Петроглифтердегі Дулаттардың таңбалары. Мыңүйсін ойпаты

Айтпақ болған жәйттің уәжді екендігіне сеніміміздің кәміл болуы үшін дулаттардың таңбасына және бір рет үңілейік

 

Айтпақшы, түркі тайпалары мен руларының таңбалары көптеген ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы өзгерістерге ұшырамаған. Соларға қарап түркілер қауымдастығына жататындығын мейлінше дәл анықтап, айқындау мүмкін

 

Сонымен, әрқилы ғасырларда және мыңжылдықтарда Еуразияның шетсіз-шексіз кеңістігінде қолданылған дулаттардың таңбаларына салыстырмалы көз шолымды талдау жасалық

Дулаттардың ежелгі қорымдары. Мыңүйсін ойпаты

 

Мыңүйсін ойпатындағы ежелгі Дулаттардың таңбалары

 

Принцесса Укоктың қолындағы Дулат таңбасы

 

Атиланың екінші ұлы Диггизха (Теңізхан) жазылған астаудағы Дулаттардың таңбасы

 

 

Дулаттардың шежіресі

 

 

 

 

 

Дулаттар сондай-ақ таңбалардың кең түрін қолданған

 

Олар бұны өздерінің арғы ата-бабалары үйсіндерден мұраға алған-ды

 

Сонымен, таңбаларды салыстырмалы талдау нәтижелері олардың біртектілігін аңғартады және соның негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: дулаттар - ежелгі халық

 

Осы таңбаларды иемденген дулу, дуло, дуглаттар, дулаттар әртүрлі фонетикалық дыбыстармен айтылатын бір ғана тайпа

 

 

Дулаттардың ең ежелгі ата-бабалары Халықтар тарихының басталуында ақылға қонбайтын кереғар жағдайларды байқамау мүмкін емес

 

Мәселен, Шумер мен Египеттің тарихы біздің эрамыздан бүрынғы ІV-ІІІ мыңжылдықтардан бастау алады, ал қазақтардікі біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырдан делінеді

 

Ал біздің көршіміз - орыстардың тарихы мүлдем күлкі тудырарлықтай айтылып та, жазылып та келді. Атап айтқанда, жылнамашылардың жалғанды жалпағынан басқан жыл санауы бойынша біздің эрамыздың IX ғасырынан алғашқы қадамы жасалынған дейді

 

Мүндай жайбасарлықтың сыры неде?

 

Қазақтар мен орыстардың ата-бабалары жоғарыда аталған ғасырлардан бүрын қайда жасырынып қалған?

 

Өйткені олар да шумерлер мен египеттіктер ғұмыр кешкен уақыттарда бар болған, тіршілік еткен

 

Біздің ата-бабаларымыз да өздерінің жазбаша тарихына ие еді, бар-жоғы тарихшылар қажет етпеді немесе тиесілі мәселелерден тыс қалдырды

 

Еуразияның көптеген халықтарының тарихын ежелгі халықтардың ең алдыңғы қатарлы өкілдеріні бірі - бұлғарлар сақтай алды

Олардың ұлы да жанқиярлық қажыр-қайрат танытқан ұлдарына біз басымызды иіп, тағзым етеміз және алғысымызды білдіреміз

 

Адамзат баласы қай кезден бастап, тас дәуірі қатпарлары арасынан шығып, бір-бірін тани бастады?

 

Генетиктер тым ерте замандарда-ақ (10-15 мың жыл бұрын) үнді еуропалықтардың Rla және Rlb гаплотоптарына, екі туыстас қауымдастыққа бөлінгенін мойындайды

 

Бастапқы тобы (Rla):

- скифтердің

- сарматтардың

- галлдардың

- үнділердің

- ирандардың

- гректер мен славяндардың қалыптасуы үшін генетикалық негіз болды

***

Екінші тобы (Rlb):

- герман тайпалары

- массагет

- британ

- ибер

- және түркілердің арғы ата-бабалары болып табылады»

 

(Трусов С.В. Русьтегі Дуло әулетімен белгілі ғұндардың (хундардың) тарихы. РенТВ арнасына берілген сұхбат)

 

Сонымен, біздер ең басты мәселені анықтадық, бұл - түркілердің арғы тектері үндіеуропалықтар болғандығы

 

Айтпақшы, мұндай жағдаят ғылыми тұрғыда баяғыдан- ақ дәлелденген

Ал үндіеуропалықтардың ең ежелгі отаны - Еділ-Орал аймағы болып табылады

 

Олай болса, осынау топырактан түркілердің арғы ата-бабаларының тарихы және олардың ең көне тілі бастау алады

 

«Татарстанның тарихы» кітабының авторлары Д.К.Сабирова, Я.Ж.Шарапов былай деп жазады:

«Тайпа үшін өз тілі, жеке есімі және ерекше территориясы тән. Тілдің өсіп-өркендеуіндегі күрт өзгерістерді көптеген ғалымдар неолит және энеолит (тастан қолаға өту немесе мыс ғасыры) дәуірі деп есептейді, яғни, қазіргі көп тілдер тобының калыптасуы жүзеге аскан б.ғ.д. УІІ-ҮІ мыңжылдыктар

 

Кейбір түркітанушылар шамамен б.ғ.д. VIII-V мың жылдыктарда тілдердің түркі топтары бөлініп шыға бастады деп санайды. Қалай дегенде де, Еділ-Орал тайпалары б.ғ.д. II мыңжылдыктардың өзінде-ак тілдік тұрғыда бөлінуді бастан кешті (солтүстік түркілер және фин-угорлар)»

 

Егерде түркі тілі пайда болса, онда сол тілде сөйлейтін халыктар да болуы тиіс, өйткені олар ұрпактан-ұрпакка өз тәжірибесін, коршаған әлем мен өз ортасын, көзкарасы мен дүниетанымын және тарихи бастауларын жеткізумен ерекшеленеді

 

Ежелгі адамдардың рухани мұрасы мифтерде, аңыздарда, жырларда, эпостарда, дастандарда, ертегілерде, өсиетнамаларда айкын бедерленеді

 

Осынау ежелгі дүниенің рухани байлығын бұлғарлардың тамаша тарихшылары жазып алды, бұның өзі белгілі бір дәрежеде түркілер тарихының бастау көзін құрастыруда елеулі септігін тигізді

 

Түркілердің, казактардың, үйсіндер мен дулаттардың ең байырғы ата-бабалары болып кайсы тайпалар болуы мүмкін?

 

Қази Бараж Имен мен Синд деп жауап берер еді. Біріншісі - түркілердің ата-бабалары, ал екіншісі - ирандардікі. Аралас-құралас тұрмыс кешу олардың тілдерінің өзара байланысына өз ізін қалдырды

 

Былайша айтқанда, бұл тілдер ұлы уақыт пен келісті кеңістіктің қойнауынан шыққан деуге болады. «Жаграф тарихы» мәліметтеріне сәйкес әлемдегі ең ежелгі мемлекет (дәлірек айтқанда тайпалық одақ) Еділ- Орал аймағында б.э.д. XV мыңжылдықта, яғни шумер мен египеттен әлдеқайда ерте дүниеге келді

 

Оны имендіктер кұрды, бұлар бұлғарлардың арғы ата- бабалары, олар Идель (Жеті тайпа) мемлекетіне бірікті. Оның бірінші билеушісі Жали-Иджи, басқаша айтқанда, Іжік (б.э.д. 14953-14653 жылдар) болып табылады

 

Ол өзінін патшалар әулетінің негізін қалады. Тайпалар арасындағы соғыстар оларды Еуропа мен Азияның түрлі-түрлі аймақтарына қоныс аударуға, тіпті, Солтүстік Африкаға көш бетін түзуге мәжбүрледі

 

«Бірінші болып Еділ-Орал аймағын тастап, керуен көшін бастаған Rlb гаплотобының иеленушілері; коныс аударған олар содан кейін Қытайдың солтүстік тұсы мен Орта Азияны мекендеді

 

Соңыра Копетдаг, Эльбрус және Загрос тауларының жоталары арқылы Алдыңғы Азия мен Таяу Шығысқа енді

Одан әрі қарай олардың ұрпақтары

- тормен

- керман

- кутии

- готтар

- массагеттер

- дахтар

- түркілер және т.б. болып белгілі болды

***

XIII ғасырдағы бұлғар тарихшысы Қази Бараж өзінің айтқанына орай, ежелгі бұлғар мәтіндеріне иек артып, ғұндардың ата-бабалары тормен тайпалары болғандығын, олардың өте ерте замандарда Месопотамияға баса-көктеп кіріп, ұзақ уақыт бойы сол жерде байырғы тұрғындармен бірге тыныс-тіршілік жасағандығын, қазіргі зерттеушілер бұларды шумерлер деп қате айтатындығын атап көрсетеді

 

Бұл тайпалар, яғни ежелгі үндіеуропалықтар (тормендер, Rlb гаплотобын иемденгендер) тұрғылықты жаңа жерде имендер деген атауға ие болды

 

Кейініректе (менің есебім бойынша б.э.д. 4 мыңжылдықтың ортасында) Тигр және Ефрат алқабының оңтүстік және орта бөлігін арабтар тайпасының арғы ата-бабалары басып алып, Месопотамияның ежелгі тұрғындарын (J2 және Rlb гаплотоптары) солтүстікке, сондай-ақ батысқа, Жерорта теңізіне қарай қоныс аударуға мәжбүрледі

 

Олардың бір бөлігі Миной өркениетін құрды. Менің пікірімше, босқындар ежелгі египет мемлекеттілігін қүруға қатысты, сөйтіп, беріректе Нил алқабындағы көпсанды аборигендер арасында жүтылып кетті.»

(С.В.Трусов. Русьте белгілі Дуло әулеті аталған ғұндар (хундар) тарихы. РенТВ арнасына берілген сұхбат)

***

Сонымен, идельдіктер (имендер) көне заманда өте дамыған өркениетке қол жеткізген шумерлер (сувар), египеттік (мамил), хет, троя (атряч), крит (креш), грек, миной, этрури (этруск) елдерінің негізін қалады

 

Имендіктердің қоныс аударып, өрістерін өзгерткен қозғалысын археологтар, тарихшылар, генетиктер дәлелдеп отыр. Мәселен, Rlb гаплотобын иемденген имендер бойындағы сипаттар фараон Тутанхамонда, сондай-ақ Алдыңғы Азияның ежелгі тұрғындарынан табылған

 

***

Қази-Бараж Жерорта теңізі жағалауынан имендіктердің қозғалып, ежелгі ата қонысы Поволжьеге қарай бағыт алғанын мәлімдейді, бірақ жергілікті тұрғындардың қарсылық танытуы салдарынан одан әрі шығысқа қарай көшуге мәжбүр болды

 

Сөйтіп, олар ежелгі Қытайдың шекарасына аяқ тіреп, мұнда хундар (ғұндар) деген атауға ие болды

 

Сонымен, бастапқыда Орал-Поволжье аймағында (көне Тұранда) пайда болған ежелгі түркілердің арғы ата- бабаларының өркениеті одан әрі дамып, өркендеуіне Шумерде, Египетте, Кіші Азияда, Жерорта теңізінде, Ежелгі Грекияда және Этруриде өз жалғасын тапты

 

Содан кейін өркениет ошағы Қазақстанға, Алтайға, Онтүстік Сібірге, Монғолияға, Қытайға ұштасты.

 

Мінеки, Жерорта теңізінің арғы жағынан келген осы имендіктер көптеген халықтардың, соның ішінде:

- қазақтардың

- үйсіндердің

- ғүндардың және дулаттардың арғы тегі болып табылады!

***

Имендіктердің қоныс аудара көшкен қозғалыстары ономастика деңгейінде де мойындалады. Ресей ғалымы С.В.Трусов былай деп мәлімдейді:

 

«... имен (мен, ман, мин) негізіндегі сөздер Алдыңғы Азия және Шығыс Жерорта теңізі, сондай-ақ Шығыс Азияда кеңінен қолданыста екендігі байқалады

 

Мәселен, Месопотамияның солтүстігінде, кейініректе Ман мемлекеті өмір сүрді, мүнда кутилер мен маннейлер тыныс-тіршілік етті. Шығыс Жерорта теңізінің ежелгі картасынан біз минойліктер мен минилерді таба аламыз

 

Тіпті, Нил алқабында мемлекеттіліктің негізін қалауда еңбегі ерен делінетін Египеттің бірінші фараонының есімі Мен (Манефонда Менес, Геродотта Мин) деп аталады.

 

Дәстүрге сай оның билеушілік уақыты сонау б.ғ.д. 4-мыңжылдықтың екінші жартысында өтеді

Шығыс Азияда ғұндардың өте көп орналасқан аумағына біз өздерін ғұндардың, манғүттардың және маньчжурлардың ұрпақтарымыз деп санайтын монғолдарды (мэнхолдарды) табамыз

 

«Мин-ман-мен» негізіндегі есімдер мұнда да өте кең етек жайған

С.В.Трусов. Русьте Дуло әулеті атауымен танымал ғұндар (хұндар) тарихы. РенТВ арнасына берген сұхбат)

 

Амур және Хуанхэ өзендері арасына қоныстанған имендіктер (тормендер) Хон атты жаңа атауға ие болды

 

Осы хондықтар

- қазақтардың

- үисіндердің

- ғұндардың және дулаттардың арғы ата-бабалары

 

Хон - таудың атауы деп есептейді Қази Бараж

 

Бұлғарларда тайпа атауының шығуы жайында басқа да болжам бар. «Жаграф тарихы» кітабында бұл былайша мазмұндалады:

«... тұран күнтізбегін пайдаланатын бұлғар жылнамашысы б.ғ.д. 3653 жылдағы оқиғаларды төмендегідей жазады:

 

«Бұртас соғысынан үш мыңжылдық бұрын Идель патшасы Шілбек су астында қалғаннан Самарға (Шумерге) билікті ұстап қалу мақсатында сондағы бұлғарларға жәрдем беруге жер қайысқан әскер (урус чиру) жібереді

 

Алайда Қап-Қаш тауының баурайында біздің қолбасшымыз Күбершекке Самардың (Шумердің) тақтан айырылған патшасы Хон- Ұланның өзі келіп, оның патшалығы өмір сүруін тоқтатқанын және ендігіде Хинде, Алты тау түбінде (Алтай) жаңа мемлекет тұрғызуды ниет еткенін айтады

 

Олар бірге аттанып, шығыста бүкіл түркілердің ата - бабалары ғұмыр кешкен сербіліктер (сірлер) жерінде үлкен мемлекеттің негізін қалады

***

Хон-¥лан мемлекеттің басына ие болып, оған өзінің Хон есімін береді... Көршілес қонған қытайлар оларға кедергі жасауға әрекет жасайды, бірақ Күбершек әскерлері тарапынан тас-талқан етіледі және жеңілгендерінің көбі Хон-¥ланға бағынады»

(Бақшы Иман. Жаграф тарихы. II том. Орынбор. 1 9 9 4 ж.)

 

Сонымен, имендіктердің (тормендердің), хондардың ежелгі тайпалары ұлы тарих жолында мейлінше ұзақ, азапты да қарама-қарсылыққа тола өсіп-өркендеу удерісін бастан кешті

 

Шет-шегі бітпеген қоныс аудапү ұзақ-сонар шаиқастар салдары өзінің дегенін жасап, этногенездік қазан ішінде бәрі де қайнап, сапырылып-араласып адами болмыс бейнесі түгелдей шарпысып шырматыла түсті

 

Алайда, олардың генетикалық сипаты яғни тектік қасиеті - бұл аса қуатты, ауқымы кең өмір сүруге деген ұмтылысы биік әрі терең, қүнарлы да нәрлі дүние. Бастапқыда имендіктер мамонттарды аулайтын аңшылар болды

***

Аңшылық үдерісі мал шаруашылығына түрткі жасады. Шаруашылықтың осы саласы сол уақыттың талабымен қарағанда ең өркениетті саналды

 

Бүл көшпенділер малшыларды ғаламның орасан зор территориясын игеруге ықпал етті. Көшу, қону қозғалысы түркілерді аса ғажайып кеңістікті түсінуге, тануға, дүниетанымын байытуға елеулі түрде мүмкіндік берді

 

Олар жедел түрде тәжірибе жинақтап, алға қарай ұмтыла түсті. Көшу үдерісінің жеделдігі оларға көптеген ғасырлар және мыңжылдықтар бойы бүкіл әлемге өз жағдайлары мен билігін жүргізуге тиесілі жағдайды қалыптастырды

 

Әлемдегі ежелгі халықтардың көпшілігіндегі генетикалық, мәдени және тілдік сипаттарында түркілік ортақ тамырдың сырлары байқалатыны бостан-босқа емес

 

Әрқилы ғасырлар мен мыңжылдықтарда түркілердің арғы ата-бабалары мен түркі тайпалары әртүрлі мемлекеттік қүрылымдарға біріккен

 

Мәселен, қазақтардың халықтық жадында бүкіл түркі тайпаларының басын қосқан үлы Алаш бабамыз жөнінде аңыз сақталып қалған. Мұндай аңыздар бостан-босқа қиялдан туындамаған, олардың шынайы шындығы ар

 

Бұл оқиғалар Қазақстан аумағын ғана қамтымаған, шамамен б.ғ.д. II мыңжылдықтың басында Енисей мен Обь өзендері арасын шарпыған

 

Жаңа мемлекеттіліктің бірігуінің тізгінін билер өз қолдарына алған. Сол уақыттарда көсемдерді билер деп атаған, ал билеушілерді күнбилер (күнді билеушілер) деген

 

Енисей мен Обь территориясында билер институтының бар болғандығын Би өзендерінің (Обьтің саласы және Енисейдің Би-Хема саласы) ғүмыр кешуі куә дей аламыз

 

Алғашқы белгілі билер ағалы-інілі Қадыр мен Қалша болған. Бастапқы мемлекетті құруда ерекше табысқа Қадырдың ұлы Алаш қол жеткізеді

 

Қазақ халқы текке айтпайды: «Атамыз Алаш, керегеміз ағаш, қазақпыз» деп

Алаш ғұндардың (бірқатар түркі және манчжүр тайпалары) күнбиі (билеушісі) тарапынан жария етілген

 

Күнбилік институттың өмір сүруін Енисейдің бір саласы Алаш өзені, Алаш үстірті атаулары еске түсіреді. Алаш есімі Жерорта теңізіндегі Кипр аралы ертедегі көне замандарда өзіне тиесілі атау ретінде аталған

(Ақселеу Сейдімбек. Көшпелілер тарихы. Алматы. 1995 ж. 8-бет)

 

Сондықтан бұл есімді сол жақтан келген имендіктер теліген. Алаштың тыныс-тіршілік жасағандығын руникалық жазбалардағы тас мүсін де растайды: «Қаған алты бөріг Алаш(а) ерті»

(Қаған Алаштың алты бөрісін соңына ертті)

 

Бұл олжа Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара өзені маңында табылған. (Ғ.Мұсабаев, А.Махмұтов, Ғ.Айдаров. Қазақстан этнографикасы. Алматы. 1971 ж. 27-бет)

 

Алаштың туын оның немересі күнби Қазақ жоғары көтерді. Ол біздің шамалауымызша б.ғ.д. 1800 жылдар - дан бастап өмір сүрген

 

Оның аты арада көптеген ғасырлар өтсе де ұмытылмақ емес. Қазақтың үрпақтары 1465 жылы Қазақ хандығын құрды. Рас, бұл мемлекет өзгеше этникалық мазмұнға ие тұғын

 

Мұнда Оңтүстік Сібірде қазақ халқы құрылмаған-ды, оның генеалогиялық, гендік мәйегі қалыптасты, яғни бәріне ортақ туыстық тамыр пайда болды, кейін осы өзек қазақ халқының басын біріктіруде және мемлекетті құруда идеялық, рухани тірек саналып, бір тудың астына жиналуға зор демеу болып табылды

 

Алаш және Қазақ хақындағы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыздар ғасырлар қойнауының қалың қатпарларынан жайылмай, құрып кетпей, бүгінгі ұрпақ жадын жаңғыртып, жаңартып біріктіруші, ұйымдастырушы күшке айналуда

 

Қазақ атауын бұлғарлар да есте сақтауда. Олар өздерінің ержүрек және батыр ұлдарын, ерлерін қазақ депатаған

 

Ғалым Б.Алтаев былай деп жазады:

«Бір қызығы «қазақ» сөзінің ең ескі түрі Енисей өзенің бір сағасы Ойық Туран бойында тасқа жазылған. Онда былай делінген Кзғоғлм - қазақ өғлум. Көрнекті түркітанушы ғалым С.Малов осы атауға байланысты екі түсінік: «қызғақыш, қазғакым» деген

(Б.Алтаев. Үйсін- сиқымның шығу тегі. Шымкент, 2011,6.114-115)

 

¥лы жүз қазақтарында аты аңызға айналған және бір ата-бабасы Арыс жөнінде ғибратты әңгіме бізге жеткен

 

Оның аты Тува Республикасының географиялық атауларында сақталған:

- Арысқанның қорығы

- Арыс - Бами елді мекені.

 

Түркі халқы Тұран атты асқақ атауды жадында сақтап келеді. Бұл есім көптеген көне жазба мұраларында бедерленген

 

Бұл атау сонымен қатар Оңтүстік Сібірде кеңінен тараған. Мәселен, Тувада

- Тұран өзені

- Тұран қаласы

- Тұран - ¥йық ойпаты

 

Ал Краснояр өлкесінде

- Краснотуранск қаласы

- Краснотуранск ауданы

сондай- ақ Бурятияда Тұран қаласы бар

 

Мұндай географиялық атаулардың баршасы дерлік кездейсоқ жағдаяттар емес, бұл - тарих беттеріндегі шынайы өмір жаңғырықтары

 

* * *

 

Адамзат тарихы, яғни, саналы адам (хомо сапиенс) дүниесі ғылым мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңға шейін 42-47 мың жылды құрайды

 

Мыңжылдықтардың аса басым бөлігі бүгінде есепке алынбайды. Дәстүрге сай, біз бүгінде бүкіләлемдік тарихты Шумерлер мен Египеттен бастаймыз, ал бұл біздің уақытқа дейінгі небәрі 6 мың жыл ғана

 

Әрине, мұндай жағдайда заңды сұрақ туындайды; тарихи оқиғалардың қалған 36-41 мың жылы қайда, біздер ол туралы не білеміз?

 

Біз осы ретте үн қата алмаймыз. Әйтсе де, сол уақыттарда, аталмыш кезеңде адамзат баласының тыныс-тіршілігі өз қазанында бұрқ-сарқ қайнап жатты.

 

Рулар, тайпалар және тайпалардың бірлестіктері пайда болып, жер- жерлерде, әлемнің төрт бұрышында адам баласының тілінде әрбірі өзара қарым-қатынас жасады

 

Сол дәуірлерде де саяси аренаға көсемдер мен өз заманының ерлері көтеріліп, тіршілік ету құқы үшін жан алысып, жан беріскен қиян-кескі күрестер жүрді

 

Ғалымдардың соңғы зерттеулерінде қалалар б.ғ.д. X мыңжылдықта пайда болғандығы жөнінде хабарлауда.

 

Б.ғ.д. VIII мыңжылдықта дүние есігін ашқан Трипольск мәдениеті өзінің аса зор қуатымен, орасан әлеуетімен әлемді таңдандыруда. Арқайым және Сынтас та жоғары даму деңгейіне қол жеткізді

 

Ал ғалымдар болса, Шумер және Египеттің тарихынан әрі қарай аса алмады, сонымен шектелді. Ал ашылмаған тарих беттері, тіпті, тереңде жатқандығы көпке аян

 

Ғалымдар ғылыми тұрғыда бір жүзжылдықта 4 ұрпақтың алмасатындығын, ал 42 мыңжылдықта 1680 ұрпақтың жаңғыратынын ғылыми тұрғыда дәлелдеген

 

Қазірде бізге бұл дәйектеме аз ба әлде көп пе,бұның бәрі әр адамның дүниетанымы ауқымына байланысты, әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім

 

Ал өзге 1440 ұрпақтың тарихы мүлдем жұмбақ күй кешуде. Бос қалған тарихы дәуірлер мен кезеңдер, ғасырлар мен жылдар, күндер мен айлар археологиялық көне олжалармен айшықталуда

 

Адамдардың ежелгі өркениет ошағы болып, Алтай есептеледі. Археологтар 100 метрден астам тереңдіктен адамзат тіршілігінің іздерін анықтауда

 

Бұл аймақта денисовтік деп аталатын және өзге де ежелгі адамдардың ғұмыр кешкенін жақсы біледі. Олардың өмір сүру қалдықтары сол дәуірдегі саналы тіршілік иелерінің мейлінше бейімді, жан-жақты дамып, өркендеген, өскен, өнген адамдар болғандығын көрсетеді

 

Ежелгі адамдарға қоныс аударудың белсенділігі тиесілі сипат алған. Алтайдан адамдар шығысқа, батысқа және оңтүстікке көш түзеген

 

Біздің көзқарасымыз және ұғымыз бойынша Еділ мен Орал аралығына көшіп- қонған тайпалар біздің ежелгі ата-бабаларымыз болып табылады

 

Олардың одан арғы тағдырлары жайлы біз ортағасырлық бұлғарлар авторларының еңбектерінен оқып білеміз. Танимыз

 

Дулаттардың ежелгі ата-бабалары имендіктер деп аталған

 

Бұл атау қазақ халқында терең із қалдырған. Мен сөзінің мәні - мен, өзім деген мағынаны аңғартады. Қазақтар арасында Имен деген есімдер жиі ұшырысады

 

Сондай-ақ қазақтар арасында мән, ман сөздері де кең етек алған. Мәселен, қаһарман сөзі, сонымен бірге Қараман, Нариман, Мәнтай, Салман және т.б. қазақтардың имен халқымен өзара байланысын одан әрі жалғастыра беруге болады

 

Бұл сөздер қазақ халқында бостан-босқа тақыр жерде пайда болған жоқ. Олар өздерінің терең тамырларына ие. Түркі лексиконында, яғни, сөздік айналымы мен қорында хон халқы - Күн мәніне ие халық атауы сақталған

 

Бәлкім, бүгінгі қазақ тіліндегі хон сөзінің түпкі тамыры бірте-бірте фонетикалық өзгерістерге ұшырап, бастапқы күн, гүн, кун сөздерінің заңды жалғасы болғандығын бүгінгі өмір шындығы мойындатуда

 

Хон халқының (тайпасының) атауына және осы сөзді біз Орхон өзені, Прибайкальедегі Хонхино елді мекені

 

Оңтүстік Кореядағы Чхунчхон каласы, олхонуттар, хонгодорлар, хонхлуттар тайпалары атауларынан, қазақ халқының қон, күн, гүн (Байқон, Күн, бүгін) сөздерінен аңғарамыз және көне түркілерде кездесетін ер адамның есімі Хондемирде кездестіреміз

 

Осыншама сәйкестіктерді кездейсоқтық деуге әсте болмайды

 

Хон тайпасы басқа да ежелгі жазба мұраларында көрініс тапқан. Атап айтқанда, олар жайлы былайша жазған:

 

«Сол уақыттарда халдейліктерден (Жаңа Вавилон патшалығы) бөлінген хондардың жауынгер тайпасы келіп, бұнтүркілердің билеушісінен алым-салық төлеу мақсатымен жер беруді сұранып, Занавиге қоныстанды. Сөйтіп, олар тиесілі жерді иемденіп, салық төледі

 

Ол жер Херки деп аталады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін бүкіл жер-жаһанның патшасы Александр (Македонский) қайта оралып, осынау үш қала мен бекіністердің тас-талқанын шығарды, хондарды да женді»

 

(Грузияның үндеуі Ежелгі грузин тілінен аударған Э.Такайшвили. Редакциялаған М.Чхарташвили. Тбилиси. Мецниереба. 1989 ж. 24-бет)

 

Мәтін анықтауды, нақтылауды талап етеді, өйткені мұнда әр алуан уақыт оқиғалары қамтылған. Әйтсе де, біздерге хондар тайпасының аталуы және олардың Қосөзеннен (Халдей) Солтүстік Кавказға (Грузия шекарасы арқылы) қоныс аударғаны қызықтырады

 

А.Н.Бернштам өзінің «Ғұндар тарихының очерктері» кітабында:

«...ғұндардың батыстағы бірлестігіне ежелгі птоломейлік хундар және Кавказдың хондары енген» деп жазады.

 

 

Жазба мұраларда б.ғ.д. VІІІ-VІІ ғасырларда Таман түбегінде өмір сүрген синд тайпалары туралы да еске салынады

(«Тарих жұмбақтары», журналы, №12. 2016ж.)

 

Оңтүстік Сібірдегі Мыңүйсін және Жетісудағы Үйсін - дулаттардың ата-бабаларының түптамыр отаны Ғалымдар К.Т.Лайпанов пен И.М.Мизиев «Түркі халықтарының шығу тарихы» кітабында былай деп жазады:

 

«Оңтүстік Сібір б.ғ.д. III мыңжылдықта ежелгі ямниктермен генетикалық тұрғыда байланысты батыстан келген тайпалармен қоныстанған болатын

“Ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі Шығыс және Орталық Азиядағы халықтардың тарихы” (Мәскеу. 1986 ж.) кітабында:

 

“Оңтүстік Сібірде қола дәуірінде афанасьевтік мәдениет кең түрде дамыды, б.э.д. Ш мыңжылдықта Таулы Алтайда металдарды оңдеудің оңтүстік сібірлік ошағы пайда болады, афанасьевтіктер кешенді мал шаруашылығы және егіншілік шаруашылығын қатар жүргізеді

 

Б.ғ.д. 1600-1400 жылдары афанасьевтік мәдениет Хакас-Мыңүйсін шұңқырынан Орал өзеніне дейін өріс алған андроновтық мәдениетпен алмасады

 

Андроновтықтар - малшылар жауынгерлік арбамен пайдаланып, төрт доңғалақты жүк арбасын қолданысқа енгізді (10-бет). Афанасьевтер келгенге дейін неолиттік тайпалар Сібірде мүлдем мал шаруашылығын білмеген, ал мұнда қоныстанған афанасьевтерде бастапқыда-ақ шаруашылықты жүргізудің осы түрі өте дамып, зор қарқын алған-ды

 

Осынау және басқа да себептердің арқасында 1941 жылдың өзінде-ақ академик А.П.Окладников афанасьевтік мәдениет те Сібір неолитіне тән сипаттың бәріне де мүлдем бөтен болатын деп анықтады”

(А.П.Окладников. 1941 ж. 9-14-беттер)

 

Археолог А.Б.Вадецкая афанасьевтердің еуропеидтік нәсілдер тобына жататынын, ал сол уақыттарда көршілес облыстардағы тұрғындар монғолидтер немесе аралас нәсілділер болғанын атап көрсеткен»

 

 

Біз зерттеген материалдар афанасьевтердің әлемдеп ең ежелгі халықтардың бірі - үйсіндер болғандығын меңзейді

 

Сондықтан да олар көптеген түркі халықтарының арғы ата-бабалары болуы табиғи да

 

Әдетте, тарихшылар үйсіндерді Жетісу және Шығыс Түркістандағы түрғындармен үқсас, бірдей тайпалар деуге бейім

 

Жетісудағы үйсіндер - бұл бүкіл үйсін халқы емес, небәрі оның аймақтық этникалық қатпарларының бірі ғана

 

Ежелгі үйсіндер ұлан-байтақ территорияны мекендеген.

Олар

- Алтай

- Оңтүстік Сібір

- Тянь-Шань етегі

- Жетісу

- Монғолия далалары және

- Солтүстік Қытай.

 

Ежелгі үйсіндердің қоныстанған орталығы Мыңүйсін шүңқыры (орысша - Минусинская котловина).

 

Тіпті, тұрғылықты жайдың өзі үйсіндердің мекен-жайын әйгілеп, жарияға жар салып тұрғандай сезіледі.

Үйсіндер

 

- Афанасьев мәдениетін (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық)

- Окунев мәдениетін (б.э.д. II мыңжылдық)

- Қарасуық мәдениетін (б.э.д. 2- м ы ң ж ы л д ы қ т ы ң а я ғ ы 1 - мыңжылдықтың басы)

- Тағар мәдениетін б.э.д. Х-ПІ ғасырлар)

- Таштық мәдениетін (б.э.д. II ғасырдан б.э.д. V ғасыр) құруға ықпал жасаған

 

Бұл мәдениеттердің барлығында дерлік баршасына ортақ қуатты, әлеуетті үйсіндік астар бар

 

Жалпы алғанда, Алтайдың, Оңтүстік Сібірдің, Монғолияның, Солтүстік және Орталық Қытайдың ежелгі тарихы жаңаша және түбегейлі қайта қарап ойластыруды талап етеді

ежелгі Үйсін тұлғасының бейнесі

 

Біздің эрамызға дейінгі үш мыңжылдықтар ішінде Оңтүстік Сібір мен Алтайдың үйсіндері көптеген тайпаларға, руларға және аталарға бөлінгеніне қарамастан, іргелі халық деңгейіне көтеріліп, өсіп жетілді

 

Жаңа тайпалар өздерінің бүрынғы ата- бабаларынан бөлініп, дербес тыныс-тіршілік жасауға кірісті. Біздің эрамызға дейінгі үш мыңжылдық аралығында Оңтүстік Сібір мен Алтайда үйсіндер мен олардың үрпақтарының көптеген мемлекеттері гүлдеп жайнады және күл-талқан болып қирады

 

Күйреді. Бәлкім осы мемлекеттердің билеушілерінің ордасы Мыңүйсін шүңқырындағы Күн тауында (Күнтау) болған шығар. Үйсіндердің билеушілері хақында бізде мағлұматтар жоқ, бірақ шежіреде көрсетілген адамдардың болуы ықтимал

 

Ал Оңтүстік Сібір мен Алтайдағы үйсіндердің ежелгі мемлекетін біз Мыңүйсін деп атадық

Мұрат Аджи былай деп жазады:

 

«Шамамен үш мың7^ жыл бұрын Алтайда түркілердің арғы ата- бабалары аталған V тайпалардың одағы Адамдарды олардың тілі, сыртқы келбеті мен пішіні, мәдениеті бас біріктірді. Мемлекет болудың барлық белгілері, мінеки, осылар. Бәлкім, сол дәуірлерде түркі тілінде ел - мемлекет сөзі пайда болған шығар

(М.Аджи. Азиаттық  Еуропа)

 

Мыңүйсін ойпаты

 

Жақсыбай Әмірсейітүлының шежіресінде (қолжазба) ежелгі Абақан патшалығы (б.ғ.д. 1633-1625 жылдар) туралы деректер кездеседі. «Абақан» географиялық термин атауы Оңтүстік Сібірде кең тараған

 

Мәселен, Минусин (Мыңүйсін) шүңқырында Абақан жотасы (Абақан өзені, Абақан қаласы) бар. Сол шежіреде билеуші Үйсін би (б.э.д. 1026-1012 жылдар) есімдері аталады

 

Сондай-ақ адамдарға белгісіз көптеген мемлекеттер өзінің зерттеушілерін сарғая күтуде

 

Өте тым ежелгі дәуірде Оңтүстік Сібір мен Алтай территориясында әлемдік мәдениеттің аса жоғары қазынасы - сібірлік аңшылық стилі туындады

 

Олар қазір өзінің ерекше қүнды атануымен, сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамымен, айрықша қуатты қиял шабытымен, өзге ешбір жерде кездеспейтін көркемдік ауқымдылығымен көрер көзді тамсандыруда

Эрмитаждағы басы бүркіт, денесі арыстан мүсіндер. Үйсін мұрасы. Аң стилі

 

 

 

 

Мыңүйсін ойпатынан табылған Үйсіндер жасаған аң стилі қолөнер туындылары

 

Ғылыми ортада сібірлік андар стилі таңкаларлық жағдайда скифтерге тән деген атау қалыптасқан. Осынау атауға көптеген атақты академиктер қол қойған

 

Рас, мұндай қадамға саясаттың да араласқаны жасырын емес деуімізге болады. Сібірлік аңдар стилі біржақты скифтік емес. Скифтердің аңдар стилі (Қара теңіз маңайы) кейінірек пайда болды

 

Ал сібірлік аңдар стилі қарасуық мәдениетіндегі (б.э.д. 10-8-ғасырлар) тас дәуірі кезеңінде туындады, оның өсіп-өркендеуі, гүлденуі тагар мәдениетімен (б.э.д. 8-7-3-ғасырлар) етене байланысты

(В.С.Зубков. Скифтік-сібірлік аңдар стилі. Хакасия Республикасы энциклопедиясы)

 

Сібірлік аңдар стилі, тіпті, сақтардағы аңдар стилінен де анағұрлым ерте дүниеге келген

 

К.Т.Лайпанов, И.М.Мизиев «Түркі халықтарының пайда болуы туралы» кітабында былай деп жазады:

 

«Мәселен, көрнекті украин скифтанушылары В.И.Ильинская және В. А.Треножкин ғалымның ең жаңа жетістіктеріне сүйене отырып, скифтер мәдениетіндегі аңдар стилі өзінің түпкі тамырымен Сібір және Алтайдағы түркі халықтарымен байланысты деп мәлімдеді...»

 

Егерде скифтер мен сақтар болмаса, онда сібірлік аңдар стилін қандай халықтар жасауы мүмкін деген сауал заңды түрде өзінен-өзі туындайды.

 

Біз мұндай стильді дүниеге әкелген ежелгі үйсіндер деп мойындаймыз

 

Осындай қорытынды тұжырым неге негізделген?

 

Айталық, бүл мәдениеттің туу орталығы - Мыңүйсін шұңқыры - үйсіндердің ежелгі ойкуменасы

 

Сол жердің географиялық атауы Мыңүйсін шұңқыры атауы да жоғарыдағы сауалға айқын жауап дей аламыз

 

Соншалықты кең ауқымды және өзінің бай әрі құнды, эстетикалық талғамы жоғары сібірлік аңдар стилін жасаушылар әлемдік және халықаралық айтулы тәжірибеге, ертедегі Триполь, Шумер, Египет, Таяу Шығыс, Жерорта теңізі секілді территорияларда мекендеген халықтардың мәдениеті мен болмыс-бітімін мейлінше меңгерген, соған ие ел-жұрт қана болуы ғажап емес

 

Мұндай тәжірибе хондарда, тормендерде, Шумерден ежелгі кезеңдерде келген үйсіндердің ата- бабаларында бар еді.

 

Сонымен, үйсіндік-сібірлік аңдар стилі - скифтер мен сақтардың аңдар стиліне жол ашқан, алдын-ала болған табиғи заңды құбылыс

 

Скифтер, сақтар, сарматтар, исседондар, арғыпейлер, арымаспылар, аландар, ғұндар, үйсіндердің бай мұрасын бойларына дарытып, далалық әлемді жаңа көрнекті де көркем дүниелермен байытты

 

Айтпақшы, қазақ шежіресінде ежелгі қытайлықтар үйсіндерді шань-жұндар деп атаған. Егерде қытай тіліндегі шань-жүн сөзін еске алсақ, онда бұл сөздегі шаньның мағынасы ұлы деген мәнге ие

Ал жұн үйсін деген сөз

 

Сондықтан шань-жұн сөзі ұлы үйсіндер деген мән-мағынаны білдіретіні хақ. Шумерлердің түркілік тамырға ие екендігі ғылымда дәлелденген. К.Т.Лайпанов, И.М.Мизиев өздерінің «Түркі халықтарының шығу тарихы» кітабында: «XIX ғасырдың аса көрнекті шығыстанушылары және олардың ізін жалғастырушылар: Г.Винклер, Ф.Гоммель, Н.С.Трубецкой, Б.Грозный және басқалары шумерлер тілінің алтай (түркі) тілдеріне өте жақын болған деп есептеген

 

Бұл көзқарасты қазіргі заманғы лингвист- түркітанушылар:

А.С.Аманжолов

М.Ж.Ширалиев

М.А.Хабичев

Б.Б.Юсифев

А.М.Мамедов

С.Я.Байчоров

О.О.Сүлейменов және басқалары нықтай түсіп, бірге бөліседі

 

Түркі (соның ішінде қарашай- балқар) және шумер тілдері ортасындағы тікелей лексикалық мағынасы үқсас, біркелкі 400-ге жуық сөздер анықталған» деп жазған

 

Сонымен, үйсіндердің арғы ата-бабалары: хондар мен тормендер түркітілді тайпаларға жатады

 

Өздерінің ата- бабалары арқасында үйсіндер интеллектуалды түрғыда дамудың ең биік сатысына көтерілді

 

Зерттеуші Я.И.Шер өзінің «Орта және Орталық Азияның петроглифтері» кітабында Мыңүйсін шүңқырында көптеген ежелгі түркі жазуларының бар екендігін мәлімдейді

 

Мұнда ежелгі үйсіндердің тыныс- тіршілік етуінің өзі олардың түркі тілдес халық екендігін куәландырады

 

Сондай-ақ, Мыңүйсін шұңқыры, Оңтүстік Сібір, Алтай өңірлері түркілік атауларға ие жер, су аттарына өте бай болуымен ерекшеленеді, бұның өзі мұнда аса қуатты ежелгі түркілік этникалық қатпарлардың құпиясы сырын ішке бүгіп жатқанын аңғартады

 

Біз ежелгі түркі тілінің және жазуларының бастау көзінде үйсіндер тайпасының ізін анык байқаймыз. Үйсін мәдениеті мен жазбаларының мұрагерлері ғұндар жазуы және түркілердің орхон-енисейлік руникалық жазбалары болып табылады

 

Жоғарыда айтқанымыздай, үйсіндер сібірлік аңдар стилін жасап қана қоймай, сонымен бірге ең ежелгі, мәңгілік күнтізбекті (б.э.д. III мың жылдық) құрастырушы да

 

Бүл жетістік өзінің мәні мен мағынасын бүгінде де жоғалтпаған. Айтпақшы, ғылыми ортада да үйсіндердің жоғары интеллектуалды және мәдени әлеуеті ешқашанда күмән тудырмаған

 

Ал ғалымдардың едәуір бөлігі оларды ертедегі түркілерге балауға әзір. Сонымен, ежелгі үйсін мәдениеті барша түркі мәдениетінің қуатты өзегі болып табылады

 

Оның ғаламдық орны мен рөлі бүрынырақта айтылғандардан әлдеқайда жоғары әрі өлшеусіз терең. Оңтүстік Сібірдегі ежелгі үйсіндер мен Жетісу және Шығыс Түркістандағы ежелгі үйсіндердің мәдениетіне салыстырмалы түрде талдау жасасақ, сонда олардың толық бірізділігін, біркелкі екендігін анықтаймыз

 

Әртүрлі территорияларда өмір сүрсе де, өнерде, діни наным-сенімде, жерлеу рәсімдерінде, тұрмыста, дәстүрде, мінез-құлықтарында және басқа да көптеген салаларда ұқсастықтар менмұндалап тұрады

 

Және де киім-кешектердің, өзге де заттардың стилі мен олардың техникалық орындалуы бірдей. Енисейдің көптеген қорғандары (б.э.д. VІІ-VIII ғасырлар) Жетісудағы қорғандарды еске салады. Қорғандардың құрылысы және олардың ішкі құрылымы бір-біріне сәйкестігімен ерекшеленеді

 

Үйсіндік-сібірлік аңдар стилінің көркемдігі аса жоғары туындыларын көзден өткізе отырып, олардың Жетісудағы дәл сондай дүниелерімен сыртқы жақындығын байқап пайымдайсыз

 

Сібірлік аңдар стилі

 

Сібірлік және жетісулық үйсіндер арасында өзара ортақ ұқсастықтар лауазымды атақтарда, өзендер және мемлекеттер атауларында айқын көрініс табады

 

Сібірлік және жетісулық үйсіндер билеушілерді күнби деп атаған, ал қытайлық тарихшылар оларды гуньмо деген, қазақша аудармасы Күн биі немесе Күн қүдайының елшісі мағынасын береді

 

Жетісулық үйсіндер билеушілерінің лауазым атақтарын қытайлықтар өз деректерінде қалдырса, Алтайда бұл жағдаяттар Би озені және Би- Хем, Енисейдің сол жағалауына орналасқан Куня тауы (Күн тауы) атауларында сақталынған

 

Күн сөзі енисейлік қырғыздар мемлекетінің атауында да ұшырасады. Бұл атау қытайша Цзянкүн деп дыбысталады

(Википедия. Енисейлік қырғыздар)

***

Ал енисейлік қырғыздар да сібірлік үйсіндердің ұрпақтары болып табылады, бұл жайлы екі халықтың таңбалары куә бола алады

 

Жетісулық үйсіндердің жерінде қырғыздардың бір бөлігі өз мемлекетін құруы тектен- текке емес. Ғалым А.Н.Бернштам өзінің «Ғұндар тарихының очерктері» кітабында былай деп жазады:

 

«Үйсіндердің ордасынан табылған қытайлық ханшайымдар гуншу атты лауазымдық атақтарға ие болған, бұл бірнеше деректерді салыстыра қарастырған П.Пелльо қырғыз және орхон мәтіндеріндегі күншүй деп оқылған руникалық жазбалармен ұқсас»

 

Сонымен, күндей сұлу қытай арулары көптеген үйсіндік билушілердің басын айналдырып, билегендері жалпыға мәлім жәйттер. Бірақ олардың басты қаруы болып, сөздік айналымындағы күн сөзінің қолданысы әлі күнге шейін белгісіз болып отыр. Әйтсе де сұлу сөз бен сұлу жүз — бұл да мықты күш екендігі айтпаса да түсінікті.

 

Comments powered by CComment

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?