Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

 

Оған кім кінәлі деген сұраққа том-томдап кітап жаза беруге болар еді...

Алайда Рух оянбағанның кесірін қазір тартып отырмыз

 

Бізді жолдан адастырған ақпараттардың бірі - Шежіре

 

Шежіре сөзінің мағынасын - шешек ат, гүлде, көкте сөзімен байланыстырам

Көкте, гүлде, шешре (шежіре) - шешек ат, гүлде, өс-өн

 

Қазақтың классикалық шежіресі бойынша бізді Адам ата, Хауа анадан таратады

Бүкіл адамзат туыстық некеден тарады деген ақпарат жалған

 

Туыстық неке адамды өсіріп-өндіретін болса, онда Бабаларымыз "Жеті ата" шежірелік принципін ұстанбайтын еді...

 

Адам ата мен Хауа ана өз балаларын үйлендіріп, одан тараған ұрпақ ағайындық некеден таралды деу ешқандай шындыққа сай келмейді

Ал енді біздің тегімізді араптың Әнас сахабасынан тараймыз дегені еш қисынға келмесі анық

 

Оның үсітне, Қазақ деген атадан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туып, онан бүкіл қазақ тарады дегені де томпақтау қисын екені тағы бар

***

Ұлы, Орта, Кіші (кей жерде Ұлы Орда Күші деп те жүр) жүздер деп айтылуының өзі, адамдарды үш атадан тараған дегенге саяды...

 

Алайда, бір атадан бәленбай елдің тарау ықтималдығы табиғи ортада өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады

Адам баласының жер бетінде пайда болу құбылысының өзі, оның бірлі-жарымды адам болып емес, бірден қауым-қауым боп тіршілік етуінің қажет екенін көрсетіп отыр

Бірлі жарым болып тіршілік кешуге болады, алайда ол жолмен өсіп-өне алмайды

 

Табиғи орта жалғыз жарым өмірді өсірмейтін ерекшелігі бар...

***

Адамның күні адаммен деген, жалғыз Қазақ ата айдалада өмір сүріп, үш баласын бағып-қағып ел қылды дейтін болсақ, ол балаларды біреуге үйлендіру керек болады. Ал алатын Қазақ қызы жоқ. Өзге ұлттан қыз алуға тура келеді...

Олай болса, қазіргі Қазақ ұлтының нағашысы басқа ұлттан боп шығуы керек

***

 

Ондай жағдайда, ауылы аралас, қойы қоралас ұлттардың бірімен-бірі араласып, жиеннің сіңісіп кетуі, келіннің артынан келген балалар, асыранды бала, тұтқынның елге сіңісуі... секілді қоғамдық құбылыстар орын алмай тұрмайды

 

Яғни, таза қанды, ТАЗА ҚАЗАҚ деген ұғымның дүниеде орын алмайтыны белгілі боп отыр

 

Түптеп келгенде Қазақ Ұлттық идеологиясының негізі боп табылатын Классикалық шежіренің бізді тығырыққа тірейтіні айдан анық.

 

Түркі халықтарын бөлшектеп, шартты түрде қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, түркімен, ноғай, башқұрт, сақа... тұтас елді бөлшектегеннен біз ҰТА АЛМАЙМЫЗ

 

Қазақ Ұлттық идеологиясы Ташкент, Самарқан, Шыршық... қазақ жерлері екендігін айтса, өзбектің ұлттық идеологиясы, Тараз, Қызылорда, Шымкенттің Қоқан хандығында болған, өзбек жері екенін айтады... Болашақ қантөгіске есік ашылды дей бер

 

***

Түрік шежіресі - қазақы шежіренің орнын басады. Тұран даласын мекендеген елдер, ендігі жерде бір болады

Шежіреге қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, сақа, ұйғыр... барлығы енетін болады

***

 

Ер Түріктің мекені Түркістан, бұрынғы атауы Тұран

Ендеше өзіміздің ата жолымызбен, Ұлы Тұран жұрты деген атпен дамытуымыз керек

 

Әрине, оны жасайтындарды Арқамандар деп атаймыз


 

Арқамандар жайлы бөлек ақпарат бере жатармыз, ал енді шежіреге келсек...

 

1. Территориялық аумақ негізінде жасалған - Ұлы Орта Кіші деген шартты атаулар толығымен алынып тасталады

2. Үлкенді кішілі ру атаулары бір қатарға жазылады

3. Рулардың атауы - бір атадан тарағандар болу ықтималдығы 50% десек, қалған 50% мүдделес адамдардың бір одаққа бірігуі

 

Кезінде Үйсін, Дулы, Қаңлы, Түркеш, Қарахан, Қарлұқ... секілді мемлекеттер өмір сүрді. Алайда Қаңлы мемлекетінде тек Қаңлы руының адамдары өмір сүрді деу қисынға қаншалықты қонымды?

 

Дулы мемлекетінде тек дулаттар тұрды деп ешкім айта алмайды, өйткені өмір деген үздіксіз қозғалыс, қоғамдағы әртүрлі үдерістер адамдарды мемлекеттер арасында, елдер мен тайпалар арасында қозғалтып, көшіріп-қондырып тұрады


 

Арқамандық шежіре бойынша әрбір ру-тайпалық одақ бір қатарда тұруы тиіс

Әрі қарай аталарға бөлініп, оның ішінен жеті атасын айқын білген ұрпақ, ешқашан жолынан адаспайтыны белгілі

 

Қорытынды: Арқаман шежіресі бойынша ру-тайпалар бір қатарда орналасады. Түрік жұртының барлығы да шежіренің құрамдас бөлігі болып табылады

 

Жеті ата заңдылығы - жеті атаға дейін қыз алыспау, жеті атасын жатқа білу міндет

 

Ұлы - Орта - Кіші (Ұлы - Орда - Күші) ұғымы алынып тасталынады

Түркі жұртының басты ел-тайпалары болып мыналар саналады: 

 

 

Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер

 

Жеті атасын білмеген - жетесіз

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

❇АҚШ Nvidia компаниясына H800 және А800 үдеткіштерін сатуға тыйым салды

АҚШ Nvidia компаниясына H800 және А800 үдеткіштерін сатуға тыйым салды

Осыған орай, Nvidia Қытай нарығына арнап, кішкене осалдау үдеткіштерді арнайы жасамақ

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?