Автомобиль нарығы жаңа ойыншылармен толығып қана қоймай,
олардың тарапынан қарқынды шабуылдың нәтижесінде халықаралық автомобиль нарығында Қытайлық брендтер өз орындарын ойып тұрып алуда.
Қытайлық BYD технологиялық компаниясы 2024 жылдың нәтижесі бойынша, автомобиль өндіруден әлемде 3 орынға шыққаны тілге тиек болып жатыр. Әлемнің алпауыт корпорациялары артта қалып, алда тек қана Toyota мен Volkswagen болып отыр.
Осы қарқынмен кете берсе, алдағы 5 жылда әлемдік автомобиль өндіру саласында қытайлықтарға талай компания орын босатып бергелі отыр.
Кейбір автомобиль басылымдары, қараша айында BYD немістің Volkswagen концернінен де көп авто сатқанын келтіруде.
Қытайлық мультибрендті өндірушілер, сапа мен жабдықталу жағына келгенде, бәсекелестерге дес берер емес.
***
BYD Seal
Электромобильдер нарығына қажетті аккумулятор батареясының компоненттерін құрайтын, сирек кездесетін металдардың кеніштерін қытайлық компаниялардың өз қолдарына алулары да өз жемісін берді.
Еуропалық өндірушілердің тәжірибелі мамандарын шақыру арқылы, автомобиль шанағының платформасын жасау, оған қажетті компоненттерді сапалы әрі арзан етіп орната білу, бәсекелестермен салыстырғанда қуатты қозғалтқыштармен жабдықтау секілді ерекшеліктер, қытайлық автокөліктерге сұранысты арттырып отыр.
BYD Tang
Оның үстіне қытай нарығында автомобильге өмір бойы кепілдік беру танымал қызмет боп келеді. Ал Бразилия секілді нарықта BYD компаниясы 8 жылға кепілдік беруде. Бюджетті автомобиль алар болсаңыз, десте гүлі сыйлыққа беріледі. Ал қымбаттау машина алар болсаңыз, шампан ашып атап өтеді екен.
2024 жылғы сату нәтижесі бойынша, BYD компаниясының сату көлемі 327% артып, 76 000 данадан астам сатылған.
Denza Z9
Yangwang U8