Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

 

Ер арыса әруақ, ат арыса тулақ... Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас... Әруақ құдай емес, құдайдан былай емес... деген сөздер бабамыздан қалған мұра

***

Әруақ-құдай тіркесінде, алдымен неге әруақ айтылады?

Құдай күшті, құдай ұлы емес пе?

Құдай арапша сөйлеп алып, өзінің алдына шыққанды оңдырмай тастайды емес пе?

Сөзіміз дәлелмен болуы үшін, ислам дініндегі Алла ұғымын алсақ

Исламда ең үлкен күнә, аллаға серік қосу деп саналады

Яғни, Сіз алланың қасына әруақ, әулие, бұт, басқа да тылсымдық қуаттарды қатарластырып қояр болсаңыз, онда Сіз кешірілмес күнәға батасыз.

***

Аллаға серік қосу деген  күнәнің қасында елдің ақысын жеу, мемлекетті тонау, елін сату, адам өлтіру, ұрлық жасау, өтірік-өсек айту...
несін айтасың, барлығы да жолда қалады

Ислам дінінде, ең маңыздысы, алланың көңілін табу, соған жағыну, соның басшылығын мүлтіксіз қабыл ету

Яғни, алла үшін өзінің жеке сезімі, жұрттың ол туралы ойы, жұрттың оны ауызға алуы, мақтауы, мадақтауы, әспеттеуі өте маңызды боп табылады

***

Қит етсе, алла қаласа, әуелі алла, иншалла, машалла, әлхамдулилла, алла акбар... деген сөз тіркестерінің барлығы да сол алланың көңілін тауып, қаһарын басуға арналған сөздер

Ислам дінінде алла - құдай және оның атының алдына басқа біреудің немесе заттың атын қоса айту, кешірілмес ширк деген күнәға жатады

****

Олай болса, біздің бабаларымыз неге әруақ-құдай деген сөз тіркесін қолданған?

Әруақ сөзін құдай сөзінің алдына шығарып жіберіп отыр

Бұл жағдайда құдай ренжіп, әруақ дегенің өлген адамның жаны ғана, ал мен құдаймын, сондықтан, менің атыма басқа адамның ұшып кеткен жанын қосушы болма деп айтпай ма?


****

Әруақ деген ұшып кеткен жан ғана ма?

Әруақ - бабадан келе жатқан ақпараттық қуат

Бабаның көрген, білген, өмірден түйген ақпаратының барлығы оның бойында сақталып, ұрпаққа беріледі. Атасы дүниеден өткенде, оның өмірден жинаған білімі мен тәжірибесі кеңістікте толқын ретінде таралып, жалпыға ортақ, қолжетімді ақпараттық кеңістікте таралады

Бұл жағдайда, өз ұрпақтары ол толқынды қабылдау жиілігіне сай болып, өздері әлігі ақпараттық қуатты қабылдап, оның шарапатын көреді

Басқалар да ол толқынға өз жиілігін баптап, ол ақпараттан пайдалана алады

***

Сондықтан да Бақтияр деген ұранды айтқанда, ол кісіден тараған ұрпақтар ғана емес, сонымен қатар әруағына сыйынып, атын атағандар да сол қуаттан ала береді


*****

Неге әруақты айтқан, тікелей алланы немесе құдайды неге айтпайды?


Өйткені адамды өмірге алып келетін әруақ. Әруақ болмаса біз өмірге келмес едік. Сіз айтуыңыз мүмкін: Мені алла жаратты деп. Жарайды делік, олай болса неге аспаннан салбырап түспедіңіз?

Неге жаңбырға ұқсап жауа салмадыңыз?

Өйткені жаратылыс заңында құдайға тікелей шығатын деген ешкім жоқ. Құдайды танытатын, құдайдың жолына нұсқайтын әруақ ғана.

Сіз айтуыңыз мүмкін, құдай адаммен сөйлеседі, құдай кітап түсіреді... деп

Жә делік, олай болса ол кітап неге арапша түседі?

Құдай араптарды таңдаған дейсіз.

Егер ол араптарды таңдаған болса, араптың тілінде сөйлейтін болса, ол құдай араптың құдайы деген сөз

Сіз тағы уәж келтіресіз бе?

Барлығымызға ортақ бір құдай бар деп...

Олай болса айта қойыңызшы, сол құдайды танытқан кім?

Құдайдың өзі дерсіз

Сіз құдаймен сөйлесіп көрдіңіз бе?

Жоқ, әрине.

Сіз құдай туралы ұғымды адамдардан естігенсіз

Адамнан алған ақпарат негізінде белгілі бір түсінік қалыптастырып отырсыз

Олай болса, ол адамдар ата мен анадан туған адамдар ма, жоқ әлде көктен салбырап түскен бе?

Әрине ата-анадан туғандар, яғни әруақтың көмегімен дүниеге келгендер

Әруақты аттап құдайға шығып кетем деген тағдыр жоқ

Анадан тумай, ересек боп аспаннан салбырап түсе салам деген нәрсенің жалған екеніндей...


*****

Ал енді әруаққа келейік

Сіз құдайға сенесіз, құдайға сенімді дініңіз үйретті ме?

Иә, ислам дінім мені құдайқұл етті, құдайшыл етті, иманды етті дерсіз...

Жә делік. 

Діннің бастауы әруақ екенін есіңізге сала кетейін

Мысалы Құран кітапты алайық.

Сіз арапша құранның кімге түскенін білесіз бе?

Әрине Мұхаммед пайғамбарға дейсіз. Дұрыс.

Ал енді сол Мұхаммед пайғамбардың әруағын ұлықтап жатсыз, оның атасы Ибрахим пайғамбарды ұлықтайсыз

Күніне бес мезгіл намаз оқыған адам ондаған мәрте Мұхамед пайғамбар мен Ибрахим пайғамбардың әруақтарын ұлықтайды

Әруақтан аттап ешқайда кете алмайсыз

Қағбатулла деген мешіт бар, Ибрахим пайғамбар мен оның әйелі Ажардың жерленген жері

Мәдинада пайғамбар мешіті бар, ол дағы Мұхамед пайғамбардың жерленген жеріне соғылғын мешіт, Әл Ақса деген мешіт бар, ол жерде Сүлеймен пайғамбардың жерленген жері.

Түркістандағы кесене бар, хандар мен сұлтандар, батырлар жерленген жер...

Қайбір діни орынды алмасаңыз да, белгілі бір адамның әруағын ұлықтаудан туындаған орын екенін байқайсыз.

Индуизм, будда діні, кришна діні, христиандық, қай-қайсысы болмасын, әруақты ұлықтауға құрылған

Біздің бауырларымыздың арасында "харе кришна" немесе "аллах акбар" деп айғайлап жүргендер баршылық

Оның орнына өз әруағына сыйыну, әрине дұрыс

 *****
 
Адам ағзасының ашылмаған сырлары көп. Есте сақтаудан бастап, физикалық мүмкіндіктердің өзі шеті мен шегі жоқ дүние

Көп жағдайда санамызға өзгенің уағызын кіргізіп алғандықтан, өзіміздің мүмкіндіктерімізді шектеп жатамыз

Ал өн бойымыздағы қуатты ашатын бірден-бір жол, әруақ екенін біріміз білсек, біріміз білмей жүрміз

Әруаққа сыйыну адамды АРҚАЛАНУҒА алып келеді. Арқаланған адам тапқыр, шешен, қуатты, күшті, шабытты боп келеді


****

Құдайын іздеген адам әруағына сыйынудан бастауы керек. Өзін дүниеге алып келіп, бағып-қағып мәпелеген әруақты ысырып қойып, құдайға тікелей шығып кетем деген, су ішкен құдығыңа түкіргенмен тең

****

Осы орайда, құдай разы болса, әруақ қайда қашар дейсің? - деген де ойдың қылаң беретіні заңдылық болар

Алайда, разы болатын құдай, тәңір, алла, бог... онда сезім болмайды

Сезім болса, ол құдай емес

Адамның шалыс басуы көбіне сезімге берлгендіктен боп жататынын ескерсек, құдай дегеннің сезім атаулыдан жоғары тұруы керек екені мәлім болады

Ал құдай разы болады, ашуланады, қуанады... деп құдайға сезім бергісі келгендер, құдайды адам қатарына қосып алғысы келгендер ғана...

Бүгінге осы жетер, амандықта болайық!

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?