейіт Арғын. Бұлар бүгінгі Орталық Азияның ежелгі тайпаларынан дараланған тарланбоздары»
(Байұзақ Қожабекүлы. Кіріспе сөз. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама, Алматы, 1993, 9 бет)
Сиқымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің Кашмирге жаулаушылық жорықтарына қатысты. Бабыр мен Мұхаммед Хайдар Дулати жорықтарына қатысушылар Индия және Пәкістан халықтарының құрамына кірді
Жоңғарлардың қазақ жерін жаулап алу мақсатында жасаған жорықтары кезінде сиқымдардың едәуір бөлігі Өзбекстан жерін мекендеді. Олар, дулаттың басқа ұрпақтарымен бірге ұзақ уақыт Ташкентті биледі
XVIII гасырдың екінші жартысында сиқымдардың Ташкенттен және оның маңайынан Қазақстанның оңтүстігіне көшуі басталады. Бұл оқиғалардың барлығы сиқым тайпасының қайта дамуына жол салды
Сиқым бабаның ата-тегі және ұрпақтары
Сиқым бабаның арғы аталары мен ұрпақтары кімдер?
Бұл сұраққа нақты жауап қазақ шежіресінде жоқ
Осы күнге дейін XX ғасырдың екінші жартысында жазылған зерттеулер басым маңызға ие. Ол зерттеулер халыққа кеңінен тарап кетті
Дегенмен, бұл шежірелер көбіне саяздығынан, шектеулігінен, ғылыми түрғыда келудің және терең тарихи талдаудың жоқтығынан зиян көруде
Ата текті таратып, шежірелер жазу XX гасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында кең етек алды
Қадырғали Жалайырдың
Мұхаммед Дулатидің
Әбілғазы Баһадүрдің
Мұхамеджан Тынышбаевтың
Шәкәрім Құдайбердіұлының
Қойшығара Салғариннің
Тұрсын Жұртбаевтың
Олжас Сүлейменовтың
Мұрад Аджи
Нығмет Мыңжанның еңбектері оқырмандар қолына тиді. Олардың еңбектері көшпелілер тарихын жаңа қырынан тануға көмектесті