Мэттью Перри Киану Ривз жайлы даулы ескертулерін мемуардың болашақ басылымдарынан алып тастайды

"Достар» жұлдызы Мэтью Перри, сенбі күні LA Times кітаптар фестивалінде  пайда болды

 

Көрермендерге Киану Ривздің атын өзінің 2022 жылы шыққан «Достар, ғашықтар және үлкен сұмдық нәрсе» (Friends, Lovers, and the Big Terrible Thing) мемуарының болашақ басылымдарынан алып тастауды жоспарлап отырғанын айтты

 

 

Мемуар Перридің уытқұмарлықпен және нашақорлықпен күресі туралы естелігі болып табылады

 

Алайда актер өткен жылдың күзінде Ривзге сілтеме жасағаны үшін және оны кей адамдар жазбаны дөрекілік деп тапқаны үшін, сонымен қатар  Перридің досы Ривер Феникстің 1993 жылы қаза болуы туралы бір үзінді келтіргені көпшіліктің қарсылығына тап болды

 

«Ривер, бұл әлем үшін тым әдемі адам болды. Әрқашан кішіпейіл, шын мәнінде талантты жігіттер сияқты», - деп жазады Перри

 

«Неге Ривер Феникс және Хит Леджер сияқты бастапқы ойшылдар өледі, бірақ Киану Ривз әлі де арамызда жүреді?» - деп қойып қалған еді


Перри бұған дейін комментарийі үшін кешірім сұрап, 2022 жылдың қазан айында көпшілікке жасаған мәлімдемесінде Ривздің «үлкен жанкүйері» екенін және прозада жай ғана «кездейсоқ атауды» таңдағанын айтты

 

«Кешірім сұраймын. Оның орнына өз атымды қолдануым керек еді», - делінген хабарламада


Сенбі күні Перри Киану Ривзге тағы да бір рет үн қатты, бұл жолы көрермендерге «Мен анайылық таныттым. Бұл оған арзымайтын еді», - деп хабарлайды LA Times


«Мен оның атын қолдану себебім, мен Киану Ривзбен  бір көшеде тұрамын», - деп Перри сұқбат барысында «кітаптың кез келген болашақ нұсқаларында Ривздің атының болмайтынын» атап өтті

 

Перри бұған дейін Ривзден кешірім сұрағанымен, сенбі күні тағы да «Матрица» жұлдызынан әлі кешірім сұрайтынын айтты

 

«Ривзге жүгіріп барып кешірім сұраймын. Бұл жай ғана анайылық болды», - деп түйіндеді Перри

Comments powered by CComment

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?