Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

 

Арапша жалбарынып, арапша сыйынып, арапша тілек тілеп, араптың қалтасын қампайтып, араптың әруағын асырып жатыр

Өз әруағы нала болды

Нала болғаны сол, жауларына мазақ қылды, аштықтан қырды, өздері қалдырып кеткен жерге, тірі ұрпақтарының ие болуына разы болмай отыр

Құдай, алла, тәңір, бог...

оны тану үшін алдымен әруағыңды тану керек

Біздің дүние есігін ашуымызға сеп болған адам баласы. Біз аспаннан салбырап түскен жоқпыз.

Адамзатты әу баста құдай балшықтан жаратты дегендер, қиял қуушылар

Алғашқы адам баласының жер жүзіне қалай келгенін нақты білем деушілер не біреудің сөзіне ерген ермелер немесе бал ашушылар

Біздің нақты білеріміз, адам адамнан туады, ал арғы жағы тылсым дүние...


*****

Адамның жер бетінде пайда болуы жайлы әркімде әртүрлі пікір қалыптаса береді

Ол, адамның ой-санасы мен түйсігінің дәрежесіне қарай 

Миллион жыл бұрын кімді-кім, қалай, неден жаратты дегенге мен бас қатырмайм

Өйткені оның жауабын білуге лайық емеспін деп санайм

Олай болса...

Мен неге лайықпын?

Мен өзімді туған, асырап-баққан ата-анамды құдайым деп қарауға лайықпын. Мені Жаратушым - Әкем болса, Жасаушым - Анам.

Онан арғысын білем деп айту, қырық өтірікші болу

****

Ата-анамен жалғасып келе жатқан, бабалардан жалғасып келе жатқан, әр адамның киелі жолы, киелі діні бар. Ол ата-ананың берген тәрбиесі.

Тәрбие көрген адам діні мығым болады дағы, тәрбиесіз адамның діні солқылдақ, ерме болады

Дін дегенің - ата-ананың тәрбиесі


Әруақ дегеніміз - бабалардан келе жатқан жол. Энергетикалық толқын

Біздің жанымыз көзге көрінбейтіні секілді, әруақ та қарапайым көзге көрінбейді

***

Бір құдыреттің бары рас деп отырады көп адам. Ол бір құдырет - әруақтар әлемі.

Өйткені тылсымды, құдайды, құдыретті сол әруақтың арқасында сезіп-біліп отырмыз

Әруақ бізге өз қуатынан жан салады, біз сол жанмен өмір сүреміз

Біз құдайға қарыздар емеспіз, әруаққа жан қарыздармыз

****

Әруақтың пайғамбарға, кітапқа, молдаға, уағызшыға  қарап қалған күні жоқ

Алайда әруақ, әр ата-ананың өз баласына дұрыс тәрбие беруін күтеді

Құдай мадақтағаныңды, шақырғаныңды, табынған сыйынғаныңды қабыл етпейді, құлақ аспайды

Өйткені құдайдың көзі соқыр, құлағы керең!

***

Ал Әруақ болса, құдайдың көзі мен құлағы, аяғы мен қолы!

Әруақ қабыл етеді

Тылсымды, әлемді әруақтың арқасында танып-біліп отырғандықтан, біздің құдайымыз - Әруақ

****

Әруақ жалқы есім. Әруақтар деп көпше түрде айтылмайды

Бабаның саны көп болғанымен, жолы біреу

Атаң біреу болғанда, анаң біреу, әруақ та біреу болмақ

Әруақ шақырсаң келеді, қысылсаң жәрдем береді

Алайда өзі саған наразы болса, тастап кетеді

Ол кезде аспан мен жерді адақтап, өзіңе тіреу таппай қаласың

Құдайды танымастан, әруақты танысаң, қалған нәрсенің өзі ашыла береді

Ал әруақты аттап өтіп, тікелей құдайға шығам десең, тұқымыңмен тұздай құрисың

Әруақ сені демеу үшін жыл күт, ай күт, ана дүниеге барған соң берем демейді, мейірі түссе бірден береді

Ал енді өзің сыйынған, табынған құдайларыңмен салыстыр...

****

Құдайға құй сен, құй сенбе, ол жағына құдайдың басы ауырып, балтыры сыздамайды

Алайда әруақты ысырып қоям десең, әруақ аяғыңды аспаннан келтіреді

Біз бар болсақ, құдай бар, біз жоқ болсақ, құдай да жоқ

Сондықтан бабаларымыз әруақ сөзіне құдайды тіркеп, "әруақ-құдай" деп атаған

Әруақ-құдай емес, құдайдан былай емес...

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?