Ақберді Темір шежіресі кітабынан

Шежіре - халықтың шыққан тегін, таратылуын баяндайтын тарих ғылымының бір бұтағы


 

Рашид-ад-Дин
(фарсы тарихшысы)

 

«Түріктер өздерінің ата-тегі жайлы шежіреге айрықша мән береді

 

Олар бұл шежірені, тіпті тілі жаңа шыққан жас балаларының да құлағына құйып қояды. Сондықтан, өз руының шежіресін білмейтін, өзінің ата-тегін тарата алмайтын адамдар мүлде ұшырамайды...

 

Бұл - естен кеткен ескі замандардан күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан салт» 

 

Бәйдібек баба ескерткіші

 

"Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат"

 

"Ей, білімдар, түзу ұста жібіңді, Кетпе ұмытып, ойлан тек пен тегіңді"

 

"Тегін білу - тектілік"

 

"Ақылды жас - бабаларды ойда сақтар"

 

"Жеті атасын білген ер - жеті жұрттың қамын жер"

 

"Өткенді ұмытсаң, келешек саған тас атады"

 

"Түбін білмеген түгін білмейді"

 

"Бірлігі мықты елдің түтіні түзу ұшар"

 

"Бірлігі күшті ел озады Бірлігі жоқ ел тозады"

 

"Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді"

 

"Кеңесіп іс басқару-келелі елдің белгісі, жұмыла жұмыс атқару - өрелі елдің белгісі"


"Өсемін, өркендеймін деген ел өткенін еске алып, бүгінмен өмір сүріп, болашақты ойлап отыруы керек"

 

"Санама біріңді артық, біріңді кемге, Біріңді-бірің деме сүрінгенде"

 

"Әрқашан жүпты жазбай бірге жүрсең, Татисың аз болсаң да іргелі елге"

 

"Ата-баба әруағын, Қадір тұтып сыйлаған. Ақберді - Темір ұрпағы, Мерейің өссін "

 

Шымыр ата мазараты

 

АЛҒЫСӨЗ - кіріспе


Шежіре - тарихымыздың түпкі атасы екені белгілі

 

«Біз тарихымызды өзгелер түрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Оны зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім, не деп таниды? Тарихты елдің азаматтары жасайды» - деген екен, тарихты зерттеушілер

 


Сол айтылғандай, қазақ тарихының бір беті іспеттес, өткен бабалар шежіресін қолдан келгенше қайта тірілтіп, жоқты іздестіріп, барды түгелдеп- толықтырып, кешегі мен бүгінгіні ұштастырайық деген ниетпен осы шежіре-естеліктер жинақталды


Бұл тарихи жазба естелік негізгі екі бөлімнен тұрады:

 

бірінші бөлім: 

- Жалпы Темір бауырлар және Шымыр Темір шежіресі туралы

 

Екінші бөлім: 

- Ақберді баба ұрпақтары жайында

***

Кіші тұра тауы. Бәйдібек ауданында


Жинақ-кітабымыз әртүрлі тақырыпты қамтыған, бірін-бірі толықтырып тұратын, авторлық естелік жазбалардан құралған


Жинақтағы Ақберді Темір үрпақтарының шежіресі тек схема-тізбе түрінде ғана көрсетілмей, оған қатысы бар-ау деген тарихи естелік материалдармен толықтырылды

 

Сол үшін де, жазу барысында аздап болса да өткен ғасырлар қойнауына тереңдеп, бұрын осы өңірде мекен еткен бауырлас-қандастарымыздың өмір тарихының біраз бөлігін қамти өтіп, одан бергі-уақыттағы Ақберді бабамыздың осы Қостұраға қоныс аударып келуіне тарихи болжам жасалды
 
 
Сол замандардан бергі үрпақтардың өсіп-өнуі, бүгінгі күнге дейінгі небір қиын-қыстау уақыттардан өте келіп (20-шы жылдардағы конфискация салдарынан басқа елдерге ауа көшу, 30-шы жылдардағы елдегі ашаршылық, кейінгі Орыс - Герман соғысы), қазіргі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» дейтін бейбіт тыныштық замандағы Ақберді баба ұрпақтарының басқалармен терезесі тең жағдайда өсіп-өніп жатқаны жайында біраз естеліктер жазылды

 

Бәйдібек ауданы. Үлкен тұра тауы


Сонымен қатар, тәрбиелік мәні үлкен, ата- бабалардың өсиет-насихат сөздерімен қоса, туған жер Қостұраға және бауырларға арналған Ақберді баба ұрпақтары шығарған жыр-әндер іріктелініп алынды


Орыс-Герман соғысына қатысқан және сол қырғында ерлік көрсетіп, қаза тапқан майдан батырларының да аты-жөндері көрсетілді.
Сонымен бірге еліміздің экономикасының одан әрі дамып өркендеуіне қосқан үлкен үлесін, олардың атқарған ерен еңбектерін кейінгі ұрпақтанып-біле жүрсін деп, сол ел азаматтарын және ардақты аналарды суреттерімен көрсетуді жөн санадық


Осы шежіре-жинақтағы естелік жазбаларды, өткен оқиғаларды азды-көпті еске түсіріп, назарларыңызға ұсынып отырған азаматтар әдеби жазушы емес, олар қатарыңыздағы аға-буын ел азаматтары, сондықтан да бұл жазбаларға, терең сын көзбен, қарамаған дұрыс шығар дейміз


Негізгі мақсат, өткен 200-220 жылдай Ақберді баба ұрпақтары туралы ешқандай да тарихи жазба деректер болмағандықтан, аз да болса осы өтіп жатқан уақыттан із қалсын деген ниетпен жазылған естелік жазбалар

 

 

Бұл жазбалардың тарихи құндылықтары көп болмағанымен, ата- бабаларымыздың өз уақытындағы өмір сүрген, еңбек еткен ортасынан азды-көпті мәлімет берері даусыз


Осы естелік жазбалардағы оқиға-жағдаяттармен танысқан соң табиғаты талайларды тамсандырған Қостұра өңірінің әлі де бізге беймәлім қаншама тарихи оқиғаларды ішіне бүгіп жатқан қасиетті де, қастерлі жер екендігін айқын сезгендей боласыз


Ал Қостұра тауы осы елді мекеннен бастап батысқа қарай 90-100 шақырым алқапты алып жатыр. Егер осы тауларды мемлекеттік тұрғыдан тереңдетіп зерттесе қазба байлықтың неше түрі шығатынына сеніміміз мол

 

Бұл болашақтың тірлігі болып әзірше қала берер

 

Домалақ ана кесенесі


Осындай қасиетті жерде біздің ата-бабаларымыз өсіп-өнді, қаншама қиындыққа толы оқиғаларды бастарынан өткізді, одан аман қалып бүгінгі күні іргелі ел болды

 

Келер ұрпақтың «бізге дейін не болыпты?» дейтін сүрағына осы жинақталған еңбек толық болмаса да азды-көпті жауап ретінде болар деген үміттеміз

 


Қорыта айтқанда, үлкен дарияның шағын өзендер мен бүлақ суларынан қүралатыны сияқты, үлкен қазақ тарихы да дәл осындай, шағын ата-бабалардың шежіре-тарихынан қүралатыны себепті, біз де Ақберді-Темір бабамызға арналған осы қысқаша шежіре-естелікті жинақтадық


Бұл шежіре-жинақта Ақберді-Темір ұрпақтарының шежіресінің барлық жағы толық қамтылды деп айта алмаймыз. Алдағы уақытта келер ұрпақ бүл шежіре-жинақты элі де толтырып, толықтырады деген ниеттеміз

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...