Ақырет есебі мен Махшар алаңы, Мизам таразысы жайлы

О дүниедегі сұрақ жауап

Өлген адамдарды тірілтіп, олардың істеген амалдарын таразыға салып, Махшар алаңында жинап, зәбір көргеннің ақысын алып беру, бір қараған көзге әділдік орнату секілді боп көрінеді

 

Шын мәнінде, ол адамға қармақ беру емес, бишараға балық беру саясатының есігін айқара ашады...

 

Неге деңіз?..

 

Мына өмірде барлық нәрсені адамдардың ауызбірлігі шешетіні анық

Ауызбіршілігі мықты елді, ешбір қарумен ала алмайсың

Ауызбірлігі жоқ елді, қарусыз барып басып ала бересің

 

*****

 

Ол да түсіндіріп жатуды қажет етпейтін дүние деп білем

Оны түсінбеген адамды мектепке қайта жіберу керек шығар?..

Енді, бір елді екінші елдің әскері жаулап алды делік, сонда жаулап алған елді кім тезге салмақ?

 

*****

 

Таяқ жегендер бірігіп, шабуылдаушыны орнына қоюы керек

Оны жасау үшін сол баяғы ауызбірлік керек

Ал өзара алауыз боп отырып, сыртқы жауға жем болып, оны жеңу үшін құдайдан көмек сұрау, надандықтың белгісі

 

*****

 

Құдай деген өзің, өзің бар болсаң құдай да бар

Сен жоқ болсаң, құдай да жоқ

Қазақтың бір ғана құдайы бар, ол Ауызбірлік

 

*****

 

Ауызбірлікке адал болғандар, әрдайым жеңіске жетеді, алауыз болғандар, әрдайым жеңілісте болады

Ендеше, алауыз болып, өзді-өзі қырылып, бөлініп бөріге жем болғандар үшін, құдай неге араағайын болуы тиіс?

Ауызбірлік құдайын жерге тастап, Алауыз құдайына табынып кеткендерді, неге жақтайтын таразылау процесі басталуы тиіс?

 

***

Жемқорлық белең алса, өзіміздің енжарлығымыздан

Көше жөнделмесе, өзіміз талап ете алмаймыз

Еліміздің байлығын тонағандардан құдай есеп алмайды, құдай сені есеп алсын деп жаратты

Ал сен болсаң, құдай таразыға салады деп отырсың...

 

*****

 

Әркімнің көңіл таразысы өзінде, онда құдайдың шаруасы жоқ

Қазақтың тілінің мәртебесін үстем етем десең, оның да өзің Ауызбірлік құдайына сыйына отырып жасайсың

Қазақтың діні Адамгершілік, құдайы Ауызбірлік

 

******
 
Гитлер көрінде өкіріп жатқан болар дейді біреулер, алайда Екінші дүниежіүзілік соғыстағы өлген адамдарды, Гитлер жеке өз қолымен өлтірген жоқ, ол тек ақымақ адамдарды айдап салып отырды, адамдар бірін-бірі уағызға елтіп қырып салды

Қайсыбір соғыс пен қантөгісті алмасаңыз да, бәленің бәрі уағыз - идеологиядан бастау алады...

 

******

Құдай адамды ана дүниеде таразыға салады, жемқор жей берсін, елге қарсы әрекет жасағандар жасай берсін деген сөз

Ал мен үшін жүрмін, сол нәрсеге жол беріп, сынақ өмірде қолдан келген бар жақсылығымды жасайм дейтін болсаң, оған да айтайын

 

Егер сен, барынша елге пайдалы іспен айналысып жүрген азамат болсаң, сені ана дүниеде таразығы салып не керек?

 

Ана дүние деген ұғымды, осы дүниеде көрмеген жақсылығымды көру үшін деп өзін жұбататындар бар, оларға бір-ақ нәрсе айта алам:

 

Ауызбіршілік жасап, Адамгершіліктен аттамай жасаған нәрсеңнің жемісін көріп қаласың, көре алмасаң ұрпағың көреді

Болмаса, жамандық жасасаң, соның жазасын тартасың, болмаса, ұрпағың тартады

 

********

Әркім өз күнәсін арқалайды дегенді айтады уағызшылар, алайда, гендік ауытқуы бар адамның ауыруын, ұрпағы да көтереді

 

Ал ұрпақ таза боп келетін, болса, ол неге көтереді?

Атасы көтеріп, ақыретте жауап беріп жүре бермей ме?

 

Осыған қарап, уағыз айтатындардың, дүние туралы түсінігі толық қалыптаспаған жандар деген тұжырымға келесің...

 

 

********

 

Елді тонғандарды құдай жазаламай ма?

Құдай менде, менің ішімдегі құдайым тырысып, жемқорды орнына қоймағанша, ешқандай аспандағы құдай жеті қабат аспан үстіндегі құдай, көк тәңірі... оны орнына қоймайды

 

*******

Ауру болса, оны емдейтін жолы да бар

Ал емнің жолын біліп тұрсаң, құдайға сыйынып не етесің?

Қолыңда бар дүниеңмен еліңе көмектесу үшін, құдайдың рұқсаты керек пе?

Қиналған жанға жәрдем беру үшін, өзінен рұқсат сұрауды талап ететін қандай құдай ол?

 

***********


Мизам таразысы, амал дәптері дегеніміз, о дүниенің емес, осы дүниенің тірлігі

Айыпты болғанға ат тон айып төлету де осы дүниенің жұмысы

 

Өзіңе артылған жүкті құдайға артуға тырыспа...

 

Құдай дегенің, өз бойыңдағы ар-ұждан, адамгершілік, адами қасиетің ғана

Оның тысынан аспаннан құдай іздеп, арапша құдайға сыйынып, одан жәрдем сұраймын деу, өзіңді-өзің алдау ғана

 

******

 

Арапша сөйлейтін құдай арапты ғана жарылқайды

Айдаладағы қаймана қазаққа оның түкіргені бар

Өз атаңның әруағынан безіп, араптың арапша сөйлейтін құдайына табыну, саған абырой әпермейді

Абырой әперетін болса, орысқа бодан болып, қор болмас ең...

 

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...