Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

 

Қит еткен кемшілікті көретін, ұшқан құс пен ызыңдаған шыбынның қанат қағысынан келетін қонақты білетін

***

Айдың туғанына қарап, "шаруаға жайлы, өзіне жайсыз" деп, болмаса "шалқасынан жатыр, өзіне жайлы, шаруаға жайсыз" деп, соған қарай қамдана беретін

 

Өрістен қайтқан малдың аяқ алысынан қалай жайылғанын, күннің құбылғанына қарап күн райын алдымен болжайтын


****

Осы ел, Атымтайдың бастан кешкендері деп, талай қызық дүниені айтып жүр

Естіген құлақта жазық жоқ...

Әлқисса, былай болған екен

****

Құдай адамның жүрегінде деп білген Атымтай атамыздың жаны, көз шырымын ала бере ұшты да кетті

****

Жерден көтеріле бере, өзінің жатқан денесіне бір аялдап қарап тұрғаны сол еді, көктен жарқыраған ақ сәуле келді

Көзді қаритын жарыққа қарап тұрғанда, ішінен ақ сақалды ата шығып, бабаларының қасына алып кете барды

***

Тоқсанның үстіне шығып қалған Атымтай атамыздың өзі оның қасында жас баладай көрінді. Ақсақалға қараған оның көзі өз рухына түсе берді...

Ақ сәуле ғана байқалды. Тіпті сырттан қарағанда өзінің қалай көрінетінін ойлап та үлгірмеді   

***

Аппақ бөлменің ішіне еніп кетті... Тізіле отырған ақсақалдар кеңесіне тап болды. Ортадағы үстелде шарайна тұр екен

 

Көз салып еді, алып қара түнекті көрді...

Бірдеңе деп сөйлемек еді, сөз шықпады

 

Ол жақтағылар бірін-бірі сөзсіз түсіне беретін екен

 

Мына кереметке үйрене алмай тұрғаны сол еді, шарайна мұны тартты да кетті...


Түпсіз терең тұңғиыққа құлап бара жатқандай сезімде болды...

***

 

Көр қараңғысы деген осы екен ғой деп, ойлағанша болмады, алдынан екі антатқан, көзі жарқырап шыға келді.

 

Ұсқынсыз неме екен

 

Құйрығы бар, мүйізі бар ма бір пәле...

 

Қорқатын дәнеңе жоқ. Шәлтіреңдеген біреулер жәй...

***

Әлігі екеуі, анадайда бір қазақтың жанын ұстап алып, бандиттерше тергей бастады...

Қарайып, әлсіреп қалған жан екен... Әбден арапша сөйлейтін құдайға қуатының барлығын беріп қойған ғой


***

Әлігі екі шәлтіреңбай өзге тілде (арапша) сөйлейді екен...

 

Түсініп болатын емес. 

Молданың жаназадағы арапшасына ұқсайды

 

Арасында бір сөзі әлігі уағызшы молданың айтқанындай шығады екен: 

"Мән роббука?!" деп айғай салып қояды, ышқынып әлігі екеуі

*****

Қазақ арапшаны қайдан ұқсын?

 

Бейшара қазақтың жаны қорыққанынан қазақшалап, "иә жаратқан, өзің жар бола гөр" - деп шырылдайды

Тірісінде араптың атасының әруағын ұлықтап, арапша құдайға сыйынам деген, бір қазақ бейбақ екен

***

 

Қазақша айтқан сайын, ана екі жарымес әлігі бейбақты қолындағы қамшысымен сабап әлек

Үсті -үстіне. Мына қорлыққа шыдамаған Атымтай атамыздың рухы әлігі екеуінің қасына жетіп барады

***

 

Бірін жақтың астынан періп қалып еді, тұрған жерде талып түсті. "Маңқ" еткен дауыс шықты

 

Ышқынған құнажынның дауысындай

 

- "Әп бәлем, Мүңкір деген маңқа" - сен екенсің ғой деді Атекең

***

Екіншісін бауыр тұстан бокс тәсіліне салып аперкот жіберіп еді, екі бүктеліп түсіп барып, "Нәңк" деген дауыс шығарды

- "Әп бәлем, Нәңкүр деген сен екенсің ғой" - деді Атымтай атамыздың рухы

***

 

Тірісінде шал еді, мына рухтар әлемінде денесі ширақ, жасынның оғындай жарқылдап тұр

 

"Қайран жиырма бес" - деп қояды Атекең. Кемпірімді тауып алу керек еді, мына жақтағы шаруаларды реттеп алғасын деп қояды бір ойы...

***

Мына жаққа неге келгенін енді түсінгендей болды

Бабаларының рухы бұған ерекше тапсырма беріп отыр

***

 

Галографиялық әлем, шынайы сенушілер үшін реалды өмірге айналады екен дағы, сезімге негізделген шынайылық туындай береді екен


Тәңірі арапша сөйлейді деп санайтындар, сол проекцияны өз миының ішінде шындыққа айналдырады екен дағы, мақтадан жасалған шыбықтан, күйдірмейтін ыстықтан қорқа береді екен

*****

 

Барлық шынайылық деген зат, адамның санасының ішінде ғана

 

Ал сананы түпсана билейді

 

Атымтай атамызды да әруақтар, түпсанасын арапшаға байламақ болған қазақтардың жанын құтқаруға жіберген екен дағы

 

Атымтай атамыздың жаны рух деп аталады дағы, арапшаға берілгендердікі, жан деп қана аталады. 

 

Неге?

 

Өйткені, өмірден дұрыс ілім жинаған жан - рухқа айналып, әруақтар әлеміне жол тартады

 

Ал өзге тілдегі құдай энергиясын таңдаған жандар, рух деңгейіне көтеріле алмай, арапша құдайдың қарамағына кетіп қалады екен


Әруақ-құдайдың рахымы түсіп, арапшаға өтіп кеткендерді құтқаруға Атымтай атамыз таңдалып отыр емес пе?

***

Сонымен әлігі жерде, арапша уағыз галограммасындағы жағдайға келсек

 

Бір қазақтың жаны өзімен-өзі жерге езіліп жатыр екен. Оны көріп Атымтай атамыз:

- "Әй бейбақ, не болды саған?"

 

Сөйтсе әлігі жан:

- "Мені Мүңкір мен Нәңкір таспен басымды мыжып жатыр" - депті

- "Тас түгілі сайтан да жоқ. Сенің санаңдағы қорқынышың мифтік дүниені материяға айналдырып, сен өзіңді-өзің қинап жатырсың

Осы жаңа ғана Мүңкір мен Нәңкіріңнің азуын айырып тастадым, екеуі жолдас балаларын жинап келуге кетті-ау шамасы..."

Мына сөздерді естіген қазақтың баласы тентек секілді жерге аунауын тоқтатыпты

 

***

Шаттанған қазақтың жанын, қазақы әруақ-құдай әлемінен сәуле келіп, алып кетіпті

***

Атымтай атамыздың рухы ендігі жерде өзінің уағыздар әлеміндегі миссиясын ұғынып, әрі қарай іске көшіпті...

Алакөлеңкеде бір қазақ ойбайлап, "апаааа, апааааа, атаааа, мына бақа-шаяннан құтқаршы" - деп жатыр екен

***

 

Өзімен-өзі тұла бойын қасылап, тырмалап, сальто жасап жатыр екен...

Мына көрініске аң-таң болған Атымтай атамыз, әлігі бейбақты ұстап алыпты

 

"Ей қазақ, жап аузыңды ей!" Бақырған бейбақты ұстап тұрып, көзіне тік қарағанда ғана әлігі бейшара тілге келіпті

 

Қорыққан қазақтың жаны:

- "Ойбай, ойбай, Мүңкір-Нәңкір кеп қалған жоқ па?!

Сені де бақа-шаянға талаттырып тастамасын, ұсталып қалмай тұрып қараңды батырғаның дұрыс-ау" - депті, әлігі пақыр

***

 

Атымтай атамыздың сұсты түріне қарап былай деп жалғапты сөзін:

"Тірі кезімде намазды арасында қаза қылатын едім, сол үшін қабір азабын тартып жатырмын" - депті

Көзі ойнақшып, кірерге есік таппай тұрған байғұсқа Атымтай атамыз айтыпты:

- Намазды арапша оқып па ең?

- Иә
  
- Арап пен жөйттің ата-бабасына салауат айтушы ма ең?

- Иә

- Ананың сүтімен, атаның қанымен енген қазақы тілді ысырып, құдаймен арапша сөйлесем деп тыраштанып па ең?

- Иә  

- Сол үшін де араптың тамұғына түсіп отырсың. Қазақы әруақ-құдайыңа сыйынып, Тәңіріден қазақша жарылқану тілегеніңде, мұншама қор болмас едің

- Ойбай-ай, қайдан ғана сол уағыз деген бәлеге елттім екен? Енді не істейм? - деп шырылдапты

***

 

- Ата-бабаңның әруағынан медет тіле, қазақтың тілінде білген батаңды оқы

Әлігі қазақ қолын көкке жайып, қазақша бата оқығаны сол еді, көктен сәуле келіп, Қазақы әруақ-құдай әлеміне әкетіп қалды

***

 

Уағызда айтылатын Барзах әлеміне Атымтай атамыз бас-аяғы жарты сағатта ақ үйреніп алды

Ана жерден кафе ашып, мына жерге егін салып, ана бір жерге мал өрістетуге болар еді деп әзілдеп те қояды

"Үш күннен кейін тозаққа да үйренесің" деген...

****

 

Әлқисса, Мүңкір мен Нәңкір өздерінің деген, арапша сөйлейтін құдайына барып, шағым айтыпты:

 

- "Бір қазақы рух келіп, бәрін қырып бара жатыр, екеумізді екі ұрып талдырды. Әсіресе бауырдан удар жаман кетті, зорға орнымнан тұрдым" - деп, Нәңкір жыларман болыпты

 

Жағы түскен Мүңкір де мәз емес екенін білдіріп, жыламсырапты

***

 

Арапша сөйлейтін құдай мынаған не дерін білмей

- Жоха (Жабраил)
- Иска (Исрафил )
- Мика (Микаил)
- Азра (Азраиль)

деген жолдас балаларын шақырыпты. Кезінде жүрген, талай төбелесте ысылған жігіттер ғой деп сенеді екен.

(Олардың қартайып, қуаты қайтып қалғанын қайдан білсін?)

 

Бесеулеп Атымтайдың аузын айыруға барыпты

***

Барса Атымтай биіктеу жерде отырып алған, шайтандар мен перілерге билік жүргізіп отыр дейді

***

 

Адамдарды қазақылыққа өткізу курстарын ұйымдастырып, шайтандарды жұмысқа жегіп, оларға жарнама буклеттерін таратқызып қойыпты...

Бір-екі пері қазы-қарта, жал-жая дегенді тауып келіп, дастархан жасап, қиналған қазақтарды реабилитация курсынан өткізіп жатыр екен...

***

 

Арапша сөйлейтін құдай мен оның төрт жолдас баласы барып, Атымтайды қыспаққа алмақ болыпты


Атымтай саспастан, "жігіттер, жекпе-жек пе, тобырға-тобыр ма?" - деп сұрапты

 

Қазақтардың көптігін байқаған әлігілер жекпе-жекті таңдапты


***

Содан, арапшалықтан қазақылыққа өткен, мұртын қырып сақал қойған спортшы-боксер баланың жанына дем беріп, қазақы рухын оятыпты Атекең

 


Әлігі қазақтың рухы оянып, екі көзі шырадай жаныпты. Әруақ, әруақ деп ұрандатып, Жоха және компанияны шетінен ұйықтатыпты

 

Тіпті Жоха, Азра, Мика, Иска - төртеуі жабылып, бір қазаққа шамасы келмепті

Баяғы қуат жоқ, соққы да әлсіз. Не керек араби құдекеңнің төрт жолдас баласы да дап-даласы шығып таяқ жепті

***

 

Олар төбелесіп жатқанда, Атымтай атамыз тұрақты әскер даярлап, күзет, полиция, арнайы жасақ секілді топтар жасақтауға кірісіп кетіпті

 

Бір-екі қазақ салық инспекциясын құрып бастап жатыр, әнебірі кеден қызметін, енді бірі руласын түгендеп, шежіре жаза бастапты...

***

 

Мынадай шоуға басқа ұлттар да қызығып, өздерін-өздері қинап жүрген Барзахтағы адамдар, ойланып қалыпты...

 

Бәрі де қазақ болсақ еп армандапты

***

Жолдас балалары талып жатқаннан соң, өзінің шамасы келмесін білгесін, арапша сөйлейтін құдай басына сауға сұрап жалбарыпты

***

Атымтай атамыз бүкіл қазақ пен санасын оятқан рухтарды әруақтар әлеміне алып кетіпті

***

Сол-сол екен, Қазақы рухтың әруақтанатын 1000 жылдық мерзімі басталып кетіпті

******

 

Осы түсті көріп жатқанда Атымтай атамыз 97 жаста екен, тағы 3 жылды толтырып, ата-бабасының әруағымен қауышқан екен дейді ұзынқұлақ

 


Естіген құлақта жазық жоқ

 

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☣ Егіптінің құдайлары немесе Абыройымның (Абрам) оқиғасы

Егіптінің құдайлары немесе Абыройымның оқиғасы

Египет араб республикасының атауын Қас Сақ оғлым негізін қалап бергенін біріңіз білсеңіз, біріңіз біле қоймассыздар

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?