Словакияның премьер-министрі Роберт Фико Владимир Путинмен
келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге тосын сапармен барды. Бұл үш жыл бұрын Украинаға жаппай басып кіргеннен бері Ресей басшысымен кездескен үшінші Батыс көшбасшысы ғана болды.
Ресей өзіне одақтастар топтастыру әрекетін жасап, тал қарманып жатқаны анық. Сондай кездесулердің бірі осы
Еуропалық Одақтың Киевті соғыста қолдағанын қатты сынаушы Фико олардың елі арқа сүйейтін Словакияға ресейлік газ жеткізу мәселесін талқылағанын айтты.
Ресейлік газ алпауыты Газпроммен Украина арқылы Словакияға энергия тасымалдау жөніндегі келісім осы жылдың соңында аяқталады.
Трансукраин газ құбыры Словакия мен Венгрияға жеткізіледі. Ресей газын ерекше шарттармен жеткізу кей мемлекеттер үшін актуалды
«ЕО-ның жоғары лауазымды тұлғаларына менің сапарым және оның мақсаты туралы... жұма күні хабарланды», - деп жазды Фико Facebook-те.
Фико Мәскеудегі кездесу Украина президенті Владимир Зеленскийдің Еуроодақ басшыларына Украинаның Ресей газының өз аумағы арқылы өтуіне әлі де қарсы екенін айтқанына реакция екенін айтты.
Осы жылдың басында оқ тиіп аман қалған Словакияның премьер-министрі де Путинмен «ұзақ сөйлескенін» және екеуі «Украинадағы әскери жағдай туралы пікір алмасқанын» айтты.
Екеуі де «соғысты ертерек, бейбіт жолмен аяқтау мүмкіндіктерін» және Ресей мен Словакия арасындағы өзара қарым-қатынастарды талқылады, деп жазды Фико Facebook-те.
Ресей санкциялары: оның мұнай мен газ экспортына әсері қандай болды?
Екеуі де ресейлік газға тәуелді Словакия мен Венгрия газ жеткізудің үзілу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.
2023 жылдың қазан айында Фико қайтадан премьер-министр болған кезде, ол Словакияның Украинаға әскери көмегін тоқтатты.
Бірақ ол Украинамен «жақсы, тату көрші» болғысы келетінін айтты.
Фиконың Путинмен кездесуі Италия, Швеция, Грекия және Финляндия басшыларының жексенбі күні қауіпсіздік саммитінде кездескен тұста болды.
***
Бұдан кейін сөз сөйлеген Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо Ресейдің ЕО үшін «тұрақты және қауіпті қауіп» екенін айтты.
Ол сондай-ақ қорғаныс шығындарын ұлғайту және Украинаға қолдау көрсету қажеттігін айтты