Қытай автонарығының көрсеткіші ретінде Шанхай автокөрмесін алуға болады. Шетелдік және қытайлық компаниялар бар жарарын осы автокөрмеде көрсетуге тырысады
Шанхай автокөрмесі 2023. Қытайдың ірі автосалоны елдің электр қуатына көшкенін көрсетті Пандемиядан кейінгі Шанхай автокөрмесінің ашылған беті осы
Аталмыш автокөрменің басты тренді электр көлігінің үстемдігі сақталатындығын көрсетуде
Xpeng президенті және вице-төрағасы Брайан Гу компаниясының жыл соңына дейін қуат блогын құрастыру құнын - ең алдымен аккумулятор мен электр қозғалтқышын - 25 пайызға төмендетуді жоспарлап отырғанын айтты
Қуат қондырғылары, әсіресе аккумуляторлар Xpeng-тің электр көлігін жасауға жұмсалған жалпы құнының шамамен бестен екі бөлігін құрайды
Ashwani Gupta, Nissan компаниясының CЕО, оның компаниясының соңғы өнімдері тасымалдау шығындарын 30 пайызға қысқартатынын айтты
Nissan Қытайдағы еншілес компаниясының төрағасы Шохей Ямадзаки Nissan қытайлық жеткізушілерге көп сенім артып отыр
«Қазір Қытайдағы баға бәсекелестігі өте қатал» - деді ол
Қытайлық брендтер электромобильдердің ерекше дизайнын көрсетуде, ал шетелдік компаниялар мен олардың қытайлық бірлескен кәсіпорындары да сол бағытта әрекет жасай бастады
Қытайлық көліктердің доңғалақтары шеткі бұрыштарда орналасқан, бұл дизайн еден астындағы батареяларға көбірек орын береді
Nio және Xpeng тегіс дизайнды таңдаған болса, Қытайдың батысында орналасқан Чанган көліктерді қорапты етіп, куб дизайнымен жасауда
Осы уақытқа дейін электрлі көліктердің негізгі нарығы Қытай болып табылады – өткен жылы электромобильдер Қытай нарығының төрттен бірін құрады, ал АҚШ-та 6 пайыздан аз
Көрмеде көрсетілген автомобильдердің көпшілігі литий-ионды батареяларын пайдаланады. Бұл электромобильдер саласының қазіргі стандарты
Дегенмен компаниялар толығымен немесе ішінара натрий батареяларымен жұмыс істейтін автомобильдерді жасауда. Қазіргі уақытта литий батареяларының ұсынысы артығымен болып тұр
Бірақ, ұзақ мерзімді перспективада өнеркәсіптегі көптеген адамдар натрийдің өміршеңдігі литийге балама және электр көліктеріндегі негізгі ингредиент ретінде литийге қосымша болуы мүмкін деп санайды
Оның үстіне натрий батареяларын өндіру климат үшін қолайлы болар еді. Toyota компаниясының бас зерттеушісі Джилл Пратт
Қаңтарда Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның сессиясында жалпы парниктік газдар шығуын аккумулятор жасау үшін, тапшы литийді пайдаланғаннан гөрі, 90% жанармаймен жүретін көліктерді гибридті көліктерге ауыстыру арқылы көбірек азайтуға болатынын айтты
«Егер сіз әлемдегі литийдің жалпы мөлшері туралы ойласаңыз, бастысы оны ең көп пайда әкелетін жерде пайдалану», - деді ол
Toyota литийдің қолжетімділігіне күмән келтіруде
Онсыз да сирек ресурс электромобильдердің ұлғаюын қамтамасыз ете алмайды деп отыр. Toyota гибридті көліктерге арналған көптеген негізгі патенттерге ие
Ал литийді көп қажет ететін толық электрлік көліктерге шүйлігіп отыр
Ford Motor және Volkswagen сияқты американдық және еуропалық автоөндірушілер, сондай-ақ қытайлық автомобиль өндірушілердің көпшілігі әлі де аккумуляторлы электр көліктеріне бәс тігуде
Соңғы апталарда қытайлық автоөндірушілер мен аккумулятор өндірушілері ашқан толық натрийлі аккумуляторлары бар көліктердің прототипі төмен бюджеттік микрокарлар болды
Олардың бірі, JAC Motors компаниясының Sihao Huaxianzi, HiNA, натрий батареясымен жүретін электромобилінің көрсеткен, ең жоғары жылдамдығы 75 миль/сағ құрады
Үш доңғалақты авто рикшаларға арналған аккумуляторларды жеткізетін үнділік Battery Smart компаниясының негізін қалаушы Пулкит Курана кез келген технологияның, соның ішінде натрийдің жақын арада кәдімгі литий батареяларын алмастыратынына күмән келтірді
Қараша айынан бастап литий бағасы үштен екіге төмендеген кезде, литий батареяларының құны айтарлықтай төмендеуі мүмкін, деді ол
Орташа өлшемді автомобильде немесе спорттық көлікте натрий батареясы үшін жеткілікті орын болады
Қытайлықтар алғашқыда өндіре бастаған микрокарларға қарағанда, жаңа буын модельдерін натрийлі батареяға өткізу оңайырақ болары сөзсіз
Сонымен қатар, натрий мен литийді комбинациялау арқылы, жаңа буын батареяларын жасау мүмкіндігі де туып отыр
"Жасанды интеллектті пайдалану арқылы жобалауды пайдаланып, натрий мен литийдің молекулаларын басқаша жобалап, аккумулятор батареясының жаңа буыны жасалып жатыр" - дейді Қытайлық CATL компаниясының өкілі
Есіңізге сала кетсек, CATL. Ltd</strong қытай еліндегі ең ірі аккумулятор өндірушісі. CATL компаниясының толық атауы - Contemporary Amperex Technology Ltd.
CATL Chery компаниясыменpкумуляторлары бар көліктер шығаратынын хабарлады
Бірақ екі компания . <pда толық мәлімет беруден бас тартты.

DiDi Neuron концепті. Толықтай автономды такси

Mini Aceman Шанхай 2023 автокөрмесінде

Geely Panda концепті

BMW 7 сериясы Шанхай 2023 автокөрмесінде

Nio EP9

Nissan Pathfinder

KIA экспонаттары

Neta GT Speedster

Yuangang Motors Y7

Lynk & Co концепті

Toyota bz FlexSpace Concept

Lotus Amira

Nio EP9

BMW түсін өзгерте алатын концепті

BMW i Vision Dee

Zeekr экспонаттары

Қытайлық жол талғамайтын көлік өндіруші Great Wall компаниясы әйелдерге бағытталған Ora атты жаңа электр көлігі брендін шығарды
Ол Hello Kitty брендінің әуесқойларының көңілінен шығу үшін мысықтық көлік үлгілерін көрсетті Volkswagen Beetle -ге қатты ұқсайтын электр көлігі
Comments powered by CComment