Америкалық жойғыш ұшағы Қызыл теңіздің үстінде "достық атыс"
жағдайында атып түсірілді, деп хабарлады АҚШ әскерилері.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің F/A-18 Hornet екі экипажы да аман-есен құтқарылды. Тек ұшқыштың бірі жеңіл жарақат алды, деп хабарлады АҚШ әскери Орталық қолбасшылығы.
Оқиға АҚШ Йемен астанасы Санадағы Иран қолдайтын хусит содырлары басқаратын зымырандарды сақтау алаңы мен командалық пункттерге бірқатар әуе шабуылдарын жасағаннан кейін болды.
АҚШ Орталық қолбасшылығы сонымен бірге Қызыл теңіз үстінде бірнеше хуситтік дрондар мен кемеге қарсы қанатты зымыранды атып түсірген.
Осы операция барысындағы қарбаласта зымырандардың бірі өз ұшақтарын атып түсірген. Нақтырақ айтсақ F/A-18 Hornet жойғыш ұшағы.
Осыған орай АҚШ Орталық қолбасшылығы Қызыл теңізде «достық оқ» болғанын растап отыр.
«USS Harry S Truman Carrier Strike Group құрамына кіретін USS Gettysburg басқарылатын зымыран крейсері USS Harry S Truman кемесінен ұшып бара жатқан F/A-18 ұшағын қателесіп атып түсірді», - делінген хабарламада.
Құлаған ұшақтың Йемен операциясына қатысы бар-жоғы белгісіз.
Бұған дейін Орталық қолбасшылық Санадағы нысандарға соққы берудің мақсаты:
«АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері мен Оңтүстік Қызыл теңіздегі, Баб әл-Мандеб пен Аден шығанағындағы сауда кемелеріне қарсы шабуылдар сияқты хусит операцияларын бұзу және оларды әлсірету» деп мәлімдеді.
АҚШ әскері сондай-ақ «АҚШ Әуе күштері мен АҚШ Әскери-теңіз күштерін, соның ішінде F/A-18 ұшақтарын» пайдалана отырып, «хуситтердің бірнеше экипажсыз әуе кемелері мен дрондарына және Қызыл теңіз үстінде қанатты зымырандармен олардың кемелерін атқылағанын» айтты.
***
Хуситтер кімдер және олар Қызыл теңіз кемелеріне неліктен шабуыл жасайды?
Йеменнің солтүстік-батысын бақылайтын Иран қолдайтын көтерілісшілер тобы 2023 жылдың қазан айында Газа секторындағы соғыс басталғаннан кейін көп ұзамай Израиль мен халықаралық кемелерге шабуыл жасай бастады, олар палестиналықтармен ынтымақтаса әрекет етіп жатыр деп мәлімдеді.
2023 жылдың қараша айынан бері хуситтердің зымырандық шабуылының салдарынан Қызыл теңізде екі кеме батып кетті және басқаларына зиян келтірді. Олар көбінесе Израильмен, АҚШ-пен немесе Ұлыбританиямен байланысты кемелерді нысанаға алып жатыр деп жалған мәлімдегенімен, басқа кемелерді де атқылауын тоқтатар емес.
Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ, Ұлыбритания және тағы 12 мемлекет Қызыл теңіздегі кеме жолдарын шабуылдардан қорғау үшін Prosperity Guardian операциясын бастады.
Сенбі күні Израиль әскерилері Йеменнен ұшырылған снарядты атып түсіру әрекеті сәтсіз болып, зымыран Тель-Авивтегі саябаққа тигенін мәлімдеді.
Маген Дэвид Адом, Израильдің жедел медициналық қызметі жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған әйнек сынықтарынан «жеңіл жарақат алған» 16 адамға көмек көрсеткенін айтты.
Сондай-ақ қорғалатын аумақтарға бара жатқанда жеңіл жарақат алған тағы 14 адамға медициналық көмек көрсетілді, делінген хабарламада.
Хусилер өкілінің айтуынша, топ гипер дыбысты баллистикалық зымыран арқылы әскери нысанаға соққы берген.
Осы аптаның басында Израиль Йемен астанасы Санадағы порттарға, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымға соққы беріп, хусилердің әскери нысандарына қарсы бірқатар соққылар жасады.
Хусилер басқаратын Al Masirah телеарнасы Салиф порты мен Рас-Исса мұнай терминалында тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады.
Хусилер Газадағы соғыс аяқталғанша шабуылдарын жалғастыруға уәде берді.