Үйсін тайпасының тастағы таңбалары. Шумерлердің айқыш таңбасы

Таңбаларды Оңтүстік Сібірде алғаш рет қолдануда бастамашы болған үйсіндер еді. Олардың бастапқы және одан кейінгі таңбалары Мыңүйсін шүңқырындағы тастарда бейнеленген, бедерленген

 

Оңтүстік Сібір және Алтайдың барша территориясында олардың саны көптігімен ерекшеленеді

 

Айтпақшы, осы аймақтардағы таңбалар ғалымдар тарапынан жақсы зерттелген


Олар былай деп жазады:

 

«Үйсіндердің, түріктердің, қырғыздардың аттарындағы таңбалар туралы куә боларлық қытайлардың жазбаша деректері бар

 

Өкінішке орай, тепсейлік тастардағы суреттерде біз мүндай суреттеулерді анықтай алмадық, бірақ таяу маңдағы табылған заттарда осындай белгілер кездеседі. Бүл - Суханиха, Подкамень, Үшкөл, Түс және басқа да мекендер (Мыңүйсін шүңқыры)


(О.С.Советова, О.О.Шишкина «Тепсей тауы етегінің тағар қорғанындағы қоршау тастардағы таңбалар» )


Үйсіндердің алғашқы таңбаларының белгілерін табиғаттың өзі үсынғандай сыңайда байқалады. 

Мәселен: 


- күн  Үйсіндердің Мыңүйсін шұңқырындағы тасқа басылған Күн таңбасы

 

-ай     Үйсіндердің Мыңүйсін шұңқырындағы тасқа басылған Ай таңбасы

- түяқ    Үйсіндердің таңбалары. Петроглифтегі Тұяқ таңбасы

 

-мүйіз    Үйсіндердің таңбалары. Петроглифтегі мүйіз таңбасы
 

 

- ағаш      Үйсіндердің таңбалары. Петроглифтегі ағаш таңбасы

 

Соңыра үйсіндер мен олардың ұрпақтары (соның ішінде дулаттар) бұл суреттерге кішігірім өзгертулер енгізеді. Кейінірек олардың бірқатары басқа мазмұндық мәнге ие болады

 

Үйсіндердің тағы да бір өте ежелгі таңбасы бар. Ол - тең тарапты айқыш белгісі. Бұл таңбаны бұдан бұрын шумерлер пайдаланған. Оның шығу бастауында адамзаттық қайнаркөз бар

 

Адам баласы Күнге бас ию үдерісінде кеуде тұсында қос қолын айқастыра ұстаған


Демек, тең тарапты айқыш белгісі - шумерлер мен үйсіндердің Күн құдайын мойынұсынуы және оны ұлық тұтуының көрінісі. Осы белгіні кейініректе үйсіндерден арийлік тайпалар алып пайдаланады

Үйсін тайпасының тастағы таңбалары. Шумерлердің айқыш таңбасы

 

Бірте-бірте үйсіндердің таңбалары Алтайдан Хоккайдо (Жапония) аралына дейін үстем бола бастады

 

Мыңүйсін ойпатындағы петроглифтер, Үйсіндердің таңбалары

 

Мыңүйсін (Минусинск) ойпатындағы петроглифтер мен Алтай петроглифтері

 

Хоккайдо аралындағы үйсіндердің таңбалары, петроглифтер

Ежелгі үйсіндердің үрпақтары түркі халықтары болып табылады

 

Оларға

- үйеждер

- дыңлынлар

- енисей қызғыздары

- хакастар

- тувалықтар

- алтайлықтар

- Ұлы жүз қазақтары және басқа да көптеген халықтар кіреді

***

 

Үйсіндердің таңбалары негізінде олардың ұрпақтарының таңбалары ұйысады. Олар тек қана әлдеқандай сызықшаларды, яғни, белгілі бір элементтерді қосты

 

Үйсіндер мен Енисей қырғыздарының жазбалары. Тастағы Үйсін мен Дулат таңбалар

 

Хакастардың таңбалық белгілері. Олардың негізі үйсін мен дулат таңбалары


- Имендер

- тормендер

- хондар мен олардың ұрпақтары:

- үйсіндер өте ежелгі дін - тәңіршілдіктің бастауында тұрды

 

Ғалым Р.Н.Безертинов былай деп жазады:

 

«Буддизмді, христиандықты, исламды қабылдағанға дейін түркілер өзінің, мейлінше көне және өздеріне тән  діні болатын
 

Ол дін ғарыштық құдай Тәңірге мойынұсыну культіне негізделген-ді

 

Ең басты құдай деп саналатын Тәңірі туралы көзқарастың түпкі тамыры б.ғ.д. V-ІV мыңжылдықтардан бастау алып бүкіл түркі және Ұлы дала монғолдарына тән сипат еді» 
 
 

(Р.Н.Безертинов. «Тәңіршілдіктің» ежелгі түркілік дүниетанымы)
 
 
Осынау ең ежелгі дін өзінің

- жүйелілігімен

- ұғынымдылығымен

- және қарапайымдылығымен

- сондай-ақ дінге сенушілерге түсініктілігімен ерекшеленетін

 

Оның көптеген мыңжылдықтар бойы өмір сүруі сол себепті де таңданарлық құбылыс емес
 

Айтпақшы, тәңіршілдік сенімі Шумер және Египет, Үнді және Қытай, Жапония мен Корея, Ресей тағы баска да еуропа халықтарының және тайпаларының діни нанымдарына өзіндік ықпалын тигізді


Егерде Тәңірі басты құдай болса, оның иелігінде 16 құдай бар еді

 

Тәңіршілдіктің көзқарасынша олардың бәрі бірге ғаламды басқару құқығына ие болатын 

 


Құрмет пен қадірге және мойынұсынуға ие құдайлардың бірі Күн саналды

 

Ежелгі түркілердің мифологиясында Күн - Тәңірдің ұлы, ал Жер - оның анасы деп есептеледі.


Күнді ұлыктау культі ғаламдағы ең ежелгі үдеріс болып табылады

 

Ол ежелден-ақ мұз дәуірінде пайда болған. Сол уақыттарда күн мен оттың жылуы өте жоғары бағаланатын, өйткені адамдардың өмірі соларға тәуелді-тұғын

 

Күнді ұлықтау культі алғаш рет Үлы мұздықтың оңтүстік шекараларында - Еділде, Оралда, Алтайда және Оңтүстік Сібірде пайда болды

 

Осы жерден адамдар Трипольеге, содан соң Шумер мен Египетке қарай бағыт алды

 

Қосөзен аралығы (Месопотамия) және Нілде Күнді ұлықтау культі де кең өрістеп, өзінің қуатты, рухани негізіне ие болды


Біз бұдан бұрынғы тарауда айтқанымыздай, Шумерде өмір сүрген хондар мен тормендер Алтай мен Оңтүстік Сібірге қоныс аударып, сөйтіп, үйсіндердің ата-бабаларына айналған-ды

 

Сібірде Күнге табыну культі ақиқат шындық деңгейіне көтерілді

 

Бұл жайында Оңтүстік Сібір, Алтай, Жетісу және басқа да территориялардағы аса зор көлемде ұшырасатын. Күн құдайына арналған петроглифтер мен тасқа жазылған ою-өрнектер, суреттер куә бола алады


Айтпақшы, Күн басты құйрықты және құйрықсыз құдай Оңтүстік Сібірде, сондай-ақ Жетісуда кездеседі

 

Күнге қатысты сөздер бізде бүгінгі таңға дейін сақталынып, көптеген географиялық карталарда көрініс тапқан. Бұлар:

- Обь өзені саласындағы 
- Күноват өзені
- Тувадағы Күнгүрту қаласы
-  Новосібір облысындағы Күндран қаласы
- Иркутск облысындағы Күнерма қаласы
- Таймырдағы Күнгасалах көлі
- Дөпкүн көлі
- Куриль аралдарындағы Күнашыр аралы
- Пермь облысындағы Күнгөр қаласы
- Харков облысындағы Күнье қаласы
- Италиядағы Күнео қаласы
- Қытайдағы Күнмен қаласы
- Солтүстік Вьетнамдағы Күнтау қаласы
- Оңтүстік Кореядағы Күнсан қаласы...

 

Әбдіқадыр Дәуітбековтың

"Дулаттар" атты кітабынан үзінді

Comments powered by CComment

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?